400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Шөл өсімдіктері 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Шөл өсімдіктері туралы толық түсінік алады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:--------------------------------------

Сабақтың тақырыбы: Шөл өсімдіктері мен жануарлары
Мақсаты: Шөл өсімдіктері мен жануарлары жайлы түсіндіру. Теориялық ойлауын, сөздік қорын, табиғат құбылыстарының ұқсас болатыны, ерекшелігі туралы ойын дамыту.Табиғатқа жанашыр, туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақ типі: аралас сабақ
Көрнекілігі: суреттер, слайд, бейнеролик.
Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, көрнекілік, сұрақ - жауап, талдау, жинақтау
Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару.
ІІ. Білімді тексеру кезеңі: 1. Сұрақтарға жауап алу.
- Шалғынды аймақ пен далалы жердің өсімдіктері мен жануарлары тіршілігіндегі ұқсастық пен айырмашылық туралы не айта аласыңдар?
- Бөдене тіршілігі мен суыр тіршілігі жайлы не білеміз?
Оларды қорғаудың қандай маңызы бар?
ІІІ. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Шөл өсімдіктері мен жануарлары.
ІV: Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Бейнеролик. (Шөл дала.)
Кіріспе: шөл дала дегенде көз алдарыңа қандай дала елестейді? Шөл даланың өсімдіктері, жануарлары туралы не білесіңдер? Осы сұрақтарға жауап алғаннан жаңа сабақты түсіндіру.
Шөл — суға тапшы аймақ. Оның ауасы, топырағы құрғақ, өсімдіктері селдір, сирек болып келеді. Шөл — құмды, сортаңды, сазды, тақыр, тастақты шөлдерге ажыратылады. Құмды шөлдер жазықты жерлердің борпылдақ тау жыныстарының үстінде қалыптасады.Құмды шөлдерді өсімдіктер тоқтатып, бекітеді. Олар селеубояу, құм қияғы, жүзгін, домалақ кірпіге ұқсас құмаршық, ақсексеуіл. Теңіз табанды жазықтардың топырағы сазды келеді.
Өсімдіктері нашар дамыған. Тақыр шөлдерге өзендердің ескі атырауындағы жерлер жатады. оның жиектерінде ғана әрегідік өскен күйреуіктер мен жыңғылдар көзге түседі. Олардың тұқымдары мен жемістерін тақырға жел айдап әкеледі. Олар көктемде өніп шыққанымен, өз дамуын аяқтай алмай қурап кетеді. Сортаңды шөлді жердің топырағы тұзды келеді. Мұндағы су топырақ бетіне жақын жатады. Үнемі буланып, жер бетіне тұз ала шығады. Тұз қабатында күйреуіктер өседі. Жер бетіне тастары шығып жататын шөлді тастақты шөл дейді. Әр жерде тікенек бұталар кездеседі. Тақырлар – адамның жауапсыздығынан пайда болған шөлдер. Ол --- шөбін мал отап, таптап, әбден тақырлап тастаған, бұталары тамырымен қопарылып, сындырылып жойылған тақырлар. Мұндай жерлерді қалпына келтіруге болады. Ол үшін көп адам көп жұмыс жүргізуі керек.
Суы мен азығы тапшы, жазы ыстық, қысы суық, тіршілікке шөлді жерлерді мекендейтін жануарлар осындай қатал жағдайларға түрліше бейімделеді
Қарақұйрық, ақбөкен, бұлдырық, құлақты кірпі, қосаяқ, тасбақа, сұр келес, сарышаян сияқты жануарлар шөлде өмір сүреді
.
Оқулықпен жұмыс. Дауыстап тізбектей оқыту.

Дәптермен жұмыс. Күн ретін, ауа райын жазу.. Шөл өсімдіктері мен жануарларын жазу.
Селеубояу, ақсексеуіл, жүзгін, құм қияғы, кермек, құмаршық - өсімдіктері.
Сарышаян, қосаяқ, қарақұйрық, ақбөкен, бұлдырық, сексеуіл жорға торғайы, құлақты кірпі, тасбақа, сұр келес, тышқан, жылан - жануарлары.

Венн диаграммасы:
Топтық жұмыс:
1 - топ: Шалғын өсімдіктері мен жануарлары.
2 - топ: Дала өсімдіктері мен жануарлары.
3 - топ: Шөл өсімдіктері мен жануарлары.
5 - жол өлең: Ақбөкен.

VІ Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
Шөл туралы суреттерді көрсетіп отырып, оқушыларға әңгімелету.
VII. Сергіту сәті.
VІІI. Бекіту кезеңі:
Тест.
1. Шөлді жерді мекендейтін жануар
а) қасқыр в) арқар с) кесіртке
2. Дала өсімдігін ата.
а) селеу в) жусан с) қарағай
3. Улы өсімдікті белгіле.
а) боз в) бетеге с) сарғалдақ
4. Қайсысы артық?
а) шалғынды, орманды в) дала, шөл с) қала, ауыл
5. Күріш қай облыста өсіріледі?
а) Батыс Қазақстан облысы в) Қызылорда облысы с) Талдықорған облысы
IX. Үйге тапсырма беру кезеңі: 82 - 86 - беттерді оқу, мазмұны. Шөл дала өсімдіктері мен жануарлары туралы мәлімет жинақтау.















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
1264
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі