Ақсу
қаласы
№1 қазақ орта
мектебі
Cыңғырла
соңғы,
қоңырау!
2016
ж
Сыңғырла, соңғы
қоңырау!
/музыка ойналып
тұрады/
Өтетін
күні: 25 мамыр 2016
жыл
Өтетін
уақыты: Сағат
10:00
Өтетін
орны: Мектеп мәжіліс
залы
Жүргізушілер: Толеутай
Заммира
Айбас
Адалбек
Безендірілуі:
Мектеп алаңын немесе
мәжіліс залын түрлі - түсті шарлармен, жалаушалармен безендіру.
Мектепке кіре беріс жерін доға тәріздес, ал екі жақ бөлігін шармен
өрнектеп қосу.
Орналасуы: Мектеп алаңында немесе
мәжіліс залында сағат 10:00 - ге дейін сол жақ бетінде оқушылар, оң
жағында бітіруші түлектер және 1 - сынып оқушылары, алаң төрінде
мектеп бітіру салтанатына шақырылған қонақтар
орналасады.
(фанфар
ойналады)
(ән)
____________________________
1жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар,
оқушылар, ата - аналар және қонақтар!
2-жүргізуші: Бүгінгі «Сыңғырла, соңғы
қоңырау» атты салтанатты жиынға қош
келдіңіздер!
1
жүргізуші: Міне тағы бір оқу жылы
аяқталып, мектебіміздің түлектері бүгінгі салтанатты жиында
балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.
Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектердің есінде
мәңгі өшпейтін күн.
2
жүргізуші: Өнері мен білімін өз
бойларына өре білген еліміздің ертеңгі тізгінін қолға алар
түлектерімізді құрметпенен қол соғып қарсы
алайық. (Музыка әуенімен ортаға
бітіруші түлектер шығады)
1
жүргізуші: Қарсы алыңыздар 11 «а» сынып
оқушылары. Сынып жетекшісі Досумбекова Сәндігүл Габдулманапқызы.
Сыныпта 14 оқушы.
(Ән әуенімен түлектер
келеді)
Олар:
-
Айдархан
Ербол
-
Аманжол
Үміт
-
Асқарова
Ақберен
-
Асылғазиев
Олжас
-
Дәулетова
Аружан
-
Жанболат
Жұлдыз
-
Жолбарысқанов
Дәурен
-
Жомартов
Ержан
-
Исакова
Алия
-
Қыдырбаев
Бағұстар
-
Нұрахмет
Зарина
-
Рахметова
Шолпан
-
Секенова
Айгерім
-
Сұлтанова
Айжан
2
жүргізуші: 11 «ә» сынып оқушылары. Сынып
жетекшісі Сахаба Көгершін. Сыныпта 11
оқушы.
Олар:
-
Байболат
Мадина
-
Бещембаева
Зарина
-
Ерланова
Ляззат
-
Ибраева
Эридана
-
Инырбаев
Арыстан
-
Ислям
Айзада
-
Омаров
Қалижан
-
Саденова
Балнұр
-
Тойғанбаева
Адия
-
Түсіпбек
Фатима
-
Хамитов
Тілек
2жүргізуші: Сап түзелсін,
«Дайындалыңыздар! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы
кіргізілсін!»
(Туды шығару салтанаты
*****алып шығады )
1жүргізуші:
Батырлыққа уызынан жарыған
Ер қазақты жалауынан таныған.
Өзі батыр, өзі әнші халыққа
Жарасады жігер берер әнұран.
/Қазақстан
Республикасының әнұраны орындалады
/
2жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар,
ата - аналар!
«Сыңғырла, соңғы
қоңырау» атты салтанатты жиынымызды
ашық деп жариялаймыз.
Балдәурен балалық шақ пен қоштасып, болашаққа қанат қағатын бұл жыл
- сіздер үшін ең бір қымбат, ең бір қимас жыл ретінде естеріңізде
мәңгілік қалары сөзсіз.
1жүргізуші: Бүгінгі салтанатты жиынымыздың
қадірлі қонақтарымен таныс болыңыздар.
____________________
2жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар,
ата - аналар!
«Сыңғырла, соңғы
қоңырау» атты салтанатты жиынның
алғашқы сөзін мектебіміздің директоры Ережепова Гуляйым
Егеубайқызына береміз.
2
жүргізуші: Сөз білім беру ісінің үздігі,
ардагер, зейнеткер ұстаз ***** беріледі
Түлектер:
Алғашқы ұстазымыз Сауле
апайға:
Әліппені ұстаттырған
қолыма,
Алғаш рет мен мектепке
барғанда.
Мейірімді шапағатпен қарсы
алған,
Сауле апай мәңгі қалады
жадымда.
Сынып жетекшімізге
арнау:
Анамдайсың ой салдырған
балаңа,
Түсінікпен сенім құйдың
санама.
Білмеуші едік ақ па әлде қара
ма,
Мұғалімсіз оқушы адам бола
ма?!.
Жетекшісіз алып шыққан
қиядан,
Ұшырасыз түлектерді
ұядан.
Жақын болып кетіп еді
арамыз,
Өзіңізбен қоштасуға
қиналам.
Түлектердің алғашқы
ұстаздары Сауле және сынып жетекшілері Сәндігүл Габдулманапқызы мен
Сахаба Көгершінге сөз беріледі.
(Сөз
сөйлейді)
2
жүргізуші:
Абзал жандар биік тұлға
байсалды,
Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.
Түлектерге жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды бүлдіршіндер баршаңды
/1 сыныптың құттықтаулары/
1жүргізуші:
Ата - ана тәрбиелеп
балапанын
Әлдилеп, аялаған алақанын
Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар
Ойлауменен алдағы бала қамын деп
Ата - аналар атынан тілек
сөз беріледі
2
жүргізуші:
Ұшырса да өмірдің сан
түлегін
Ұстаз – ғалым, толастамас мәнгі сын
Тыншымайтын асыл жандар аяулы
Тыңдаңыздар шәкірттерін алғысын
/11 сыныптардың
алғысы/
Түлектер:
Сіздерге бірінші
аманат
Жан азығы адамның –ана
тілі,
Тек сонымен ашылған дала
гүлі.
Өнер алды –қызыл тіл дейді
қазақ,
Бұл мәтелдің теренде мәңгі
сыры.
Жас ұрпаққа
жалынды,
Сөз маржанын
дарытқан.
Абай, Пушкин
жырымен,
Тіл арқылы
табысқан.
Тілдің сырын
меңгерген,
Тіл білуді жөн
көрген.
Көсегесін
көгертіп,
Ғажайып бір өң
берген
Ел азаматы
болыңдар.
/фанфары/
1жүргізуші:
Білім кілтін тапсыру
салтанатты Исакова Алия мен білім кілтін қабылдап алу құрметі 10
сыныптың оқушысы Пшембаева Санияға
беріледі.
Түлектер:
Білімнің мына өмірде жеңгені
көп
Білім қалар халқымның сенгені
боп
Сондықтанда білім кілтін
сендерге
Тапсырамыз ақ ниетпен сенеміз
деп
(Алия кілтті Санияға
береді) фанфары 1-2 секунд
10-сынып
оқушысы:
Оқуды терең
меңгеріп
Аманатты
ақтаймыз
Мектепті үздік
бітіріп
Әдеп –салтты сақтаймыз- деп
уәдемді беремін.
Түлектер: Шындығында уақыт зымырап өте
шықты! Бүгінде алтын ұямызбен қоштасқалы тұрмыз. Соңғы рет «Мектеп
вальсін» билеп, соңғы рет қоңырау үнін ести отырып, жанарымызға
еріксіз жас та келеді. Бұл біздің балалық шақпен қоштасуымыздың
соңғы баспалдағы.
(11 сынып
вальсі)
2
жүргізуші: Қымбатты мектеп бітіруші жас
түлектер! Нағыз жүрек тебірентерлік сәтте келіп жетті. 11 жыл бойы
әр сабақ арасында естіп, біліп достасқан әдемі қоңырау үні
бітірушілер үшін соңғы рет соғылмақ.
1
жүргізуші:
Бәрі – сын, араласың, өмір
аулың,
Бәрі - шын, қоштасарда қоңырау мұң
Мәнісін ұғасыңдар өткен күннің,
Дауысын естігінде қоңыраудың
Соңғы қоңырау соғу рәсімі 1 сыныптың үздік оқушысы ****** және
мектебіміздің түлегі 11 «а» сынып оқушысы ********
беріледі.
1жүргізуші:
Түлектердің қанаттары
талмасын
Көк аспанда қыран болып самғасын
Ақ жол тілеп, барша мына ұл қызға
Ата - ана ақ батасын арнасын – дей келе ******* ақ батасын
түлектерге арнайды.
Ән: «Көк тудың
желбірегені»
Сөзі: Алмас
Ахметбекұлы
Әні: Ермұрат
Зейілхан
Орындайтын: Айжан
Рахметолла
2жүргізуші: Сап түзелсін, салтанатты
жиыннан Қазақстан Республикасының Туы шығарылсын.
/ Әуен ойналып түру керек /
1
жүргізуші:
Құрметті түлектер!
Қоштасады алтын ұя мектебің
Маңдайыңнан сипап өтер көктемің
«Сәт - сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз
Тілейміз біз армандарға жеткенін
2-жүргізуші:
Ұлттық біріңғай тестті табысты
тапсыруларыңызға тілектеспіз. Жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапар
тілейміз!