Сөйлеу тілін дамыту 1 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сөйлеу тілін дамыту 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
түзету-дамыту сыныптарда сабақ беретін психологтарға қөмегін тигізеді. балалардың сөйлеу тілін , ой-өрісін дамытуға, қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Психологиялық тренинг- сабақтың қысқа мерзімді сабақ жоспары

Дайындаған педагог-психолог: Г. Ергешева Тақырыбы: Оқушылардың сөйлеу қабілетін дамыту Мақсаты: ойын арқылы балалардың сөйлеу , ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту. Күтілетін нәтиже: танымдық қабілеттері дамиды, сөздік қоры молаяды ,өзіне деген сенімділігі артады.

Әрекет кезеңі

Жаттығулар

Психолог әрекеті

Оқушы әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Сәлемдесу

5 мин

Орнымыздан тұрайық

Шеңберді біз құрайық

Бір-бірімізге жақсы тілек

Ортада айтайық


Балалар бір- біріне күлімдеп қарап тілек айтады

Негізгі бөлім ұйымдастыру-іздену

«Айтамыз, көрсетеміз» жаттығуы 5мин


- Балалар, бүгін аптаның қай күні? -Мен сендерге өлең шұмақтарын оқып бергім келіп тұр, соның шешімін айтыңдаршы
Шанамен зырғып желетін,
Коньки, шаңғы тебетін,
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың, балалар?
Балалар: Қыс мезгілі
Жетекші: Жарайсыңдар балалар, қыс мезгілінің белгілерін білеміз бе? Балалар: Қар жауады, аяз болып, боран соғады.
Жетекші: Ендеше, боран соққанын қимылмен қалай көрсетеміз?
(Балалар қолдарын жоғары көтеріп, гуілдейді)
Жетекші: Қатты аяз болып, тоңғанда не істейміз?
Қолдарын қусырап, аяқтарын топырлатады)
— Ал, күн шыққанда не істейсіңдер?
(Алақай, деп қолдарын көтереді)
Жарайсыңдар балалар! Енді қыс айларын атайықшы
Балалар: Желтоқсан, қаңтар, ақпан
Жетекші: Желтоқсан – жылдың аяғы, қыстың басы ол, суық, ызғарлы.
Балалар, біз тоңбас үшін үстімізге қандай киімдер киеміз?
Қане, іс-қимылмен көрсетейікші (Балалар іс-қимылмен көрсетеді)
Балалар: Бас киім, үстімізге тон, аяғымызға етік, қолымызға қолғап киеміз!
Қандай ойындар ойнайсыңдар?
Балалар: Қар лақтырып, аққала жасап, шанамен сырғанақ тебеміз.

оқушылар жүргізушінің нұсқауы бойынша сөзбен қимыл- қозғалысты көрсетеді.


«Суретті әңгімелеп бер» суретпен жұмыс 10 мин

1 жылда неше мезгіл бар ? Жыл мезгілдер белгілерін айтқызу: .көктем, жаз, күз, қыс,



«Сөйлемді аяқта» тапсырмасы 3 мин


Мақсаты: сөйлеу тілін, ойлау қабілетін дамыту.

Қыста ауа райы суық, ал жазда ... (ыстық)

Піл үлкен, ал маса ... (кішкентай)

Тас ауыр, ал қауырсын... (жеңіл)

Көктемде ағашта жапырақ шығады, ал күзде ...(түседі)

Ата кәрі, ал немересі ... (жас)

Көже ыстық, ал балмұздақ... (суық)

Сүт сұйық, ал қаймақ ... (қою)

Сатушы сатады, сатып алушы ... (сатып алады)

Қоян тез секіреді, ал тасбақа ... (баяу жүреді)

Балық жүзеді, ал қыран ... (ұшады).



Сергіту сәті «Аңшы» 2мин

Мақсаты: оқушылардың бұлшық еттерінің босансуына көмектеседі, сөйлеу тілі жаттығады. Бір күні аңшы аң аулауға шығады. Бас киімін киеді, аяқ киімін киеді, қаруын алады...

Жол бойымен жүреді (аяқтарымен еденді ұрады)

Құмнан өтеді (алақандарын уқалайды)

Көпірден өтеді (төсін жұдырықтап ұрады)

Батпақтан өтеді (қол шапалақтайды)

Өткелден өтеді- («У-ф-ф» шаршадым) Ағашқа отырып, жаң жағына қарап ағаш арасынан аюды көріп, қорқып кейін қарай қашады.

Балалар сендерге аңға шығу ұнады ма?



«Керісіншелер »ойыны 5мин

Жетекші үш әріптен тұратын сөзді айтып, допты лақтырады. Допты ұстаған ойыншы әріптерді кері атайды (күн-нүк, көз-зөк, сан-нас). Аударылған сөздердің мағынасы болмауы мүмкін.



«Көңіл-күйді көтеру» арттерапия 7мин

Гүл шаблондарын бояу, ағашқа ілу.


Рефлексті-қорытындылаушы

Кері байланыс

«Егер саған ұнаса» ойыны 3мин










Балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Егер саған ұнаса саусақпенен тырсылдат,

Егер саған ұнаса шапалақта жараса.

Егер саған ұнаса аяғыңмен тарсылдат,

Егер саған ұнаса айтайықшы «ТАМАША»

Балалар өз ойларын айтады

Қыс мезгілінің суретін қарастыру.
Қыс келді. Айналаның бәрі аппақ. Күн суық, аяз. Ағаштардың бұтақтарын қырау басқан. Қыста күн қысқарады, түн ұзарады. Үйдің мұржасынан түтін шығып жатыр. Балалар қыста шана, шаңғы, коньки тепкенді жақсы көреді. Кейбір балалар жотадан төмен қарай шанамен сырғанап келеді. Балалар қардан аққала жасады. Қыстап қалған құстар бұтақтарға қонып отыр. Балалар істеген жұмыстарына қуанды

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2019
1502
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі