СӨЖ Тоқыма айқаспа түрлері.Қарапайым майда өрнекті айқаспалар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

СӨЖ Тоқыма айқаспа түрлері.Қарапайым майда өрнекті айқаспалар

Материал туралы қысқаша түсінік
Дизайн мамандығының студенттеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұхтар Әуезов университеті атындағы көлледж



















Сөж



Тақырыбы: Тоқыма айқаспа түрлері.Қарапайым майда өрнекті айқаспалар















Тексерген:Ахметова.А


Орындаған:Абдугафурова.Ю













Шымкент 2020

Жоспар:



1.Маталардың құрылымының негізгі сипаттамасы



2.Қарапайым тігістер



3.Майда өрнекті айқаспалар



4.Ірі өрнекті айқаспалар













































Матаның құрылымы – қалыңдығымен, жіптердің қасиеттерімен, сондай-ақ олардың өзара орналасуы және байланысуымен анықталынады.


Маталардың құрылымының негізгі сипаттамалары: жіптерінің есептелген диаметрі және сызықтық тығыздығы, айқаспа (өрімдер) түрлері, матаның 10 см ұзындығында негіз немесе арқау жіптерінің саны, толтыруы, толтырылуы, кеуектілігі, құрылым фаза- сы, тірек беті.


Тоқыманың айқасу түрлері әртүрлі болуымен бірге олар матаның құрылымы мен қасиетін анықтайды. Матаның оң жағының сипаты мен өрнегі, көлденең немесе ұзыннан жолақтар болуы, жылтыр бетінің негіз бен арқаудың айқасу түріне байланысты. Тоқыманың айқаспа түрлері матаның мықтылығына, созылғыштығына, қалыңдығына, қаттылығына, апшуына, ылғал, жылумен өңдегенде тартылуына, қасиеттеріне әсер етеді.


Күрделілігіне байланысты тоқыманың айқаспалары төрт класқа бөлінеді: қарапайым (тегіс), майда өрнекті, күрделі және ірі өрнекті.


Тоқыма айқаспа түрлері торкөз қағазға салғанда тордың тік қатарын негізнің жібі көлденең арқаудың жібі деп шартты түрде қабылданады. Әр көз екі жіптің (негіз және арқау) қиылысы болады және жапқыш деп аталынады. Егер матаның оң жағына арқау жіп шықса – арқау жапқыш деп аталынады.


Тор көз қағазға салынған тоқыманың айқаспа түрлері мен матаның үлгілерін мұқият қараса барлық бағытта қайталанатын өрнектерді байқауға болады. Қайталанатын өрнектерін раппорт деп атайды. Әрбір тоқыма айқасуында негіз бойынша және арқау бойынша раппорттар болады. Негіз бойынша раппорт – айқаспаның өрнегін түзетін негіз жіптердің саны. Арқау бойынша раппорт – айқаспаның өрнегін түзетін арқау жіптердің саны. Тоқыманың айқасу сұлбасында раппорт әдетте қиылысқанда тік бұрыш немесе квадрат жасайтын сызықтарының төменгі сол жақ бұрышта белгіленеді.


Қарапайым (тегіс) айқаспалар


Қарапайым айқаспалар түрлері: жаймалық, саржалық, атлас- сәтендік. Барлық тегіс айқаспалардың ерекшеліктері мынандай: рап- портта әр негіз жіп арқау жіппен бірақ рет айқасады, негіз бойынша раппортқа тең.


Жаймалық – тоқыма айқаспаларының ішіндегі ең көп тарағаны. Жаймалық айқасуда негіз және арқаудың жіптері біреуден кейін айқасып отырады: матаның бет жағына негіз жіп (н) және арқау (жіптер бойынша жайма) жіп (а) кезекпен шығып отырады. Негіз және арқау жіптер бойынша жаймалық айқасудың раппорты екі жіпке тең.


Жаймалық айқаспа матасы оң және астыңғы жағынан бірдей тегіс, күңгірт болып келеді. Жаймалық айқаспалармен шыт, бөз, миткаль, маркизет, бәтес, майя мақта маталары тоқылады.


Жаймалық айқаспа матаға барынша мықтылық береді және тығыздығы жоғары болса, мата қатты болады.


Саржалық айқаспа маталардың ерекшелігі оның бетіндегі сызықтар диагоналі бойымен орналасады (саржа, кашемир, шотланд- ка). Саржалық матаның бетіндегі сызықтар әдетте төменнен жоғары солдан оңға қарай, кейде оңнан солға қарай кетеді. Саржаны жасандағы өзіне тән белгісі: раппорттағы жіптер саны ең аз – 3; арқау жіпті әр салған сайын тоқыманың өрнегі шекпен өрнектейді: алымына раппорттың әр қатарындағы негіз жапқыш саны н, ал бөлгішіне – арқаулық жапқыш саны а қойылады.иСаржаның негіз бойынша раппорты арқаулық раппортына тең және алым мен бөліміндегі сандардың қосындысына тең. Егер саржаның бет жағында негіз жіптер басым болса саржалық айқаспа негіз деп аталынады (2/1, 3/1, 4/1), ал егер бет жағында арқау жіптер басым болса, сар- жаарқаулық деп аталынады (1/2, 1/3). 3.4. суретте саржалық айқаспа көрсетілген.




Майда өрнекті айқаспалар.

Майда өрнекті айқаспалардың класы екі топқа бөлінеді: қарапайым айқаспаларды өзгерту, күрделендіру арқылы алынатын туынды айқаспалар, қарапайым айқаспаларды алмастыру және құрастыру арқылы алынатын құрама айқаспалар. Қарапайымға қарағанда майда өрнекті айқаспаларда негіз мен арқаудың раппорты әртүрлі болады.


Туынды жаймалық айқаспаға репс және рогожка (мақта мата) жатады.


Күрделі айқаспалар


Күрделі айқаспалар үш немесе одан да көп жіптердің жүйесінен түзіледі. Оған қос бетті, қос қабатты, пике, түкті, ілмекті, қайта өрілетін түрлері жатады.


Қос бетті және қос қабатты айқаспалар мақта маталарын (сәтен, трико, бәйке) шығарғанда пайдаланылады. Түкті айқаспаның маталарының бет жағында тік тұрған түктері болады. Түк жалпы не- месе жалпақтығы әртүрлі суретті жолақ немесе түктен салынған ою- өрнекті болуы мүмкін.


Түкті айқаспа жіптердің үш жүйесінен құралады: бір жүйе түкті, екі жүйе түпкілікті – негіз және арқау. Түпкілікті жүйелерде жаймалық немесе саржалық айқаспалар болады, олардың тығыздығы жоғары болғандықтын түкті жақсы бекітіп, ұстап тұрады. Түкті мақта маталар – жартылай барқыт пен шибарқыт – олардың түгі матаны тоқыма станогынан алғаннан соң қиылады, арқаулық жүйеден тұрады.


Күрделі өрімді айқаспаларға қос бетті, қос қабатты, пике, түкті, ілмекті және ажурлы өрімдер жатады. Мұндай маталар бірнеше (үш және одан да көп) негіз және арқау жіптерінен өндіріледі.


Қос бетті айқаспалар – жіптердің үш жүйесінен құралады, екі негіз бір арқау немесе екі арқау, бір негіз әр түрлі боялған жүйені қолдана отырып, оң және теріс беттерінің түстері әр түрлі матаны алуға болады.


Қос қабатты айқаспа – бір-бірімен тығыз айқасқан жіптің 4-5 жүйесінен тұрады. Қос қабатты айқаспаның оң және теріс беттері бірдей немесе кұрамы әр түрлі жіптерден тұрады. Оң және теріс беттеріне әр түрлі түсті жүйе қолданылады өйткені оң жақ беті тегіс боялған, ал теріс беттері меланжды, ала, шақпақ, «елочка» болады. Қос бетті және қос қабатты айқаспалардан драп, пальтолық маталары, три- ко алынады.


Пике айқаспасы – жіптің үш жүйесінен тұрады: матаның оң жақ бетінде екі жүйе кездемелі айқаспаны, ал үшіншісін тарта отырып шығыңқы өрнек шығарылады. Пике айқаспасына балаларға арналған маталар, көрпелер жатады.


Түкті айқаспалар – жіптің үш жүйесінен құралады: бір жүйесі түкті, оң жақ бетінде кесілген вертикаль түк құралады. Түкті жүйе арқаудан тұрады, сонда түкті арқаулы маталарға мақта маталары, жартылай бар- хат, вельветтер жатады.


Ілмекті айқаспа түкті айқаспаның бір түрі болып есептелінеді. Одан орамалға арналған түкті маталар, халаттар, төсек жаймалар және жиһаз маталары жатады.


Ажурлы айқаспа. Қарапайым ажурлы айқаспаларда екі негіз және бір арқау болады. Ажурлы айқаспалардан блузкалы, іш киімдік, көйлектік ажурлы маталар шығарылады.


Ірі өрнекті айқаспалар.


Ірі өрнекті айқаспа беттік машинасы бар тоқыма станогында тоқылады. Мұнда өрнектің мөлшері мен формасы әртүрлі болуы мүмкін: өсімдік бейнелі және геометриялық оюлар мен композициялар, сюжетті және тақырыптық суреттер. Ірі өрнекті айқаспалармен әртүрлі маталар, сондай-ақ портреттер, суреттер, кілемдер, гобелен- дер, жапқыштар және дастарқандар тоқылады.


Ірі өрнекті айқаспалар қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Ірі өрнекті айқаспалар үлкен рапортты болады және жаккардты станоктарында өндіріледі. Ірі өрнекті айқаспалардың суреттері; өлшемі, фор- масы, колориті бойынша әр түрлі: геометриялық, өсімдік текті өрнек, гүлді өрнекті болады. Ірі өрнекті айқаспалар қарапайым және күрделі болып бөлінеді.


Қарапайым ірі өрнекті айқаспалар жіптің екі жүйесінен тұрады және дастархан, майлық, зығыр және жартылай зағыр орамалдар, сонымен қатар: мақта матасын (дамаст, альпак, дудун, парча), көйлектік (жүн) және кейбір пальтолық маталар жасалынады.


Күрделі ірі өрнекті айқаспалар үш және одан да көп жіптердің жүйесінен тұрады: түкті, ілмекті, рельефті болады. Күрделі ірі өрнекті айқаспадан кілем, гобелен, жиһаз маталарын және киім тігуге арналған маталар тоқылады.


Тоқыма өндірісінің ақаулары


Тоқыма өндірісінің ақауы жіп үзілгенде және станок механизмдері бұзылғанда пайда болады. Мұндай ақаулар матаның және тігін бұйымдарының сортына әсерін тигізеді.


Матаның ақауларына төмендегілер жатады:


- жуықтама – негіздің бір немесе қатарынан екі жібінің жетіспеуі;


- өткінші аралық – арқаудың бір немесе қатарынан екі жібінің жетіспеуі;


- негіздің шала өңделгені – негіз кейбір жерлерде матаның бетінде, арқаумен айқаспаған түрінде жатады;


- сүңгіме – арқау жіп кейбір жерлерде матаның бетінде, негізбен


Айқаспаған;


- кем тоқылғаны – арқау жағынан сирек жерлері;


- жаншыма арқау жағынан тығыз жерлері;


- қосарлы жұп – негізгі екі жіп бір жіптей айқасқанда;


- арқаудың ыдырауы – арқаудағы қысқа, жуан жерлер, ол – арқау жібі бумасымен собықтан түскенде сол бетімен тоқылған жағдайда болады;


- арқаулық ілмектер, ілмек – ширатылмалар арқау жіп әлсіз тартылғанда болады;


- кірлену мен май дақтары – матаға немқұрайлы қарағандықтан және тоқыма станогын шылқылдата майлағандықтан болады;


- түрлі арқау – ширатуы мен жуандығы басқа жіп салынған шпульді тоқыма станогына арқау орнына пайдаланғанда шығатын жолақ;


- тоқыма өрнегінің ауытқуы (бұрмалануы) – суреттің кейбір жерлерінде тағайындалған суретке сәйкес келмеуі.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.12.2020
1362
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі