жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Шокай омирбаяны
1.Пәннің зерттелуі
|
Пәннің мақсаты мен міндеттері Мақсаты: студенттерге пәннің негізгі арқауы қазіргі заман тарихының негізгі тарихи оқиғалараның даму барысы жөнінде және тарихи тұлғалардың әлемдік тарихқа қосқан үлесі туралы ғылыми тұрғыда негіз қалыптастыру. ХХ ғасырдың алғашқы ширегінен бастау алған қазақ халқының азаттық жолында және мемлекеттік бірлік мәселелері жөнінде өздерінің дербес көзқарастарымен көзге түскен қазақ интеллигенциясы өкілдерінің: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов,Х.Досмұхамедов, Ә.Ермеков, М.Шоқайдың кеңестік дәуірдегі атқарған қоғамдық-саяси қызметіне шынайы баға беру, олар туралы жаңсақ пікірлерді тарихтан алып тастау, олардың қоғамдық-саяси қызметіне объективті баға беру. |
|
Пәннің міндеттері: Мұстафа Шоқайдың баға жетпес мұраларын саралап, әсіресе қос революция тұсындағы Түркістан халықтарының дербестігі, тәуелсіздігі жолында атқарған іс-әрекеттерін мұғажырлық жағдайда жүргізген идеялық күресін ғылыми тұрғыда көрсету және оны Қазақстан тарихының тарихнамасына, әлемдік тарихтың тарихнамасына қосқан мұраларын зерделеу пәннің басты негізгі міндеті болып табылады. Кеңестік тарих ғылымындағы М.Шоқайдың өмірі мен қызметіне байланысты «ақтаңдақтарды» зерттеп, оның салиқалы жаңа тарихи портретін студенттерге оқытып үйрету пәннің міндеттерінің бірі. Халықтың тарихи жадын қалпына келтіру, ұлттық сана мен бірлікті қалыптастыру, азаматтанушылық пен патриотизмге тәрбиелеу. |
2. Отандық тарихнамадағы М.Шоқай туралы деректері
Отбасы
Мұстафа 1890 жылы 25 желтоқсан күні сол кездегі Сырдария губерниясы, Ақмешіт уезі, Наршоқы ауылында дүниеге келген. Кей зерттеушілердің пікірінше, оның ата-бабасы қыпшақ руының белді әулетінің адамдары болған. Атасы Торғай датқа Сырдария облысындағы бірнеше ауылды басқарған, ал әкесі ауыл-аймаққа белгілі әділ би болған.
Білімі
Мұстафа Ташкенттегі ерлер гимназиясы мен Санкт-Петербург университетінің заң факультетін аяқтаған. Осы кезде ол өзіндік дүниетанымы мен саяси көзқарасын қалыптастырып, ағылшын, француз, түрік, өзбек, орыс тілдерінде еркін сөйлеген.
1917 жылғы оқиғалар
1917 жылдың көктемінде Мұстафа Ташкенттегі мұсылмандар конгресі кезінде құрылған Мұсылмандар орталығының басшысы болып тағайындалады. Осы жылдан бастап «Бірлік туы» және «Еркін Түркістан» басылымдарын шығара бастаған. Ал тамыз айында ол Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінің мүшесі атанды.
1917 жылғы қазан төңкерісінен кейін комитет мүшелері қуғынға ұшырап, жасырынуға мәжбүр болды. Мұстафаның басы үшін арнайы сыйлық та тағайындалды.
Түркістан автономиясы
1917 жылдың 27 қарашасында Қоқанда өткен Бүкіл мұсылмандардың IV съезінде Түркістан автономиясын құру туралы ұсыныс айтылды. Оны алдымен Мұхамеджан Тынышпаев басқарады да, артынан оның тізгіні Мұстафа Шоқайға тиді. Автономия 1918 жылдың ақпанында құлады. Шоқай Ташкентке, одан әрі Ақтөбеге қашуға мәжбүр болды.
Уақытша үкімет
1918 жылы Шоқай Бүкілресейлік уақытша үкіметтің (Уфа директориясы) мүшесі болды.
Шоқай мен Колчак
1918 жылдың қыркүйегінде Уақытша үкіметтің басшылығына адмирал Александр Колчак келді. Оның бұйрығымен директорияның барлық мүшесі тұтқынға алынды. Шоқайды Челябіге жіберді, дегенмен ол ретін тауып қашып шықты.
Мәжбүрлі эмиграция
Мұстафа Шоқай өмірінің соңғы жылдарын шет мемлекеттерде өткізді. Түркия арқылы Германияға, сосын Францияға қоныс аударады.
Мұстафа Шоқай – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Түркістан автономиясын құрушы. Өмір бойы қазақ ұлтының тәуелсіздігін бейбіт жолмен алуды мақсат тұтып өткен азамат. Шетелдегі ағартушылық қызметі
Эмиграцияда жүріп «Таймс», «Шафак», Journal of Royal Central Asian Society сынды белді ақпарат құралдарымен тығыз қарым-қатынаста болды. «Жаңа Түркістан», «Жас Түркістан» атты басылымдарды шығарып тұрды. Большевиктердің жұмысы туралы түрік, ағылшын және француз тілдерінде лекциялар оқыды.
Парижде ол Түркістан ұлттық бірлестігіне жетекшілік етті.
Гитлердің ұсынысы
1941 жылдың 22 маусымында Берлиндегі орыс эмигранттары жаппай тұтқындалды. Олардың арасында Шоқай да бар еді. Гитлер үкіметі оған Түркістан легионын басқару туралы ұсыныс жасады
Бұл легионның мақсаты – Германия протектораты болып табылатын Үлкен Түркістан мемлекетін құру болатын. Мұстафа бұл ұсыныстан бас тартты. Ол 1941 жылы 27 желтоқсанда Берлин қаласында жұмбақ жағдайда қайтыс болды.
Мұстафа бәрінен бас тартып, бұл іске мүлде қатысы болмаса да, Сталин Түркістан легионын құрған Шоқай деген көзқараста болды.
3. Шетелдік тарихнамадағы мұрағат деректері
Мұстафа Шоқай өмірін көп жылдардан бері
зерттеп келе жатқан ғалым, Стамбулдағы Мимар Синан университетінің
профессоры Әбдіуақап Қарадан қайраткердің көпшілік біле бермейтін
тұлғалық ерекшеліктері жөнінде сұрап
едік.
- Мен өзім зерттеулерде бейтарап болуға,
М.Шоқайды жан-жақты көрсетуге тырыстым. Дегенмен «бұл кісінің
олқылықтары, кемшіліктері жоқ па» деп, өзім зерттеулер барысында
бұл жағына да салмақ салып іздедім. Бірақ зерттеуші ретінде,
өкінішке орай деймін, ондай мәліметтер таба алмадым. Бірақ ұлтымның
перзенті ретінде, қуанышқа орай деймін, М.Шоқайдан бір кемшілік те
таба алмадым. Адамгершілік жағынан ешқандай кемшілік жоқ. Былайша
айтқанда, М.Шоқай – түркі мұсылман халықтарының асыл қасиеттерін
бойына сіңірген ұлы тұлға. Онымен қалай мақтансақ та
болады.
Ғалымның айтуынша, Мұстафа Шоқай бейнесін
21-ші ғасыр биігінен қарап отырып та әлі толығымен тани алған
жоқпыз.
- Біз қазір М.Шоқайдың бейнесін ашып қана
отырмыз. Өйткені, бұл туралы зерттеулер әлі толығымен зерттелген
жоқ. Және де бұнымен аздаған адам айналысып келеді. Бұл кісі басқа
Алаш қайраткерлеріне қарағанда көп жұмысты қажет етеді. Себебі, бұл
кісі шетелге кеткен. Францияда болған. Деректер жан-жақта шашылып
жатыр. Сонан кейін олардың көбісі әр тілде. Атап айтсақ, француз,
ағылшын, неміс. Онан кейін «Яш Түркістанның» өзі бір бөлек. Оны
өздері шағатай тілі дейді.Сондықтан бұларды зерттеу үшін аз емес,
көп адам керек. Әсіресе, менің айтарым, «Яш Түркістанды» жақсы
зерттеуіміз керек. «Яш Түркістанда» М.Шоқайдың тек таңдамалы
мақалалары ғана аударылған.
4.М.Шоқайдың бастауыш білім алуы Сұлутөбе стансасындағы орыс мектебінде бастауыш білім алған. Мұстафа Шоқай 4 жылдық ауыл мектебін 2 жылда үздік бітіреді. өйтіп Мұстафаның әкесі Ақмешітке орысша оқуға жібереді. Мұстафа ол кезде жеті жаста болатын. Бірақ күзде Ақмешітке оқуға барар алдында Мұстафа аяқ-астынан шешек ауруымен ауырып, ұзақ уақыт төсек тартып, жатып қалады. Осылайша Ақмешітке барып оқу мәселесі жабылады да, Мұстафа Сарышығанақ станциясында темір жол мектебінде оқитын болды Сырқатының кесірінен орыс тілін үйренуді ол кеш бастады. Бастауыш мектепті 12 жасында бітірді. Лицейдің 1- класына қабылдануы үшін жасы үлкен болғандықтан емтихан тапсыруы қажет болды және оны өте жақсы тапсырды.
5. М.Шоқай Ташкент гимназиясында
1902 жылы Ташкент қаласындағы гимназияда жалғастырады. Мұстафа оқу орнын бітірерде «шовинизм» дертіне шалдыққан, генерал губернатор Самсонов («орыс мұжықтарының ұрысында олар кез келген түркістандықтан, оның әулиесінен артық» деп санайтын астамшыл Самсонов) гимназияның алтын медалін қайдағы бір түземдіктің иеленіп кетуіне қия қоймайды. Оны орыс оқушысы, білімі Мұстафадан төмен Запроментовке беруді бұйырады. Бірақ ар-ұяттан аттамаған Мұстафаның сыныптасы Запроментов алтын медальді алудан бас тартады. Алтын медаль Шоқайға тиесілі екенін мойындайды. Обалына не керек, гимназияның директоры Гораменицкий де өз көзқарасын өзгертпей, нәтижесінде Мұстафа алтын медаль алып, Запроментов күмісті қанағат тұтады. Мұстафа өсе келе орыс, түрік, ағылшын, француз және поляк тілдерін жетік меңгерген көрінеді. Орыс тіліне жетік Мұстафа гимназияда жүргенде-ақ жергілікті жұртшылықтың патшаның әкімшілік органдарына жазған арыз-шағымдарын аударып беріп, халқына өзінің қолғабысын тигізіп жүрген. Гимназияны бітіргеннен кейін тілмаштық қызметке орналасып, Петербург университетінің Заң факультетіне оқуға түскен.
Мұстафа он бір пәннің жетеуінен «5» деген баға алған. Құдай заңын үйренуден мұсылман дінінде болғандықтан, босатылған (от изучения закона божьего освобожден в виду принадлежности к «магометанскому вероисповеданію»). Латын, неміс, француз тілдері мен «математикалық география» сабағынан «4-тік» баға алған.
6.М.Шоқай Петербург университетінде
Мұстафа Шоқай 1910 жылы Санкт-Петербург университетінің заң факультетіне оқуға түсіп, оны 1917 жылы бітіреді. Студент шағынан қоғамдық-саяси өмірге белсене араласып, түркі-мұсылман студент жастарының қозғалысына қатысады.
Ол Ташкент гимназиясын бітргендігі жөніндегі 1910 жылы №1035 кәмелеттік аттестатпен Санкт-Петербордың Императорлық университетінің студенттері қатарына алынып,
1910 жылғы шілдеде Заң факультетіне тіркелді. Онда төмендегі курстарды тыңдады:
Рим құқығының тарихы,
рим құқығының догмасы, Орыс құқығының тарихы, Мемлекеттік құқық,
Шіркеу құқығы, Полиция құқығы, Саяси экономия, Статистика,
Азаматтық құқық және Сот өндірісі, Сауда құқығы және Сот өндірісі,
Қылмыстық құқық және Сот өндірісі, Қаржылық құқық, Халықаралық
құқық, Құқық энциклопедиясы, Құқық философиясының тарихы
бойынша.»)
Санкт-Петербург университетінің заң
факультетіне түскенде «Қазақ» газеті бұл туралы Ақмешіт уезінен
Санкт-Петербор университетінің заң факультетіне түскен тұңғыш қазақ
баласы деп, зор үмітпен қуанышты хабар басыпты сол кезде. Мұстафа
Санкт-Петербург университетіне Қазан татарларына бөлінген
стипендиямен оқуға барады.
7.М.Шоқай Мемлекеттік Думаның мұсылман фракциясының хатшысы
Мұстафа Шоқай 24 жасында-ақ Мұсылман фракциясының хатшысы атанды. Өйткені, 1916 жылы Әлихан Бөкейханұлы Мұстафаны Ресейдің IV мемлекеттік думасы мұсылман фракциясының бюросына хатшылыққа ұсынды.
Бұл орайда оның жан-жақты дайындығының барлығы, Түркістан жағдайын жақсы білетіндігі, Петроградта тұратындығы, бұрыннан да Мұсылман фракциясының жұмысына қолғабыс беріп келгендігі есепке алынады.
Мұстафа бюро жұмысына 1916 жылдың 1 қарашасынан бастап кіріседі. Бұл құрылым өз алдына мәселе шешпегенімен, халықтың арыз-шағымдарын Мұсылман фракциясына, ол арқылы Дума мүшелеріне, жұртшылыққа жеткізуде фракция мүшелерін қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарады. Мұсылман фракциясы мен оның Кеңесу бюросы төңірегінде мұсылман прогресшіл-реформаторлық қозғалысының ең жігерлі күштері топтасады. Бюро ұлттық қозғалыстың интеллектуалдық, ақпараттық және үйлестіру орталығына айналады.
Дума комиссиясының құрамында жұмыс істей
жүріп, ол Түркістандағы ұлт-азаттық көтерілістің себептерін
зерттеумен және соғысқа алынған қазақтардың қайту
мәселелерімен айналысты. Эмиграцияда жүрген кезінде жұма сайын
кездесіп, сұхбаттасып тұратын жақын жолдастарының бірі Украин Халық
Республикасының 1917-1918 жылдары Сыртқы істер министрі болған
А.Я.Шульгин: “М.Шоқайдың Бюрода атқарған жұмысының маңыздылығын
айтып жеткізу қиын”, дейді. Мұстафа қазақ азаматтарының майданның
қара жұмысына алынуына байланысты мәселелерде Ә.Бөкейханов бастаған
қазақ зиялыларымен бірлесе жұмыс істейді. 1916 жылы М.Шоқай мен
А.-З.Валиди Түркістаннан алынған жұмысшылардың жағдайын білу үшін
майданға барып қайтады. Патшаның тақтан тайған күні Ә.Бөкейханов
жаңа жағдайда қазақ халқының алдында тұрған мәселелерге байланысты
елге қайтатынын, Бүкілресейлік Земство одағындағы өзінің орнына
майданға алынған жұмысшылардың ісімен айналысатын ұйымдардың
шешімімен М.Шоқайдың сайланғанын айтып, сол себепті тез арада
Минскіге келуін талап етіп, хат жолдайды. Бірақ Петроград пен
майдан арасындағы теміржол қатынасының үзіліп қалуы себепті Мұстафа
Минскіге бара алмайды.
Ақпан төңкерісіне дейін
Алаш көшбасшысы Ә.Бөкейханмен бірге Ресей Мемлекеттік Думасының
мұсылман фракциясында хатшы қызметін атқарады. 1916 жылғы дүрбелең
кезінде Түркістан және
жалпы қазақ жеріндегі бассыздықтарды
әшкерелеп, Мемлекеттік
Думаға арнайы құжатты
мәліметтер ұсынады. Сөйтіп, осыған
байланысты комиссия құруға
себепші болады. 1917 жылы төңкерістер тұсында
мықты Түркістан мемлекетін
құру идеясын ұстанады. Ташкентте «Бірлік туы» газетін ашады.
Орынбордағы Алаш қайраткерлерімен
тығыз байланыс
ұстайды. Алаш
партиясы құрылатын бірінші жалпықазақ сиезінің
де, Алаш
автономиясы жарияланатын екінші жалпықазақ сиезінің
де ұйымдастыру және өткізу жұмысына белсене қатысады. Алғашқы
сиезде «Шора-и-ислам» жұмысына қатысатын 8 қазақ өкілінің бірі
болып сайланады. Екінші сиезде Алашорда үкіметі - Ұлт
кеңесіне Сырдария атынан
кіреді. 1917 жылы Жаңа Марғұланда өткен өлкелік мұсылмандар
кеңесінде қайраткер Бүкілтүркістандық мұсылмандардың
құрылтайын Қоқан қаласына
шақыру туралы бастама көтереді. Қарашада
Қоқанда Түркістан
автономиясын жариялау шарасына бастан-аяқ
қатысады.
8. 1917 жылғы ақпан
төңкерісінің М.Шоқайға ықпалы
Ақпан буржуазиялық-демократиялық төңкерісі 1917 жылы Ресейде
болды. Оның басты
себебі Монархияны құлату
еді. Яғни ІІ
Николайды биліктен тайдыру. Нәтижесінде Қос
өкімет орнады. Оған Уақытша
және Кеңестер үкіметі
кірді. Уақытша үкіметтің мақсаты- капитализмді дамыту. Ал Кеңестер үкіметінің мақсаты
–
социализмді орнату. Бұл Ресейдегі саяси
жағдай Қазақстанның саяси
өміріне де
өзіндік ықпалын
тигізді.Саяси жағдайды қолдағандар қазақ
зиялылары болды. Олар: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Тынышпаев, М.Шоқай М.Дулатұлы, Жалел және
Халел Досмухамедовтар. Ақпан буржуазиялық-демократиялық төңкерісі патша
өкіметінің геноцид
(халықты түпкілікті жою) саясатын тежеп, ұлт саясаты
саласында өзінің
жалпы адамзаттық мұраттарды- бостандық, халықтар теңдігі
мәселелерін қолдады
Осындай мақсаттармен Қазақ
өлкесінде жергілікті органдар құрылды. Торғай
облысында басшысы -Ә.Бөкейханов,
Жетісу
облысында- М.Тынышпаев,
Түркістанның -
Уақытша комиссары болып Мустафа Шоқай
болды
1917 жылғы Ақпан төңкерісі М.Шоқай тобының Түркістанда біртұтас Түркістан федерациясы құрамындағы ұлттық автономиялар құруға дайындалуына ықпал етті. Бірақ Уақытша үкімет Түркістан халықтарының өзін-өзі билеуіне қарсы шықты. 1917 Ақпан төңкерісін барлық зиялылар сыяқты Шоқай да қуанышпен қарсы алды. Олар патшалық режим кезіндегі әділетсіздіктер мен озбырлықтардың енді аяқталатынына сенді. Сол үшін олар бірігіп Алаш ұлттық қозғалысын өмірге әкелді. Шоқай Алаш лидері Бөкейханның нұсқауы бойынша Түркістан губернаторлығы құрамындағы миллионнан астам қазақтың қақ-құқықтарын қорғау үшін Ташкент қаласындағы өзбек зиялыларымен бірге саяси іс-әрекеттердің бел ортасында жүрді. «1917 жылғы төңкеріс кезінде біз бәріміз федералист, унитарист тәрізді ағымдардың ықпалында болдық. Бәріміз түгел берілген осы көзқарастар бізді орыс демократиясына шамадан тыс сенімімізден туған еді», – деп жазды кейіннен Мұстафа Шоқай («Яш Түркістан», 1935, №63) 1917 жылғы ақпан төңкерісі нәтижесінде орнаған уақытша өкіметпен тіл табысқан Алаш арыстары елге тәуелсіздік алып келуді басты мақсат тұтады. Бірақ ақтың да, қызылдың да ұсақ ұлттар тәуелсіздігін мойындағысы келмегені ақиқат. Оқиғалар ағымы бұл екі автономияның да ғұмырын ұзақ еткен жоқ.
9.М.Шоқайдың орыс демократтармен байланысы
Еуропада алғашқы жылдары орыс демократтарымен тізе қоса отырып Ресей Федерациясы құрамында автономиялық ұлттық саяси құқықтар үшін күрес жүргізді. Тіпті бұл үшін сан рет жолдасы Зәки Уәлидидің ащы сынына душар болды. Кейінгі тәжірибелер автономиялық құқықтармен ел мүддесінің көсегесінің көгермейтінін байқатты да, Шоқай 1927 жылдан бастап тәуелсіздік идеясын ту етіп көтере бастады. 1918 жылдың қараша
айында Екатеринбургте бас қосқан Ресей Құрушы мәжіліс өкіметі төрағасының
орынбасары болып сайланғаннан бері орыс демократтарымен жұмыс істеп келе жатқан
болатын. Өзі секілді орыс демократтары да большевиктердің, әрі монархияшылдардың
шабуылдарына тап болды. Большевиктер кейінірек басқару жүйесін қайта орнатқысы
келген монархияшыларды жеңіліске ұшыратты, Ресейде өз билігін нығайтты. Еуропадағы
босқын мұсылман күштерінің әлсіздігін байқаған Шоқай орыс демократтарымен ортақ
дұшпан- большевиктерге қарсы күш біріктіріп, одақтасудың қажеттігіне сенді.
.Шоқай орыс демократтарымен қарым-қатынастарында өлшемді еді. Ол Түркістанның саяси келешегі үшін жүргізген күресінің шеңберінде ғана қарым-қатынас
жасады. Бұдан асып кетуді
қаламады.
Мария Шоқай естеліктерінде М. Шоқайдың 1923 жылдан бастап Париждегі
эмигрант орыс демократтарымен болған қарым-қатынастарын сиретіп, ақырында орыс
эмигранттарының баспасөзінен қол
үзгендігін айтады.
10.1916 жылғы Қазақстандағы ұлы дүрбелең кезеңі
1916 жылғы дүрбелең кезінде Түркістан және жалпы қазақ жеріндегі бассыздықтарды әшкерелеп, Мемлекеттік Думаға арнайы құжатты мәліметтер ұсынады. Сөйтіп, осыған байланысты комиссия құруға себепші болады.Мұстафа Шоқай Думаның мұсылман фракциясының жанындағы бюроға өкіл болып қабылданады. Ол бұратана халықтардың аяққа тапталған құқығын қорғау үшін Дума мінберін пайдалануға күш салды, Керенскийге көтеріліске қатысты нақты мәліметтерді, дүрбелеңді аяусыз басып, жаншыған жазалаушылардың тізімін де көрсетіп берді деп жазады зерттеуші. Демек, 1916 жылғы көтеріліс кезінде М.Шоқай да халқынан тысқары қала алмады. Оның Дума мүшелері делегациясының ішінде болып, олардың жұмысына қолынан келгенінше көмектесуі нағыз ұлтжанды азамат атқаратын іс еді.Алайда М.Шоқай да 1916 жылғы көтеріліске байланысты Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, А.Байтұрсынов ұстанған бағытта болды. Ол да көтерілісшілерді тікелей қолдамады, оларға бағыт-бағдар бере алмады, сондықтан да Д.Қыдырәлі «Мұстафа «Қазақ» газетінің ұстанымын қолдады», – деп жазады.
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы езілген бұратана халықтардың саяси санасын күрт оятты, оның өзі халықтың арасынан көптеген қайраткерлердің саяси аренаға шығуына, күрес майданына араласуына тікелей ықпал жасады. Бұл қазақ даласындағы ұлы тарихи оқиға дүрбелеңге бірте-бірте ұласып та келе жатқанын аңғартып, жарты жылдан кейін ақпан революциясы орын алып, монархиялық ескі билік күйреп, келмеске кетті.1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі, тарихи тұрғыдан алғанда, ақпан, қазан революцияларының шын мәніндегі хабаршысы болды,1916 жылғы көтеріліс кезінде көзі ашық М.Шоқай сынды қазақ азаматтары ұлы дүрбелеңнің бел ортасында жүріп, қолына қару алып алыспаса да, оны тежеудің, қиянатқа жол бермей езілген, жаншылған, құқығы тапталған халықтың мүддесін қорғау жолында өз мүмкіндігі деңгейінде күресуі, сол жолда Дума жанындағы мұсылман фракциясының кеңесші бюросында қызмет етіп, депутаттық мінберді пайдалануға атсалысуы – халық басына төнген зұлматтан шет қалмағанын көрсетеді.
11.М.Шоқай Түркістан автономиясының негізін қалаушы
1917 жылғы 10 желтоқсан. Осы күні Қоқан қаласына жиналған IV Түркістан Төтенше құрылтайы «Түркістан автономиясын» жариялаған еді». Мұстафа Шоқай, «Жас Түркістан», № 3, 1930 жыл, Париж. «Жасасын Түркістан мұхтарияты!» деген ұранды үндеуімен өзін тәуелсіз автономиялы мемлекет ретінде жариялаған Түркістан автономиясы.
Түркістан автономиясы туралы сөз болғанда, еріксіз тілімізге Мұстафа Шоқай есімі оралады. «Халықтар атасы» атанған Сталиннің өзі кезінде саяси қарсыласы ретінде санаған Мұстафа Шоқай Түркістанды автономиялы мемлекет етіп құрудың басынан аяғына дейін жүрді. Большевиктердің ымырасыз қарсыласы ретінде өзінің көзқарасын шетелде жүріп те аяғына дейін жалғастырды.
«Улема жамиғаты» 12-15 қараша күндері Ташкент қаласында құрылтай шақырды. Түркістан қаласынан келген өкіл Имамберді Ержігітовтың ұсынысы бойынша, жиынға арнайы шақырылған Мұстафа Шоқай Ташкентке келіп, мәжіліс жұмыстарына қатысып, сөз сөйледі. Ол өз сөзінде елде большевиктердің билігі орнағанын, алайда оларды мойындамау керектігі туралы айтады. Мұстафа Шоқай ендігі жерде Түркістандағы бүкіл мұсылмандардың бірігіп, большевиктік үкіметтің де үстінен қарайтын үлкен бір үкімет құру туралы ұсыныс түсіреді. Құрылтай соңында Түркістанда автономия жариялау туралы ұсыныс мақұлданды.
Түркістан автономиясын тек қана Қоқан емес, бүкіл Түркістан халқы зор қуанышпен қарсы алды. Жер-жерде жиындар өтіп, бәрі де жаңа өмірге келген автономияны қолдап жатты. Бұл туралы М.Шоқай былай деп жазды: «Автономияның жариялануы түркістандықтардың саяси рухын бірден күшейтіп жіберді. Автономияның орталығы Қоқан қаласы сияқты Ташкент қаласы да айрықша, әсерлі күндерді бастан кешіріп жатқан еді...
Ол (Түркістан автономиясы – А.Б.) 1917 жылдың 10 желтоқсанында құрылып, 1918 жылдың 13 ақпанында таратылды.
Қоқан қаласында құрылған «Түркістан автономиясын» большевиктер «заңсыз» үкімет деп жариялаған соң, «оның басшыларын» тұтқындау туралы қаулы шығарды. Автономия басшысы болған Мұстафа Шоқайдың басы үшін 1000 сом сыйлық тағайындалды. Автономия құлатылған соң оның басшыларының бір бөлігі тұтқындалып, бір бөлігі жан-жаққа тарап кеткен болатын. Мұстафа Шоқай аз уақыт партизандардың арасына бой тасалайды. Одан кейін жасырын атпен Ташкентке келіп, ол жерде де тұрақтап қалмай, 1918 жылдың 1 мамырында әйелі Мария Яковлевнамен Ташкентті тастап шығады.
12. М.Шоқайдың Алаш партиясымен байланысы
Мұстафа Шоқай сонымен бірге 1917 ж. шілдеде құрылған «Алаш» партиясына да мүше болды. 1917 ж. желтоқсан айында М. Шоқай Орынборда өткен екінші Жалпықазақ съезіне қатысып, съезде сайланған Алашорда үкіметінің құрамына енеді. Мұстафа Шоқай ұлт мүддесi жолында патша саясатына қарсы шығып, Мемлекеттiк думаларға қатысып, мерзiмдi басылымдар арқылы жер, тiл, дiн мәселесiн көтерген, патша өкiметi құлағаннан кейiн Алаш партиясы мен Алашорда үкiметiн құрып, оның алға қойған мiндеттерiн жүзеге асырудағы iс-әрекеттерi, кеңес өкiметiмен арада туындаған түсiнiспеушiлiк пен қарама-қайшылықтан азамат соғысы жылдарында жау күштермен одақтас болып, үкiмет билiгiне қарсы шыққан, 30-шы жылдары қуғын-сүргiнге ұшыраған Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М. Дулатов, Р. Мәрсеков, Х. Ғаббасов, И. Әлiмбеков және т.б. қазақ зиялыларының ой-пiкiрлерiн жиырма жылдай насихаттауын дәлелдi түрде айқындап бередi. “Отаршылдықтың ойраны мен қайғы-қасiретiн бастарынан өткерген қазақ, өзбек, қырғыз, т.б. халықтардың тағдыры өз тағдырымен бiте қайнасқан, ұлт мүддесi өз өмiрi мен күресiнiң мақсат-мұратына айналған, жиырма жыл бойы Еуропа төрiнде Алаш идеяларын жалғастырып, тәуелсiздiк туын көтерген сондай тұлғаның бiрi де, бiрегейi де – Мұстафа Шоқай”

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген