400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 26 материал табылды

Солтүстік Америка

Материал туралы қысқаша түсінік
Солтүстік Америка
Материалдың қысқаша нұсқасы

№1 Алматы Қазақ Мемлекеттік Гуманитарлық-Педагогтік колледж






РЕФЕРАТ

Тақыры: Солтүстік Америка елдері











Топ:12бш

Орындаған:Кордабаева.Д.Е

Тексерген:Абуев А.Н





Солтүстік Америка — батыс жарты шардағы құрлық. Жер аумағы 20,36 млн. км² (аралдарымен қоса есептегенде 24,25 млн. км2). Тұрғыны 476 млн. адам (2000). Солтүстік Мұзды мұхит (құрлыққа тереңдеп еніп жатқан Гудзон шығанағымен), Атлант (Мексика шығанағымен) және Тынық мұхитпен (Калифорния шығанағы) қоршалған. Ірі аралдары: солтүстігінде Гренландия, Канаданың Арктикалық топаралы, батыс жағалауында Алеут, Александр топаралдары, Ванкувер, Шарлотта патшайым; шығысында Вест-Индия, Ньюфаундленд, т.б. аралдар бар. Iрі түбектері: Бутия, Мелвилл (солтүстігінде), Лабрадор, Флорида (шығысында), Юкатан (оңтүстігінде), Аляска, Калифорния (батысында).


Солтүстік Америка құрлығы


Территория:24 365 000 км²

Халық саны:579 000 000 (2016) адам

Тығыздығы:22,9 адам/км²

Этнохороним:солтүстік америкалық, америкалық

Енеді:23 мемлекет

Тілдері:ағылшын, испан, француз және т.б.


Солтүстік Американың ғарыштан көрінісі


Солтүстік Американың шеткі нүктелері:


•Солтүстігінде Мерчисон мүйісі

•Оңтүстігінде Марьято мүйісі

•Батысында Принц Уэльс мүйісі

•Шығысында Сент-Чарльз мүйісі


Жер бедері

Құрлықтың беткі құрылысы әр түрлі: бат-н Кордильера тау жүйесі, шығ-н кең алқапты жазықтар мен орташа биіктіктегі таулар алып жатыр. Батыс бөлігінің орташа биікт. 1700 м, шығысында 200 – 300 м, құрлық бойынша 720 м. С. А-ның ең биік жері – Мак-Кинли шыңы (6193 м), теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан жері – Ажал аңғары (–85 м). Солт. және солт.-шығысында Лаврентий қыраты (300 – 600 м), оңт-ке қарай Орталық жазық (200 – 500 м) орналасқан. Бат-ндағы Ұлы жазық (500 – 1500 м) солт-ндегі Макензи ойпатына жалғасады. Орт. жазық шығ-нда Аппалач тауларына тіреледі. Кордильера тау жүйесі солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай созыла орналасқан бірнеше доға тәрізді тау жоталарынан тұрады. Шығыс доға Брукс, Макензи, Элберт және Шығыс Сьерра-Мадре тау жоталарын біріктіреді. Бұл жоталар батысқа қарай Жағалық жоталар, Юкон, Колумбия, Колорадо, Үлкен Алап, т.б. үстірттер мен оңт-ндегі Мексика таулы қыратына ұласады. Бір-бірінен тау жоталары мен қазаншұңқырлар арқылы бөлінген.


Климаты

С. А. қиыр солт-те арктикалық белдеу мен оңт-нде субэкваторлық белдеулер аралығында орналасқан. Батыс және шығыс жағалауының климаты мұхиттық, ішкі аудандарында – континенттік. Арктик. климаттық белдеуге Солт. Мұзды мұхит суымен қоршалған аймақ кіреді; бұл өңірдің климаты қатаң, жауын-шашынды. Субарктик. климаттық белдеудің батыс бөлігінің жауын-шашыны мол, қысы жылы, жазы салқын. Қоңыржай климаттық белдеу (40° с.е-тен солт-ке) жұмсақ, өте ылғалды (бат-нда), қоңыржай континентті (шығ-нда). Субтропиктік климаттық белдеу жұмсақ жерортатеңіздік типке жатады. Калифорния түбегі мен Мексика таулы қыратының орт. бөлігі тропиктік климаттық белдеуде жатыр. Субэкваторлық климаттық белдеуге жататын Орт. Американың оңт. бөлігінің климаты тұрақты ыстық, жазы ылғалды, қысы құрғақ келеді. Қаңтардың жылдық орташа темп-расы –36°С-тан (солт-нде) 20°С-қа дейін (оңт.) артады. Ең төм. темп-ра – 64°С (Аляска мен Канаданың солт.-батысында) және – 70°С (Гренландияда) байқалды. Шілденің жылдық орташа темп-расы – 4°С-тан (солт.) 32°С-қа дейін (оңт.). Ең жоғ. темп-ра – 56,7°С Ажал аңғарында (Батыс жарты шардағы ең жоғ. көрсеткіш) байқалды. Жылдық жауын-шашын мөлш. Аляска мен Канаданың батыс жағалауы мен АҚШ-тың солт.-батысында 2000 – 3000 мм, құрлықтың оңт.-шығысында 1000 – 1500 мм, Орт-ндағы жазықтарда 400 – 1200 мм, ішкі үстірттерде 100 мм, Калифорния түбегінде 100 – 150 мм-ден аспайды.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 мамыр
389
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі