Сөйлеу тілін деңгейлі тапсырма беру арқылы тұзету-дамыту

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сөйлеу тілін деңгейлі тапсырма беру арқылы тұзету-дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас логопед мамандарына кқөмекші құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шегенбаева Гүлнұр Алтайбекқызы

МКҚК «Заңғар» балабақшасы

екінші санатты логопед маманы



Сөйлеу тілі кемістігі бар балалармен түзету дамыту жұмыстарын түрлі деңгейлі тапсырмалар арқылы қалыптастыру.

Балабақшада бала тәрбиесі барша педагогтарға қатысты. Бала дүниеге келгенде аппақ кіршіксіз пәк болып туылады.Баланың дамып өмірден өз орнын табуға, мықты тәрбие алуға,түзу оң жолды таңдауына бірден бір себепкер ата-анасы мен біздер педагог қауымы боламыз.Қазіргі таңда өзекті мәселемізге айналған баланың сөйлеу тілінің бұзылыстары мен сөйлеу тілінің кеш дамуы.Көптеген ата-аналарымызды әбігерге салып,тіпті баланы уайымдап әр есікті қағып, балаға ем іздеп жүр.Сөйлеу тілін неғұрлым ерте анықтап қолға алса нәтежие де соғұрлым тез болады деп ойлаймын.Сөйлеу тілін түзету-дамыту мақсатында мен баламен жұмыс барысында артикуляциялық жаттығулар,массаж ұсақ мотоиканы дамыту мен бірге түрлі-түрлі деңгейлі тапсырмалар беріп отырамын.

1.тапсырма «Тыныс алу жаттығуы»

-Мұрынмен тынысты алып ауызбен шығару

-ауызбен тынысты алып мұрынмен шығару

-мұрынмен тыныс алып 2-3 секунд ұстау

-ауызға ауа толтырып 5-6 секунд ұстау

«Көбелек ұшыр» ойыны Мұрынмен тыныс алып ауызбен шығарып ұзақ тыныста ұшыру.

Саксафон ойыншығымен қысқы-қысқа тыныста үрлеу

-судағы балықты қысқа және ұзақ тыныста үрлеу.

2.тапсырма

-Сөйлеу ережесі.

-тілге арналған артикуляциялық жаттығулары.

3.тапсырма «Тіл ұстарту жаттығуы» 2-3 рет қайталау

Са-са-са дәмді самса та-та-та көңіл-күйім тамаша

Со-со-со бұл сона то-то-то үлкен ыдыс торсық

су су су мөлдір тұнық су ту-ту-ту желбірейді көк ту

3-тапсырма «Саусақ жаттығуы»

«Әсем үй» Қолдың саусақтарын бұрыштап қосу-«шатыры» Бас бармақты «шатырдың астына тығу»

«Орындық» Оң қолдың алақанын тік қою,саусақтары жоғары-бұл «орындықтың арқасы».Оған сол қолды түйіп.жанына қою-бұл отырғышы

«Үстел» Оң қолды жұдырыққа түю-бұл үстел аяғы.Үстіне сол қолды алақанды жазып қою-бұл үстелдің беті.

«Құлып» Саусақтарды бір-біріне айқастыру.

4- тапсырма «Сәйкестендір»

Түрлі суреттерді алып ұсақ орташа үлкен суреттер жинағын алып үстіне беттестіру және атауларын логопед айтып болған соң қайталау.

(ұсақ суреттер жинағы өте кішкентай балық,қалпақ,сәбіз, тышқан,жұлдыз т.б. көпдеген суреттер үстіне дәл сол бейнені сәйкестендіріп беттестіру).

5 тапсырма «Қима суреттер»

4-5 және 5-6 бөлікке бөлінген суреттерді үлгі суретке қарап отырып құрастыру.

6 тапсырма. «Суретті толықтыр»

Боямақ суреттерді түрлі құралдармен әрлеу.

-ермексазды кішкене бөліктен шиыршықтап саусақта домалатып сурет үстіне жабыстыру

-қима жіптерді желімге батырып сурет бетіне жабыстыру

-қағаз қиындыларын желім көмегімен жабыстыру

-боялған ас тұзын желім арқылы сурет үстіне жабыстыру.

6 тапсырма «Сиқырлы қорап»

Төртбұрышты қорапшаның екі жанын тесіп бала қолы сыятындай етіп,ішіне бірнеше заттарды салып бала қораптың екі жағынан екі қолын салып қолына түскен затты қорап ішінен сыйпап сезу арқылы заттың атауын табу.

(доп ,сиыр,гүл сылдырмақ т.б.)

Бұл деңгейлі тапсырмаларды баланың қызығушылығын, ынтасын арттыру мақсатында қолданамыз.

Баламен логопед маманы арасында тығыз байланысты нығайту үшін және де бір-біріне бейімделу үшін пайдаланатын таптырмас құрал. Егер балада тапсырма орындау барысында қиындық болып жатса логопед маманының көмегіне сүйене алады.











































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.10.2020
1037
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі