Материалдың толық нұсқасын жүктеп алыңыз
Өзіңізге ыңғайлы нұсқаны таңдаңыз
Тек осы материал
Осы материалдың толық нұсқасын жүктей аласыз
790₸
Ең тиімді
🔥АРНАЙЫ БАҒА · 10.12.2026 ДЕЙІН
Жылдық материал тарифі
29 990 ₸
25 000 ₸ үнемдейсіз
4 990₸/ 1 жыл
Осы материалды бірден жүктейсіз
400 000+ дайын материал
365 күн шектеусіз жүктеу
Арнайы баға — 10 желтоқсанға дейін / Одан кейін — 29 990 ₸
Барлық мүмкіндік керек пе?
Толық жылдық тариф
49 990₸/ 1 жыл
Материалдар
ЖИ және көрнекіліктер
Дайын ҚМЖ және ПББ
Ойындар мен курстар
Назар аударыңыз!
Сіз барлық мүмкіндікті қолдандыңыз.
Қалған материалдарды ертең жүктей аласыз.
Ок
1 - айлық
Материал тарифі-96% жеңілдік
00
05
00
ҚМЖ
Ашық сабақ
Тәрбие сағаты
Презентация
БЖБ, ТЖБ тесттер
Көрнекіліктер
Балабақшаға арнарлған құжаттар
Мақала, Эссе
Дидактикалық ойындар
және тағы басқа 400 000 материал
Барлық 400 000 материалдарды шексіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
1 990 ₸ 49 000₸
1 айға қосылу
Материалға шағымдану
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жариялаған:
Серікбаева Жансая Бауыржанқызы
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды
сөйлеуді дамыту 5+ МАД сыныбы
Материал туралы қысқаша түсінік
Түсініктеме
«Сөйлеуді дамыту» оқу-әдістемелік кешені төмендегі нормативтік құжаттарға сәйкес
дайындалды:
1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
(Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 ж. 5 мамырдағы №
182 бұйрығымен бекітілген).
2. 1 жастан бастап 1-сыныпқа қабылданғанға дейін балаларды оқыту қазақ тілінде
жүргізілетін Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары (Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 ж. 12 мамырдағы № 195
бұйрығымен бекітілген);
3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
Материалдың қысқаша нұсқасы
Тұрсынбаева Г.Ж., Үкібас Қ.І.
СӨЙЛЕУДІ ДАМЫТУ
Әдістемелік нұсқау
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
үлгілік оқу бағдарламасы бойынша мектепалды даярлық тобы
(сыныбы) (5 жастан бастап) педагогтеріне арналған
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
министрлігі ұсынған
Алматыкітап баспасы
2018
1
Тұрсынбаева Г. Ж.
Сөйлеуді дамыту. Әдістемелік нұсқау. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік
оқу
бағдарламасы
бойынша
мектепалды
даярлық
тобы
(сыныбы) (5 жастан бастап) педагогтеріне арналған /Г. Ж. Тұрсынбаева,
Қ.І. Үкібас –
Алматы: «Алматыкітап баспасы», 2018. – 85 бет.
2
Түсініктеме
«Сөйлеуді дамыту» оқу-әдістемелік кешені төмендегі нормативтік құжаттарға сәйкес
дайындалды:
1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
(Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 ж. 5 мамырдағы №
182 бұйрығымен бекітілген).
2. 1 жастан бастап 1-сыныпқа қабылданғанға дейін балаларды оқыту қазақ тілінде
жүргізілетін Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары (Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 ж. 12 мамырдағы № 195
бұйрығымен бекітілген);
3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 ж. 24 қыркүйектегі № 412
бұйрығымен бекітілген).
Жаңартылған бағдарлама мектепке дейінгі білім берудің контекстегі 5 білімдік саласына
жаңа мазмұн ұсынып отыр.
Оқу-әдістемелік кешеннің құрамына:
а) жұмыс дәптер;
ә) әдістемелік нұсқау кіреді.
Аталған әдістемелік нұсқауда оқу қызметінің тақырыптық жоспары 36 тақырыптан
тұрады.
Сөйлеуді дамыту бойынша ұйымдастырылған оқу-қызметінің мақсаты: мектепке
дейінгі ересек жастағы балалардың жас ерекшелігіне байланысты ана тілінің ережелері
мен базалық нормаларын игеруі, оларды нақты жағдайларда қолдана білу іскерлігін
қалыптастыру, негізгі коммуникативті қабілеттерді меңгерту.
1. Артикуляциялық аппараттарын дамыту және сөздер мен барлық дыбыстарды дұрыс
айтуға даярлау.
Міндеттері:
2. Білімдерін тереңдету, қоршаған орта туралы түсініктердің негізінде балалардың
сөздік қорларын байыту.
3. Баланың тілін байыту барысында тілдің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеу.
4. Сөздің грамматикалық формасын қалыптастыру.
5. Баланың байланыстырып сөйлеу және әңгімелеу, диалог арқылы тілдесу дағдыларын
жетілдіру.
Сөйлеуді
дамыту бойынша ұйымдастырылған оқу қызметіне қойылатын
талаптар:
– Қоршаған ортада көргендерін өздігінен әңгімелеп, өмірмен байланыстыру;
– Оқылған әңгіме, ертегі, тақпақтарды түсінігі бойынша өз сөзімен және әдеби тілде
айта білу;
– Белсенді сөздік қорына енген сөздерді қажетіне қарай күнделікті іс-әрекет барысында
пайдалана білу;
– Жаңадан меңгерген сөздерді белсенді сөздік қорына енгізу;
– Мазмұнды суреттер бойынша өз шығармашылығымен әңгіме құрастыра білу;
– Заттарды аттарына, қасиеттеріне, белгісіне қарап ажырату;
– Монологті және диалогті сөйлеудің екі түрін пайдаланып,
оқылған шығарманы баяндау;
– Жалпы және жеке ұғым туралы түсініктерін жетілдіру;
– Оқыған шығарма, ертегі, көрген мультфильмдегі басты кейіпкерлерді ажыратып, олар
туралы өзіндік қорытынды жасау;
3
Сөйлеуді дамыту дәптеріндегі тақырыптық жүйемен берілген тапсырмаларды орындай
білу;
– Сөйлеуді дамыту барысында мимика, ыммен сөйлесу, ымдап сөйлегенді түсіну;
– Дыбыс аппараты мен артикуляцияны дамыту жаттығуларын орындау;
– Аноним, синоним сөздерді бір-бірінен ажыратып, қажетіне қарай күнделікті тұрмыста
пайдалану;
– Ұлттық салт-дәстүр, өнер, қамзол, тақия, текемет, сырмақ т.б. байланысты сөздерді
(атауларды) меңгерту;
– Тілдегі дыбыстарды анық, таза, дұрыс айтып, бір-бірінен ажырата білу;
– Дауысты, дауыссыз дыбыстардың ерекшелігін біліп, дыбыстарды (қатаң, ұяң, үнді)
бір-бірінен ажырата білу;
–
Сөйлеуді дамытуға арналған дидактикалық ойындарды мақсатына, шартына
байланысты орындай білу.
Шығармашылық сөйлеу әрекеті:
– Шағын тақырыптарды жатқа айтуға үйрету;
– Балаларға түсінікті қуыршақ театрының «жүргізу техникасын» қолданып,
театрландырылған іс-әрекеттерге, ойындарға – драматизациялауға, қуыршақ қойылымына
қатысуға ниеттендіру;
– Ойын, өлең және сөз ұйқасын табуға белсенді қатысуға ынтасын арттыру;
– Кіші көркем әдеби әңгімелерді мазмұндау;
– Сюжеттік сурет бойынша әңгіме құрастыру;
– Өздеріне таныс әдеби шығармалар мен ертегі үзінділерін сахналауға қатыса білуі
тиіс;
– Сауат ашуға үйретуде мектепке дейінгі ересек жастағы балалар сөйлеу тілінің
сөйлемдерден, сөйлем сөздерден, сөздер дыбыстардан құралатынын үйрету;
– Дыбыс. Сөздің дыбыстық талдауы;
– «Дауысты дыбыстар», «дауыссыз дыбыстар», «қатаң», «ұяң»,
«үнді» деген ұғымдармен таныстыру;
– Тіл дыбыстары және оларды бейнелеу жолдарын үйрету;
– Сөздерді буындарға бөле білуге үйрету;
– Буынды сызба нұсқа арқылы көрсете білу;
– Сөз. Сөйлем. Сөйлемнің аяқталған ойды білдіретінін түсіндіру;
– Сөйлем сызбасын құрастыру;
– Дыбыстарды және екпінді білдіру;
– Қолды дамыту, жазу құралын дұрыс ұстауға үйрету;
– Қарапайым графикалық біліктерді қалыптастыру («қысқа және ұзын таяқшалар»,
«толқындар» т.б.).
4
Сөйлеуді дамыту ұйымдастырылған оқу қызметінің
перспективалық жоспары
№
ҰОҚ тақырыбы
1
Балабақшадағы алғашқы күн.
2
Менің досым
3
Менің сүйікті
ойыншығым
4
Күз бояуы
5
Менің атам
ҰОҚ мақсаты мен міндеттері
Мақсаты: «Б» – «П» дыбыстарының
ұқсастығын түсіндіру;
Міндеттері: 1. Балаларды әңгімені
жалғастырып айтуға үйрету.
2. Мазмұнды жалғастырту арқылы ойқиялдарын дамыту.
3. Баланы ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Мақсаты : Жалпылама сөздерді
дидактикалық ойын барысында түсіндіріп,
үйрету.
Міндеттері: 1. Суретке қарап әңгіме құрауды
үйрету, баланың, сөздік қорын байыту.
2. Бала бойындағы досына деген сенімділігін
дамыту.
3. Достыққа деген адалдыққа, сенімділікке
тәрбиелеу.
Мақсаты: «Д» – «Т» дыбыстарын дұрыс
айтуды үйрету;
Міндеттері: 1. Ойыншықтардың суретіне
қарап, әңгіме құрай білуге үйрету.
2. Сұрақтарға толық жауап беруге
дағдыландыру арқылы ауызекі сөйлеулерін
дамыту.
3. Ойыншықтарды бөлісіп, ұжыммен ойнауға
тәрбиелеу.
Мақсаты: Жіктеуді үйрету
Міндеттері: 1. Балалардың күз белгілері
жайлы білімдерін кеңейту, күз мезгілінің
ерекшеліктері жайлы әңгімелесу.
2. Өлең тыңдау арқылы, әңгіме құрап айту
арқылы баланың сөйлеу тілін дамыту.
3. Күздің жомарт, мырза екенін айтып,
мейірбандыққа тәрбиелеу.
Мақсаты: Суретке қарап әңгіме құрауды,
буынға бөлуді дамыту.
Міндеттері:
1. Отбасы туралы білімдерін кеңейту.
2. Сұрақтарға жауап бергізу арқылы ойлау
5
Сағат
саны
1
1
1
1
1
6
Қорыққанға
қос көрінеді (ертегі)
7
Отбасының күзгі еңбегі
8
Күзгі
жапырақтар
9
Шаштараз
10
Ең тәтті дүние
11
Әжесін қайсысы
жақсы көреді? (Әңгіме)
қабілеттерін дамыту.
3. Үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу.
Мақсаты: «Г» – «К» дыбыстарымен
таныстыру.
Міндеттері: 1. Ертегіні соңына дейін
тыңдауға үйрету.
2. Балалардың сөйлеу шеберлігін, сөздік
қорларын дамыту.
3. Баланы өжеттілікке, батырлыққа тәрбиелеу.
Мақсаты: Тақырып бойынша ауызекі сөйлеу
тілдерін дамыту.
Міндеттері: 1. Отбасының күзгі бақшадағы
еңбектері жайлы әңгімелесу.
2. Отбасының еңбегі туралы шығармашылық
әңгіме құрауға үйрету.
3. Балалардың сөйлеу және ойлау қабілетін
дамыту; балаларды еңбек етуге тәрбиелеу.
Мақсаты: Дауысты дыбыстардың
дыбысталуындағы ерекшеліктерді түсіндіру.
Міндеттері: 1. Балалардың сөйлеу
мәдениетін жетілдіру.
2. Қ. Шаңғытбаевтың «Күзгі жапырақтар»
өлеңінің мазмұнын түсіндіру арқылы күз
мезгілін сипаттап айтуға үйрету. Сұрақтарға
жауап бергізу арқылы балалардың сөздік
қорларын дамыту.
3. Балаларды еңбексүйгіштікке, еңбек етуге
тәрбиелеу.
Мақсаты: Түбірлес сөздердің мағынасын
түсіндіру.
Міндеттері: 1. Өлеңді жаттату;
1. Балалардың ойлау қабілетін дамыту.
2. Балаларды тазалыққа, ұқыптылыққа
тәрбиелеу.
Мақсаты: Дауыссыз дыбыстар. Қатаң, ұяң,
үнді дауыссыз дыбыстарды жалпылама
түсіндіру.
Міндеттері: 1. Әңгіме мазмұнын толық айту
арқылы сөздік қорларын дамыту.
1. Дауыссыз дыбыстарды ажырата білу
дағдыларын дамыту.
2. Хайуанаттарды жақсы көруге
тәрбиелеу.
Мақсаты: Дауысты, дауыссыз дыбыстарды
ойын барысында бекіту.
Міндеттері: 1. Балаларды әңгімені толық
6
1
1
1
1
1
1
12
Қысқа дайындық (ертегі)
13
Алғашқы қар
14
Менің Отаным
15
Қыс
16
Ажарлы қыс
тыңдап, мазмұнын айтуға үйрету. 2. Мақалмәтел, жаңылтпаш жаттату арқылы сөздік
қорларын дамыту.
3. Отбасындағы үлкен кісілерді құрметтеп,
сыйлауға тәрбиелеу.
Мақсаты: Дыбыстарды дұрыс айтып, қандай
дыбыс екенін анықтай білу қабілеттерін
дамыту.
Міндеттері: 1. Әңгіме мазмұнын өз сөзімен
жеткізе білуге, сюжеттік суреттер бойынша
әңгіме құрауға үйрету.
2. Дыбыстарды түріне қарай ажырата алу
дағдыларын дамыту.
3. Еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Мақсаты: Дауыссыз дыбыстардың
дыбысталу ерекшеліктерін түсіндіру.
Міндеттері: 1. Дауыссыз дыбыс түрлерін
ажырата білуге баулу.
2. Балалардың ойлау қабілетін және тілін
дамыту.
3. Туған табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу.
Мақсаты: Сөйлем түрлерін ажырата білуге
үйрету.
дауыс ырғағына қарай оларды ажырата білу
іскерлігін дамыту;
Міндеттері: 1. Тақырыпқа байланысты
әңгіме құрай білуге үйрету.
2.Дауыс ырғағына қарай сөйлемдерді
ажырата білу іскерлігін дамыту.
3.Туған өлке, Отанды сүюге баулу.
Мақсаты: «М» – «Н» дыбыстарын
салыстыру;
Міндеттері: 1. Кейбір дауыссыз
дыбыстардың айтылуындағы ұқсастықтар
мен айырмашылықтарды ажырата білуге
баулу.
2. Мазмұны бойынша әңгімелесуге үйрету;
балалардың өз сөзімен суреттеп, сөйлей білу
қабілеттерін дамыту.
3. Еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Мақсаты: «Сөз», «Сөйлем» деген не екенін
түсіндіру.
Міндеттері: 1. «Ажарлы қыс» үлгі суреті
бойынша әңгіме құрауға үйрету.
2. Әртүрлі ойын арқылы, балалардың
қимыл-қозғалысын дамыту.
7
1
1
1
1
1
17
Біз де ойнаймыз
18
«Ақсақ құлан» аңызы
19
Су торғайы
20
Қыс қызықтары
21
Қаңтар
22
Кеме (өлең)
3. Балаларды бірігіп ойнауға, ұйымшылдыққа
тәрбиелеу.
Мақсаты: Дидактикалық ойындар арқылы
дыбыс туралы алған білімдерін бекіту.
Міндеттері: 1. Әңгімемен таныстырып,
мазмұнын айтуға үйрету.
2. Ой-өрісін кеңейту, есте сақтау қабілетін
дамыту.
3. Туған жердің табиғатына қамқор бола
білуге тәрбиелеу.
Мақсаты: «Л» – «Р» дыбыстарын үйрету;
Міндеттері: 1. «Ақсақ құлан» аңызын
мазмұны бойынша әңгімелету.
2.
Балалардың тілдік қорларын байыту,
аңшылық туралы ұғымдарын кеңейту.
3.
Хайуанаттарға
қастық
жасамауға
тәрбиелеу.
Мақсаты: «Ж» – «Ш» дыбыстарын
таныстыру.
Міндеттері: 1. Әңгімені оқып, сұраққа жауап
беруге үйрету.
2. Құрастыру қабілеттерін,
шығармашылығын, дыбыстарды дұрыс айта
білуін дамыту.
3. Құстарға қамқорлық жасау мен қорғауға
тәрбиелеу.
Мақсаты: Дыбыстық талдау жасауды
үйрету.
Міндеттері: 1. Қыс белгілері жайлы
әңгімелесу.
2. Балалардың қыс мезгілі жайлы білімдерін
дамыту.
3. Табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.
Мақсаты: Дауыссыз дыбыстарды анықтауды
ойын барысында үйрету.
Міндеттері: 1. Қыс мезгілінің ерекшеліктерін
түсіндіру.
2. Балаларға өлең жаттатқызу, мақал-мәтел,
жаңылтпашты қайталату, сөздік қорларын
дамыту.
3. Табиғатты сүюге баулу.
Мақсаты: Көліктер, олардың түрлері туралы
түсінік беру.
Міндеттері: 1. Өлең арқылы көлік түрлерінің
маңызын түсіндіру.
2. Есте сақтау, танымдық қабілеттерін,
8
1
1
1
1
1
1
23
Кім ақылды? (әңгіме)
24
Мамандықтың бәрі жақсы
25
Менің аннам
26
«Күшік пен мысық»
Ертегісі
27
Наурыз –
көктем мерекесі
28
«Қасқыр мен түлкі» ертегісі
29
Жайлауда
байқағыштығын дамыту.
3. Еңбекүйгіштікке тәрбиелеу.
Мақсаты: Сөздерде неше дауысты дыбыс
болса, сонша буын болатынын түсіндіру.
Міндеттері: 1. Сөздерді буынға бөлуді
үйрету.
2.Сөздерді дұрыс, анық айтқызу арқылы
сөйлеу тілдерін дамыту.
3.Балаларды әдептілікке, кішіпейілділікке
тәрбиелеу.
Мақсаты: Мамандықтармен таныстыру.
Міндеттері: 1. Мамандықтар жайлы әңгіме
жүргізу арқылы сөздік қорларын толықтыру.
2.Ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
3. Мамандық иелерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Мақсаты: Тақырыпқа байланысты әңгіме
құрауды үйрету.
Міндеттері: 1. Ана туралы өз ойларын
айтқызу.
2. Ойлау қабілеті мен тілдерін дамыту.
3. Ананы сыйлап, аялай білуге тәрбиелеу.
Мақсаты: Сөздерді буынға бөлуге үйрету,
дауыс ырғағын, дауыс көркемділігін дамыту.
Міндеттері: 1. Көркем шығармаларды
сахналауға үйрету.
2. Балаларды ертегіні рөлдерге бөліп
сахналату арқылы әртістік қабілеттерін
дамыту.
3. Үй жануарларына қамқор болуға
тәрбиелеу.
Мақсаты: Грамматикалық тұлғада жүйелі
сөйлеуге дағдыландыру.
Міндеттері: 1. Наурыз мерекесі туралы
түсінік беру.
2. Балалардың ойлау қабілетін дамыту.
3. Салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.
Мақсаты: «З» – «С» дыбыстарын дұрыс
айтқызуға қалыптастыру.
Міндеттері: 1. Ертегіні мазмұны бойынша
әңгімелету.
2. Бала бойындағы шешендік қасиетті, сөздік
қорларын дамыту.
3. Балаларды ұқыптылыққа, батылдылыққа
тәрбиелеу.
Мақсаты: «Ж» – «Ш» дыбыстарының
9
1
1
1
1
1
1
1
30
Мен ғарышкер боламын
31
Өрмекші, құмырсқа
және қарлығаш
32
Маңдай тер
33
Күн, Ай және Қораз
34
«Түлкі мен Қоян» ертегісі
35
Жаздың кезі көңілді
ұқсастығын үйрету.
Міндеттері: 1. Балаларға жайлау өлеңінің
мазмұнын түсіндіру.
2. Балалардың сөздік қорын дамыту.
3. Балаларды үй жануарларына қамқор
болуға тәрбиелеу.
Мақсаты: «Қ» – «Ғ» дыбыстарын
таныстыру.
Міндеттері: 1. Дыбыстарды дұрыс
дыбыстауға үйрету.
2. Ғарышкер мамандығы туралы түсінік беру,
тілдерін дамыту.
3. Еңбекқорлыққа, білімпаз болуға тәрбиелеу.
Мақсаты: Сөзді буынға бөлуді дамыту.
Міндеттері: 1. «Өрмекші, құмырсқа және
қарлығаш» әңгімесін мазмұны бойынша
әңгімелеп айтуды үйрету.
2. Әңгімені тыңдата отырып, бала қиялын
дамыту.
3. Балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Мақсаты: Сөйлем түрлері бойынша
білімдерін дамыту.
Міндеттері: 1. Сөйлем түрлері бойынша
алған білімдерін пысықтау.
2. Әңгімеге тақырып қоя білуге үйрету. 3.
Үлкендерді сыйлауға, еңбексүйгіштікке
тәрбиелеу.
Мақсаты: Дыбыс туралы алған білімдері
пысықтау.
Міндеттері: 1. Ертегі мазмұнын түсінікті
түрде мазмұндай білуге жаттықтыру.
2. Сөздердің дыбыстардан жасалатынын
естеріне түсіру.
3. Достықты бағалай білуге тәрбиелеу.
Мақсаты: Дыбыстық талдау жасауға үйрету.
Міндеттері: 1. Ертегі мазмұнын түсінікті
түрде мазмұндай білуге жаттықтыру.
2. Баланың сөйлеу және тыңдай білу, сұраққа
жауап беру қабілеттерін дамыту.
3. Балаларды батырлыққа, өжеттілікке
тәрбиелеу.
Мақсаты: Баланың тілдік бейімділігін
дамыту.
Міндеттері: 1. «Жаздың кезі көңілді»
тақырыбына шығармашылық әңгіме
құрастырту.
10
1
1
1
1
1
1
36
Асфальттағы суреттер
2. Сұрақтарға жауап беру арқылы сөздік
қорларын толықтыру.
3. Табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Мақсаты: «Н», «Ң» дыбыстары жөнінде
дұрыс ұғым алуға үйрету.
Міндеттері: 1. Өлең мазмұнымен
таныстырып, өлең шумақтарын жаттату.
2. Балалардың сөйлеу тілдерін дамыту.
3. Табиғатты, жабайы аңдарды қорғауға
тәрбиелеу.
1
Ұйымдастырылған оқу қызметінің үлгі жоспарлары
№1
Білім беру саласы:Қатынас.
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Балабақшадағы алғашқы күн.
Мақсаты: «Б» – «П» дыбыстарының ұқсастығын түсіндіру;
Міндеттері: 1. Балаларды әңгімені жалғастырып айтуға үйрету.
2. Мазмұнды жалғастырту арқылы ой-қиялдарын дамыту.
3. Баланы ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: жаңа дыбыстарға сөз ойлап, сөйлем құрайды, суреттегі жетіспейтін жерлерді
толықтырады;
Түсінеді: "б" " п" дыбыстарының ұқсастығын;
Қолданады: әңгіме мазмұнын түсініп, жалғастырып айтады.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Көркем сурет, жұмыс дәптері.
Сөздік жұмыс: әп-сәтте.
Билингвалды компонент: әже – бабушка, қыз – девочка.
ҰОҚ барысы::
1. Ұйымдастыру кезеңі
Педагог тақтаға көркем сурет іліп, балалардан кімнің суретін көріп отырғандарын
сұрайды.
«Бала» сөзі «Б» дыбысынан басталып тұр. Кәне, бәріміз бірге «Б» деп айтайық.
– Енді «П» дыбысын айтайық. "П" дыбысы парта сөзінде бірінші болып тұр. Екі дыбыс
бір-біріне өте ұқсас дыбыстар. «Б» мен «П» дыбыстарының дұрыс артикуляциясы
мынандай: «Б» – «П» дыбыстары кішкене тіл ашық тұрып, дем ауыз арқылы қатты
жұмылған еріндердің кілт ашылуынан сыртқа шығу нәтижесінде жасалады.
2. Негізгі кезен. Педагог балаларға "б","п" дыбысынан басталатын сөздер ойлап
айтқызады.
Педагог «Б» дыбысының буын ішінде келетін сөздерге мысал келтіреді:
11
Ба-ба-ба – бала.
Бо-бо-бо – бота
Бө-бө-бө – бөрік.
Табыл – дабыл.
Бақа – бақбақ.
Педагог «П» дыбысының буын ішінде кездесетін сөздерге мысал келтіреді:
Па-па-па – парта.
Жа-па-лақ – жал-пақ.
Па-рақ – жа-пы-рақ.
Педагог балаларға «бала», «парта», «бақа», «бақбақ» сөздеріне сөйлем құратады.
Сөздерді дыбысталуы бойынша салыстыру
Клуб, штаб, араб, куб;
Мектеп, кәсіп, ғажайып, доп, нәсіп.
«Б» ұяң – дауыссыз, ал «п» дыбысы – қатаң дауыссыз.
Сергіту сәті
(Сергіту жаттығуларын А.С.Пушкиннің «Жел» өлеңімен жасатуға болады.)
Жел
Жел, жел, қалай сермейсің?
Бұлтты үйіріп қуасың.
Көк теңіздей тербейсің,
Дәйім соғып тұрасың.
Жел теңіздей шарлайды,
Кемеге тыным бермейді.
Толқынмен бірге аунайды,
Желкендерді кернейді.
– Балалар, мен қазір сендерге Балжан атты қыз туралы әңгіме айтып
беремін, әңгіменің соңын сендер өз ойларыңмен жалғастыруларың керек.
Балабақшадағы алғашқы күн
Кішкентай Балжанды таңертең әжесі ұйқысынан оятты.
– Сен бүгін балабақшаға барасың, онда сені жаңа достарың және апайың күтіп отыр,
– деді әжесі.
Қуанып кеткен Балжан әп-сәтте дайын бола қалды.Өйткені оның үйде іші пысатын ,
әжесінің мазасын алатын. Балабақшаға баруды асыға күтіп жүрген еді. Әжесі қолынан
жетектеп балабақшаға алып келді,тобына ертіп кірді.
– Ал, балалар, әңгімені әрі қарай өз ойларыңмен жалғастырыңдар, Балжан
балабақшада кімдермен танысты, нелерді көрді, балабақша Балжанға ұнады ма?
Дәптермен жұмыс.
Бірнеше дәптердегі суреттердің жетіспейтін жерлерін толықтыру.
Дәптердегі тапсырма орындалады.
Педагог балалардың тілін жаңылтпаш қайталату арқылы жаттықтырады:
1.Тебіншек ат – шегіншек.
2.Шегіншек ат – тебіншек.
3. Қорытынды бөлім. Рефлексия
– Балалар, бүгін қандай дыбыстармен таныстық?
12
– Біз бүгін кім туралы әңгімеледік?
№2
Білім беру саласы:Қатынас
Бөлімі:Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: Менің досым.
Мақсаты : Жалпылама сөздерді дидактикалық ойын барысында түсіндіріп, үйрету.
Міндеттері: 1. Суретке қарап әңгіме құрауды үйрету, баланың, сөздік қорын байыту.
2. Бала бойындағы досына деген сенімділігін дамыту.
3. Достыққа деген адалдыққа, сенімділікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды:суретке қарап әңгіме құрайды; көп сөздерді жалпылама сөзбен айтады;
Түсінеді :досына деген адалдықты, сенімділікті;
Қолданады: бір-біріне қол ұшын бере білуді.
Қолданылатын көрнекі құралдар: тақырыптық көркем сурет.
Сөздік жұмыс: сырқат.
Билингвалды компонент: дос – друг, адал – чесный, досы көпті жау алмайды – у кого
много друзей, того враг не берет.
ҰОҚ барысы::
1. Ұйымдастыру кезеңі
Үнтаспадан Б.Самединеваның орындауында «Достар, достар» әні тыңдатылады.
– Балалар, әнде кімдер жайлы айтылған?
–Балалар, сендер достар жайлы ән тыңдадыңдар. «Дос» деген сөздің мағынасын қалай
түсінесіңдер?
– Сендердің достарың бар ма? Педагог көркем суретке балалардың назарын аударып,
әңгіме құрауларын сұрайды.
2. Негізгі кезен
Педагог балаларға «Адал дос» деген әңгіме оқып береді.
Адал дос
Екі дос көше бойымен жайбарақат әңгімелесіп келе жатты. Оның біреуінің аты –
Аблан да, екіншісі – Абыз. Абыздың денсаулығы нашар, көп жүгіре алмайтын, демікпе
сырқаты болатын.
Бір үйдің жанынан өте бергендерінде дәу қара төбет арсылдап, тура алдарынан шыға
келді. Абыз қатты қорқып:
– Аблан, қаш, әне, ит келіп қалды, – деп айғайлап жіберді.
Аблан жерден бір шыбық алып, итке қарсы ұмтылды. Ашулы ит Абланның шалбарыннан
бірнеше рет жұлқылап та үлгерді. Үлкендер келіп, Абыланды құтқарып алды.
Абыз Абланның жанына келіп:
– Мен қаш дегенде неге қашпадың? Қашып кеткенімізде шалбарыңды бүйтіп жыртып
тастамас еді, – деді.
– Мен қашатын болсам, сен тұтылатын едің. Өйткені, сен қатты жүгіре алмайсың ғой.
Сені иттен қорғайын деп әдейі қалып қойдым, – деді Аблан.
13
– Достар деген осындай болар, – деді олардың сөзін естіген үлкендер сүйсініп.
– Балалар, достар жайлы әңгіме сендерге ұнады ма?
– Әңгімеде достар қандай екен?
Педагог қазақша-орысша аудармаларды айтып түсіндіреді.
«Сырқат сөзі – ауру, науқас» деген мағына екенін айтып түсіндіреді.
Сергіту сәті:
Ал, балалар, тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп.
Бір отырып, бір тұрып,
Бір тынығып алайық.
Педагог балаларға дос туралы мақал-мәтел айтып, мағынасын түсіндіріп , жаттады.
Мақал-мәтелдер
1. Досы көпті, жау алмайды.
Ақылы көпті, дау алмайды.
2. Дос, доссыз өмір бос.
– Міне, балалар, мақал-мәтелдердің өзінде досқа деген сенім жайлы айтылған. Достыққа
адал адам, сертіне де адал болады.
Дидактикалық ойын: «Бір сөзбен ата».
Ойын шарты: педагог қолындағы допты лақтырып көп сөз айтады, допты қағып алған
бала сол сөздердің жалпылама , баламасын айтады. Мысалы: әке, ана , аға,тәте – отбасы.
Кесе, шәйнек, шанышқы, қасық – ...
Қасқыр, түлкі, жолбарыс – ...
Қызыл, сары, жасыл, көк – ...
Дәптермен жұмыс. Дәптердегі тапсырма орындалады.
3. Қорытынды бөлім. Рефлексия
– Балалар, «Дос» деген сөз жай айтыла салмаған сөз екен. Дос болудың да үлкен
жауапкершілігі бар екенін түсінулерің қажет. Досыңа адал болсаң, досың саған да адал
болады.
№3
Білім беру саласы: Қатынас.
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Менің сүйікті ойыншығым.
Мақсаты: «д» – «т» дыбыстарын дұрыс айтуды үйрету;
Міндеттері: 1. Ойыншықтардың суретіне қарап, әңгіме құрай білуге үйрету.
2. Сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру арқылы ауызекі сөйлеулерін дамыту.
3. Ойыншықтарды бөлісіп, ұжыммен ойнауға тәрбиелеу.
14
Күтілетін нәтиже:
Жасайды:ойыншықтарды суреттеп әңгіме құрайды;
Түсінеді:ойыншықтардың неден жасалғандығын, оның қажеттілігін;
Қолданады :дыбыстарды айнаға қарап үш дауыста айтуды.
Қолданылатын көрнекі құрал: Түрлі ойыншықтар суреті, жұмыс дәптері.
Билингвалды компонент: Ойыншық – игрушка, тарақ – расческа, доп– мячь, ұжым –
коллектив.
ҰОҚ барысы::
1. Ұйымдастыру кезеңі
Педагог балаларға ойын бөлмесіне, ойын бұрышына саяхат жасатады.
2. Негізгі кезен
– Балалар, мына көріп тұрғандарың "Шаштараз "бұрышы, мынау ақ халат, жедел жәрдем,
дәрі-дәрмек, ине, барометр,кеуде тыңдағыш тұрған бұрыш қалай аталады? – деп
балалардан сұрайды.
– Ал ыдыстар, жапқыштар тұрған бұрыш қалай аталады?
– Көліктер, жол белгілері, бағдаршам тұрған бұрыш қалай аталады?
– Міне, сендер ойын бұрышындағы түрлі ойыншықтармен таныстыңдар
– Балалар, сендер ойын бөлмесінен қандай ойыншықтарды көрдіңдер?
– Ойыншықтар неден жасалған екен?
– Ойыншықтардың түстері қандай?
– Ойын бұрышында көрген доп "Д" дыбысынан басталады. Ал шаштараз бұрышындағы
тарақтар "Т" дыбысынан басталып тұр.
– «Д» және «Т»дыбыстары – бір-біріне ұқсас дыбыстар.
Педагог осы дыбыстарды айнаға қарап айтқызады. (Үш дауыста айтқызады).
– Екі дыбыс та – дауыссыз дыбыстар.
Дыбыстардың дұрыс айтылу артикуляциясы.
«Д» дыбысын айтқанда тіліміз алдыңғы, астыңғы тістерге қатар тиеді. «Т» дыбысын
айтқанда тіліміз үстінгі тістің түбіне тиеді.
Педагог «Д» және «Т»дыбыстарын буын ішінде айтқызады.
Да – да – дала.
До – до – доп.
Та – та – тарақ.
– Енді ойыншықтар арасынан ұнаған ойыншықтарыңды алып, сол туралы әңгіме құрап,
суреттеп беріңдер.
– Тағы да кім қандай ойыншықты ұнатады.
– Иә, дұрыс, өте жақсы суреттеп әңгіме құрадыңдар.
Педагог 4– 5 балаларға суреттеп әңгіме құратады.
Сергіту сәті:
(Сергіту жаттығуларын А.Меңжанованың «Сылдырмақпен би» өлеңімен жасатуға
болады.)
Сылдырмақпен би
Қолымызда сылдырмақ,
Сылдыр, сылдыр етеді.
Аяғымыз тыпырлап,
Өзі билеп кетеді.
15
Тып, тып, тып, тып.
Тыпылдатып биге шық.
Қолымызда сылдырмақ,
Сыңғырлата қағамыз.
Сол аяқ пен оң аяқ
Басуын тез табамыз.
Тып, тып, тып, тып.
Дидактикалық ойын:
«Жасырынған ойыншықты тап».
Ойын шарты: балалар тығылған ойыншықтарды тауып, неден жасалғанын, қайда
қолданылатынын түсін айтып береді.
Сөздік жұмыс:
Ойыншық – игрушка
Доп – мячь
Жаңылтпаш қайталату.
Топ бала, топ бала,
Ойнап жүр, топтала.
Зымырап допты ала,
Қуады көп бала.
(Е.Өтетілеуұлы)
Дәптермен жұмыс: Дәптердегі ұнатқан ойыншығын қалаған түсімен бояу тапсырмасы
орындалады
3. Қорытынды бөлім. Рефлексия
Педагог балалардан қайда саяхат жасағанын, қандай дыбыстармен танысқандарын
сұрайды.
№4
Білім беру саласы:Қатынас.
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: Күз бояуы (Қ.Баянбаев.)
Мақсаты: Жіктеуді үйрету
Міндеттері: 1. Балалардың күз белгілері жайлы білімдерін кеңейту, күз мезгілінің
ерекшеліктері жайлы әңгімелесу.
2. Өлең тыңдау арқылы, әңгіме құрап айту арқылы баланың сөйлеу тілін дамыту.
3. Күздің жомарт, мырза екенін айтып, мейірбандыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды : өлең жолындағы сөзді педагогпен бірге және өздері жіктейді;
Түсінеді: күзде жемістер мен көгөністер мол болып, дәруменге бай болатынын;
Қолданады: өлеңді мазмұнын түсініп, жаттап алады.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Күз мезгілінің көркем суреті.
Сөздік жұмыс: Самал, жез.
Билингвалды компонент: Жемістер – фрукты, алма – яблоко, дәрумен – витамин.
ҰОҚ барысы::
16
1. Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып, өлең шумағын балалармен бірге айтады.
Қарашы күз келді, күз келді.
Сары алтын жауыпты, іздерді.
Күз біткен керуен түзеді,
Көңілсіз неткен күз еді.
Балалар орындарына отырады.
2. Негізгі кезен
– Балалар, күз мезгілі келді. Дала мүлдем өзгеріп кеткен. Ағаштардан жапырақтар
саудырап жерге түсіп жатыр. Жапырақтар әр түсті қызғылт, сары, қоңыр. Міне сендер,
табиғаттың өзгеруінен күз мезгілінің ерекшелігін байқаған боларсыңдар.
Демонстрациялық материалмен жұмыс.
– Мына суретке назар аударып, әңгіме құраңдаршы.
Міне, күз мезгіліндегі табиғаттың сұлулығы, ерекшелігі.
– Балалар, сендер күз мезгіліндегі тағы да қандай ерекшеліктерді білесіңдер?
– Ал біздің диқан ағаларымыз не істейді.
– Иә, дұрыс айтасыңдар.
– Мол өнім алғандарға сыйлық беріледі.
– Сондықтанда күз мезгілін «жомарт күз », «мырза күз» деп атайды.
– Жалпы күз мезгілін – сары күз, алтын күз, күрең күз деп үшке бөліп айтамыз.
– Күз – барлық өнімдердің пісіп-жетіліп, жеміс-жидектер, көгөністер дүкендерге толатын
мезгіл. Дәруменге бай жемістерді таңдап сатып алып жеп, көңілдің бір марқайатын
мезгілі. Ата-аналарыңмен дүкенге барғанда, сөрелерден барлық жемістер мен көгөністерді
көресіңдер. Осы күз мезгілінің жомарттылығы жайлы барлық ақындарымыз өлең жазған.
Бүгін сендер Қ.Баянбаевтің «Күз бояуы» өлеңімен танысып, жаттап аласыңдар. Өлеңді
педагог бірінші мәнерлеп оқып береді.
Күз бояуы
Самал қозғап қалғанда,
Үзіледі сары алма,
Шолып едім бақшаны,
Қауын біткен сап-сары.
Көрінеді шалғайдан,
Бел-белестер сарғайған.
Сары жапырақ төгілген
Тоғайды да көрдім мен.
Таза жездей жинаған,
Сары бояу айналам.
– Балалар, өлеңде не жайлы айтылған?
– Өлең жолында самал қозғап қалғанда, не үзіледі? – дейді.
– Иә, ақын тоғайды, жапырақтарды сары қылып жинап қойған жезге теңеп айтқан.
Педагог екі тілді аударманы айтады.
Самал екпінсіз жел екенін түсіндіріп өтеді.
Жез сары түсті, алтын сияқты метал екенін түсіндіреді.
– Енді осы өлеңдегі «Тоғайды да көрдім мен» деген жолдағы «көрдім» сөзін жіктейік.
Мен көрдім.
Біз көрдік.
Сен көрдің.
Сендер көрдіңдер.
(Сіз көрдіңіз)
(Сіздер көрдіңіздер)
17
Ол көрді.
Сергіту сәті:
Олар көрді.
Бойды сергек тік ұста,
Емін-еркін тыныста.
Деміңді ішке тез алда,
Оң қолыңды соз алға.
Қол ұшына қара да,
Үшбұрыш сыз ауада.
Сол қол босқа тұрмасын,
Шеңбер жасап тынбасын.
Дидактикалық ойын: «Кімде не бар?»
Ойын шарты: Бір бала қолына жасырған затты сипаттайды. Сипатталған затты қалған
балалар табу керек.
Педагог:
– Балалар, сендер дүкенге барғанда әртүрлі заттарды, жаңа айтқан жемістер мен
көгөністерді көресіңдер. Сол заттарды сатып алуға болады. Ал сатып ала алмайтын заттар
да бар екен. Сендер дәптермен жұмыс жасағанда көресіңдер.
Дәптермен жұмыс: Дәптердегі тапсырма бойынша орындалады.
– Балалар, сендер күз мезгіліндегі ерекшеліктерді жақсы біледі екенсіңдер.
3. Қорытынды бөлім. Рефлексия
– Ал сендер "Сабан той" дегеннің не екенін білесіңдер ма?
– Жиын-терін біткеннен кейінгі диқандардың тойлайтын үлкен мерекесі.
№5
Білім беру саласы: Қатынас.
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: Менің атам.
Мақсаты: Суретке қарап, әңгіме құрауды, буынға бөлуді дамыту.
Міндеттері: 1. Отбасы туралы білімдерін кеңейту.
2. Сұрақтарға жауап бергізу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: саусақты бүгу арқылы, өлең жолдарындағы отбасы мүшелерін санайды,
берілген тақырыпқа әңгіме құрайды;
Түсінеді: сәлем беруді, амандасуды;
Қолданады: отбасы мүшелерін буынға бөледі.
Қолданылатын көрнекі құралдары: Отбасы жайлы суреттер, жұмыс дәптері.
Сөздік жұмыс: әулет.
Билингвалды компонент: Отбасы – семья, ата – дедушка, әже – бабушка.
ҰОҚ барысы::
1. Ұйымдастыру кезеңі
18
Педагог балаларға оқылатын өлең жолдарынан отбасы мүшелерін естеріне сақтап, аты
аталғанда саусақтарын бүгіп, неше отбасы мүшесі аталғанын айту туралы тапсырма
береді.
2. Негізгі кезен
Е.Өтетілеуұлының «Бес саусақ» өлеңін педагог мәнерлеп оқиды.
Басбармағым – атам, үйдің данасы,
Балаң үйрек – әжем, ошақ анасы.
Ортан терек – әкем,отау панасы,
Шылдыр шүмек – шешем, шаңырақ ажары,
Титтей бөбек – мен, бәрінің базары.
– Өлеңнің атадан басталуы бекер емес. Өйткені ата беделі әкеден де жоғары. Өйткені
атаның өмірлік тәжірибесі мол, ол – әулеттің тірегі.
– Кімнің үйінде атасы, әжесі бар?
– Қазақ отбасында ата мен әженің маңызы зор. Әрқашанда отбасындағы шешуші сөз –
атанікі. Үйлеріңде әкелеріңнің өздері аталарыңның айтқанын екі етпей орындайды. Солай
емес пе? Аталарымыз өз отбасы мен әулетінің ғана емес, ағайын-туыстың да мәселелерін
шешіп, ақыл-кеңесін беріп отырады.
Әулет ағайын екенін түсіндіреді.
Педагог тақтаға атаның суретін іліп, әркім өз аталарына ұқсайтын жерлерін айтып немесе
атасының ерекшелігін, ерекше қасиетін айтып әңгіме құрауларын сұрайды.
Сергіту сәті:
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлерден
Ытқып-ытқып жүгірді.
Дидактикалық ойын:
«Отбасы мүшелерін ата»
Ойын шарты: жұмыс дәптеріндегі тапсырма орындалады.
Суреттегі отбасы мүшелерінін атап, шапалақ ұру арқылы буынға бөледі.
Педагог әр буында бір дауысты дыбыс болатынын балалардың естеріне салады.
– «Сәлем – сөздің анасы» демекші М. Жаманбалиновтың «Көрші атам» атты өлең
жолдарын оқып берейін.
Көрші атам
Күнде үйдің қасынан,
Көрші атамды көремін.
Оған сәлем беремін.
Қолымды ол,
Күліп кеп,
Иіліп тұрып алады.
– Міне, нағыз жігіт, – деп,
Сүйсініп бір қалады.
19
– Ал, ер балалар, сендер үлкенмен, аталармен, көкелермен қалай амандасасыңдар?
– Иә, дұрыс айтасыңдар, бұл сөздің мағынасы «Алланың нұры жаусын» дегенді білдіреді.
– «Уағалейкүмассалам» деп жауап қайырса, онда бұл «Өздеріңе де соны тілеймін» дегені
екен.
3. Қорытынды бөлім. Рефлексия
– Аталардың, әкелердің тәрбиесін көрген бала ешқашан амандасуды, қол алуды
ұмытпайды. Бұны сендер де естеріңнен шығармаңдар.
№6
Білім беру саласы:Қатынас.
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: Қорыққанға қос көрінеді (ертегі).
Мақсаты: «Г» – «К» дыбыстарымен таныстыру;
Міндеттері: 1. Ертегіні соңына дейін тыңдауға үйрету.
2. Балалардың сөйлеу шеберлігін, сөздік қорларын дамыту.
3. Баланы өжеттілікке, батырлыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: "г" "к" дыбыстарына сөз ойлап айтады, ертегі мазмұны бойынша сұрақтарға
жауап береді, әр кейіпкерлердің өз шелегін өз орынына қояды;
Түсінеді: ертегі мазмұнын түсінеді;
Қолданады: өз ойларыннан ертегіге тақырып қояды.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қолайна, демонстрациялық құрал, жұмыс дәптері.
Сөздік жұмыс: Оймақтай.
Билингвалды компонент: немере – внук, әже – бабушка, тауық – петух – шелек –
ведро.
ҰОҚ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
– Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Жұмбақ шешу.
1.Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды. (Күн)
– Иә, дұрыс айтасыңдар, енді келесі жұмбағымды тыңдаңдар:
2.Алуан түсті, аңқыған исті,
Қырларда олар, жаңбырмен өсті. (Гүл)
– Дұрыс айтасыңдар.
2. Негізгі кезен
– Балалар, сендер айтқан жауаптардың басындағы дыбыстар, бүгінгі жаңадан танысатын
дыбыстарың.
– Балалар, «күн» сөзі қандай дыбыстан басталады?
– Бәріміз бірге «күн» деп айтайықшы.
– «Гүл» сөзі қандай дыбыстан басталады?
20
«Г» мен «К» дыбыстарының дұрыс артикуляциясы мынадай: ерін ашылып тілдің ұшы
астыңғы тістің түбіне тиеді. Тілдің үстіңгі жағы таңдайға тиеді. Дем жоғары көтеріліп, тіл
мен таңдайдың арасынан шыққанда «К» дыбысы жасалады. Дауыс шымылдығының
дірілінен «Г» дыбысы естіледі. Бұл екі дыбыс та – дауыссыз дыбыстар.
– Қолайналарыңды алып, «Г», «К» деп айтып көріңдер.
– Бұл екі дыбыс бір-біріне ұқсас ағайынды дыбыстар.
– «Г», «К» дыбыстарынан басталатын сөздерді айтыңдаршы?
– Иә, сендер осы екі дыбыстан басталатын біраз сөз біледі екенсіңдер.
– Балалар, мына сөздерде "г" "к" дыбыстары қай буында кездесіп тұрғанын айтыңдар:
Гү-лім, кө-гім.
Гү-ріл, жү-гір.
Кө-лік, кө-лең-ке.
Ке-се, кес-те.
Сергіту сәті:
Сергіту жаттығулары үнтаспадан қойылған әуен ырғағымен жасалады.
– Балалар, орыс халқының «Қорыққанға қос көрінеді» ертегісін тыңдаңдар. Ертегіні
оқып, мазмұнын айтып беремін.
Қорыққанға қос көрінеді
Баяғыда қартайған әже, күлегеш немере, қыт-қыттай беретін Тауық және пештің астын
мекендейтін Тышқан болыпты. Олар күнде су тасиды екен. Әжесінің қолында үлкен
шелек, немересінің қ

Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
20 ұстаз жүктеп алған
27 қаңтар
3298
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген