Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Сөйлеу тілін дамыта отырып тәрбиелеу
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
КМҚК «Ақбесік» бөбекжай - бақша
«Сөйлеу тілді дамыта отырып тәрбиелеу»
Педагог – логопед: Мұханбетәлі Айдана
2023ж
«Сөйлеу тілді дамыта отырып тәрбиелеу»
Мектеп жасына дейінгі баланың тамаша сезімінің дамуын тек қана дыбыс үндестігін дұрыс айтуды пайдалана білуімен шектестіріп қоймай, ол өзінің тілін, оның әрі бейнелі түрде мәнерлеп оқуға немесе мәнерлеп сөйлеуге үйретіп, тырысуында.
Сөйлеу тілі – ауызша тілдің ең қарапайым түрі. Ол жағдайлық, эмоциялық сипатқа ие әрі қарапайым болып келеді, өйткені арнайы дайындықты қажет етпейді. Байланыстыра сөйлеуге үйрету эстетикалық тәрбиеге де әсер етеді: әдеби шығармаларды қайта әңгімелеп айту, балалардың дербес шығармалары тілдің бейнелігі мен мәнерлілігін дамытады, балалардың көркем-сөйлеу тәжірибесін байытады. Өз тілінің даму барысында балалардың тілі олардың әрекет және қарым-қатынас сипатымен байланысты. Мектепке дейінгі жастың соңына қарай тәрбиенің белгілі бір жағдайында бала тілді пайдаланып қана қоймай, сонымен қатар оның құрылысын түсіне бастайды, мұның өзі кейіннен сауат ашуды меңгеруде ерекше маңызға ие.
Соңғы жылдары көптеген мемлекеттерде ерте жастағы балалардың толыққанды дамуын, жан-жақты жетілуін қамтамасыз ету медицина, білім беру және әлеуметтік қорғау салаларының басты назардағы мәселесі болып отыр. Себебі дәл осы ерте жастағы кезеңде баланың физиологиялық, психологиялық тұрғыдан және тұлға ретінде қалыптасуының алғы шарттары қаланады. Мүмкіндігі шектеулі балаларға ерте жастағы көмек көрсетудің маңызын келесі факторлармен түсіндіруге болады: баланың дамуы белсенді динамикалық үдеріс, яғни дамуында кездесетін ауытқулар мен тежелістер арнайы жағдай жасау арқылы баланың орын толтыру мүмкіндігін жүзеге асырады; баланың орталық жүйке жүйесі өте бейімделгіш болғандықтан, олар жаңа ақпарат пен дағдыларды бойларына жылдам сіңіреді; өмірінің алғашқы жылдары бала ағзасының психикалық және моторлық қызметтері қарқынды дамиды. Осы факторлардың барлығы ерте жастағы кезеңнің дамыту мен түзетудегі маңызы зор екендігін дәлелдейді.
Арнайы әдебиеттер мәліметтерін қарастырып талдайтын болсақ, cөйлеу тілінің дамуы тежелген ерте жастағы балалардың саны артып келе жатқандығын көреміз. Әсіресе тұрақты түрде мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиеленетін балдырғандар арасында сөйлеу тілінің дағдылары жеткілікті деңгейде қалыптаспағандығы анық байқалады. Осы балалардың сөйлеу тілін бағытты түрде түзету, олардың жалпы дамуының да бірде бір шарты болып табылады және екіншілік кемістіктердің пайда болуының алдын алады. Сөйлеу тілі тежелген ерте жастағы балалардың сөйлеу тілін дамытуға едәуір үлес қосатын бағдарлама дайындау бүгінгі таңда көкейкесті мәселелердің бірі деп санаймыз.
Қазіргі уақытта статистикалық көрсеткіштерге жүгінсек, жылдан жылға сөйлеу тіл кемістігі бар балалар саны және логопедиялық көмекті қажет ететін балалардың пайызы өсуде. Кез келген жаста сөйлеу тілінің бұзылуы танымдық іс-әрекеттің және адамның әлеуметтік бейімделу мүмкіншелігін шектейді. Бұл баланың жалпы жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсер етеді. Оның зияткерлік дамуы және мінез құлқының сипаттамасы жас шамасына жиі сай келмейді,ұжымдағы құрбы құрдастарымен қарым қатынасы қиындайды.
Тіл кемістіктерінің себебі сыртқы және ішкі зиянды күштері,себептері (факторлары) немесе екеуінің бірдей организмге әсер етуі деп түсінеміз. Сөйлеу тілін меңгеру әр балада әр түрлі кезеңде және әр түрлі уақытта өтеді. Бұл әр түрлі себептерге байланысты жеке үдеріс. Сөйлеу тілінің дамуының кешеуілденің себептері: жүктіліктің кезіндегі және туған кезіндегі патология, генетикалық себептердің ықпалы, есту мүшесінің зақымдануы, баланың психикалық дамуындағы жалпы артта қалуы, әлеуметтік депривацияның себептері (депривация — тәрбие мен қарым — қатынастың жеткіліксіздігі). Баланың сөйлеу тілі патологиясының негізгі себептері:
1) әртүрлі ішқұрсақ патологиясы іштегі нәрестенің дамуына зиянын тигізеді,сөйлеу тілінің ең ауыр кемістіктері іштегі нәрестенің 4 апталық пен 4 айлық аралығындағы дамуының бұзылуынан пайда болады. Іштегі нәрестенің дамуының бұзылуына анасының ауыр аяқ жүрген кезіндегі токсикоз, вирусты және эндокринді аурулар, жарақаттар, резус-фактор бойынша қанның сыйымсыздығы және басқалар әсер етуі мүмкін.
2) босану кезіндегі жарақаттану және босану кезіндегі асфиксия (оттектің жетіспеуі);
3) өмірінің алғашқы жылдарындағы әртүрлі аурулар;
4) бас сүйегінің жарақаттануы;
5) тұқым қуалаушылық факторлары;
6) әлеуметтік тұрмыстық жағдайларының қолайсыздығы.
Соңғы кездері білім көлемінің ұлғаюы балалардың сөйлеу тілінің дамуына жоғары талап қояды. Балаларға алда күтіп тұрған күрделі мәселелерді шешуге көмектесу үшін сөйлеу тілінің дер кезінде және толыққанды қалыптасуының алдын-ала қамын жасау керек. Өйткені сөйлеу тілі арқылы ойлау дамиды, жеке басының қасиеттері қалыптасуға ықпал етеді. Осы тұрғыдағы тұжырымдар Ф.А. Сохин өңдеп жасаған ерте жастағы балалардың сөйлеу тілінің даму теориясында өз орнын тапты. Ол ерте жастағы кезеңде ана тілін меңгерудің тілдік және ақыл-ой аспектілерінің өзара байланысын қарастырды, тіл мен сөйлеу тілі құбылыстарын түсіне білуді қалыптастыру қажеттілігін нақты түрде негіздеді. Бұл тұжырым сөйлеу тілін дамытуға қатысты барлық зерттеулердің тірегі болды. Ол байланыстырып сөйлеу тілі баланың ана тілін меңгерудегі барлық жетістіктерін өзіне жинайды деп белгіледі (дыбыстық жағын, сөздік қорын, грамматикалық құрылымын).
Ерте жастағы балалармен тікелей жұмыс істейтін мамандардың байқауы бойынша соңғы жылдары сөйлеу тілі дер кезінде қалыптаспай, дамуында тежелуі бар балалар саны артуда. Сөйлеу тілінің тежелуі дегеніміз 4 жасқа дейінгі сөйлеу тілі дамуының нормадан қалуы (сәйкес келмеуі). Бұндай тежелістер түрлі себептерден болуы мүмкін. Мысалы, сөйлеу тіліне сұраныс болмаған жағдайда, яғни баламен ешкім сөйлеспесе немесе оның қалауы мен тілегін тауып біліп, өз қажеттілігін сөзбен айтуға ынталандырмаған кезде. Сөйлеу тілінің тежелуі осы қызметке жауап беретін жүйке жасушаларының баяу пісіп жетілуінен де, бас миының ауруы мен зақымдалуынан да болады. Жиі кездесетін себептердің бірі – есту қабілетінің зақымдануы. Сөйлеу тілі есту негізінде қалыптасқандықтан, естуінде ауытқулары бар баланың сөйлеу тілінің дамуында да тежелістер мен кемістіктер пайда болады.Тіл кемістігі көбінесе мектеп жасына дейінгі балаларда кездесуде. Тексерудің көрсеткені бойынша тіл мүкістігі, тұтықпа сияқты тіл кемістіктерінің едәуір проценті мектеп жасына дейінгі балаларда кездесетіні анықталды. Егер осы кемістіктерді дәл уақытында жоймаса, олар барған сайын ұлғайып, нығаяды да, баланың дұрыс сөйлеуіне кесірін тигізеді.
Тіл мен ойлаудың өзара байланысы күрделі құбылыс. Екі құбылыстың екеуі де адамның екі жақты табиғатына сәйкес әрі әлеуметтік, әрі биологиялық жақтарымен сипатталатыны белгілі. Бала тілі мен ойлауына келетін болсақ, баланың жас ерекшеліктеріне сәйкес тіл мен ойлау арақатысы әр түрлі. 11 айдан 1 жас 7 ай аралығында бала ойлауы тілінен озық болады, бала тілі шыққаннан кейін екі, үш сөзді сөйлемдер тұсында бір-біріне біршама сәйкес келе бастайды, 4-5 жас аралығында бір уақытта жүреді де өсе келе, яғни ересек болғанда ойлау қабілеті белгілі бір шамада тілден озық болады.
Үш жастағы баланың сөздік қорында 1000-1500 сөзге дейін болады. Қыз балалар өздерінің құрдастарына қарағанда ерте сөйлей бастайды. Осы кезеңде баланың бөбекханадағы
жастары бірдей балалардың тобында болуы, оның сөйлеу тілін дамытуға көп мүмкіндік тудырады. Балалардың сөйлеу тілінің дамуының табысты болуы үшін ата-аналар да олармен жиі сөйлесулері керек. Баланың тіліндегідей сөздерді бұрмаламай, дұрыс, анық айтуға тырысу керек.
Егер бала дұрыс сөйлемесе, онда үнемі түзетіп отыру керек. Бұл үшін баланың қате айтқан сөзін, сөйлемін, баланың қайталауын талап етпей, өзі дұрыстап қайталайды. Әрине дұрыс айтылған сөз есте де дұрыс сақталады. Бірақ баланы дұрыс үлгілерді қайталауын жиі талап етсе, бала көңілінде дұрыс сөйлемеуім мүмкін деген қорқыныш сезімі туындауы мүмкін.
Тіл мүкістіктері немесе тұтықпа сияқты кемістіктер мектепте баланың оқу үлгерімнің төмендеуіне себебін тигізсе, өскенде мамандық таңдауына да әсер етіп, қиындық туғызады.Мектепке дейінгі жастағы балаларға тән сөйлеу іс-әрекетінің ерекшеліктерінің бірі тілдік қатынастың түрткісі және мақсаттардың бірігуі болып табылады, сонымен бірге сөйлеу түрткісінің қандайда бір іс-әрекетке, әр қилы түрлерін қолдану балада сөйлеуді меңгеруге деген қажеттілікті қалыптастырады. Түрткінің бар болуы – сөйлеуді қабылдау үшін де, оны қарым – қатынаста белсенді пайдалану үшін де маңызды жағдай. Осының нәтижесінде сөйлеу тез арада баланың бақылау объектісі болады. Ерте сәбилік шақтағы балалардың сөйлеу қабілетінің дамуын мейлінше толық елестетіп көру үшін сөйлеу онтогенезіне жүгіну қажет.
Сәбилер көз ашып, дүниеге келген күннен ес біліп, ер жеткенге дейін, толассыз есту, еліктеу, үйрену, сөйлеу басқыштарында бір сатыдан бір сатыға өтіп отырады. 4 жастағы балалар тіліндегі синтаксистік даму кезеңі туралы мамандар мен зерттеушілердің ұзақ уақыттық тәжірибелік пайымдауларына негіздеп, мынандай болжамдар жасауға болады: бала тіліндегі сөздік қор, яғни, сөз таптарының қалыптасуы былдырлаған бөбек шақта бастау алады. Бала бір сөзді сөйлемнен екі сөзді сөйлемге, жай сөйлемнен күрделі сөйлемге өту барысында тілде сөздік қор қалыптасады, осылайша бала тілінде бастапқы қадамда сөз таптары орын тебеді. Осылайша, белгілі бір дәйектілікпен баланың сөйлеу тілі дамып, сөздік қоры байып, айналасындағы адамдармен қарым-қатынаста өзін еркін сезінеді.
Қорытындылай келе ата-ана мен педагогтер мектеп жасына дейінгі ерекше қажеттілігі бар балалардың қажеттіліктерін, қоршаған ортаның әсер ететін сыртқы факторларын ескере отырып, түзетуге бағытталған арнайы бағдарламаларға сүйене отырып, жүйелі жұмыс жасауы аса маңызды.