400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 17 материал табылды

"Соңғы қоңырау" мерекелік сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп бітіруші түлектерге арналған сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!


2-жүргізуші: Қайырлы күн, қадірлі ата-аналар мен қонақтар!

1-жүргізуші: Өзіңменен өлшеусіз нарқым менің,

Асқар тау, арқа тұтар алтын белім.

Ұядан ұрпағыңды ұшырмаққа

Қош келдің, айналайын, халқым менің!


2-жүргізуші: Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр.


1-жүргізуші: Жас жүректің өмірлік құштары гүл,

Бағбан ұстаз баулыған құстары бұл.

Қоштасып бүгінгі күн ұясынан,

Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр, - деп алтын ұя мектебінің табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы отырған мектеп бітіруші түлектерімізді құрметтеп ортаға шақырамыз. Қарсы алыңыздар!

Алдарыңызда 9 сынып оқушылары.

2-жүргізуші: 2016-2017 оқу жылының аяқталу құрметіне арналған «Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.


1-жүргізуші: Батырлыққа уызынан жарыған

Ер қазақты жалауынан таныған.

Өзі батыр, өзі әнші халыққа

Жарасады жігер берер әнұран.

Қазақстан Республикасының әнұраны орындалсын.


2-жүргізуші: Құтты болсын алғашқы өмір баспалдағы,
Қорқытпасын мұзы, көлі, асқар тауы.
Кірпіш болып қаланып, жеміс берген.
Сіздер үшін айтылады көп арнауы.

Ән «________________»


1-жүргізуші: Ажырамай мектептен бір елі сіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

Сөз берелік құрметпен өзіңізге,

Шәкірттерге арналсын тілегіңіз, - дей отырып, соңғы қоңырау салтанатының алғашқы құттықтау сөзі мектеп басшысы беріледі.



2-жүргізуші: Бәрі есімде, мектепке алғаш барған күн,
Күлімдеп нұр жүзіміз жанған күн
Сыңғыр қағып қуанышпен қоңырау,
Шақырғаны алға бізді арман мың.

Ән «________________________»


1-жүргізуші: Арман ойлар жеткізбеген аңсаған,

Қайрат-күшін қажыта алмас қарсы ағын.

Өмір теңіз толқындарын көргенде

Асыл аға тілегіңді аңсармын, - демекші бүгінгі салтанатты жиынымыздың құрметті қонағы __________________________________________________

сөз береміз


2-жүргізуші: Абзал жандар биік тұлға байсалды,

Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.

Түлектерге жарқын тілек білдіріп,

Құттықтайды бүлдіршіндер баршаңды, - деп, құттықтау кезегі

1-2-3 сынып бүлдіршіндеріне беріледі.


1-жүргізуші: Жақсы шәкірт азамат атанады,

Халқынан ата-анадан бата алады.

Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,

Ортаға шақырайық ата-ананы. Сөз кезегі құрметті де қадірлі ата-аналарға беріледі. ____________


2-жүргізуші: Әлі есімде әліппені ашқаным

Есіміңді есте мәнгі сақтадым

Жүрегіме нұрын құйған жылылық

Көрген емес ешқашанда суынып

1-жүргізуші: Жиынымыз өтіп жатыр салтанатты,

Төгілген күн нұрының шапағаты

Мың бұралып бишілер би билейді,

Халайық қол соғыңыз мархаббатты, - демекші, мектебіміздің биші қыздарының орындауындағы «Қазақ биін» қабыл алыңыздар!


2-жүргізуші: Мектеп маңы толыпты жарасымға,

Ізгілік те, мейірім бәрі осында.

Өмірге қанат қақты жас өрендер,

Асыл арман гүл атып санасында

1-жүргізуші: Алдарыңнан арман жолы ашылады.

Түлектерге бақыт гүлі шашылады.

Ән « »




2-жүргізуші: Соңғы қоңырау. Қымбатты мектеп бітіруші түлектер! Алғаш қолыңа гүл шоғын алып, мектеп табалдырығын аттағаннан бері 20 мыңнан аса қоңырау үнін естідіңдер.Ал бүгінгі қоңырау үні ерекше. Ол мектеппен қоштасар соңғы қоңырау. Ол балалық шақтың өмір белесіне асыратын қоңырау.

Гүлдерге толы омырау,

Өмірде жоқ қой тоқырау.

Қимастық сезім оятып,

Соғылсын соңғы қоңырау.


1-жүргізуші: Соңғы қоңырау соғу салтанаты тапсырылады



2-жүргізуші: Көгершіндей самғаңдар, түлектерім,

Орындалсын өмірде тілектерің.

Үнімен соңғы естіген қоңыраудың.

Дірілдеді - ау ерекше жүректерің.

Түлектердің «Қоштасу вальсі»


1-Жүргізуші: Бұл соңғы қоңырау үні...

Балалықпен қоштасу, үлкен өмірмен қауышу үні.

Өмірде ілбіп, тек көшпей,

Жүретін сергек жол мынау.

Құлақтан үнің кетпестей,

Сыңғырла, соңғы қоңырау, Сыңғырла, соңғы қоңырау! – деп мектеп түлектерін жаңа өмір баспалдағына шығарып саламыз.


2-жүргізуші: Қоштасады алтын ұя мектебің

Маңдайыңнан сипап өтер көкте күн.

«Сәт - сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз

Тілейміз біз армандарға жеткенін - дей келе, Мемлекеттік емтихандарыңды табысты тапсыруларыңызға тілектеспіз. Жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапар тілейміз!

Ән «__________________________» хор


1-жүргізуші: Осымен 2016-2017 оқу жылының салтанатты соңғы қоңырау жиынын жабық деп жариялай отырып, жазғы демалысты жақсы өткізіп, келесі оқу жылында амандықпен жолыққанша сау-саламатта болыңыздар.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
26.02.2019
2737
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі