Солтүстік Америка материгіне саяхат, қорытынды сабақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Солтүстік Америка материгіне саяхат, қорытынды сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
қорытынды сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

31. 01. 2013ж 7 «ә» класс


Сабақтың тақырыбы: Солтүстік Америка материгіне саяхат, қорытынды сабақ

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың Солтүстік Америка материгі туралы алған білімдерін тиянақтау, өткен сабақтан алған білімдерін жүйелеу арқылы тақырыптарды тереңірек меңгерту.

Дамытушылық: Оқушылардың өз ойларын жете айта білуге, өткен тақырыптарды байланыстыра отырып жан-жақты ойлау, топпен, картамен жұмыс жасау қабілеттерін, дағдыларын дамыту. Саяхат сабақ арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Тәрбиелік: Әдептілік ережелерін бойына сіңірген шығармашылық қабілеті мүмкіндігінше дамыған азамат тәрбиелеу.

Сабақтың міндеттері:










Сабақтың түрі: Саяхат сабақ

Сабақтың әдісі: Өздік ізденіс жұмыс

Сабақтың пәнаралық байланысы: әдебиет

Сабақтың көрнекілігі: Солтүстік Американың физикалық картасы, интерактивті тақта, слайд, жұмыс дәптері.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Қызығушылықты ояту

ІІІ. Материкке шолу

IV. Бекіту

V. Қорытындылау. Бағалау

VI. Үйге тапсырма беру

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың көңіл-күйін сабаққа аудару.

ІІ. Қызығушылықты ояту. Солтүстік Америка материгін таныстыру туралы тақпақ оқып, тақырыпты ашу. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Мен өзім үш бұрышқа ұқсас жермін,

Қазір де әл-ауқатты бірнеше елмін.

АҚШ бар, Канада бар, Мексика бар,

Даңқымен таң қалдырған барлық елдің,

Тауларым бар Кордильер мен Аппалачтай,

Макензи, Миссисипи суым қандай!

Виннипег, Ұлы көлдер, тұзды көлім,

Тамаша көрген адам таң қалғандай.

-Балалар осы өлең жолдарында қай материк туралы айтылған? (Солтүстік Америка)

-Солтүстік Америка материгінің қандай ерекшеліктерін білеміз? (Ерекшеліктерін атап интерактивті тақтаға «өрмекшінің торын» құрайды)

DrawObject1 Ең ұзын жер асты үңгірі – Флинт-Мамонт

ҰDrawObject2 DrawObject3 DrawObject4 зын тау – Кордильера Ең биік ағаш – секвоя


ЕDrawObject5 DrawObject6 ң үлкен арал – Грнеландия Ең үлкен каньон – Колорадо

DrawObject7

Ең үлкен тау мұздығы – Аляска

ІІІ. Материкке шолу.

-Бүгінгі сабағымыз Солтүстік Американың ең биік жері Кордильер тауының Мак-Кинли (6193 м) шыңына саяхат жасаймыз. Оған шығуда жолымыздағы кедергілер бар екен, одан өту үшін Солтүстік Америка материгіне байланысты тапсырмаларды орындауымыз керек. Саяхатқа дайынбыз ба? (сынып төрт топқа бөлініп жұмыс жасайды)


ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНЫ.

1-тапсырма

Кескін картаға Солтүстік Американың шеткі нүктелерін белгілеу. (әр топтан бір оқушы шығып орындайды)

1 топ – Солтүстік Американың солтүстік шеткі нүктесін көрсету. (Мерчисон мүйісі)

2 топ – Солтүстік Американың оңтүстік шеткі нүктесін көрсету. (Марьято мүйісі)

3 топ – Солтүстік Американың батыс шеткі нүстесін көрсету. (Принц Уэльский мүйісі)

4 топ – Солтүстік Американың шығыс шеткі нүктесін көрсету. (Сент-Чарльз мүйісі)


ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ

2-тапсырма

Солтүстік Америка материгінің зерттелу тарихы бойынша кестені толтыру. (2, 3-ші бағандарда зерттеушінің суреті тұрады атын және ашқан жерлерін табуы тиіс)

Жылдар және ғасырлар

Зерттеушілердің

аты-жөні мен суреттері

Ашқан және зерттеген жерлері

1492 жылы

Хростофор Колумб



Материктің оңтүстік жағалауын ашты

ХV ғасырда

Джон Кабот

Ньюфауленд аралы мен Лабрадор түбегі жағалауын ашты

ХVІІ ғасырда

Генри Гудзон

Александр Макензи

Материктің солтүстік және шығыс жағалауында жаңа жерлерді ашты

1741 жылы

Витус Беринг

Алексей Чириков

Аляска жағалауын зерттеді


ЖЕР БЕДЕРІ МЕН ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРЫ

3-тапсырма

КDrawObject9 DrawObject8 ескін картада белгіленген сандарда қай объектілер орналасқан және пайдалы қазбаларын шартты белгілер арқылы түсіру. (1-топ мұнай, 2- топ тас көмір, 3-топ темір, 4-топ табиғи газды түсіреді)

1-топ мұнай

2- топ тас көмір

DrawObject10 3-топ темір

DrawObject11 4-топ табиғи газ


1- Солтүстік Америка материгінің батыс бөлігіндегі тау. (Кордильера тауы)

2- Солтүстік Америка материгінің шығыс бөлігіндегі тау. (Аппалач тауы)

3- Солтүстік Америка материгіндегі жазық. (Орталық жазық)

4- Солтүстік Америка материгіндегі жазық. (Ұлы жазық)


КЛИМАТТЫҚ БЕЛДЕУЛЕР.

4-тапсырма

-Солтүстік Америка материгінің климаты қай материкпен ұқсас? (Еуразия)

-Неше кламматтық белдрек кесіп өтеді? (6 белдеу)

Климаттық белдеулерге байланысты сұрақтарға жауап беру.

1- Солтүстік Америка материгінің ең суық жері? (Гренландия аралының орталығы -70 0 С)

2- Солтүстік Америка материгінің ең ыстық жері? (Өлім аңғары +570 С)

3- Солтүстік Америка материгінде жауын-шашын ең көп түсетін жері? (Кордильераның солтүстік-батыс жағалауы 6000 мм)

3- Солтүстік Америка материгінде жауын-шашын ең аз түсетін жері? (Калифорния шығанағының солтүстігі мен Үлкен Алап 100 мм)


ІШКІ СУЛАРЫ

5-тапсырма

Солтүстік Америка өзендерінің және осы ерекшеліктерін туғызып отырған себептерді белгілеу.

Өзендерінің ерекшеліктері

Себептері

Жауаптары

Миссисипидің күрделі режимін

а) сең жүру көктемнің аяғында жоғары ағыстан басталады

1-ә

Жаз айынның басында Макензи өзенінің төменгі ағысында мұз кептеулері жиі пайда болып тұрады

ә) бірнеше климаттық белдеулер арқылы ағып өтеді

2-а

Колораданың саласы жоққа тән

б) жауын-шашын көп болады

3-в

Колумбияның жыл бойына суы мол

в) жауын-шашын аз түседі

4-б


ТАБИҒАТ ЗОНАЛАРЫ

6-тапсырма

Сандық диктант: Төменде берілген зоналарға сәйкес келетін белгілерді санмен көрсету.

1 топ. Арктикалық шөл – 6, 2

2 топ. Тундра және тайга – 1,7

3 топ. Аралас жалпақ жапырақты орман және шөлейт – 4, 5

3топ. Орманды дала – 3, 8

  1. Бұл зонада карибу бұғысы тіршілік етеді.

  2. Өсімдігі мүк пен қына.

  3. Зонада биіктігі 1,5 метрге жететін селеу, боз, шалғын т.б. өсімдіктері өседі.

  4. Мұнда тікенекті бұталар, жусан өседі.

  5. Климаты ылғалды, жұмсақ болып келеді.

  6. Дүниежүзілік Қызыл Кітапқа еңген қойөгіз тіршілік етеді.

  7. Жануарлардан қара аю, гризли аюы, сілеусін т.б. бар.

  8. Ылғал мен жылу жеткілікті болғандықтан топырағы қара және күрең болып келеді.


ХАЛҚЫ МЕН ЕЛДЕРІ

7-тапсырма

Солтүстік Америка материгінің төрт мемлекеті карточкада берілген қай топқа қай ел келеді сол елдің астанасын жазу және картадан көрсету.

Мемлекеттер

Астанасы

АҚШ

Вашингтон

Канада

Оттава

Мексика

Мехико

Панама

Панама


ІV. Бекіту тапсырмалары. Т Е С Т

- қосымша беттерден қараймыз

V. Қорытындылау. Бағалау.

-Бүгінгі саяхат-сабағымызда біз Солтүстік Американың ең биік Мак-Кинли шыңына жеттік. Шыңға шыққанда нені көрдік? (биік таудың суретінде Қазақстанның туы тұрады ). Әр топ тапсырмаларды жақсы орындады. Өмір де, білімде де осындай биік шыңдарға жете біліңіздер.


VІ. Үйге тапсырма: «Солтүстік Америка материгіне бір күндік саяхат» тақырыбында шағын шығарма жазу.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
18.01.2019
642
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі