400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сөйлеуді дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Электр құралдарымен таныстыра отырып, заттарды жалпы және ерекше белгілері бойынша топтастыруға үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

Тәрбиеші: Ибраимов Гүлшат Қабылжановна



Қоғалы ауылы.


Ұйымдастырылған оқу қызметі:Сөйлеуді дамыту.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы:«Сиқырлы шам»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсаты:Электр құралдарымен таныстыра отырып, заттарды
жалпы және ерекше белгілері бойынша топтастыруға үйрету. Тілдік қарым-қатынас мәдениетін
дұрыс қолдануын қалыптастыру.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің көрнекілігі:Электр шамы, суреттер, ойыншықтар, буклеттер.

Әдіс-тәсілдер:Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойындар.

Қостілділік компонент:Шам-лампочка, сиқыр-болшевство.



Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

I.Негізгі бөлім:

Шаттық шеңбері:

Арайлап таң атты,

Алтын шуақ таратты.


Page 2


Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды даламыз.

Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

Сәлеметсіздер ме, достар!



Сұрақ – жауап: жыл ерекшеліктері

· Жылдың қай мезгілі?

· Қыс.

· Қыста неше ай бар?

· Үш ай.

· Қане атайық?

· Желтоқсан, қаңтар, ақпан.

· Қыста ауа-райы қандай болады?

· Боран,аяз болады.

· Қыста қандай ойындар ойнаймыз?


Page 3

· Аққала жасаймыз.Шанамен ойнаймыз,шаңғымен сырғанаймыз.

II.Негізгі бөлім: Тосын сәт. (Есік қағылады.Хат тасушы келеді. Балаларға

қорапша әкеледі.)

-Балалар бұл кім екен?

Бұл хат тасушы апай екен.Бізге хат жіберіпті және бір қорапша беріп жіберген екен.Қане ашып
көрейік.(ішінен электр шамы шығады)

Қорапшаның жанында хат бар екен.Оны да ашып оқып көрейік.Балалар хаттың ішінде жұмбақ
жасырынған екен.Егер де жұмбақтың шешімін тапсақ бұл заттың атын білетін боламыз.Шешіп
көремізбе?

-Ия.



Жұмбақ. «Үйде бар бір жұлдыз,

Ол бар да түн күндіз.»

-Бұл не екен, балалар?

-Электр шамы.

-Балалар шамды біз не үшін пайдаланамыз? Үйде, балабақшада, бөлмелерімізде жарық түсіп
тұру үшін пайдаланамыз.Ендеше балалар мен сендерге шамның бізге қалай жеткенін қысқаша
түсіндіріп өтейін.Мұқият тыңдаймыз.



Page 4

Суретпен жұмыс.

«Шуағын шашқан күн»

-Балалар суретте не көріп тұрсыңдар?

-Күн.

-Жақсы. Айналаға, терезеге қараңдаршы дала қандай?

-Жарық.

-Дұрыс. Бізге ең бірінші жарық беруші ,далаға жарық беріп тұрған күн сәулесі.Күн –табиғат
құбылысы.

-Қане барлығымыз бірге күнге жылы лебізімізді айтайықшы.

Әрқашан күн сөнбесін.

Аспаннан бұлт төнбесін.

Аспанымыз ашық болсын!

Күніміз жарқырай берсін!


«Май шам»

Бұл –май шам. Бұрын ата- әжелеріміз жарық жоқ кезде осындай май қоспасынан жасалған
шамды пайдаланған екен. Май шамды әлі күнге дейін пайдаланады.Жарық сөніп қалған кезде
осы май шамды жағады. Су ағады саймененен, шам жанады майменен деп босқа айтпаған
екен.


Page 5


4-сурет.«Бөлме шамы»

Түнде қараңғыда ұйықтағанда, бөлмемізге жарық беріп тұрады. Қане көзімізді
жұмайық.Қараңғы ма,балалар?

-Ия.

Енді көздеріңді ашыңдар. Балалар түнде біз ұйықтағанда бөлменің іші қараңғы болады.Сол
кезде бөлмеге «бөлме шамын» жағып қоямыз екен.

Дидактикалық ойын:«Түстерін ата»

Мақсаты: Түрлі –түсті қағаздан жасалған шамдарды шеңбер бойына жапсыру, түстердің атын
атау, қызығушылыққа баулу.

Орнымыздан тұрайық,

Шеңбер жасап құрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Бір тынығып алайық.

Құстай қанат қағайық

Иіліп оңға бір,иіліп солға бір,

Жоғары-төмен қарайық

Орнымызды табайық.


Page 6

Жарайсыңдар, балалар!



Қимыл-қозғалыс ойыны:«Шамдар»

Шарты:Фетр матадан жасалған шамдарды пішіндер арасынан тауып, жапсырады. Жапсырған
түстердің атын атайды. Пішіндерін ажыратады.



«Сиқырлы шам»

Сиқыры:Балаларға сиқырлы шам көрсетіледі. Қолдарымен ұстап сезінеді. Шамның
ерекшелігіне қызығады.

«Сиқырлы тәжірибе»

Шарты:Шыны ыдысқа әдемі моншақтар, тас салынады. Үстіне су құйылады.Ыдыстың ішіне май
шамды жағамыз. Топ бөлмесіне әдемі жарық сыйлаймыз. Балалар көзбен көріп, өте жақсы
әсер алады.



Қорытынды:

-Жарайсыңдар балалар!Сендер бүгінгі оқу қызметімізге өте жақсы қатыстыңдар!

-Сендерге ұнады ма?

-Біз не туралы айттық?


Page 7

-Электр шамы – дегеніміз не?

-Электр шамының қандай түрлері бар?



Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
15 шілде
356
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі