технологиялық
картасы
Өткізілген күні:
|
Білім беру
саласы:
|
Коммуникация
|
|
Бөлімі:
|
Сөйлеу
дамыту.
|
|
Тақырыбы:
|
Ағайынды
екеуміз
|
|
Мақсаты:
(Даярлық)
|
Туыстық қарым –
қатынас түрімен таныстыру. Сұрақтарға жауап беру арқылы әңгіме
құрастыруға баулу.Тақырыпқа сай мақал – мәтелдерді талдауды
үйрету.
|
|
Мақсаты:
(Ересек)
|
Үлкендермен қарым –
қатынасды дұрыс орындауға баулу.Тақырыпқа сай мақал – мәтелдер
жаттату.
|
|
Міндеттері:
|
1.
Тақырыпқа сай мақал – мәтелдерді талдауды
үйрету.
2.Есте сақтау қабілеттері
мен сөздік қорларын дамыту.
3.Ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа,
ұқып-тылыққа тәрбиелеу.
|
|
Әдіс-тәсілдері:
|
Әңгіме-леу, сұрақ
жауаптар, ойындар, Воскобови және модульдік
тех.
|
|
Көрнекіліктер:
|
Тақырыпқа сай суреттер, ойын
заттары, сызба, түймедақ ойыны
|
|
Билингвальдық
компонент:
|
аға – старший брат – brother.
іні – младший брат – younger brother
|
Кіріспе
бөлім:
Біз бақытты
баламыз
Үлкеннің тілін
аламыз
Оларға
көмектесеміз
Келгенінше
шамамыз.
- Балалар, үйдегі
бауырларыңмен бірге бос уақытты қалай
өткізесіңдер?
- Оларға қандай көмек
көрсетесің?
- Бірге жүргенде не
істейсіңдер?
- Сен өз отбасыңда кімдерге
қамқор бола аласың? Саған кім қамқорлық
жасайды?
- Ағайынды балалар үйде жалғыз
қалғанда не істейсіңдер?
- Есікті бөтен біреу қақса не
істейсіңдер?
- Қандай қауіпсіздік ережесін
сақтайсыңдар?
- Үйде жалғыз қалғанда электр
құралдарын пайдалануға бола ма?
- Қайшы, ине, пышақ,
сіріңкемен ойнауға бола ма?
Көптілділік: аға – старший
брат – brother. іні – младший брат – younger
brother
Негізгі
бөлім:
Суретке қарап, сұрақтар
бойынша әңгіме құра.
Сергіту
сәті.
Оңға, оңға, оңға
иіл,
Солға, солға, солға
иіл.
Алға қарай бір
адым,
Артқа қарай бір
адым.
Жоғары-төмен
қарайық
Орнымызды
табайық.
Есіңе сақта! Сіріңке – ойыншық
емес. Оны қолыңа алма! Қауіпті жағдайда мына қызметтерге телефон
шалу керек: 101 – өрт сөндірушілер. 102 – полиция
қызметкерлері.
103 – жедел жәрдем
қызметі.
2-тапсырма. Сурет бойынша
сөйлем құра. Қайсысының ісі дұрыс, қайсысының
ісі
бұрыс? Жаңылтпашты жаңылмай
оқиық.
Ыбырай,
Ыбырайдың
шымыры-ай.
Мақтап жүрген
Ыбырай
Мысықтан қашты
зымырай.
3-тапсырма. Қай зат кімге
тиесілі? Үзік сызықтармен қос.
Д/ойын: себебін тап: (Түймедақ
ойыны)
Мақсатты; Әр кезеңдердін
себебін толық атауға дағдылау.
Қортындылау:
Педагог қорытынды жасайды,
балаларды марапаттайды. Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап
қорыту. Балалардан түсті қарындашпен бояуын
сұраңыз:
Ештеңе түсінбедім – қызыл
қарындашпен;
Түсіндім, бірақ түсіндіре
алмаймын – сары қарындашпен;
Бәрін түсіндім, басқаға
түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен. Қосымша сызбаны
қолдану.
Күтілетін
нәтиже:
Нені біледі; Сөздер мен
фразадағы дыбыстарды дұрыс дыбыстайды.
Нені игерді: Тыңдалған
мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба белгілер қолданып
жеткізеді.
Нені білу керек: Берілген
кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын болжайды