400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сөйлеуді дамыту: «Жеміс пен көкөніс» дидактикалық ойыны

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың түсінігіндегі күз сыйлары туралы, көгөністер мен жемістердің ерекшеліктері мен өсетін жері туралы білімдерін кеңейту; жемістердің баубақшада, көгөністердің бақшада өскенін айтқызып, күз сыйларына қатысты көркемсөзді мәнерлеп оқуды пысықтау. Балалардың жемістер мен көгөністерді ортақ белгілер бойынша бөлу, біріктіру біліктерін жаттықтыру; тақпақ шумақтарын мәнерлеп айтқызып сөйлеу қабілеттерін жетілдіру; ақыл-ой мен еске сақтау қабілетін дамыту. Тақырыпта айтылатын адам еңбегін қадірлеуге үйрету, зеректікке, белсенділікке тәрбиелеу.Балалардың сөздік қорын: жеміс, көгөніс, жүйек, бақша, бау-бақша сияқты сөздер арқылы жетілдіру; сөйлеуде жеміс пен көгөністердің атауларын пысықтау.
Материалдың қысқаша нұсқасы


0

0

Сөйлеуді дамыту: «Жеміс пен көкөніс» дидактикалық ойыны

ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ІС-ӘРЕКЕТТІҢ МАҚСАТЫ

Балалардың түсінігіндегі күз сыйлары туралы, көгөністер мен жемістердің ерекшеліктері мен өсетін жері туралы білімдерін кеңейту; жемістердің баубақшада, көгөністердің бақшада өскенін айтқызып, күз сыйларына қатысты көркемсөзді мәнерлеп оқуды пысықтау. Балалардың жемістер мен көгөністерді ортақ белгілер бойынша бөлу, біріктіру біліктерін жаттықтыру; тақпақ шумақтарын мәнерлеп айтқызып сөйлеу қабілеттерін жетілдіру; ақыл-ой мен еске сақтау қабілетін дамыту. Тақырыпта айтылатын адам еңбегін қадірлеуге үйрету, зеректікке, белсенділікке тәрбиелеу.Балалардың сөздік қорын: жеміс, көгөніс, жүйек, бақша, бау-бақша сияқты сөздер арқылы жетілдіру; сөйлеуде жеміс пен көгөністердің атауларын пысықтау.

ӘДІС-ТӘСІЛДЕР: Ғажайып сәт, дидактикалық ойын, сергіту сәті, мақтау, пысықтау.

  1. Көрнекілік материалдар.

Мәшине ойыншығы, көрсеткіш.

Сюжеттік суреттер сериясы: 1) бақшадағы жүйекте көгөністер өсіп тұр; 2) баубақшадағы ағаштарда жемістер өсіп тұр.

Жеміс пен көгөністердің нақпішіндері немесе суреттері.

Көгөністер: сәбіз, қызанақ, пияз, орамжапырақ, қияр, баялды (баклажан), картоп.

Жемістер: алма, өрік, алмұрт, апельсин, жүзім, банан,лимон

  1. Үлестірмелі материалдар.

Жемістерді білдіретін бетперделер: өрік, алма, алмұрт, апельсин, жүзім

Көгөністер бетперделері: пияз, орамжапырақ, қияр, қызанақ, сәбіз.

Ыдыста таза жуылған, денсаулыққа пайдалы жемістер.

ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ІС-ӘРЕКЕТТІҢ БАРЫСЫ

Жемістер мен көгөністер аралас тиелген жүк (ойыншық) мәшинесі жүріп келеді

Педагог:

  • Балалар, мынау не? Иә. Жүк мәшинесі. Жарайсыңдар!

  • Мәшине қайдан келеді? Мынаның барлығын кім араластырып салған?

Жүк мәшинесі күз сыйларын кілемге төгеді.

  • Таптым! Балалар, Күз Ханшайымы бізге күз сыйын жіберіпті. Бұнда барлығыараласып кетіпті. Жинап көрейік.

  1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

«Жеміс пен көгөніс» дидактикалық ойыны.

Мақсаты.

Жемістер мен көгөністердің атауларын бекіту; жемістер мен көгөністерді екі топтамаға бөліп, бір-бірінен ажырату тәртібін пысықтау.

Шарты.

Балалар бау немесе бақшаның суретіне қарап, жеміс пен көгөністердің әрқайсын танып, атауын атайды (суреті немесе нақ пішіні). Екі топтаманың біріне (жеміске не көгөніске) салады. Екі топтаманың әрқайсы толған кезде «мынау көгөністер», «мынау жемістер» деп жалпылап айтады.

Барысы.

  • Балалар, жүк мәшинесіне тиелген күз сыйларын бөлуді үйрену үшін біз «Жеміспен көгөніс» ойынын ойнаймыз.

  • Біріншіден, мен мына суретті ұсынамын. «Көгөністер».Мынау бақшаның суреті. Жүйектегі топырақта өсетін күз сыйларын тауыпкөрейік.

Педагог балаларға көгөністердің суреттерін жеке қиылған карточка түрінде ұсына алады.

Ерхан, мынау не? Бұнда не өседі? Жарайсың!

  • Мынау не? Дұрыс айтайық. Мынау картоп. Дана, жарайсың! Медина, мынау не?

Жақсы.

  • Картоп қайда өседі? (Картоп бақшада өседі.) Рамазан қайталайды. Тамаша! Сәбіз, орамжапырақ, қызанақ, пияз сияқты көгөністер аталып, олардың қайда өсетіндері айтылып, әрқайсы корапшаға кезекпен салынады.

  • Жарайсыңдар! Балалар, мыналардың барлығы (көрсеткішпен айналдыру) көгөністер. Қайталаймыз, балалар! Тамаша!

-Көгөністер бақшадағы жүйекте өседі. Қайда өседі екен? Көгөністер... (бақшада өседі).

  • Жарайсыңдар, балалар! Еске сақтаңдар!

Сергіту сәті.

«Жеміс пен көгөніс».

Шеңберге тұрып қозғалу. Педагогтің соңынан көркемсөзді қайталау. Кез келген көгөніс аталғанда оның бетпердесін киген бала ортаға шығып, қолдарын беліне қойып, екі өкшесін кезегімен алмастырып билейді. Қалған балалар биді қолдап, шапалақтап тұрады.

Бетперде: картоп, пияз, қызанақ, қияр, орамжапырақ.

Көркемсөз.

Міне, дәмді көгөністер,

Күзге дейін пісіп өскен:

Картоп, пияз, қызанақ, Қияр, орамжапырақ.

-Тамаша! Жарайсыңдар, балалар!

«Жемістер». Балалар, енді жемістерді тауып, бәрін жинап көрейік.

-Мынау бау-бақша. Осы ағаштарда өсетін күз сыйларын тауып көрейік.Педагог балаларға жемістердің суреттерін жеке қиылған карточка түрінде ұсына алады.

Бұл не? Дұрыс, алма (өрік, жүзім, алмұрт, апельсин, лимон). Қайталаймыз.

Фатима, бұл не? Жақсы. Алма бау-бақшада (ағашта) өседі. Қайталаймыз.

банан, өрік, алмұрт, апельсин, жүзім аталады, қорапшаға салынады.

-Жемістер бау-бақшада (ағашта) өседі.

  • Балалар, еске сақтаңдар

ҚОРЫТЫНДЫ

Ұйымдастырылған іс-әрекетті пысықтау, балаларды мақтау.

  • Балалар, сендер бүгін тамаша ойнадыңдар! Қандай ойын болды? Иә. «Жеміспен көгөніс» ойыны. Жарайсыңдар!

  • Көгөністер қайда өседі екен? Жарайсың, Алдияр!

  • Жемістер қайда өседі? Иә. Аяжан, дұрыс айтасың!

  • Балалар, жемістер мен көгөністерді осындай мол жинау үшін көктемде, жазда,күзде көп еңбек ету керек. Көп еңбек ету керек! Қайталайық. Тамаша!

  • Бүгін сендер көп еңбек еттіңдер. Ұқыпты, зерек болдыңдар. Жарайсыңдар!

























Shape2

20


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
29.11.2023
1635
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі