Соңғы қоңырау салтанатты жиыны

Тақырып бойынша 14 материал табылды

Соңғы қоңырау салтанатты жиыны

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқу жылын аяқтаудағы дәстүрлі салтнатты соңғы қоңырау жиынының жүрісі
Материалдың қысқаша нұсқасы


Соңғы қоңырау салтанатты жиынының жүрісі

Фанфар


Қайырлы күн, құрметті қонақтар, аяулы ұстаздар, қымбатты оқушылар, жас түлектер! Мектеп! Мектеп деген - мол қазынасы мөлдіреп жатқан, сол мөлдір әлемнен өзіне керек асыл мен жауһар секілді баға жетпес «білім» деген байлықты алып, өміріңе нәр беретін алтын ұя! Бүгін жарқын шақтардың елесі қалар, ерке балалығыңның куәсі болар бірден-бір киелі мекен – мектептегі соңғы қоңырау салтанаты басталғалы тұр. 

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне жасаған үндеуі бойынша еліміздегі 186 мың мектеп бітірушісі үшін оқу жылының аяқталуына арналған "Соңғы қоңырау" іс-шарасы "Мектебім, саған мың алғыс!" тақырыбында өтеді. Сонымен қатар білім министрі «биылғы жылдың түлектері аталған іс-шараны жоғары мәдени деңгейде, еш ысырапсыз, даңғазаға жол бермей, рухани-адамгершілік деңгейінде өткізетіндіктеріне сенімдімін. Бұл болашақ түлектер үшін өнегелі дәстүрге айналған жаңа форматтағы жоғары мәдениетті алғашқы шара болары сөзсіз. Оқу жылын аяқтауды сапалы ұйымдастыру және қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша өңірлік білім басқармаларының басшыларына дербес жауапкершілікті жүктеймін, - деді министр.

Ендеше, 2023-2024 оқу жылының соңғы қоңырауы «Мектебім, саған мың алғыс!» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.

Міне, тағы бір оқу жылы аяқталып, мектебіміздің арман қуған 48 түлегі болашаққа жаңа қадам басқалы отыр.

Толқимыз, толқып тұрмыз баршамыз да,

Мұндай күй болған бәлкім баршамызда.

Қол соғып қошеметпен шақырайық ,

Түлектер келсін, кәне, ортамызға,- деп алтын ұя мектебінің табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы отырған мектеп бітіруші түлектерді құрметпен ортаға шақырамыз. (музыка)


Бәрі де баласындай бір ананың,

Өз елі қазағының ұғады әнін.

Қызы ибалы, ұлы ер, шықсын кәне,

Он бірінші «А» сыныбы Гауһардай апайдың.

Қарсы алыңыздар, бүгінгі бітіруші түлектердің 11 «а» сынып жетекшісі: Мұқанова Гауһар Жолдасқалиқызы. (музыка әуені)


Даламдай кең түсінігі, ұғымы,
Қазаққа тән мінезі мен қылығы.
Гүлбаршынның сом алтындай ұл - қызы,
Алдарыңызда он бірінші «Ә» сыныбы.

Қарсы алыңыздар, бүгінгі бітіруші түлектердің 11 «Ә» сынып жетекшісі: Ихсанова Гүлбаршын Мұхашқызы (музыка әуені)


Шәкірт болған ізденімпаз білімді,
Инабатты, жарасымды қылығы.
Қыздарымыз «Үздік аттестат» иесі
Маман болсын, адам болсын ізгілі

Қарсы алыңыздар! Биылғы 2023-2024 оқу жылының «Үздік аттестатқа» үміткер түлектеріміз, 11 «А» сынып оқушысы Төлеген Азиза Құспанқызы, 11 «Ә» сынып оқушысы Сағынбай Балдәурен Кенжебекқызын қошаметпен ортаға шақырамыз!!!


Мазмұнына өрнегі жарасқан, тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі

желбіресін, -дей отырып, салтанатты жиынымызға Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік Туы әкелінсін. (Ту әкелінеді)

Мазмұнына өрнегі жарасқан, тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі

желбіресін, -дей отырып, салтанатты жиынымызға Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік Туы әкелінсін. (Ту әкелінеді)




Мазмұнына өрнегі жарасқан, тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін,-дей отырып, салтанатты жиынымызға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы әкелінсін.

Ту ұстау құрметіне мектебіміздің мақтанышы, WKF каратэден жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатының бірнеше мәрте жүлдегері, «Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер» атағын алған 11 «А» сынып оқушысы Асқарұлы Абзал ие болды. Ассистенттері: Ризабек Айым, Нәсіпқали Фархат
Туға қарап сап түзейік!! (Ту әкелінеді)

Мектеп қой — болашақтың іргетасы,
Түлектер ғой — ел ертеңі, болашағы.
Соңғы қоңырау салтанатты жиынында,
Шырқалсын Қазақстан Гимн әні!

(Гимн орындалады)

Мектеп ісін ізгілікті басқарған,
Білім беріп, шаруа жайын атқарған.
Сөз береміз мектебіміздің басшысына
Тілек айстын түлектерге абзал жан!

Бүгінгі «Мектебім, саған мың алғыс!» салтанатты жиынын ашу үшін мектебіміздің басшысы Кисметов Болат Дүйсеұлына сөз жолдаймыз.

Сәт сапар тілеп бүгін түлектерге,

Мейірімге толы болып жүректері,

Құттықтау лебізімен келіп тұрған,

Сөз берейік төрде отырған қонақтарға

Бүгінгі салтанатты жиынымызға келген қонақтарымызды таныстыруға рұқсат етіңіздер:

  1. Құлмағанбетов Вадим Равильевич- қалалық маслихат депутаты

  2. Асанова Гүлмирв Барисовна- № 59 «Ақбөбек» бөбекжай бақшасы басшысы.

  3. Құмарғалиев Мұхтар Молданұлы- Еркінқала селолық округ әкімі

Құттықтау сөз кезегін салтанатты жиынымыздың қадірлі қонақтарымызға жолдаймыз.



Қуаныштан езулерің жымиған.

Ұстаз білім берсе егер, жарық нұрын сыйлаған.

Баласының болашағы үшін өмір сүретін,

Ол ата-ана, әлемдегі сыйлы адам, -дей келе, сөз бітіруші түлектердің ата-аналарына жолданады..



Өлкеміздің айналсын өркеніне,
Сенімдерің айналсын серперіне
Ұстаз біткен тілейді ақтарылып
Тек сәттілік елімнің ертеңіне.

Құттықтау сөз кезегін бітіруші түлектердің алғашқы ұстаздары атынан ______________________________мен сынып жетекшілері _________________________ береміз

Ұстаз жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық — ұлық емес, ұлы қызмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген.

Осындай жолы мен жөні бөлек аяулы ұстаздарымыз – шәкірттерінің мақтанышы ғана емес, бүкіл ел мақтанышы! Өз уақытын аямаған, шәкіртінің уақытын аялаған, ұстаздарға мың алғыс!!!





Бәрі есте күміс күлкі, назары тілектері,

Сағыныштан сазға толы жүректері.

Араға 50 жыл салып бас қоспақшы,

Бірге ұшқан бір сыныптың түлектері.

Ортаға осы мектепте білім алып қазіргі таңда қоғамымыздың әр түрлі саласында абыройлы қызмет етіп жүрген мектеп бітіргендеріне 50 жыл, 30 жыл, 20 жыл болған түлектер аға, әпкелерімізді бүгінгі кешке қош келдіңіздер дей отырып  қошаметпен   ортаға шақырамыз.


Құрметті мектептің түлектері!

Барасыздар өмірді гүл еткелі.

Әр жылы осы күні қимастықпен,

Соғады ұстаздардың жүректері.

Көңіл толқып жанады осы күні,

Түлектерім, есте сақта мәңгі мұны.

Болашақтың үміті сендерсіздер,

Алтын күннің таратылған сәуле, нұры.

Мінеки, араға жылдар легін салып, кеше ғана бүлдіршін болып мектеп табалдырығын аттаған біздің ұл-қыздарымызды жүйрік уақыт түлек етіп ұясынан ұшырғалы отыр. Мектеп қашанда жақсылық пен ізгіліктің, парасаттылық пен руханиятқа толы ойдың, таным мен тәрбиелі істердің ордасы болған. Бүгінгі түлектер де осында өткізген оқушылық өмірлерінде осындай ұлағатты істердің ұшқынын бойына сіңірді, тәлімімен жүрегін суарды, байыпты бағдарын бағыт етіп ұстанды, біліми көкжиегін бойына дарытты.. Бұл үшін мектеп анаға мың алғыс! Өкініштісі алтын ұя мен ұлағатты ұстаздарыңызды сырлас сыныптастарыңыз бен риясыз балалық шақтарыңызбен қоштасасыздар. Бұл өмір заңдылығы. Ендігі сөз өздеріңізде.

Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,
Төгілген күн нұрының шапағаты.
Мың бұралып бишілер би билейді,
Халайық қол соғыңыз мархаббатты.

11 «а» сынып оқушыларының орындауында соңғы вальс биін қабыл алыңыздар.

Би (вальс)

11 «ә» оқушыларының орындауында соңғы вальс биін қабыл алыңыздар.

Би (вальс)

Қош айтысып балалық шақ өткеніне,
Қош айтысып сүйікті мектебіне
Тұғырдан түлеп ұшқан жас қырандар
Аттанып барады өмір көктеміне

11 «а» сынып оқушыларының орындауында әнді қабыл алыңыздар

Ән (хор)

11 «ә» сынып оқушыларының орындауында әнді қабыл алыңыздар

Ән (хор)

Түлектердің бақыт гүлі ашылсын,
Ақылына әлем халқы бас ұрсын.
Деген асыл ниетпенен, ағайын,
Ақ жолына той шашуы шашылсын! 

Балдәурен мен Дильназдың орындауында « » әнін қабыл алыңыздар

Ұшырса да өмірдің сан түлегін,
Ұстаз - ғалым, толастамас мәңгі сын.
Тыншымайтын асыл жандар аяулы,
Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын.

Оқушылардың алғысы (Жасмин, Нұрәлі, Назген, Сержан)

(Мұғалімдерге гүл ұсынады)


Жас түлектер ел үмітін ақтаған,

Гүлге орансын әр қадамың аттаған.

Мектеп туын ізбасарға тапсырып

Жаңа өмірге аттағайсың бақ қадам.


Құрметті білім алушылар! Соңғы қоңырау мерекесінің дәстүрі бойынша ту тапсыру салтанатты рәсімін өткізіді бастауға рұқсат етіңіздер.
Аманат ту тапсырушы: WKF каратэден жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатының бірнеше мәрте жүлдегері, «Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер» атағын алған 11 «А» сынып оқушысы Асқарұлы Абзал. Ассистенттері: Ризабек Айым, Нәсіпқали Фархат.


Аманат ту қабылдаушы: Республикалық мақтанышымыз 10 «А» сынып оқушысы Теңелбайұлы Тимур. Ассистенттері: үлгілі озат оқушылар Мағзомова Саяжан Құрманғазықызы, (Мектеп түлектері қасиетті көк байрақты 10 сынып оқушыларына тапсыру рәсімін орындайды.)

Аманат ту тапсырушының сөзі:
Әнге ән, жырға жыр жалғап Барамыз ұшып ұядан!
Айтамын саған аманат, Iзбасар 10 - сыныптар!
Мейірімнен шуақ төгілген, Ұстаздар саған аманат!
Шығатын күміс үнімен Әндерім саған аманат!
Аулада тұрған талдар мен Сыныптағы гүлдер аманат!
Жалғайтын арман таңдарға Сағыныш саған аманат!
Жастанып кейде ұйықтаған, Кітабым саған аманат!
Көрінбейтін шимай - шатпақтан Дәптерім саған аманат!
Бір жеңіп бірде жеңілген Жарыстар саған аманат!!
Сыр алған тұнық сезімінен Өлеңдер саған аманат!
Қос өрім қылып тағатын Ақ бантик саған аманат!
Үзілісте соғатын Қоңырау саған аманат!
Үлгілі тәртіп, үздік оқу - ізбасарым саған аманат!
Желбірейтін биікте - Алтын ұя туы аманат!
Кір келтірмей атына, биікке самғау - бізге аманат!
«Қош бол алтын ұям» - деп айтамыз сізге сау - саламат!

Аманат ту қабылдаушының сөзі: Біз 10 сынып оқушылары: Сіздерден қастерлі аманатты қабылдай отырып, бізге артқан сенімдеріңізді ақтауға, білім мен тәрбиенің барлық салаларынан алда болуға, мемлекетімізді гүлдендіруге, дамытуға негіз болатын ғылыми жетістіктерін кеңінен игерген саналы азамат болып шығуға лицейіміздің мәртебелі екенін биіктетіп, жоғары деңгейге көтеруге өз үлесімізді қосамыз деп сеніммен ант береміз! (Аманат туын қабылдаған оқушылар орындарына барып тұрады)






Жас түлектер қақты бүгін қанатын,

Сәулелік күн жүрекке от жағатын.

Кім ұмытар қоңыраудың сыңғырын

Жүрегіңе мәңгі ұялап қалатын!

Қоңырау үнi. Бұл үн бiлiм кемесi – мектеп қабырға­сынан шыққан әрбiр адамның құлағына таныс, жүрегiне жақын. Алғашқы қоңырау – балалық арманыңды жетелеп, бiлiм алып, мақсатыңды айқындауға шақырса, соңғы қоңырау үнi – кәмелетке толып, оң-солын танып, қанаттанған бозбала мен бойжеткендердi арман биiктерiне ұшырып, ең үлкен өмiр мектебiне шығарып салады. Соңғы қоңырау – осындай қимас қоштасу әуенi сәтiмен ыстық.
Еліміздегі игiлiктердiң барлығы елдiң болашағы – жас ұрпақтың келешегi жарқын болуы үшiн жасалып жатқанын баяндады. «Ауылына қарап, азаматын таны» деген, сендер қайда жүрсеңдер де туған ауылымыздай сынды келешегi кемел, өрiсi кең құшақтан шыққандарыңды ұмытпауға, туған жер, өскен орталарыңды мақтан етуге тиiссiңдер. Туға жеріміздің мәрте­бесiн арттыратын сендерсiңдер, жас түлектер! Қадамдарыңа сәттi сапар, өмiрлерiне құтты қадам тiлейміз. Соңғы қоңырау соғу құрметіне Мырзабек Ризабек Мырзабекұлы пен Төлеген Азиза Құспанқызы ие болды.

Қоштасады ұшқан ұяң – мектебің,
Маңдайынан сүйіп өтер көктемің.
«Сәт сапар» - деп қол бұлғаймыз бәріміз,
Тілейміз біз армандарға жеткенін.

Түлектердің бақыт гүлі ашылсын,
Ақылына әлем халқы бас ұрсын.
Деген асыл ниетпенен, ағайын,
Ақ жолына той шашуы шашылсын! ( Шашу шашылады)

Құрметті жас түлек! Жаңа мүмкіндіктер мен жаңа өмір белестерінен сүрінбей өтулеріңе, алға қойған мақсаттарыңа жетуге тілектеспіз.
Ұстаздар қауымына ұрпақ тәрбиесіндегі еңбектеріңіз арта берсін, әр бастамаларыңыз сәттілікке толы болсын дейміз!

Қымбатты оқушылар жазғы демалысты жақсы өткізіп, келесі жаңа оқу жылында амандықпен жолыққанша сау саламатта болыңыздар. Сәт сапар, сіздерге, Жас түлек!























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.03.2025
177
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі