Материалдар / СӨЙЛЕУ ТІЛІНДЕ КЕМІСТІГІ БАР БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ТҮЗЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

СӨЙЛЕУ ТІЛІНДЕ КЕМІСТІГІ БАР БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ТҮЗЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Логопедтерге тіл бұзылымы бойынша сабақ жоспарлары мен презентация. Логопедия бойынша баяндама мен мамандық ерекшелігі туралы эссе.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
763
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Менің мамандығымның ерекшелігі.

Адам өмірде екі нәрседен қателеспеуге тиіс.Соның бірі – мамандық таңдау.Адам адам болғалы армансыз өмір сүруі мүмкін емес екені айқын.Тірі кезде лүпілдеп, үздіксіз соғып тұратын жұдырықтай ғана жүректі алып-ұшар сезімге бөлер, талабына қанат бітірер, лүпіліне лүпіл қосып, бүкіл бойды қуанышқа бөлер нәрсе – ол адам ойының түкпіріндегі, лапылдаған алау отты жүрегінің тағындағы асыл арманы. Иә, сонша армандап, қиялдаған сайын күлімдеген әрі қобалжыған, көз ұшындай алыстағы арманға кім жеткісі келмес дейсің?!… Кімнен сұрасаң да: нені армандайсың? – десең, бірінші келбетінен толқыныс, көзінен күлімсіреу байқайсың. Сәл демігіп алып, жай сарынды үнмен айта жөнеледі. Неге ақыл-есі бүтін, сана-сезімі қалыптасқан пендеге дәл бұл сұрақ сонша әсер етеді екен?Арман, ол – адамның ештеңеге айырбастағысыз, соншалықты нәзік сезімді, қайғы мен мұңды, қуаныш пен бақытты тұтастай сыйдырған жүрек деген барша сезім иесінің мөлдір шығы. Армандарыңды ойлағанда бойыңды бақыт пен жүрексіну бір шарпып өтеді. Міне, сол секілді мен сияқты қазақтың қарапайым ғана қара қызының да аңсаған өз армандары жетер-ақ. Ұлы ақын Абай атамыз айтқандай: адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе дүниедегі жақсы-жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Рас адам бәрін біліп тумайды ғой. Дегенмен, міндетті түрде өсе келе бүйрегі өзіне жақын нәрсеге бұрып тұрары анық. Мамандық – әрбір адамның болашағы, сондай-ақ шаруашылық көзі болып табылатын сүйікті іс. Кез келген адам өз мамандығына құрметпен қарайды емес пе?. Мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Әлемде 40 мыңға жуық әртүрлі мамандық бар, статистердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн. адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12 пайызы қайтадан өз орнына қайтып оралатын көрінеді.

Сонымен бірге, әр мамандықтың ерекшеліктері де бар. Ізгі мамандықтардың бірі – мұғалімдік дер едік. Бағыма орай, мен өзім қалаған мамандық бойынша жоғарғы білім алып, тәжірибе жинақтаудамын. «Мамандығым – мақтанышым» деп айта аламын. Дегенмен, менің мамандығымда мен білмейтін қыр-сыры әлде қайда көп екен. «Білетінім бір тоғыз, білмейтінім тоқсан тоғыз», деп осы мамандықтың бір ұшын ұстап жүрмін ен мұғалім-логопедпін. Мен мұғаліммін... Осы бір ауыз сөзде талай сыр, талай мағына жатыр десеңші.Өзін «мұғалім» деп санайтын адам қандай болу тиіс? Әрине, ол-саналы да,сапалы білім беретін жеке тұлға... Әріптестерім, оқушыларым менің бойымнан әрқашан да білімді,жан-жақты,алға қойған мақсатына жете алатын адамды көру керек. Жаңа технологияларды меңгеріп қана қоймай, үнемі алға ұмтылу және өз ісіне талдау жасай білетін, ізіңді басып келе жатқандардың қателеспей, жақсы нәтиже көрсету үшін болашаққа зор үмітпен қарау-мұғалімнің басты міндеттері. Мектеп дегеніміз-мекеме және оны құрайтын ұжымынан тұрмайды. Бұл- қызуы қайнаған тіршілік ордасы.Ел болашағының тағдыры осы ордадан бастау алатыны анық. Сол үшін де мұғалім өмірі – тоқтаусыз ізденіс, талдау жұмыстарына, қиындық пен қызыққа толы.Мектептің маңызды міндеттерінің бірі-жазуға үйрету болып табылады.Жазуда меңгеру оқушыларға мектепті бітіргеннен кейін олардың әлеуметтік бейімделуіне өте қажет.Жазуындағы бұзылыс оның қоршаған ортада бағдарлауына және қарым-қатынаста белгілі бір кедергілерді келтіреді.Осының барлығы баланың интелектуалдық кемістерін күрделендіруі мүмкін.Сондықтан қазіргі таңда логопедиядағы ең өзекті мәселелерінің бірі осы жазу бұзылыстары болып саналады. Бұл мамандықты естігенде қай қайсының болмасын «Ол не мамандық ?» деген сұрақ қоярыңыз сөзсіз. Логопед-ұстаз. Өзгелерді білмеймін, бірақ мен үшін бұл сөздің әрбір әрпі сондай қымбат, сондай ыстық. Неге сонша ғашық екем осы мамандыққа?! Бұл салаға деген аса ерекше, аса ғажап сүйіспеншілігімді дәл мендей ешкім білмес, дәл өзімдей ешкім сенбес, сірә. Неге екені белгісіз әйтеуір бір күні, түптің-түбінде бұл асыл арманыма қол жеткізіп, үлкен бақытқа ие болатыныма сенетінмін. Бірақ алыста, әлі де алыста секілді боп көрінетін де тұратын. Бұл да бір жағынан дұрыс-ау. Өйткені адам асылын жоғалтудан, бақытына жете алмай қалудан қорқады емес пе?… Осындай жүгі ауыр, жауапкершілігі салмақты мамандықтықтың қиындағын біліп тұрсам да таңдауым осы.

Логопедия – тілінің кемісі бар балаларға білім және тәрбие беру проблема -ларын зерттейді .Алғаш 17 ғасырда қолға алынғанымен тілінің мүкісі бар балаларды медицина және психология жолдармен зерттеп, тиісті емдеу шараларын қолданудың жолын табу әрекеттері 20 ғасырдың 30-жылдарына дейін созылды. Кемшіліктердің қайсыбірі сөйлеу жағынан (мәселен, тіл мүкістігінен) байқалса, екіншісі оқуы мен жазуының (дислекция, дисграфия) бұзылуынан да көрінеді. Фонетика, сондай-ақ, лексика-грамматика жүйені (алалия, афазия) қамтитын бұзылулар бар. Көбінде тілдің кемістіктері оның қарқыны мен созылмалығына (тұтықпа) қатысты болады. Тілдің кемістігін зерттеу мен жою білімнің басқа салаларының психология, тіл білімі, физиология, медицина деректерін ескере отырып жүргізіледі. 
Бұл мамандықтың қоғамдағы рөлі аса зор. Бұл саладағы зерттеу нұсқасы тілінде кемістігі бар балалар. Олармен жұмыс істеу өте қызықты, сонымен қатар аса жауапкершілікті, шыдамдылықты талап етеді. Мына бес күндік жалған дүниеден баз кешіп кеткеніңде, олардың арасына кірсең, бейнебір өзіңді өзге планетада жүргендей сезінесің. Ғажап өмір!

Неге екенін осы салада қызмет етуші барша азаматтар маған ұлылардың ұлысы болып көрінеді.

Адам өз ісін сүюге міндетті емес, өзі сүйетін іске баруға міндетті.Сонда ғана олар бір-бірінің бағын ашады, бір-бірімен жарасады.Мемлекетке әр мамандық қажет. Алайда оны дұрыс таңдау – бағыңның ашылғаны. Қазақ үш-ақ мамандықты біледі: қара жұмысшы, директор, бас директор. Араларындағы салаларды ойламайды да. Шын мәнінде халқыңа пайдалы азамат болуға тырысу маңызды, керісінше халқың саған пайдалы болу емес. Сондықтан өз ісімнің маманы болуға деген ұмтылыс мені және менің оқушыларымды жан-жақтылыққа жетелейді . Нағыз маман иесі болу үшін мен үнемі іздентіп,өздігімнен үйреніп,ойлағанымды іске асыруым қажет.





























Қатысушының Т.А.Ә. (толық) * құжат бойынша (осы мәлімет бойынша диплом немесе сертификат толтырылады)

Мусралина Толкын Семеевна

Облыс, қала, ауыл

СКО Жамбыл ауданы. Благовещенка селосы

Тапсырманың атауы

(Сіз таңдаған тақырып)

«Менің мамандығымның ерекшелігі» тақырыбына эссе

Білім беру мекемесінің толық атауы

(міндетті түрде КМҚК, МКҚК, КММ, ММ, жеке меншік және т.б.)

«Благовещенка №2 орта мектебі»КММ

Ұялы телефон

87759421412

Қатысушының E-mail поштасы (қатысушылардың документі жіберілетін Сіздің дұрыс және жұмыс

logoped2018@mail.ru

электронды поштаңыз)







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!