Балаларды ізденушілікке ұйымдастыру
| Тазалық туралы сөйлеседі. Балалар, сендер таза жүргенді ұнатасыңдар ғой. Әр уақытта таза, ұқыпты жүретін балалардың достары нелер, білесіңдер ме? Суретке назар аударайық.Ғажайып сәт: Топқа қуыршақ Әйгерім келеді. Тәрбиеші: -Балалар бізге Қуыршақ Әйгерім қонаққа келіпті. Бірақ ол ренжулі сияқты. Қасында өзінің сіңлісі Айсұлу бар екен. Қуыршақ Әйгерім:-Сәлеметсіздер ме, балалар! Балалар, менің сіңлімнің үсті кір болып кетіпті. Маған оны жуындыруға көмектесесіңдер ме?Тәрбиеші: Сен ренжіме қуыршақ Әйгерім. Біздің де балалар серуенге шыкканда үстерін кірлетіп алады. Серуеннен келген кейін беті, қолдарын жуамыз солайма балалар?Қане, балалар, Айсұлуды бірге шомылдырамыз ба? Айсұлудың киімдерін ретімен шешіп алайық. Алдымен бас киімін, сонан соң аяқ киімін, көйлегін шешеміз. Мына қуыршақты шомылдыратын ыдысымызға су құямыз.-Балалар, біз қандай суға жуынамыз? Бір балаға судың жылылығын байқау тапсырылады. Суымыз қандай екен? Балалар, аналарың сендерді үйде қандай сумен шомылдырады?Жуын, жуын, жуынсақ,Қандай жақсы қуыршақ!Әйтпегенде бөпешім,Кірлеп кеткен екенсің.Қазір аппақ боласың,Қуанады анашың!Енді осы суғақуыршағымызды шомылдырайық. Балалар,сендерді аналарың шомылдырғанда бірінші қай жерлеріңнен бастап жуады?Сылдырлайды мөлдір су,Мөлдір суға қолың жу.Жуынсаң сен әрдайым,Аппақ бетің, маңдайың,Тазалықтың досы –Су дегенің осы. (А. Меңжанова)Жылы сумен Айсұлудың денесіндегі сабынның қалдығынжуып жатып:Тазалықтың досы –Су дегенің осы – деп балалармен біргеқайтылады.Балалардың біреуі орамалды алып келеді.Тәрбиеші: Орамал не үшін керек?Балалардың көмегімен қуыршақты сүртеміз.Содан соң қуыршақты киіндірейік. -Балалар қараңдаршы, оның ұйқысы келген сияқты. Ендеше, Айсұлуды төсегіне жатқызып, бесік жырын айтып ұйықтатайық: Әлди,әлди бөпешім Бақыт саған тілегім Ұйықтай ғой енді көкешім Алтын менің бөпешім. Аудио арқылы ән шырқалады.-Балалар Айсұлу қуыршағымыз ұйқысынан оянғанша біз оған әдемі көйлекті безендіріп дайындап қояйық.Алдымыздағы дайын суреттегі көйлекті, саусақ арқылы түрлі – түсті субояқпен безендіреміз.Ол үшін саусақтарыңды сол түске батырып, әртүрлі көлемдегі дөңгелектер салу арқылы безендіреміз.
Көйлекті безендіріп болған соң, балалар көйлектерін қуыршақ Әйгерімге сыйлайды. Қуыршақ Әйгерім риза болады.«Аю» әніМіне, балалар қуыршақ Айсұлуымызда ұйқысынан оянып қалған екен. Қуыршақ Әйгерім:Балалар, сендермен өте қызықты екен, бірақ біздің де үйге қайтатын уақытымыз болып қалды. Сендерге көп рахмет, менің сіңлімді тап – таза етіп, шомылдырып және де көйлегін әдемі етіп безендіп бердіңдер. Бізде сіздерге құр қол келген жокпыз, біздің сіздерге арнап әдемі сыйлық әкелдік,қабыл алыңыздар. Тәрбиеші: Балалар, қуыршақ Әйгерімге не айтамыз?Рахмет саған қуыршақ Әйгерім.Сау болыңдар!
|