Материалдар / Соңғы қоңырау кеші
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Соңғы қоңырау кеші

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қараша 2018
588
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты "Оралхан Бөкей атындағы

Белқарағай орта мектебі" КММ-де өтетін 2017-2018 оқу жылының

соңғы қоңырау салтанатының жоспары.

Ұйымдастырушы: директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кулетаева Альмира Абилькызы, 11 сынып оқушылары
Жүргізуші: География пәнінің мұғалімі  Кайдаров Азамат Болатбекович

Бастауыш сынып мұғалімі Дюсенова Арайлым Марксқызы

Азамат: Қайырлы күн құрметті қонақтар, ұстаздар, ата – аналар, оқушылар! Міне, бүгін қызығы мен қиыншылығы мол, әр жылы қайталанбас тарихқа толы, оқушылардың сыныптан-сыныпқа көшіп асыға күткен жазғы демалысқа шығарып салатын мектептің мерекесі – соңғы қоңырау салтанаты! Жылдағы дәстүр бойынша білімнің ордасы, ұлылықтың мекенінде тойланатын соңғы қоңырау мерекесі «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатына қош келдіңіздер!

Арай: Өзіңменен өлшеусіз нарқым менің, Асқар тау, арқа тұтар алтын белім. Ұядан ұрпағыңды ұшырмаққа Қош келдің, айналайын, халқым менің!

Алдарында сан тарау жолдары тұр,
Бәрі ертеңгі азамат болғалы тұр,
Үлкен өмір есігін ашпақ, міне
Келген, қауым қол соғып, қолда бүгін.

Азамат:

Міне, көптен күткен салтанатты сәт те келіп жетті. Кеше ғана мектеп табалдырығынан имене аттаған ұл-қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасар сәтті күтіп, соңғы қоңырау мерекесіне келді. Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім деп, атақты жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай, жан-жақты дамыған ұрпақтың болашағы білім беру жүйесіне байланысты.

Арай: Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр. Бұл күн-мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпесі анық...


Азамат:

Ұрпағың мақтануға болса лайық

Біз бүгін мақтанайық, жыр салайық

Биылғы жыл түлектерін

Құрметпенен қол соғып қарсы алайық!

Алдарыңызда мектеп түлектері және сабақ беретің пән мұғалімдері!  

(Музыка жетелеуімен мектеп түлектері, ұстаздар ортаға шығады).

Әрқайсысын таныстыру


Арай:

- Мектебіміздің ұлағатты ұстазы, математика пәнінің мұғалімі, түлектердің жетекшісі-Жайлибаева Бақытжамал Қабдешқызы.

-Оқу екпіндісі, мектебіміздің беделді спортшысы – Айткумаров Азамат

Азамат:

- Мектебіміздің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі, ардақты ұстаз -Кайдарова Мира Кумарқызың

- Білімді де өнерлі шәкірті-Аскербеков Әли Роланұлымен қарсы алыңыздар!

Арай:

-Тарих пәнінің мұғалімі Темирханов Даурен Кайдарұлын және

- Сынып белсендісі, оқу екпіндісі, "Дарын" орталығы олимпиадасының ІІ орын жүлдегері, биші - Саяшева Алтынайды қарсы алайық!

Азамат:

-Мектебіміздің беделді де ұлағатты ұстазы-Тыныбекова Күмісай Тукашқызын өзінің шәкірті

- Білімді де өнерлі - Искакова Назыммен қарсы алыңыздар!

Арай:

- Мектебіміздің ардақты ұстазы, қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Қайырғазина Құралай Тұрсынқызын

-Салмақты, ақкөңіл – Серкенев Әлішермен қарсы алайық!

Азамат:

-Мектебіміздің биология пәнінің мұғалімі -Сақиғожина Зульфия Марксқызың

- Сынып белсендісі, оқу екпіндісі,биология пәнінен мектепішілік олимпиада жүлдегері-Даулетқанова Нарғызды қарсы алайық!

Арай:

- Жас маман, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі-Кабулов Абылайхан Амангелдіұлын

- Қазақ күресінен облыстың Іорын жеңімпазы, еңбекқор-Қайырбеков Ерасылмен қарсы алайық!

Азамат:

-Мектебіміздің физика және информатика пәнінің мұғалімі-Кайдарова Айнұр Қайратқызын

-Спортшы, көптеген сайыстардың жеңімпазы, мектеп мақтанышы -Затеев Русланды қошеметпен қарсы алайық!
Арай:

- Мектеп менеджері, белсенді ұстаз-Узембаева Жанар Мамыржановна және

- Салмақты, қол күресінің жеңімпазы - Жандарханов Айқынды қарсы алыңыздар!

Азамат:
-Мектебіміздің ағылшын пәнінің мұғалімі-Шарыпова Шынар Тоқтарбекқызын

-Ақкөңіл, мейірімді, биязы- Серікболова Ләззатты қарсы алайық!

Арай:

 Тарихы терең қазақ деген көне елде,
Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнерде.
Жаһандағы ең жауынгер халықта, 
Кім сенеді ту болмады дегенге?!

Мазмұнына өрнегі жарасқан, тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін,-дей отырып, салтанатты жиынымызға мемлекеттік туымызды ендіреміз.


АӘД ұйымдастырушысы: Назар аударыңыздар,салтанатты жиынға ҚР Мемлекеттік Туы енгізілсін!

Азамат:

Батырлыққа уызынан жарыған,
Ер түркіні байрағынан таныған.
Өзі ақын, өзі әнші халыққа,
Жарасады жігер берер әнұран.

  Мемлекеттік әнұранды орындау

Қазақстан Республикасының көк байрағы әрқашанда қуанышта, сән салтанатымен желбіресін дей келе,   Оралхан Бөкей атындағы Белқарағай орта мектебінің 2017-2018 оқу жылындағы соңғы қоңырау салтанатын ашық деп жариялаймыз. 


Өздеріңіз білесіздер биылғы жыл маңызды оқиғаларға толы жыл.

- Катонқарағай ауданының 90 жылдығы

Халық Қаһарманы,партизан-жазушы Қасым Қайсеновтің туғанына бір ғасыр толды

6 шілдеде Астана қаласының 20 жылдығы

Арай:
Құрметті ата-аналар, орта мектепті бітіруші түлектер! Бүгінгі өздеріңізге арналған салтанатты жиынға келіп отырған қонақтарымызбен таныстырып кетейік.
(Арнайы келген аудандық Білім бөлімінің өкілдері т.б.таныстырылады )

1._____________________________________________________________

2._____________________________________________________________

3._______________________________________________________________

4.________________________________________________________________

Азамат:
Білімді шәкірттерін аялаған,
Жақсылығын ешкімнен аямаған,
Саялы бақ жанашыры жас ұрпақтың,
Ұстаз-деген – аяулы, ардақты адам.
Алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры
Ахмадиев Азілхан Кадылханұлына беріледі.
(Үздіктерді марапаттау)

  Арай:

Ғылымды терең меңгеріп,
Үмітті бұлар ақтады.
Мектепті үздік бітіріп,
Ұстаздың болды мақтаны.

Шығыңдар білім шыңына,
Батамыз осы сендерге.
Болыңдар үздік тағы да,
оқуда да,  еңбекте.
 

Азамат:
Арман ойлар жеткізбеген аңсаған

Қайрат күші қажыта алмас қарсы ағын

Өмір теңіз толқындарын көргенде

Асыл аға тілегіңді аңсармын.


Қонақтарға сөз беру

Арай:

- Ажырамай мектептен бір елі сіз, 
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге, 
түлектерге арналсын тілегіңіз. 
Құттықтау сөз мектебіміздің зейнеткер ұстазы ( Сайгүл Қабдырашевнаға) беріледі.

-   Азамат: 

Әлі есімде әліппені ашқаным,
Есіміңді мәңгі есте сақтадым.
Жүрегіме нұрын құйған жылылық,
Көрген емес ешқашанда суынып

Қоңырау сыңғыры көңілді тербейді, 
Бал дәурен балалық айналып келмейді. 
Алғашқы ұстазың әліппе ұстатқан 
Жүректе ешқашан өшпейді. 
Түлектердің алғашқы ұстазы  қолға қалам алдырып 42 әріпті үйретікен Арайлым Марксқызына сөз кезегін берелік. 
Азамат:  
-    Мына жолмен енді қайта өте алмай кетерсің, 
Шыға алмаған, асуыңа аман болсаң жетерсің. 
Ей түлегім, ей түлегім, басыңды бір көтерші
Мына тұрған мектебіңді қалай қиып кетерсің. 
- Иә осыдан 11 жыл бұрын мектеп табалдырығын тарыдай болып аттаған бүлдіршіндер, бүгін таудай болып ұясынан ұшпақшы. Ендеше балғын балалық шаққа саяхат жасап, 1 сынып оқушыларының періште көңілінен шыққан тілектерін тыңдайық. 


Құттықтау сөз 1 сынып оқушыларына беріледі. 
(1 сыныптың өнері)

Арай:

Мектебің, мынау класың 
осында он жыл тұрасың, 
Тарыдай болып кіресің
Таудай болып шығасың 
Білімнің кілтіндей әліппені аяқтап, білім әлеміне қадам басқан 1 сынып оқушыларына 11 сыныптың аманат тапсыру сәтін тамашалаңыздар. 
- Аманат тапсыру 2 қыз, 1 ұл шығып кілтті тапсырады. 
1- оқушының сөзі: 
- Қалт жібермей жақсы күннің қабағын,
Алау болып жанамын деп ойладым.
Ақынжанды болғаннан соң оқыдық,
Ұстаздардың мұқият тыңдап сабағын.
Көп іздедік, көпті көрдік, тыңдадық,
Қиналдық та, майыстық та сынбадық.
Есеппенен бас қатырып, тырысып,
Сөйлем талдап, романдарды тыңдадық. 
2- оқушының сөзі: 
Білім жолы- қиын жол! Қиындықтан қорықпа, білім алудан жалықпа. Білімнің мына алтын кілті сендерге алдағы көп сұрақтың жауабын шешуге көмектессін. Аманатқа осы кілтті тапсыра отыра сендерге зор денсаулық, мол бақыт тілейміз. 
3- оқушы кілтті 1 сыныпқа тапсырады:
- Мына біздің кішкене сыйлығымыз, сіздерге бізден ескерткіш болсын.
  1 сыныпқа, сыйлықтарын береді. 

Азамат:

Мектебің – алтын ұя жарқыраған,
Ұстазың – бұлақ көзі сарқыраған.
Шыңдалып, шыңға қарай қанат қақтың,
Шарықта, жас қыраным, ақ жол саған-дей келе келесі сөз кезегін бастауыштан орта буынға өтіп отырған 4 сынып оқушыларына береміз.
(Бастауыш сынып оқушыларының әдеби-композициялық құттықтауы)

Арай:

Жақсы шәкірт азамат атанады

Халқынан ата-анадан бата алады

Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін

Ортаға шақырайық ата-ананы

Келесі сөз кезегін құрметті де қадірлі ата-аналар атынан 
_________________________________________________________________

__________________________________________________________________

Азамат:
-    Ата – ананың өмірінің жалғасы,
Ұстазының енді толған арнасы. 
Өмір бақтың пісіп тұрған алмасы,
Түлектерім сөйлейді. 

Кең пейіл мен ақ арманнан нұр алған,
Туған жердің бақытына жаралған.
Орын табар бақыт деген аралдан,
Жүректерің не дейді ?
Түлектерім сөйлейді. 
Мектеп түлектеріне сөз кезегін берейік. 

Арай:
 -    Биік сенің ұстаздық қасиетің, 
Мінезің жоқ қиынға бас иетін. 
Өмірге тәрбиелеп, құлшындырған,
Жүрегімде әр кез өсиетің – 
деп қанаттарын қатайтып бірге жүріп, бірге күлген, сынып жетекшісі Жайлибаева Бақытжамал Кабдешқызына сөз береміз. 
Азамат:

Қымбатты мектеп бітіруші жас түлектер! 
Мектептегі 11 жыл ішінде сендер 20 мыңнан аса қоңырау үнін естідіңдер. Оны алғаш қолыңа гүл алып, мектеп табалдырығын аттағанда естідің, 40 минут бойы өзің сүйіп оқитын сабағың аяқталғанда естідің. Ал, бүгінгі қоңыраудың үні ерекше. 

Арай:

Арманың да, жаның да, жалының да, 
Жас талапкер, сөзіме көңіл аудар.
Бұрынғыдай күтпейді мектеп сені, 
Бұрынғыдай соғылмас қоңыраулар...
Мектеп қайта есігін ашпас енді,
Өмір ұстаз, ақылды ақшаш енді
Басқаша енді өмірдің бас сабағы. 
Қоңыраулар соғылар басқаша енді.
 
Азамат

-Қағылды соңғы қоңырау күмбірлеген,
Аралап айлық жерді, күндік жерді. 
Соңғы қоңырау сендерді үлкен өмірге шығарып салды. 
Соңғы қоңырау  балалықты сендерден алып қалды. 

- Алда сендерді үлкен сын   мемлекеттік емтихан, ҰБТ күтіп тұр. Сендерге ақ жол тілейміз.

Арай:

Бәрі -  сын, араласаң, өмір аулың,
Бәрі – шын, қоштасарда қоңырау мұң.
Мәнісін ұғасыңдар өткен күннің,
Дауысын естігенде қоңыраудың. 
Дауысын қоңыраудың естіп тұрып, 
-Мектептен киелі мекен жоқ екенін түсінесің
- Сыңғырла, сыңғырла соңғы қоңырау. Сәт сапар жас түлектер. Ақ жол. 


Қоңырау соғу сәті!
(Айткумаров Азамат пен Болатбекқызы Мөлдір)

Азамат:

- Мектеп оқушылары! Түзеліп тік тұрыңдар. Егемен Қазақстанның туына қарап сап түзеңдер.

Арай:

Осымен «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты соңғы қоңырау салтанатын жабық деп жариялай отыра, жазғы демалысты жақсы өткізіп, келесі оқу жылында жолыққанша сау болыңыздар!























- Аманат тапсыру 2 қыз, 1 ұл шығып кілтті тапсырады. 
1- оқушының сөзі: 
- Қалт жібермей жақсы күннің қабағын,
Алау болып жанамын деп ойладым.
Ақынжанды болғаннан соң оқыдық,
Ұстаздардың мұқият тыңдап сабағын.
Көп іздедік, көпті көрдік, тыңдадық,
Қиналдық та, майыстық та сынбадық.
Есеппенен бас қатырып, тырысып,
Сөйлем талдап, романдарды тыңдадық. 

2- оқушының сөзі: 
Білім жолы- қиын жол! Қиындықтан қорықпа, білім алудан жалықпа. Білімнің мына алтын кілті сендерге алдағы көп сұрақтың жауабын шешуге көмектессін. Аманатқа осы кілтті тапсыра отыра сендерге зор денсаулық, мол бақыт тілейміз. 

3- оқушы кілтті 1 сыныпқа тапсырады:
- Мына біздің кішкене сыйлығымыз, сіздерге бізден ескерткіш болсын.
  1 сыныпқа, сыйлықтарын береді. 


























"Оралхан Бөкей атындағы Белқарағай орта мектебі" КММ









Мектепішілік шара

«Сыңғырла, соңғы қоңырау!»

















Жауаптылар: Кулетаева А.А.

Жайлибаева Б.К.











25 мамыр 2018 жыл

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!