жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Шөл далаға саяхат
|
ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ ПӘНІНЕН САРАЛАНҒАН САБАҚ ЖОСПАРЫ
Жақсылықова Ляйля Ертайқызы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Байқоңыр қаласындағы № 274 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі |
Мектеп: № 274 орта мектеп |
||||
Сабақ тақырыбы: Шөл далаға саяхат |
||||
Күні: |
Мұғалімнің есімі: Жақсылықова Л.Е.
|
|||
Сынып: 4 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны
|
||
Сабаққа негізделген оқу мақсаты
|
4.2.7.1– шығармадан әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, кейіптеу, эпитет, аллитерация, әсірелеу) табу және оларды қолдану. |
|||
Сабақ мақсаттары: |
Барлық оқушылар: Шөл дала туралы біледі. Көптеген оқушылар Сөйлемдегі қатені табады,өз ойын еркін жеткізе алады.Тәжірибе жасай алады. Кейбір оқушылар: картадан дүние жүзіндегі үлкен шөлдерді көрсете алады. |
|||
Бағалау критерийлері: (жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже) |
Шөл дала туралы біледі. Сөйлемдегі қатені табады,өз ойын еркін жеткізе алады.Тәжірибе жасай алады. Картадан дүние жүзіндегі үлкен шөлдерді көрсете алады.
|
|||
Тілдік мақсатта |
Тілдік дағдылар.Терминология. Сөз тіркестері: Әдеби мұра Әдеби көркем сөздер Халық ауыз әдебиеті Даналар нақылы |
|||
Құндылықтарды дарыту |
Туған жерге деген сүйіспеншілік |
|||
Пәнаралық байланыстар |
Қазақ тілі, көркем еңбек, жаратылыстану. |
|||
АКТ қолдану дағдылары |
Электронды тапсырмалар. |
|||
Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім |
Бұған дейін оқушылар шөл туралы біледі,мәтінді мазмұндау дағдысы жүйеленген. |
|||
Жоспар |
||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар |
Ресурстар |
||
Басталуы
Ортасы
|
Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңберіне тұру Психологиялық ахуал орнату. Табиғатым тамаша, Көз тоймайды қараса. Табиғатты аялап, Жүрейікші жараса. Тамаша балалар бүгінгі сабағымыз сәттілікке толы болсын. -Ортақ тақырып қандай? -Табиғат Табиғат дегенде ойымызға не келеді? Оқушылардың ойы тыңдалады. Суреттер арқылы топқа бөліну. 1-топ Сексеуіл 2-топ Кесіртке 3-топ Түйе - Көңіл күйіміз қандай? - Тамаша Осындай көңіл- күймен сабағымызды бастаймыз. Үйге қандай тапсырма берілді? Ә.Тәжібаев «Толағай » өлеңін оқу. «Конверттегі сұрақ» әдісі арқылы сұраққа жауап беру. Жасыл конверт сұрағы; 1Толағайдың бейнесінде қиял-ғажайып белгілері бар ма? 2Толағайдың ерлігінен кейін туған жері қалай өзгерді? Көк конверт сұрағы; 1Толағайдың ерлігі батырлар жырындағы қай кейіпкерге ұқсас. 2Толағай елге қалай көмектесті? Сары конверт сұрағы; 1Елімізде қандай қиыншылық болды? 2Толағайдың ата анасы кім? Оқушылардың ойын тыңдау. Шапалақ арқылы бағалау. Мұғалім:
«Шөл» сөзін естігенде ойымызға не келеді? Оқушылардың ойы тыңдалады. Ендеше бүгінгі сабағымызда шөл далаға саяхат жасаймыз. Слайд №1Шөл далаға саяхатқа шығу үшін бізге не қажет? Слайд №2 арқылы шөлдерді көрсетіп,түсінік беру. Оқулықпен жұмыс Мәтінді 3 топқа бөліп беру Түртіп алу әдісі арқылы қиын сөздерді белгілеп отыру. Іштей оқу Топта талқылау Сұрақтарға жауап беру 1-топ Шөл дегеніміз не? Қандай шөлдерді білесіңдер? Қарақұм шөлінде көлеңкеде неше градус ыстықты көрсетеді? «Бағдаршам» арқылы бағалау 2-топ Құмның арасы қай кезде құлпырады? Шөл жәндіктері қай кезде жемін аулауға шығады? Қандай жануарлар тіршілік етеді? «Бағдаршам» арқылы бағалау 3-топ Қандай шөлдің түрлерін білесің? Бетпақдала шөлі туралы не білдік? Шөл даланы игеру дегенді қалай түсіңдің? «Бағдаршам» арқылы бағалау Сөздік жұмыс жүргізу. Аптап- шыжыған,қатты ыстық Әредік –кейде Тоған- қолдан жасалған су қоймасы Жазылуы қате сөйлемді анықта. Шөлдегенде қайнаған су іш. Шөл дегенде қайнаған су іш. Сергіту сәті Шөлді жердің жануарлары мен жәндіктерін қимыл- қозғалыс, ым- ишара, дыбыстау арқылы көрсету. Топтық жұмыс 1-топ Дүниежүзіндегі ең үлкен шөлдерді картаға орналастыру
2-топ «Сурет сөйлейді» сурет бойынша баяндау
3-топ «Керегін ал » а әдісі арқылы керекті суреттерді таңдап қағаз бетіне жапсыру.
Жұптық жұмыс Жұпта тәжірибе жасау Тәжірибе№1
Жеке жұмыс Тест тапсырмасы Шөлде өсетін өсімдік А) сексеуіл Ә) шырша Б) қарағай Тастақты саздақ шөл дала. А) Қарақұм Ә) Бетпақдала Б) Қызылқұм Шөлді жерде өсетін өсімдіктердің жапырақтары. А) жалпақ Ә) кіші,жіңішке Б) ұзын, Жантақ пен сексеуілдің тамыры қалай орналасқан? А) жер бетіне жақын Ә) тереңде Б) тамырсыз Саралау тапсырмасы «Сұхбат алу» Еркін микрофон» әдісі Шөл даланы игеру дегенді қалай түсіндің? Су бар жерде ну бар.
|
Шаттық шеңберіне тұру
А3 парақ |
||
Аяқталуы
|
Кері байланыс Стикерге жапсырылған сурет бойынша өз ойын жазу. Сексеуіл Түйе кесіртке Бір сөйлем арқылы өз ойын жазады. Не білдік? Не үйрендік? |
|
||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген