400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Соңғы қоңырау

Материал туралы қысқаша түсінік
Іс-шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Сыңғырла , соңғы қоңырау ! » атты соңғы қоңырау салтанатты жиынның сценарииі

Өтетін күні: 25 мамыр 2017 жыл
Өтетін уақыты: сағат 9.00
Өтетін орны: мектеп алаңы
Музыка орындалады
Жүргізушілер шығады: 
I – жүргізуші: Тарихы терең қазақ деген көне елде
Ел белгі де ерлік, өрлік, өнерде,
Жаһандағы ең жауынгер халықта
Кім сенеді ту болмады дегенге?!
I - жүргізуші: Мазмұнына өрнегі жарасқан, тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін, - дей отырып ҚР мемлекеттік туын көтеру құрметін мектеп бітіруші түлектер, үлгілі оқушылар ...........................................................................................................................................
I - жүргізуші:
Мектеп қой Еліміздің қаны, жаны,
Мектептен басталады бәрі - бәрі.
Бүгінгі мектеппен қоштасу салтанатында,
Шырқалсын Қазақстан әнұраны!

« Сыңғырла , соңғы қоңырау !» атты соңғы қоңырау салтанатты жиыны ашық деп жариялансын!. ҚР мемлекеттік туы көтерілсін.
(ҚР туы көтеріліп, әнұраны айтылады)

I - жүргізуші: Оңтүстіктей кең жазық даласында
Берекелі Түркістан қаласында
Мектеп бар Байтұрсыновтай өлкемізде
Арналған алғыр, зерек баласына
Армысыздар ардақты ата – аналар , аяулы ұстаздар, қымбатты оқушылар, қадірлі жас түлектер!

11 жыл бойы тәрбие мен білім нәрін бойына құйып, ұстаздарына анасындай еркелеп, балалық шағын алаңсыз өткізген жас түлектердің мектебімен, әліппеден бастап өмір заңдарына дейін үйреткен ұстаздардың шәкірттермен қоштасу мерекесі – соңғы қоңырау мерекесіне қош келдіңіздер!

I - жүргізуші: Міне, бүгін қызығы мен қиыншылығы мол, әр оқу жылы қайталанбас тарихқа толы мектептің мерекесі, оқушылардың сыныптан - сыныпқа көшіп, асыға күткен жазғы демалысқа шығарып, салатын – соңғы қоңырау салтанаты!

Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл - қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр. Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпесі анық.
Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, біздің мектебіміздің ..................... түлегі бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.

I - жүргізуші: Жас жүректің өмірлік құштары – гүл,
Бағбан - ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр, - деп алтын ұя мектебінің табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы отырған мектеп бітіруші түлектерді құрметпен ортаға шақырамыз. ( музыка)

I - жүргізуші: Бәрі де баласындай бір ананың,
Өз елі қазағының ұғады әнін.
Қызы ибалы, ұлы ер, шықсын кәне,
Он бірінші «А» сыныбы Қарлығаш апайдың.

Қарсы алыңыздар, бүгінгі бітіруші түлектердің 11 «а» сынып жетекшісі: Тағаева Қарлығаш Тоқтамысқызы есімін құрметпен атай отырып қошеметпен ортаға шақырамыз. (музыка әуені)

I – жүргізуші:: Даламдай кең түсінігі, ұғымы,
Қазаққа тән мінезі мен қылығы.
Тахминаның сом алтындай ұл - қызы,
Алдарыңызда он бірінші «Ә» сыныбы.

Қарсы алыңыздар, бүгінгі бітіруші түлектердің 11 «ә» сынып жетекшісі: Балтабаева Тахмина есімін құрметпен атай отырып қошеметпен ортаға шақырамыз. (музыка әуені)
I- жүргізуші Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
   Жан сәулесін тарататын баршаға.
   Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
   Түлектерді шақырайық ортаға.
  
I – жүргізуші: Алдарыңда сан тарау жолдары тұр,
Бәрі ертеңгі азамат болғалы тұр.
Үлкен өмір есігін ашпақ, міне,
Келген қауым, қол соғып, қолда бүкіл!

(Музыка әуенімен бітіруші түлектер шығып орындарына тұрады)

I - жүргізуші: Бүгін - алғашқы қоңырау мен соңғы қоңыраудың арасын жалғаған 11 жылдың мәреге жеткен күн.
Бүгін -«мектебім, ұстазым» деп көңілің қимастық кешкен күн.

Бүгін - атаң ақ жол тілеп, ақ бата берсем деген күн.
Бүгін - әжең ерке ұланының ержеткенін көрсем деген күн.
Бүгін - әкең қызым бой жетті деп мақтанған күн
Бүгін – анаң ұлым ер жетті деп шаттанған күн.
Бүгін - ұстазыңның жанында шәкірт болып соңғы рет топталған күн.
Бүгін - арман қуып алысқа аттанған күн.
Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн.
I – жүргізуші: Ендеше, сәт сапар, жас түлектер!
Қош айтысып балалық шақ өткеніне,
Қош айтысып сүйікті лицейіне
Тұғырдан түлеп ұшқан жас қырандар
Аттанып барады өмір көктеміне
Білімді шәкірттерін аялаған
Жақсылығын ешкімнен аямаған,
Саялы бақ, жанашыры жас ұрпақтың
«Ұстаз» деген аяулы, ардақты адам.
Өмірде өлшенбейтін іс – балаға берген білімің, мейірімің, қамқор пейілің. Ол – болашақ. Болашақтың бүр жарған сабағына құйған білім нәрің мәңгілік. Осынау мәңгілік борышты ауырсынбай, аянбай, өзімнің адамгершілік парызым, қала берді ағалық қамқорлығым деп түсінген. қимас сәтте өздеріңе арналған алғашқы құттықтау сөзді мектебіміздің директоры Гүлназ Шерімқұлова апайға береміз.(Мектеп директоры сөз сөйлейді)

I - жүргізуші: Арнап келер мерейтой, мейрамдарда,
Мәртебең де биік қой мейрам барда.
Бүгінгі мектеп кешіне тілек айтсын,- дей отырып, сөз кезегі қонақтарда. бүгінгі салтанатты жиынға қатысып отырган қонақтарды құрметпен атай келе құттықтау сөз кезегі сіздерде.


I – жүргізуші:
Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан, ата - анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата - ананы. «Ата - ана баланың бас ұстазы» дегендей ата - ана мен мұғалім қатар тұрғанда бала өзіне деген қамқорлықты толық сезінеді. Сөз кезегі құрметті де қадірлі ата - аналарымыз атынан ............................................................................................................................

Жаны асыл ұстаздарды еске алыңдар,
Жаңа сыр ашатұғын жас дарындар,
Шәкірті жаман екен дегізбеңдер,
Санасы биік адал дос табыңдар!
Иә, сендер әрқашан еске алып жүретін жаны асыл ұстаздарың да бүгінгі соңғы Қоңырау үнімен өздеріңмен қоштаспақ. Енді солардың шәкірттеріне деген соңғы ақыл - кеңесін, сәт сапарын тыңдайық. Сынып жетекшілер атынан құттықтау сөз: Тағаева Қарлығаш апайға беріледі.
Ұстаз! Осы сөзде қаншама ұлылық жатыр десеңізші! Сөз маржанын терген ақын – жазушыда, көк күмбезіне самғаған ғарышкер де, тіпті Елбасының өзі де ұстаз алдында иіліп тағзым ететіні рас. Өз уақытын аямаған, шәкіртінің уақытын аялаған, ұстаздарға сазды сәлем жолданады.
Хор: «Ұстазым» әні. Орындайтындар бітіруші түлектер.


Аманат ту тапсырушының сөзі:
Әнге ән, жырға жыр жалғап Барамыз ұшып ұядан!
Айтамын саған аманат, Iзбасар 10 - сыныптар!

Мейірімінен шуақ төгілген, Ұстаздар саған аманат!
Шығатын күміс үнімен Әндерім саған аманат!
Аулада тұрған талдар мен Сыныптағы гүлдер аманат!
Жалғайтын арман таңдарға Сағыныш саған аманат!
Жастанып кейде ұйықтаған, Кітабым саған аманат!
Көрінбейтін шимай - шатпақтан Дәптерім саған аманат!
Бір жеңіп бірде жеңілген Жарыстар саған аманат!!
Сыр алған тұнық сезімінен Өлеңдер саған аманат!
Қос өрім қылып тағатын Ақ бантик саған аманат!
Үзілісте соғатын Қоңырау саған аманат!
Үлгілі тәртіп, үздік оқу - ізбасарым саған аманат!
Желбірейтін биікте - Алтын ұя туы аманат!
Кір келтірмей атына, биікке самғау - бізге аманат!
«Қош бол алтын ұям» - деп айтамыз сізге сау - саламат!

Аманат ту қабылдаушының сөзі: Біз 10 сынып оқушылары: Сіздерден қастерлі аманатты қабылдай отырып, бізге артқан сенімдеріңізді ақтауға, білім мен тәрбиенің барлық салаларынан алда болуға, мемлекетімізді гүлдендіруге, дамытуға негіз болатын ғылыми жетістіктерін кеңінен игерген саналы азамат болып шығуға лицейіміздің мәртебелі екенін биіктетіп, жоғары деңгейге көтеруге өз үлесімізді қосамыз деп сеніммен ант береміз! ( Аманат туын қабылдаған оқушылар орындарына барып тұрады)

I – жүргізуші: Еліңді таң қалдыршы ұлы істермен,
Қатарына қаймықпай құрышты ерген.
Туды биік көтеріп қалықтатшы,
Қуанта бер қашанда жеңістермен
I - жүргізуші: Мойытпасын қиындықтар сендерді.,
Батылдықпен асыңдар сан белді,
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар елді енді.

I- жүргізуші: Ұшырса да өмірдің сан түлегін,
Ұстаз - ғалым, толастамас мәңгі сын.
Тыншымайтын асыл жандар аяулы,
Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын.
Келесі құттықтау сөз , бітіруші жас түлектерге беріледі.

I - жүргізуші: Қоңырау мектеп өміріндегі құлаққа жағымды шәкірт жүрегінде сақталатын ұмытылмас үн. Жүректері лүпіл қағып қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері араласқан осынау сәтте мектебімен қоштасып өмірдің екінші белесіне қадам басқалы тұрған сіздер, осыдан 11 жыл бұрын қоңырау үнімен мектеп табалдырығын аттаған болсаңдар сол сыңғырлаған қоңырау үнімен болашаққа аттанбақшысыңдар. Қымбатты мектеп бітіруші жас түлектер! Мектепте 11 жыл ішінде 20 мыңнан аса қоңырау үнін естідіңдер. Оны алғаш қолыңа гүл алып, мектеп табалдырығын аттағанда естідің, 45 минут бойы өзің сүйіп оқитын сабағың аяқталғанда. Ал, бүгінгі қоңырау үні ерекше. Ол мектеппен қоштасар соңғы қоңырау. Ол балалық шақтан мектеп белесіне асыратын қоңырау. Сәт сапар, саған жас түлек!
I - жүргізуші: -
Гүлдерге толып омырау
Түлектер тойын тойлайды.
Қағылмақ соңғы қоңырау
Қаққызбай өмір қоймайды
Бәрі – сын, араласың, өмір аулың,
Бәрі – шын, қоштасарда қоңырау мұң.
Мәнісін ұғасыңдар өткен күннің,
Дауысын естігенде қоңыраудың
Балалықтың соңғы әнін шырқап бүгін
Қоңыраудың естиміз соңғы үнін


(Қоңырау соғу сәті.)
I – жүргізуші: Бірлік деген даналар мен кемеңгер
Бір - біріңді әрқашанда елеңдер
Түрлі асу жолдарында тағдырдың,
Бір - біріңе сүйеу болып демеңдер.

Сонда естілер ел жұртыңның нұрлы үні,
Сонда жеңер мына өмірдің шындығы.
Әуелетіп аспанға шар ұшырдық,
Ол бірлігің, мәңгі бірлік символы!

Қоштасады ұшқан ұяң – мектебің,
Маңдайынан сүйіп өтер көктемің.
«Сәт сапар» - деп қол бұлғаймыз бәріміз,
Тілейміз біз армандарға жеткенін.

Түлектердің бақыт гүлі ашылсын,
Ақылына әлем халқы бас ұрсын.
Деген асыл ниетпенен, ағайын,
Ақ жолына той шашуы шашылсын! ( Шашу шашылады)

I - жүргізуші: Құрметті мектеп бітіруші 10 - шы жас түлектер! Ата - аналар мен қонақтар! Аяулы ұстаздар! «Сәт сапар саған, жас түлек!» атты салтанатты жиынын жабық деп жариялаймын!

Құрметті мектеп оқушылары! Республика туы астында қатар тізеп, тік тұрыңдар! ҚР мемлекеттік Туы түсірілсін!
(Әнұран орындалады)
Аяулы ұстаздар, қымбатты оқушылар жазғы демалысты жақсы өткізіп, келесі жаңа оқу жылында амандықпен жолыққанша сау саламатта болыңыздар. Сәт сапар, сіздерге, Жас түлектер!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
754
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі