Ашық оқу қызметінің
жоспары
Топтың жас
ерекшелігі:Мектеп жасына дейінгі ересек
жас «Балдырған» тобы
Білім беру
саласы:Қатынас білім беру
саласы.
Ұйымдастырылған оқу
қызметі:Сөйлеуді
дамыту.
Тақырыбы: «Туған
өлкем»
Қолданған
технология:Дамыта оқыту
технологисы.
Көрнекіліктер:Туған өлкеміздің табиғаты
бейнеленген суреттер.
Әдіс-тәсілдері:Сұрақ
-жауап,түсіндіру,көрсету,топпен жұмыс.
Мақсаты:Балаларға туған өлкесі туралы
алғашқы түсінік қалыптастыру Қазақстанның табиғатының сұлулығымен
таныстыру.
Білімділік:Өз туған өлкемізді танып
білуге,жақсы көруге,өз еліне туған өлкеге деген сүйіспеншіліктерін
қалыптастыру.
Дамытушылық:Сөйлеу қабілеттерін
жетілдіру.
Тәрбиелік:Патриоттық сезімге
тәрбиелеу..
Ұйымдастырылған оқу
қызметінің барысы:
1.Мативациялық -қозғаушы
кезеңі.
Қазақстан Республикасының
гимн айтамыз.
Тәрбиеші
балаларды «Шаттық шеңберіне »
шақырады.
1.Ой толғаныс
әдісі.(жұмбақ
жасыру)
Сатайын десем ауыр
кілем
Сатпайын десем тәуір
кілем.(жер)
Көтеріп орман,тоғай,тастың
бәрін
Жапанда шөгім жатыр үлкен
нарым.(тау)
Жылт-жылт
еткен
Жырадан
өткен.(су).
Отқа
жанбас
Суға
батпас.(мұз)
Ақ қойым тұрып
кетті,
Қара қойым жатып қалды.(қар
мен жер)
Қолы жоқ сурет
салады,
Тісі жоқ тістеп
алады.(аяз)
Балалар жұмбақтардың шешуі
неге байланысты деп ойлайсыңдар.?
Тәрбиеші:жарайсыңдар балалар дұрыс
айтасыңдар.
Яғни,бүгінгі оқу қызметімізде
өтетін тақырыбымыз «Туған өлкем».
2.Іздену -ұйымдастырушылық
кезеңі.
Тәрбиешінің
әңгімесі.
-Біздің сүйікті Отанымыз
Қазақстаның кең байтақ екенін айтамыз. «Туған өлкем » сөзін қалай
түсінесіңдер? Туған өлке дегеніміз ,сенің туып өскен жерің,кіндік
қаның тамған жер.Туған өлкені әрбір жан қадірлеуі керек.Біздің
туған өлкеміздің табиғаты тамаша!Айта кетер болсақ,асқар
таулары,өзен көлдері,мөлдіреген сулары ерекше.Әрбір адамзат өзінің
туып өскен жерін мақтан тұтуы қажет.Біздің туып өскен ауылымыз
Бәйдібек би ауылы.Бәйдібек ауылының ауасы таза,табиғаты
тамаша!Бәйдібек би ауылында түрлі ғимараттар бар.Олар:
мектептер,балабақшалар,ауруханалар,мейрамханалар,асханалар тағы
басқа да ғимараттар орналасқан. Сенде осындай табиғаты тамаша
ауылда туып өскеніме қуанамын.Болашақ ұрпақ біздер туған өлкемізді
көркейтуіміз қажет.Әсем де ,әдемі табиғатымызды аялайық балалар
!
Ассоциация
әдісі
Мәдениет үйі
Мектеп

Аурухана
Балабақша
Отан деген
-Атамекен.
Отан деген -туған
жер,
Отан
-ана,Отан-үлкен
Қазақстан-туған
жер.
Билингвальды
компонент:туған жер,родной
край,homeland.
3.Салыстыру
әдісі.
Балалар біз қала мен ауылды
салыстырамыз.
1.Ауыл мен қаланың
айырмашылығы неде балалар?
2.Қай жерде биік ғимараттар
көп.Ауылда ма әлде қаладама?
3.Қызықты,әдемі,көрікті,серуендейтін ойнайтын парктер қай
жерде орналасқан?
Сергіту
сәтті:
Қане қанат
жазайық,
Қарлығашқа
ұқсайық.
Ұшып-ұшып
алайық,
Орнымызға
қонайық,
Білімді де
болайық.
3. Рефлексивті
кезеңі.
Оқу қызметін
қорытындылау
Раунд Робин
әдісі.
«Туған
өлкем»
1.Менің туған өлкем Ақтоғай
ауылы.
2.Туған өлкемнің табиғаты
тамаша!
3.Туған өлкемізді
қорғаймыз.
4.Туған елдей ел болмас,туған
жердей жер болмас (мақал)
Мақтау,мадақтау,смайликтер.