жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Солтүстік Америка елдері
№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық- педагогтік колледжі
Реферат
Тақырыбы: Солтүстік Америка елдері
Топ:12БШ
Орындаған:Мамытақын Әсем
Тексерген:Абуев.А.Н
Жоспар:
1. Солтүстік Америка туралы шағын мәлімет
2. Солтүстік Американың үлкен қалалары
Солтүстік Америка (ағылш. North America, фр. Amérique du Nord, ис. América del Norte, Norteamérica, Үлгі:Lang-nah) — батыс жарты шардағы құрлық. Жер аумағы 20,36 млн. км² (аралдарымен қоса есептегенде 24,25 млн. км2). Тұрғыны 476 млн. адам (2000). Солтүстік Мұзды мұхит (құрлыққа тереңдеп еніп жатқан Гудзон шығанағымен), Атлант (Мексика шығанағымен) және Тынық мұхитпен (Калифорния шығанағы) қоршалған. Ірі аралдары: солтүстігінде Гренландия, Канаданың Арктикалық топаралы, батыс жағалауында Алеут, Александр топаралдары, Ванкувер, Шарлотта патшайым; шығысында Вест-Индия, Ньюфаундленд, т.б. аралдар бар. Iрі түбектері: Бутия, Мелвилл (солтүстігінде), Лабрадор, Флорида (шығысында), Юкатан (оңтүстігінде), Аляска, Калифорния (батысында).
Солтүстік Америка құрлығы
Территория
24 365 000 км²
Халық саны
579 000 000 (2016) адам
Тығыздығы
22,9 адам/км²
Этнохороним
солтүстік америкалық, америкалық
Енеді
23 мемлекет
Тілдері
ағылшын, испан, француз және т.б.
Уақыт белдеулері
UTC-10 — UTC
Солтүстік Америка Ортаққорда
Солтүстік Американың ғарыштан көрінісі
Солтүстік Американың шеткі нүктелері:
• Солтүстігінде Мерчисон мүйісі (71°51' с.е.),,
• Оңтүстігінде Марьято мүйісі (7°12' с.е.)
• Батысында Принц Уэльс мүйісі (168°б.б.),
• Шығысында Сент-Чарльз мүйісі (55°40').
Жер бедері:
Құрлықтың беткі құрылысы әр түрлі: бат-н Кордильера тау жүйесі, шығ-н кең алқапты жазықтар мен орташа биіктіктегі таулар алып жатыр. Батыс бөлігінің орташа биікт. 1700 м, шығысында 200 – 300 м, құрлық бойынша 720 м. С. А-ның ең биік жері – Мак-Кинли шыңы (6193 м), теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан жері – Ажал аңғары (–85 м). Солт. және солт.-шығысында Лаврентий қыраты (300 – 600 м), оңт-ке қарай Орталық жазық (200 – 500 м) орналасқан. Бат-ндағы Ұлы жазық (500 – 1500 м) солт-ндегі Макензи ойпатына жалғасады. Орт. жазық шығ-нда Аппалач тауларына тіреледі. Кордильера тау жүйесі солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай созыла орналасқан бірнеше доға тәрізді тау жоталарынан тұрады. Шығыс доға Брукс, Макензи, Элберт және Шығыс Сьерра-Мадре тау жоталарын біріктіреді. Бұл жоталар батысқа қарай Жағалық жоталар, Юкон, Колумбия, Колорадо, Үлкен Алап, т.б. үстірттер мен оңт-ндегі Мексика таулы қыратына ұласады. Бір-бірінен тау жоталары мен қазаншұңқырлар арқылы бөлінген.
Географиялық зерттелу тарихы
Еуропалықтар Америкаға келмей тұрып мұнда әр түрлі даму сатысындағы жергілікті үндіс халықтары мекендеген. Халықтың негізгі бөлігі Оңт. Мексиканың таулы аймақтарындағы мәдениеті, қолөнері жоғары деңгейде дамыған өркениетті Майя, Ацтек мемлекеттеріне шоғырланған. Олар аңшылық, балықшылық және егіншілікпен (жүгері, бұршақ, картоп, мақта, қызамық, күнбағыс, асқабақ, темекі) айналысқан. Біршама халықтар тобы (майя, ацтек, кечуо, аймаро, т.б.) этник. аумағын, мәдениетін сақтап қалды. Үндістердің ұсақ тайпалары кейіннен С. А.-ның орманды белдеміне ығыстырылған. Құрлықтың солт. жағалауы мен Гренландияда эскимостар мекендейді. Орта ғасырларда Гренландияға қоныстана бастаған нормандар 11 – 13 ғ-да Ньюфаундленд аралын, Лабрадор түбегін және Баффин т-н ашты. 1492 – 1503 ж. Х.Колумб Багам, Куба, Гаити, Кіші Антиль, Пуэрто-Рико, Ямайка аралдарын, Кариб т-нің батыс жағалауын, Панама мойнағын ашқан. 1497 – 98 ж. Дж. және С. Кабот С. А-ның шығыс жағалауын зерттеді. 1504 ж. француз теңізшілері Әулие Лаврентий шығанағын, 1513 ж. испандық В.Нуньес де Балбоа Панама шығанағы, 1519 – 24 ж. Э.Кортес Мексика таулы қыраты арқылы Тынық мұхитқа шықты. 1648 ж. орыс саяхатшылары Ф.Попов пен С.Дежнев Чукча т-нен Тынық мұхитқа өтіп, С. А-ның Азиядан тар бұғаз арқылы (Беринг бұғазы) бөлінетіндігін дәлелдеді. 1778 ж. ағылшын Д.Кук С. А-ның батыс жағалауымен жоғары ендікке дейін зерттеу жұмыстарын жүргізді. 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың басында Дж. Поуэлл, Дж. Доусон, А.Брукс, т.б. америка және канада геологтары Сеңгір тауларды, Лаврентий таулы үстіртін, Аляска жотасын (С. А-ның биік нүктесі Мак-Кинли шыңымен) ашуды толық аяқтады.
Солтүстік Америка солтүстік жарты шарда орналасқан. Үлкендігі жөнінен Еуразия мен Африкадан кейінгі үшінші орынды алады, жерінің ауданы 24,2 млн км2
Солтүстік Америка материгі солтүстік жарты шарда арктикалық белдеудегі аралдардан субэкваторлық белдеуге дейін созылады. Солтүстік Американың ең енді бөліктері Еуразиядағы тәрізді қоңыржай және субтропиктік белдеулерге сәйкес келеді. Материк оңтүстігінде сүйірленіп, Панама мойнағы арқылы Оңтүстік Америкамен жалғасады. Бұл екеуі батыс жарты шарда орналасқан Америка дүние бөлігін кұрайды. Мексика таулы қыратының солтүстігі мен Оңтүстік Америкаға дейінгі аралықты Орталық Америка деп те атайды. XX ғасырдың басында Панама мойнағы арқылы материктің батысындағы Тынық мұхитты жалғастыратын Панама каналы салынған.
Солтүстік Американы Еуразиядан бөліп жаткан Беринг бұғазы екі материктің солтүстігіндегі Солтүстік Мұзды мұхит суларын Тынық мұхитпен жалғастырады.
Солтүстік Америка жағалаулары солтүстік пен шығыста күшті тілімденуге ұшырады, қазірдің өзінде солтүстіктегі аралдар мен түбектердің көпшілік бөлігін қалың мұз құрсап жатыр.
Жер көлемі (аралдармен қоса) – 24247000 км2.
Аралдардың жер көлемі – 3890000 км2. Шеткі нүктелері: солтүстікте – Мёрчисон мүйісі (71° 50′ с.е., 94° 45′ б.б.), оңтүстікте – Марьято мүйісі (7° 12′ с.е., 80° 52′ б.б.), шығыста – Сент – Чарльз мүйісі (52° 24′ с.е., 55° 40′ б.б.), батыста – Принц Уэльский мүйісі (65°35’с.е., 168°00’б.б.).
Ең үлкен аралдары (км2):
Гренландия – 2176000,
Баффин жері аралдары – 476000,
Виктория – 213800,
Эльсмир – 203000,
Ньюфаундленд – 11 1000.
Ең биік нүктелері (м):
Мак – Кинли – 6193,
Логан – 6050,
Орисаба – 5700,
Әулие Илья – 5488,
Попокатепетль – 5452.
Еңұзын өзендері (км):
Миссисипи және Миссури мен Ред – Рок – 6420,
Макензи – 5472,
Әулие Лаврентий – 1200,
Рио – Гранде – 2870,
Юкон – 2897.
Ең ірі көлдері (км2):
Жоғарғы – 84200,
Гурон – 59600,
Мичиган – 58100,
Үлкен Аюлы – 30200,
Эри – 25700.
Табиғатының басты ерекшеліктері
• Дүние жүзіндегі аса ұзын әрі енді тау жүйесі – Кордильер тауы, оның ұзындығы 9000 км – ге жуық, ең енді жері 1600 км – гетең.
• Дүние жүзіндегі ең үлкен әрі терең Колорадо каньонының тереңдігі 1600 м, ұзындығы 446 км, ені 25 км – ге дейін жетеді.
• Дүние жүзіндегі ең ұзын жер асты үңгірі – Флинт – Мамонпи Аппалач тауының оңтүстік – шығысында орналасқан, ұзындығы 500 км.
• Дүние жүзіндегі ең үлкен Хабборт тау мұздығы Аляска жотасында орналасқан, оның ұзындығы 145 км.
• Дүниежүзілік мұхиттағы биіктігі 18 м – ге жететін ең биік толысу толқындары материктің шығысындағы Фанди шығанағындабайқалады.
• Дүние жүзіндегі ірі мұздық – тектоникалық көлдер белдеуі Кордильер тауының солтүстік – шығысынан Аппалач тауларының етегіне дейін созылып жатыр.
• Дүние жүзіндегі ең биік ағаш – биіктігі 100 м – ден асатын мәңгі жасылсеквойя материктің Тынық мұхит жағалауында өседі.
• Материкгің теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан нүктесі – Өлім аңгары, ол теңіз деңгейінен 86 метр төмен жатыр.
• Материктегі ең ыстықжер – Өлім аңғары (+57°С), бұл солтүстік жарты шар материктерінде байқалатын ең жоғары температура.
• Материктегі жылдық жауын – шашынның ең көп түсетін жері – Кордильер тауының солтүстік – батыс жағалауы, мұнда 6000 мм – ге дейін жауын – шашын түседі.
• Солтүстік Америкадағы жылдық жауын – шашынның ең аз жауатын жері –Калифорния шығанағының солтүстігі мен Үлкен Алап, мұнда жылдық жауын – шашын мөлшері 100 мм – ден кем.
Материктің ашылу және зерттелу тарихы.
1492 жылы X. Колумб бастаған испан экспедициясы материктің оңтүстік жағалауын ашқанын білесіндер. Олардан кеп бұрын, X ғасырдың аяғында, Исландия жағалауы арқылы Гренландия жағалауына жеткен нормандарсолтүстіктің қатаң климат жағдайында бірнеше жүз жыл бойы аралдың оңтүстігі мен оңтүстік – шығыс жағалауында тұрған. Кейінірек олар Лабрадор түбегінің солтүстік – шығыс жағалауына дейін жеткен. XV ғасырдың аяғында ағылшын қызметіндегі итальяндық Джон Кабот Нью – фаундленд аралы мен Лабрадор түбегі жағалауын ашты. Ал 1519 жылы Эрнан Кортесбастаған испандардың жорығы ацтектер мемлекеті орналасқан қазіргі Мексика жерін басып алумен аяқталды. Ағылшын саяхатшылары Генри Гудзон (XVII ғасыр), Александер Макензи (XVII ғасыр) материктің солтүстік және шығыс жағалауларында көптеген жаңа жерлерді ашты. Материкте бұл саяхатшылар – дың кұрметіне қойылған жер – су атаулары баршылық Солтүстік Американың Ресей шекараларына көршілес орналасқан Аляска жерін ашу мен оны зерттеп, игеруде орыс саяхатшылары зор үлес қосты. 1741 жылы Витус Беринг пен Алексей Чириков екі желкенді кемемен Алеут аралдарын бойлай жүзіп, Аляска жағалауын зерттеді. 1778 жылы ағылшын саяхатшысы Джеймс Кук Солтүстік Американың батыс жағалауымен жоғары ендікке дейін зерттеу жұмыстарын жүргізіп, Нортон шығанағын зерттеді.
XX ғасырдың басында норвег поляр зерттеушісі Руаль Амундсен алғаш рет материктің солтүстік жағалауымен жүзіп өтіп, Жердің солтүстік магниттік полюсінің орнын анықтады. Қазіргі кезде материк табиғатын зерттеу мен табиғат байлықтарын игеруде ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары пайдаланылуда. Бұл зерттеулер осында орналасқан АҚШ пен Канада сияқты күшті дамыған мемлекеттер қатысуы арқылы жүргізіледі.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген