Сольфеджио пәні 1 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сольфеджио пәні 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Әрине материалдар керек алмасу арқылы, мотивация көп көмегі тиеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы



1 Тақырып: Музыкалық дыбыстардың атаулары.


Музакада 7 дыбыс атауы бар: До, ре, ми, фа, соль, ля, си.

Күйсандықтағы тілдерінің атаулары:


2 Тақырып: Скрипка кілті


Музыкада кілттің үш түрі бар.


1.Скрипка (соль) кілті


2.Бас(фа) кілті

3.Альт(до) кілті

Нота жазатын 5 сызықты нота арқауы, немесе нота сызығы деп атайды.


Ноталарды жазбас бұрын, нота сызығының басына кілт қойылады.








Скрипка кілті - бірінші октаваның соль дыбысынан орнын көрсетіп тұратын арнайы белгі. Екінші басқышта жазылғандықтан скрипка кілті немесе соль кілті деп атайды




Скрипка кілтінің салынуы




Оқушыларға тапсырма:


  1. Күйсандықта берілген дыбыстарды ажырату:


До,ми,соль,си,фа,ре,до.




2.До дыбысынан келесі до дыбысына дейін төменнен жоғары қарай қатарын атап шық.





3.Ре дыбысынан келесі ре дыбысына дейін төменнен жоғары қарай қатарын атап шық











4. Ми дыбысынан келесі ми дыбысына дейін төменнен жоғары қарай қатарын атап шық




5.Фа дыбысынан келесі фа дыбысына дейін төменнен жоғары қарай қатарын атап шық.




6. Соль дыбысынан келесі соль дыбысына дейін төменнен жоғары қарай қатарын атап шық.




7.Ля дыбысынан келесі ля дыбысына дейін төменнен жоғары қарай қатарын атап шық






8.Си дыбысынан келесі си дыбысына дейін төменнен жоғары қарай қатарын атап шық













9.Скрипка кілтін толтыру


10.Үйге тапсырма:

1.Дыбыстардың неше атауы бар?________________________________________

3.Скрипка кілтінің басқаша аталуы?______________________________________

4.Нота сызығы неше сызықтан тұрады?____________________________________

5.Скрипка кілті дегеніміз не?____________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________




3.Тақырып: Нота арқауында орналасқан дыбыстар


Нота латын тілінде – белгі деген мағананы білдіреді. Нота – музыка жазатын белгі.

Нота жазатын бес сызықты – нота арқауы деп атайды.

Нота сызығы бір - біріне параллель көлденен бес сызықтан тұрады.Олар төменнен жоғары қарай саналады.

Ноталар нота сызығаның астына,үстіне, арасына және қосымша сызықтарға жазылады.


Нота арқауы:

1.










Сызықта жазылатын ноталар:

2.











Нота арқауының сызықтарының аралығындағы ноталар:

3.
















Нота арқауының бірінші сызығының астындағы нота:

4.













Нота арқауының бесінші сызығының үстіндегі нота:

5.











Нота арқауының астындағы қосымша сызықтардағы ноталар:

6.









Нота арқауының үстіндегі қосымша сызықтардағы ноталар:

7.















8. Нота арқауында орналасқан дыбыстар:



До қосымша сызықтың бойында Ре 1-ші сызықтың астында Ми 1-ші сызықтың бойында Фа 1-ші және 2-ші сызықтың ортасында Соль 2-ші сызықтың бойында Ля 2-ші және 3-ші сызықтың ортасында Си 3-ші сызықтың бойында

До 3ші және 4 сызықтың ортасында.


Оқушыларға тапсырма:


8. Қай сызықтарда және қай сызықтардың аралығында мына ноталар орналасқан?



9.Нота дәптеріне мына берілген ноталарды жаз:

  • Төртінші сызықта

  • Екінші сызықта

  • Үшінші сызықта

  • Екінші мен үшінші сызықтың аралығында

  • Төртінші сызықпен бесінші сызықтың аралығында

  • Бірінші сызықтың астында

  • Бесінші сызықтың үстінде

  • Астыңғы бірінші қосымша сызықта

  • Үстіңгі бірінші қосымша сызықта.


10.Үйге тапсырма:

1.Нота арқауы дегеніміз не? ____________________________________________________

_____________________________________________________________________________

2.Нота дегеніміз не?___________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

3.Нота арқауында орналасқан дыбыстарды жаттау._________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________



5.Тақырып: Такт және такт сызығы


Музыкада нота арқауы ән ырғағына байланысты бірнеше бөлшекке бөлінеді. Нота арқауын бірнеше бөлген сызықтарды такт және такт сызығы деп атайды.

Екі такт сызығының аралығын такт деп атайды.


1.Такт сызықтары және такт.


Өлшем такт сызығы такт екі такт сызығы




2.Тапсырма

Төменде берілген жаттығуда такт және такт сызығын көрсет.



3.Үйге тапсырма


1.Такт дегеніміз не?____________________________________________________________


_____________________________________________________________________________


2.Такт сызығы дегеніміз не?_____________________________________________________


_____________________________________________________________________________







6.Тақырып: Дыбыстардың ұзақтық белгілері


а) теориялық


Дыбыстардың ұзақтықтары әр түрлі болады:


1.Таяқшасыз ортасы ақ нотаны бүтін нота дейміз. Бүтін нота 4 ке саналады.

2.Ортасы ақ таяқшалы нотаны жартылық нота дейміз. Жартылық нота 2ге саналады.

3.Ортасы боялған,таяқшасы бар нотаны ширектік нота дейміз. Ширектік нота 1ге саналады.



4.Ортасы боялған, таяқшасы мен бір жалаушасы бар нотаны сегіздік нота дейміз.

Сегіздік нота 1-дің өзіне саналады.



5.Ортасы боялған, таяқшасы мен екі жалаушасы бар нотаны оңалтылық нота дейміз.Оңалтылық нота 1-дің жартысына саналады.



6.Ноталардың ұзақтыққа бөлінуі:


бүтін




жартылық




ширектік



сегіздік



оңалтылық






Оқушыларға тапсырма:


7. Үшінші сызыққа дейінгі және үшінші сызықтан жоғары жазылатын ұзақтықтардың жазылу бағыттары:




8. Нота арқуына көшіріп жазу.









1.Төменде берілген жаттығуларда дыбыс ұзақтықтарын анықтап көрсет.



Үйге тапсырма:


1. Бүтін ұзақтық дегеніміз не? нешеге саналады.____________________________________

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2. Жартылық ұзақтық дегеніміз не? нешеге саналады.________________________________

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3. Ширектік ұзақтық дегеніміз не? нешеге саналады._________________________________

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

4. Сегіздік ұзақтық дегеніміз не? нешеге саналады__________________________________ __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
31.10.2020
4247
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі