Ұйымдастырылған оқу әрекетінің
технологиялық картасы.
Білім беру
саласы:Қатынас.
Ұйымдастырылған оқу
іс-әрекетінің түрі.
Тіл дамыту.
Тақырыбы:
Менің сүйікті жануарым
Мақсаты:а)Жұмбақты шешу арқылы, балаларды өз
тәжірбиесінен әңгіме құруға, сөйлеу барасында сын есімдер мен
етістіктерді (жануарға сипаттам беру арқылы, қайда өмір сүретіні,
немен қоректенетіні)үйретуді жалғыстуру. Сұрақ-жауап
арқылыжануарлардың түрлерін білуге,төлдеррінің қалай
аталуын,еркелету арқылы қалай айтынын үйрету.
ә)Балалардың айтылған ойды тыңдауға және ұғыну
білігін дамыту.
бЖануарларға қамқор бола білуге тәрбиелеу,
жаншырылық сезімдерін ояту.
Қолданылатын көрнекі
құралдар:
Үй жануарларының ойыншықтары, тіл дамыту дәптері, бірнеше
қалташалар, ішінде үй жануарларының суреттері болу
керек.
Сөздік
жұмыс:үй
жануары.
|
Оқу іс-әрекетінің
кезеңдері
|
Педагогтің
іс-әрекеті
|
Балалардың
іс-әрекеті
|
|
Мотивация
лық- қозғаушылық
|
Жұмбақ
Иір-иір денесі,
Сахараның кемесі.
Ащы шөптер тамағы,
Шөлге шыдап бағады.
-Бұл не?
-Қандай үй жануарларын
білесіңдер?
-Түйе үй жануары ма, әлде дала жануары
ма?
-Түйенің қандай пайдасы
бар?
-Түйе төлін қалай атаймыз?
-Балалар, жануарларды тебуге немесе таяқпен ұруға
болады ма?
|
Жұмбақтың жауабын табады.
Жауабы:түйе
-Жылқы, түйе,ит,мы-
cық, қой, ешкі.т.б.
-Түйе үй жануарына жатады.
-Түйе сүті-шұбат және
еті-тағам.
-Жүнінен көрпе жасайды, киім
тоқиды.
-Төлін бота деп атайды.
-Жоқ, ұруға да, тебуге де
болмайды.
|
|
Ұйымдастырушылық-
ізденістік
|
Тіл ұстарту жаттығу.
Ие-ие –ие
Шөгіп жатыр түйе.
Құлындайды бие,
Табылар саған ие.
«И»дыбысының даусысты дыбыс екендігін
айту.
Сергіту жаттығу.
Мен өркешті түйемін,
Басымды жерге иемін.
Маң-маң басып далада,
Жантақ жеуді сүйемін.
Дәптермен жұмыс: Үй жануарларына жатпайтын
жануарларды анықтап, оларды қорша тапсырмасын
орындау.
Дидактикалық ойын: « Үй
жануарлары»
Ойын мақсаты: үй жануарларының дене мүшелерін
атауға, ажыратуға үйрету.
Шарты: хақалтадан үй жануарлары бейнеленген
суреттерді алып, сол суреттегі жануарды атап, олардың дауысын
келтіріп,
|
Дыбысты анық айтуға тырысады.
Балалар «и» дыбысынан басталатын сөздерді
қайталайды.
Балалар сергіту жаттығуын қайталап, түйенің
түйенің жүрісін салып жүреді.
Балалар суреттің қайсысы екенін белгілеп
қояды.
|
|
|
(мө-мө –мө, мяу-мяу -мяу) оларды адамдар қалай
еркелетіп атайтынын айту. Мысалы: боташым, құлыншағым
т.б.
|
Балалар ойын шартын түсініп, ойынды
ойнайды.
|
|
Рефлексиялық- түзетушілік
|
Балаларды соңынан оқу іс-әрекетке белсенділік
танытқаны үшін мақтап, мадақтау.
|
Балалар қуанышты сезімде
болады.
|
Күтілетін
нәтиже біледі: үй жануарлары қандай
екенін, олардың қандай пайдасы бары жайлы білу;
Игереді: жан-жануарлардың қалай
дыбыстайтынын;
Меңгереді:
үй жануарларының төлдерін
біледі.