Фанфар
1 жүргізуші:
Армысыздар,құрметті
ата-ана,ұстаз
Той жиынсыз өмірдің мәні болмас.
Арамыздан талпынып қақты қанат,
11 жылда оң-солын таныған жас.
2 жүргізуші: Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Түлектерді шақырайық ортаға.
(Музыка әуенімен ортаға бітіруші түлектер шығады)
Алдарыңызда 11 сынып оқушылары. Сынып жетекшісі Омирбаева Куляш Кабденовна Сыныпта 6 оқушы: Кусаинов Қайнар, Әдепхан Ақмарал, Ғазез Аслан, Капезов Жасұлан, Исағали Нәзерке, Азат Шыңғыс.
1 жүргізуші: Бұл ОҚУШЫЛАР ауданның, мектептің қоғамдық өміріне белсене араласатын, пәндік олимпиадалардың, спорт сайыстарының жеңімпаздары, аға буын аталарын құрметтеп, көмек көрсете алатын, Қазақстанның болашақтағы сенімді азаматтары.
Болашақта ата-аналарының, мұғалімдерінің үміттерін ақтайды деп сенеміз. Қош келдіңдер, құрметті түлектер!
2 Жүргізуші: Құрметті қонақтар, аяулы ұстаздар мектеп бітіруші түлектер. Бүгінгі күн жас жеткіншек ұрпақтары үшін ұмытылмас сәт. Бүгінгі таңда №5 орта мектеп оқушыларының білім көкжиегінде көрсеткен жетістіктері көңілге сенім қондырарлық. Дәл осы сәт жаңа білім ошағының мектеп түлектері жаңа өмірге қадам басқалы тұр. Олай болса соңғы қоңырау 2018 салатанатты жиынын ашық деп жариялаймыз.
1 жүргізуші:
Батырлыққа уызынан жарыған
Ер түркні жалауынан таныған
Өзі батыр өзі әнші халыққа
Жарасады жігер берер әнұран
Әнұран орындалады
2-жүргізуші.
Ерекше күн,бүгін тілек-баталар,
Ән менен жыр түлектерге арналар.
Барлығының жүретұғын ақ жолы,
Құт қонақтың тілегінен нұрланар.
1-жүргізуші.Алғашқы құттықтау сөз қонаққа беріледі.
.....................................................................................................................................
................................................................................................................................
2жүргізуші: Келешек қой түлектер барға шүкір
Алдарында ақ қанат арманы тұр.
Жүректері лүпілдеп, тебіреніп.
Жетелейді қиялы алға ұшқыр!
Ажырамай ұжымынан бір елі сіз
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз
Сөз берелік мектептің басшысына
Түлектерге арналсын тілегіңіз.
Құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Муканова Магиза Какашевнаға беріледі.
1 Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар және ата-аналар биыл мектебімізде білімімен оза шапқан, дарыны мен дараланған оқу озаттарының үздіктерді қарсы алыңыздар.
Флеш моб «үздік оқушылар»
2 жүргізуші:
Сыныпты келдің басқарып,
Көрмедің ойлап бас қамын.
Шәкірттер жатыр ұшқалы,
Өмір дегенін қас-қағым.
Бірге өткізген күндерін, қыс-жазында,
Жазып шықты қаншама іс-қазына.
Балапанын ұшырған ұясынан,
Сөз берейік жетекші ұстазына деп
Келесі сөз кезегін ұлағатты ұстаз, түлектердің сынып жетекшісі омирбаева Куляш Кабденовнаға беріледі.
1 жүргізуші:
Жаны асыл ұстаздарды еске алыңдар,
Жаңа сыр ашатұғын жас дарындар,
Шәкірті жаман екен дегізбеңдер,
Санасы биік адал дос табыңдар!
2 жүргізуші:
Абзал жандар биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.
Түлектерге жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды бүлдіршіндер баршаңды.
(1-класс оқушылары шығады,тақпақтарын айтады)
1 оқушы: Өмірдің жолы сән өмір,
Алдыңда толған таңдау бар.
Білімге қосып өнерің
Биікке асқар самғаңдар.
2 оқушы: Қыран боп көкке самғаңдар.
Атағың кетсін көп- көпке.
Намысты ту ғып ұстаңдар
Кір келтірмей мектепке
3 оқушы: Ашылып өмір бағы алдан,
Қиялдың құсын ерттеп ап
Бұл күнге, арман саналған,
Жетерміз бізде ертең-ақ.
4 оқушы: Шалынып періштелерге
Ақ бата, ізгі тілектер.
Жол тартқан үлкен өмірге,
Сәт сапар болсын, түлектер!
2 жүргізуші:
Ұшырса да бұл өмірдің сан құсын,
Толастасмас мәңгілікке ұстазым
Тыншымайтын асыл жандар аяулы,
Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын,
Құттықтау сөз кезегі 11 сынып оқушыларына ___________________________________, беріледі
(Музыкалық сәлем.. 11-класс орнына барып тұрады.)
1 жүргізуші: Келешек өмір қандай болса да қуанышы мен реніші қатар келсе де, еліміздің қай түпкірінде болсаң да, сен міндетті түрде алтын ұяң- мектебіңді, сүйікті ұстаздарыңды, бірге оқыған достарыңды, осы салтанатты, толғандырар минуттарды естен шығарма!
2 жүргізуші: Жақсы шәкірт азамат аталады,
Халқынан,ата-анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата-ананы.
( ата-ана шығып сөйлейді).
Ата –аналар атынан құттықтау сөз ...............................................................................................беріледі.
(гүл табыс етеді)
11 сынып вальс
1 жүргізуші:
Ең соңғы қоңырау естілді,
Өткіздік қалай біз сан жылды.
Ажырар кез келді сендерден,
Қош болып тұрыңдар, дос-құрбы.
Соңғы қоңырау соғылады.
Ең соңғы қоңырау сыңғыры қымбат,
Соңғы қоңырау соғады.
2 жүргізуші:
Қиындықтар мойытпасын сендерді,
Батылдық пен асыңдар сан белдерді .
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар енді елді
Қыран болып ұшыңыз,
Оқуларға түсіңіз.
Еңбекте көп қуаныш
Елде талай туар іс.
Кемелденген маман боп,
Келіңіздер аман боп.
Мерейлі боп күніңіз
Мектепке кеп тұрыңыз.
Сағынамы күн сайын,
Кездесейік жыл сайын.
Сіздерге жалын жүрекпен
Айтамыз достық тілекпен.
Әрқашан сәтті жол болсын
Сапарларыңыз оң болсын
(Ақ жолды жаю. Музыка ойнап тұру керек 11 сынып ақ жолмен шығамыз)
1 Жүргізуші: Мектеп сапқа түзел!
2 Жүргізуші: Осымен «Құлақтан үні кетпестей, Сыңғырла соңғы қоңырау» салтанатына арналған жиынымыз аяқталды. Қош сау болыңыздар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Соңғы қоңырау сценарий

шағым қалдыра аласыз