«Арман»
шағын орталығы тобындағы
ұйымдастырылған оқу қызметінің
конспектісі
Өткізу
күні:
19.02.19ж.
Тәрбиеші:
Ахметжанова
АМ
Білім
беру саласы:
«Коммуникация»
Пән:
Сөйлеуді дамыту.
Өтпелі
тақырып:
«Мен және қоршаған орта»
Тақырыбы:
«Табиғат
әлемі»
Мақсаттары:
Тәрбиелік:
Табиғатты аялауға сақтауға тәрбиелеу.
Дамытушылық:
Балалардың тілдерін, сөздік қорларын
дамыту.
Оқыту:
Адам
мен табиғаттың байланысы, табиғаттың
адам өміріндегі маңызы туралы білімдерін
терендете түсу.
Табиғатта болатын таңғажайып құбылыстарды
бақылай білуге үйрету.
Педагогикалық
технологиялар:ойын
технологиясы, денсаулық сақтау.
Ресурстармен
қамтамасыз ету: тақырыптық
суреттер.
Билингвалдық
компонент (ортаңғы тобы):
табиғат – природа, қорғау – оберегать.
Ұйымдастырылған
оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық
кезеңі:
Табиғатым
тамаша,
Көз
тоймайды қараса
Табиғатты
аялап,
Жүрейікші
жараса.
-
Балалар бүгінгі біздің ұйымдастырылған
оқу әдістемеміздің тақырыбы «Табиғаттың
таңғажайып әлемі болмақ»
2.
Негізі бөлімі:
-Табиғат
дегеніміз не?
-
Балалар біздер күнде табиғат аясына
яғни далаға серуенге шығамыз. Онда
біздер ауа райын бақылаймыз, ойнаймыз.
Балалар кеше біздер табиғат аясына
серуенге шыққанда не тауып алдық?
«Сиқырлы қорапша» қараңдаршы.
Балалар
қандай әдемі қорапша! Кеше біздер бұл
сиқырлы қорапшаны бүгін ашып қараймыз
деген болатынбыз олай болса кәзір ашып
қараймыз.
Бізге
бұл қорапшаны табиғат патшалығынан
жіберіпті. Ішінде бізге ойын тапсырмалар
бар екен. Осы ойын тапсырманы орындасақ
жақсы сыйлық күтіп тұр екен.
1)
ойын: «Сиқырлы қорапаша түстерін атап
айт, және бұл түстер нені білдіреді?
Нені ажыратады?
(Көк,
жасыл, сары, қызыл)
(Қыс,
Көктем, Күз, Жаз)
2)
ойын: Табиғат құбылыстары туралы
жұмбақтар шеше білеміз бе?
Азиза:
Аузы жоқ үреді,
Аяғы
жоқ желеді. (Жел)
Жүсіп:
Жардай дәулер соғысты,
Жарқ
- жұрқ етіп оқ ұшты (Бұлт найзағай)
Жарасқан:
Жарқ етсе сабау қамшы
Төгіліп
жауар тамшы (Найзағай, жаңбыр)
Айым:
Көк жүзінде көк доға
Жер
жүзінде жоқ доға
Қолмен
ұстауға болмайды,
Көзбен
көріп тоймайды (Кемпірқосақ)
Диляра:
Аспанда алып доп,
Жарқырайды
жарық боп.(Күн)
Санжар:
Көк жастығым сөгілді
Ішінен
мамық төгілді (Қар)
(Суреттерін
көрсетіп жауап береді)
3)
Ойын: «Сергіту» олай болса табиғат
құбылыстарын қимылмен көрсетіп демалып
алайық.
Жел
тұрды гуілдеп,
Ағаш
біткен уілдеп.
Аспанды
бұлт торлады,
Найзағайлар
ойнады.
Жаңбыр
жауды себелеп,
Кемпір
қосақ көрінді.
Жарқыраған
күн шықты.
(Балалар
қимылмен көрсетеді)
4)
ойын: «Ауа райының өзгерістерін
тап»
Шарты:
Әр үйшіктегі белгі бойынша өз үйшігін
табу.
(Балалар
ойынды шарты бойынша ойнайды.)
5)
«Табиғат туралы мақал мәтелдер айту»
«Жер қазына, Су гауһар.
«Табиғатты
аяласаң, табиғатта аянып қалмас!»
«Судың да сұрауы бар!
Қорытынды.
Өте
жақсы балалар! Табиғатты аялауға,
қорғауға көмектесейік. Далаға серуендеп
шыққанда ағаштарды сындырмайық, оларды
күтіп, қорғап жүрейік.