жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сөйлеуді дамыту Тақырыбы:Топпен танысу Аппликация Тақырыбы:Машина
Екінші кіші тобы Күншуақ тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Күні:03.09.2019
Тәрбиеші:Молдыбаева А.Б
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі:Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Топпен танысу
Мақсаты:Балаларды балабақша өмірімен,топ бөлмесімен таныстыру,ондағы жиhаз атауларын атауға,олардың қызметін сипаттап беруге үйрету
Сөздік жұмысы:топ,бөлме,кереует,қолжуғыш
Қажетті құрал-жабдықтар:үлестірмелі материалдар жинағы
Балаларды шеңбер бойымен тұрғызып, Е.Өтетілеуұлының өлеңін оқиды.
Білер қазақ баласы, Сәлем - сөздің анасы. Алдымыздан кезіккен Көп танысты көреміз. Бәріне де ізетпен Біздер сәлем береміз. балалар педагогпен бірге сәлемдесіп, жылы тілектерін айтады-
Балалар, сендер бүгін таңертең түрып қайда келдіңдер?
Балалар:балабақшаға
- Сендерге балабақшада үнай ма?
Ұнайды
Педагогті тыңдайды.
.Балабақша өмірімен таныстырады.
Педагог өзін таныстырады.
- Балалар, мынау біздің тобымыздың бөлмесі. Бөлмеміз жарық, әрі кең. Топта сендерге арналган көп ойыншықтар бар.
Балаларға демонстрациялык корнекілііггі көрсете отырып, балабакшамен таныстыру.
- Мынау не? - Шкаф
- Оган не саламыз? т.б. сипаттарын атау, түсін, көлемін айту.
- Киімімізді, баскиімді саламыз, аяқкиімді, пальтоны саламыз.
- Мынау не? - Ойыншык шкафы.
.- Оган не саламыз? - Ойыншықтарды
- Қандай ойыншық көріп түрсыңдар? - Аю, қоян, піл, машинаны көріп тұрмыз.
- Мынау не? (Кереует - жататын төсек).
- Онда не істейміз? (¥йықтаймыз, т.б.)
Билингвальды компонент: топ - группа, бөлме - комната, кереует - кровать. Топ - группа,бөлме - комната, кереует – кровать сөздерін қайталайды.
- Мынау не?
- Қолжуғыш. Онда біз беті-колымызды жуамыз.
Педагог балаларды топ бөлмелерімен, ондағы құрал- жабдықтармен, заттармен таныстырады. Балаларға әр бөлменің өзіндік ерекшеліктері бар екенін, топтағы заттарды үқыптылыкпен үстау керек екенін түсіндіреді..
«Нені кайда қоямыз?» дидактикалық ойыны.
Дәптердегі заттарды атай отырып, оларды кай жерге коятынын айту.
Жеке жұмысты кажет ететін балалардан топ жиһаздарын сүрау, балалардың топтық және жеке әрекеттерін, олардың жауаптарын талдайды.
Сергіту сәті:
Кәне, қанат жазайық,
Қарлығаш боп ұшайық.
¥шып, ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
(Б. Серікбаев).
Бөлмеден бөлмеге жүреді, әр бөлме заттарын атайды,
сұрақтарға жауап береді. Әр бөлменің заттарын қалай қолдану керегін айтады және көрсетеді.
Қимылын келтіріп жаттығуды орындайды.
Қорытынды
Суретті көрсете отырып, сұрақ-жауап арқылы оқу іс-әрекетті қорытындылайды. Балаларды мадақтайды.
Екінші кіші тобы Күншуақ тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Күні:02.09.2019
Тәрбиеші:Молдыбаева А.Б
Білім беру саласы:Шығармашылық
Бөлімі:Аппликация
Тақырыбы: Машина
Мақсаты: Бірнеше пішіндерден мәшиненің бейнесін жапсыруды үйрету,желімдеу тәсілдерін меңгерту, ұқыпты жұмыс істеуге тәрбиелеу,ойлау,қиялдау қабілеттерін дамыту
Алдын-ала жұмыс:көлік түрлері туралы, оның бөліктері туралы әңгімелеу, сурет бойынша көрсету, әңгіме құрастыру.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, үйрету, сұрақ-жауап, дьенеш блоктарын қолдану
Қолданылатын көрнекі құралдар: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш, Айсұлу есімді қуыршақтар.
Сөздік жұмыс: көлік-машина
Билингвальді компонент: көлік-машина
Шаттық шеңбері:
Алақанды ашайық
Күн нұрын салайық
Осы жасқсы лебізді
Бір бірімізге сйлайық
Жаксы
Дайынбыз
Балалар амандасуы
Балалар, біреу есік қағып тұрған сияқты, тыңдаңдаршы.
Балалар тыныштала қалды
Бұл-Айсұлтан атты қуыршағымыз екен ғой.
Оның көңіл-күйі жоқ сияқты, өзінен сұрап көрейік.
Келген қуыршақпен амандасады, қуанады
Қуыршақ:
-Мен күнде әдемі машинамен серуенге шығатын едім, енді ол бұзылып қалды, маған жаңасы керек болып тұр,-дейді.
Балалар Айсұлудың айтқандарын мұқият тыңдайды.
-Көмектесуге дайынбыз.
Тәрбиеші:
-Балалар,Айсұлтан біз көмектессек қалай болады, машина жасап берейік.
- Айсұлтан сен де бізге қосыласың ба?
Айсұлтан куыршак балалардың жанына отырады
-Бүгін біз машина жапсыруды үйренеміз.
Мен сендерге машина туралы әңгімелеп берейін
Балалар тәрбишінің айтқандарын мұқият тыңдайды.
Суретпен жүмыс
Машинаны көлік деп те атаймыз.Көлік түрлері көп,суда ( қайық,кеме,желкенді қайық), ауада ( ұшақ,тік ұшақ, әуе шары) жерде ( мотоцикл,поезд ,автобус т.б )журетін көліктер түрлері бар .Машина жеңіл көлік түріне жатады
Ия
Қандай дыбыс естігендерін қайталап,қандай көлік түрінің дыбысы екендігін табады
Ал балалар ойын ойнағыларың келеме ?
Слайд көрсету ( 2)
Онда « Дауысынан тап »ойынын ойнайық
Үнтаспадан көлік түрлерінің (пойыздың гудогі,мотоциклдің,жүк машинаның )дыбыстары естіледі
-Балалар, машинаның пішіні қандай?
-Ал оның қандай көлік түріне жататынын білесіңдер ме?
Төртбұрыш
Жеңіл көлік
Машина жеңіл көлік түріне жатады. Оның көлемі үлкен болады және пішіні тіктөртбұрыш тәріздес, сонымен қатар терезелері, дөңгелегі және негізгі бөлігі (корпусы) бар.
Балалар
мұқият тыңдап отырады
Қайталайды: көлік-машина,
Көлік -car
Қазір біз машина бөліктерін геометриялық пішіндерден жапсырамыз.
Сөздік жұмыс: Ең алдымен негізі төртбұрыштан ал терезелерін шаршы , дөңгелектерін дөңгелектен жапсырамыз. Сонымен қатар оның шамдары болады.
көлік-машина, Көлік -car
Сергіту сәті:
Бип, бип дейді
Жолдан былай кет дейді
Күшікті басуға ,басуға
Болмайды ,болмайды ,машина
Бип,бип,бип
Балалар
сергіту сәтін тәрбиешімен бірге қайталап
айтады, қимыл-қозғалыстар жасайды.
Балалар
тапсырманы орындайды.
Балалар, Айсұлтанның көңіл күйін тезірек көтеру үшін жұмысты бастайық. Тәрбиеші жапсыру жұмысы кезінде қиналған балалармен жеке жұмыс жүргізеді.
Қорытынды:
Балалардың жапсырған жұмыстарын талдайды, қорытындылайды.
Балалар, Айсұлтанның көңіл күйін тезірек көтеру үшін жұмысты бастайық. Тәрбиеші жапсыру жұмысы кезінде қиналған балалармен жеке жұмыс жүргізеді.
Балалардың жапсырған жұмыстарын талдайды, қорытындылайды.
-Геометриялық пішіндерден машина көлігін жапсырдық. Балалар Айсұлтанмен қоштасады

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген