400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сөйлеуді дамыту. Тақ:Мөлдір бұлақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақ: Мөлдір бұлақ


Мектеп/МДҰ:

Күні:

Педагогтің аты-жөні:

Сынып/топ:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар

саны:

ҰОҚ оқытылу

мақсаты

0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау

0.1.2.2 Ауыспалы мағынадағы сөздерді, бейнелі теңеулерді түсіну, оларды

сөйлегенде қолдану

0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып

жеткізу

Күтілетін нәтиже










Тілдік мақсат

Барлық тәрбиеленушілер: Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды

дұрыс дыбыстайды. Тыңдалған мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба,

белгілер қолданып жеткізеді.

Көпшілік тәрбиеленушілер: Көргендері бойынша әңгімелеп бере алады.

Кейбір тәрбиеленушілер: Ауыспалы мағынадағы сөздерді, бейнелі

теңеулерді түсінеді, оларды сөйлегенде қолданады.

Тәрбиеленушілер: Сөздердің мағыналарын түсінеді, сұрақтарға жауап

береді. Диалог құрастырады, сөздік қорын кеңейтеді.

Көптілділік: өзен – река – river

көл – озеро – lake, теңіз – море – sea

Пікір алмасу сұрақтары:

Қалай ойлайсыңдар, су кімге және не үшін керек?

Өзен-көлдердегі судың дәмі қандай болады?

Теңіздің суының дәмі қандай болады?

Теңіз тіршілік иелеріне нелер жатады?

Өткен сабақтардан

алған білім

Қанаттылар жайында білімі бар.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

І. Дұрыс әсерлі көңіл

күй орнату.

0-2 мин

Жоспарланған іс-әрекет

Балалар, қараңдаршы, біздің табиғатымыз қандай

әдемі. Өзімізді әдемі де сұлу табиғатқа теңеп, шаттық

шеңберін жасайық.

- Мен таумын. Бәрінен де биікпін.

- Мен гүлмін. Жұпар иісім бар.

- Мен Күнмін. Жарқырап жылу берем! - деп балалар

шаттық шеңберін жасайды.

Ресурстар

Музыкалық сүйемелдеу.

Мақсатты болжам.

3–5 мин

Балалар, мына әртүрлі ғажайып дыбыстарды

мұқият тыңдаңдаршы. Ненің дыбысын естігендеріңді айтып беріңдерші.

(Аудиотаспадан сылдырлаған бұлақтың, теңіздің

дыбыстары.)

- Дыбыстарды естігенде қайда жүргендей болдыңдар?

- Ненің дыбысын естідіңдер?

- Ал енді мен сендерге «Теңіздегі тіршілік иелері»

атты бейнетаспа көрсетемін, сендер өте мұқият

болыңдар, көріп болғаннан кейін қандай тіршілік

иесін таныдыңдар, маған айтып бересіңдер.

Көптілділік: өзен – река – river

көл – озеро – lake, теңіз – море – sea

«Теңіздегі

тіршілік иелері»

атты бейнетаспа

ҰОҚ-ның ортасы

ІІІ . Тақырып

бойынша жұмыс

6–28 мин

Не көргендеріңмен бөлісіп отырыңдар,

ерекше әсер беріп, есте қалған не болды?

Ал енді біз су туралы не білеміз?

1. Қалай ойлайсыңдар, су кімге және не үшін керек?

2. Теңіз тіршілік иелеріне нелер жатады?

-Сендер 5 топқа бөлініп отырсыңдар.

-Топ бойынша тапсырмалар,жауаптарың бағаланады.

-Мозайка суреттер беріледі ,балалар құрау.

Әліппе-дәптермен жұмыс:

1-тапсырма. Суретші нені ұмытты? Толықтырып салу.

Сергіту жаттығуы: «Видеоролик үш ат»

«Сөзді жалғастыр» ойыны.

Мен қармақпен балық ... .

Теңіз жағасынан шағаланы ... .

Бұлақ сылдырлап ... .

Жылқылар су ... .

Жаңбыр жауып, өзен суы ... .

Аққулар жағаға жақын ... .

Балалар суға ... .

Әліппе-дәптермен жұмыс:

2-тапсырма. Жаңылтпашты жаңылмай айтайық:

Бұл балық,

Ақ балық.

Ақ балық,

Қылтаны көп балық.

Әліппе-дәптермен жұмыс:

3-тапсырма. Суреттегі тізбекті есіңе сақта. Дәптерді жауып, шатастырмай айтып беріңдерші.

Логикалық ойын: «Тура мағынасын айт».

-балаларға ауыспалы мағынадағы сөздер

айтады, балалар тура мағынасын айтуға тырысады.

Мысалы: Жылы сөз - жылы күн;

Алтын бала - алтын сырға;

Қара шаңырақ, қара ниет – қара шалбар;

Ақ жол, ақ ниет - ақ орамал;

Жұмыстың аяғы - жүретін аяқ;

Бұлақтың көзі - адамның көзі;

Суық хабар - суық жел.

Әліппе-дәптермен жұмыс:

4-тапсырма. Суреттен суда мекен ететіндерді атау.

Оларды судың суретімен қосу.

5-тапсырма.

Мақалдың мағынасын түсіну

Судың да сұрауы бар.Бұлаққа бұлақ қосылса, «егізбіз» дейді.Көлге көл қосылса, «теңізбіз» дейді.

Өзен суын жаңбыр тасытады,Адам қадірін еңбек асырады.Су анасы – бұлақ, сөз анасы – құлақ.

-балалармен бірге мақалдың мағынасын

талқылайды.





Топтың ережесін айту.



Не құрағандарын айтады.



Қимыл- қозғалыспен келтіру







ІV. ҰОҚ

қорытындысы.

Рефлексиялық

түзету.

28–30 мин

Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап

қорыту.Балалардан балық суретін түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:

Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен;

Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары

қарындашпен;Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын –жасыл қарындашпен.



Әліппе-дәптер,

түрлі түсті

қарындаштар



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
27 мамыр
2644
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі