400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Соңғы қоңырауға ралналған сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Соңғы қоңырауға арналған сценарий. Сынып жетекшілерге пайдалы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Соңғы қонырау "Қош бол, аяулы мектебім!"

 (Барлық оқушы сапқа тұрған)

1-жүргізуші: Ұлан:Тындаңыздар! Тындаңыздар!

2-жүргізуші:Мерейлім

Армысыздар жиналған ата-ана, ұстаз

Той жиынсыз өмірдің мәні болмас

Арамыздан талпынып қақты қанат

9 жылда оң солын таныған жас

1-жүргізуші:Ұлан

Бастайтын жолға сан тарап

Басталсын бүгін салтанат

Дәл осы сәтті біздермен

Тойлайды бар ел шартарап

2-жүргізуші:Мерейлім

Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар және оқушылар! Қиындығы мен қызығы мол тағы бір оқу жылы артта қалды. Алда жайдары, жарқын жаз, көңілді демалыс, тынымсыз еңбек тоқсаны. Баршаңызды оқу жылының аяқталуымен мектебіміздің 2016 жылғы түлектерімен қоштасу мерекесімен құттықтаймыз.

1-жүргізуші: Ұлан:Салтанатты мерекеміздің құрметті қонақтарымен таныстырайық

1............................................................................................................................................................

2............................................................................................................................................................

3.............................................................................................................................................................

2-жүргізуші:Мерейлім

Алдарында сан тарау жолдары тұр

Бәрі ертеңгі азамат болғалы тұр

Үлкен өмір есігін ашпақ,міне

Келген қауым, қол соғып,қолда бүкіл

1-жүргізуші:Ұлан

Ұрпағың мақтануға болса лайық

Біз бүгін мақтанайық жар салайық

Биылғы оқу жылы түлектерін

Құрметпенен қол соғып қарсы алайық

2 - жүргізуші: Мерейлім: Міне тағы да бір оқу жылы аяқталып, біздің мектебіміздің 5  түлегі бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.
Бұл күн – мектеп тарихында , мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн.

1 - жүргізуші:Ұлан

Жас жүректің өмірлік құштары –гүл,
Бағбан -  ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан,
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.

Толқимыз, толқып тұрмыз баршамыз да,
Мұндай күй болған шығар баршаңызда.
Қол соғып, қошеметпен қарсы алайық,
Түлектер келсін кәне, ортамызға,

Мектеп бітіруші түлектерімізді құрметпен ортаға шақырамыз. Қошеметтеп қарсы алыңыздар!

 

2-жүргізуші: Мерейлім

Алғашқы ұстазы Уразова Райсул Хвайдуллақызы

Сынып жетекшісі Мажитова Ақмарал Серікқызы,Шахаманова Әсел Әбдраманқызы.

Сыныпта 5 оқушы бар. Олар:

1.оқу үздігі Бияшова Ақтоты Еркетайқызы

2.Аманкелді Кендебай Мейрамбекұлы

3. Тартипова Жансая Жандосқызы

4. Уахитов Ербол Сәдірұлы

5. Жумабекова Ақгүл Панабекқызы


1- жүргізуші:Ұлан: 2015 - 2016 оқу жылының "Қош бол, аяулы мектебім!" атты салтанатты мерекемізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!

2-жүргізуші: Мерейлім:Қазақстан Республикасының мемлекеттік туына тік тұрыңдар! Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы әкелінсін! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалсын!

1-жүргізуші:Ұлан

Жолдайды мектеп мүдірі

Түлектерге ақ   тілек 

Өмір деген үлкен жолда

Ақ жол тілеп, бақ тілеп

2-жүргізуші:Мерейлім

Ажырамай халықтан бір елі сіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

Сөз берелік құрметпенен өзіңізге,

Түлектерге арналсын тілегіңіз. 

Өмірде өшпейтін іс-балаға берген білімің, мейірімің, қамқор пейілің. Ол-болашақ. Болашақтың бүр жарған сабағына құйған білім нәрің мәңгілік деп алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры Жанар Кәрібайқызына беріледі.

1-жүргізуші:Ұлан

Әлі есімде әліппені ашқаным

Есімінді есте мәнгі сақтадым

Жүрегіме нұрын құйған жылылық

Көрген емес ешқашанда суынып деп

Түлектердің алғашқы ұстазы Райсул Хвайдуллақызына сөз беріледі

 2-жүргізуші: Мерейлім

Түлектерге жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды бүлдіршіндер баршаңды.
Тыншымайтын асыл жандар аяулы,
Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын.
1 - жүргізуші: Ұлан Абзал жандар, биік тұлға байсалды,

Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.

Қуанышты жарқын тілек білдіріп,

Құттықтайды бірінші сынып баршаңды.

(1 сынып сөз сөйлейді)

 1 - оқушы:

9 жыл бойы оқыған,

Ойға білім тоқыған.

Ағалар мен апалар,

Орындалды ойыңыз,

Құтты болсын тойыңыз.



2-оқушы:

Мектебің – алтын ұя жарқыраған,
Ұстазың – бұлақ көзі сарқыраған.
Шыңдалып, шыңға қарай қанат қақтың,
Шарықта, жас қыраным, ақ жол саған.

3-оқушы:

Орындалсын аңсап жүрген арманың,
Арайланып атсын нұрлы таңдарың.
Туған елдің көк байрағын көтеріп,
Биіктерден көріне бер, саңлағым!

4-оқушы:

Ардағым деп қуанады ел саған,
Тарланым деп табынады жер саған.
Болашақтың бар тізгіні сендерде,
Сенім артар азаматым, болшы аман!

5-оқушы:

Талай сыннан өттіңіз

Кәмелетке жеттіңіз

Қыран болып ұшыңыз,

Оқуға барып түсіңіз.

Еңбекте көп қуаныш

Елде талай туар іс.

6-оқушы:

Кемелденген маман боп,

Келіңіздер аман боп.

Мерейлі боп күніңіз

Мектепке кеп тұрыңыз.

7 - оқушы:

Үлгілі болып сіздердей

Үлкейеміз біздер де.

Біз де ойшыл, өнерлі

Боламыз істің шебері.

Көп екен «төрт»,бесіңіз»

Өмірде өсіп өсіңіз.

8-оқушы:

Мектебімнің айқара ашық есігі,
Тарыдай боп кіргендерің кеше еді.
Таудай болып аға-апалар алдымда,
Мектебімен қош айтысып кетеді.

9 - оқушы:

Сағынамыз күн сайын,

Кездесейік жыл сайын.

Сіздерге жалын жүрекпен

Айтамыз достық тілекпен.

Бәрі - Әрқашан сәтті жол болсын,

Сапарларыңыз оң болсын !





2-жүргізуші: Мерейлім

Жүректері лүпіл қаққан,қимастық пен қуаныш,аңсау мен арман сезімдері араласқан,осынау сәтте шәкірттік сәттің соңғы,өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлек,ендігі сөзді сендерге береміз.

(музыка)

1 - оқушы:

Алда қиын жол әлі

Алда мақсат,тілектер

Әр кеудеде соғады

Қоңырау үні сыңғырлап

Естілді жылы жаныма

Күлкідей әсем сыңғырлап

Бөбекті жиды маңына.

2 - оқушы:

Әр жыл сайын қарулантып біліммен

Алға дәйім мені бастап өсірдің

Нәр аламын,аяулы ұстаз, үніңнен

Ардақтысың мектеп-алтын бесігім

3 - оқушы:

Мектепке алғаш келгенде,

Мейірлі жандарды көргенде

Шарықтап биік қиялым,

Шаттанып шексіз сый алдым

Анадай ұстаз мектебім

Алғысым айтар көп менің.

4 - оқушы:

Бірге жүрдік,9 жыл, бірге ойнадық,

Бірге оқыдық 9 жыл, бірге ойладық

Келді бүгін қоштасатын кезіміз,

Ақтық рет мектеп тойын тойладық.

5 - оқушы:

Мектеп, мектеп, менің жарқын көңілім

Мектеп, мектеп, шаттық толы өмірім

Мектеп, мектеп, әнім болып төгілдің

Мектеп, мектеп,ана болып та көріндің

Ән: Хор: Қош бол,мектеп!

2 - жүргізуші: Мерейлім

Мектеппен бүгін қоштаспақ,

Қоштаспақ мәңгі сан түлек

Айтылып жатыр сан тілек

Егіле-берді сан жүрек.

1 - жүргізуші:Ұлан

Барлығы отыр есіне ап

Мектепте өткен жылдарды

Мініп алып бір-бірден

Білім деген тұлпарды.

6 - оқушы:

Қош бол!...

Аяулы менің,ыстық ұя -Мектебім...

Өзіңде өсіп,өзіңде гүлдеп көктеп ем,

Қия алмай барам!

Көңілде сұлу көктем ең.

Сағынып сендік,бала күнімді еске алып,

Ойыммен шолып өткенге сапар шеккен ем

Арман мен қиял асқардай болған талабым,

Үстімде костюм,қолымда дәптер қаламым.

Ұстаздың алғаш алдына келіп отырған

Оралмас мәңгі артымда қалған бала күн.

Оралмас қайта сендегі ыстық күндерім,

Кей күні  жылап,

Шаттанып кей күн күлгенім.

Ұстазым өзің ардақтап салған жолменен,

Дұрыста шығар есейіп өмір сүргенім.

Жадымда мәңгі гүл болып көктеп жатталар,

Өзіңде өткен кешегі күндер,апталар.

Партамда бірге тоғыз жылымды өткерген,

Құрбымның сыры жүректе мәңгі сақталар.

Сәулесі түсіп нұрларға бөлеп аспанды,

Өмірдің бүгін жаңаша жолы басталды.

Соңғы рет естіп қоңырау үнін қол бұлғап,

Қия алмай сені,көзімнен ыстық жас тамды

Жас түлек мәңгі адаспа асыл жолыңнан,

Жарқырап көкте,жұлдызың тусын оңыңнан.

7 - оқушы:

Мұғалім мен ұстазда бар айырма,
Ұстаз деген - жақсы әндегі қайырма.
Мұғалім, ол - бар болғаны мамандық,
Жеткенінше жеті өнерлі шайырға.
Ұстаз деген - ұлағаттың шайыры,
Қадірінің тиетұғын қайыры.
Ұстаз деген - шуағы мол шапағат,
Шаршамайтын, шалдықпайтын, тәйірі.

Ән: Хор: Ұстазым

2 - жүргізуші:Мерейлім

Артта қалып балғын шағы - ертегі, Дәл бүгіннен басталады ертеңі. Алып шығар ашық, терең теңізге Арман атты ақ кеменің желкені.

1 - жүргізуші: Ұлан

Бойға жиған салт-дәстүр мен мұраны, Ел мүддесі болсын асқақ ұраны Мәртебесін көтеретін биікке Жас түлектер - тәуелсіз ел қыраны!

8 - оқушы:

Анамыз қолымыздан жетектеп, мектеп табалдырығын аттатқызған күннен бастап, сіздің қасыңызда мейірім мен шапағыңызға бөлендік. Жақсысын асырып, жаманын жасырған, сүрінсек демеу болған, қатал болса да, шәкірт үшін, жүрегі жылы ұстаздарымызға мың да бір алғыс! Әрине, сіздердің біз үшін ағарған әр тал шашыңыздың өтеуін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Әр шәкіртті өз сәбиіндей көріп, маңдайынан сипап,өмірде ақ пен қараны айыра білсін деп тәрбиелегендеріңіз жүрегімізде әрқашан сақталады. Ұядан ұшырып, осынау дүниеде кірпіш болып қалануымызға бір де бір себеп болар өздеріңіз. Бала бойын білім нәрімен сусындатқан ұстаздарға ұзақ ғұмыр тілейміз! 9 жыл бойы бізге білім мен тәрбие беріп, үлкен өмірге дайындағандарыңызға үлкен рахмет!Сіздердің сенімдеріңізді ақтаймыз деп сенім білдіреміз!

9 - оқушы:

Ұстаз деген - ұстаз болып туғандар,
Ұлылықты ұлықтаған имандар.
Ұрпағының ертеңіне жол ашып,
Өмірінің әр шақтарын қиғандар.
Қимағандар — ұстаз емес, мұғалім,
Мұғалім боп, ұстаз болмау күнә, мың.
Қара тақта, ақ бор ғана қолданып,
Ұстатты ұстаз дүниенің құлағын....
Жақсы ұстаздың шын мәңгілік пайдасы,
Өзіне обал арзан дәріс, айласы.
Ұстаз болу бақыт, әрі абырой
Ұстаз деген – шәкірттердің айнасы.

10- оқушы:

Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.
Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,
Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.
Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,
Ол өзіңнің орындалған арманың.
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиеті бас иелік мәңгілік!

1 - жүргізуші: Ұлан

Алдарыңнан арман жолы ашылады.
Түлектерге бақыт гүлі шашылады.
Қимастықпен білімнің алтын кілтін
Ізін басар сыныпқа тапсырады, - деп,

білімнің алтын кілтін бітіруші түлек,оқу үздігі, «Қызыл куәлік» үміткері Бияшова Ақтоты
8-сыныпқа тапсырады.

Ақтоты: 

Білімге басқан жастарың, Ғылымды іздер үңіліп,

Өмірге сапар бастадық,

Алдымда күліп тұр үміт.

Білімді құйып санаңа

Шәкірт болыңдар білікті.

Орнымызды нық басар деп,

Тапсырамыз «Алтын кілтті»

Мерейлім: Қанатын қағар ақ жолдан

Болыңдар сендер жаңа ұрпақ.

Жарқыраңдар жұлдыздай

Қарасын жұрт таңырқап.

Аяқтап бүгін мектепті

Гүлдерге толды қолдарың.

Шаттықтан тіпті ес кетті ,

Сәт-сапар болсын жолдарың.

1 - жүргізуші: Ұлан

Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,

Перне басқан оркестрдің үніндей

Әр баланың жүрегіне жол тауып,

Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей.

Әр сабаққа кіресің сен сыйынып,

Жыр оқисың нөсер болып құйылып

Қас-қабағын қалт жібермей шәкірттің,

Қарайсың-ау нұр жүзіне сүйсініп

Жалын атып, от боп, бірге жанасың,

Білім беріп, содан бақыт табасың

Бар өмірің өрнектеліп баламен,

Жасарып бір мәңгі жас боп қаласың.

Мектеп бітірушілердің «Ұстаздарға арнау өлеңі» барлық ұстаздарға арналады.

Ән.Хор: Ұстазым, менің ұстазым.

2 - жүргізуші:Мерейлім

Асқан сайын өмір-жолдың өткелін, Жастық шағың - сағындырар көктемің. Тілекшің боп тұрады ылғи анаңдай Алыстағы алтын ұя мектебің...

1 - жүргізуші:Ұлан

Мерекеде басты қостық бәріміз Жарасады әніміз бен сәніміз.

Әуенімен тербелейік вальстің.

Біpre толқып әсем сазбен жанымыз.

Түлектерді соңғы «Мектеп вальсіне» шақырамыз.

Вальс.

2 - жүргізуші:Мерейлім

Ата-ана тәрбиелеп балапанын

Әлдилеп, аялаған алақанын

Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар

Ойлауменен алдағы бала қамын деп

Мектеп бітіруші түлектердің ата - аналарына сөз кезегі беріледі.

11- оқушы:

Достық әдеп сыйласым, дос - өмірлік қимасың,Дос - арыңдай қымбатты, достық сезім тым тәтті дегендей 9 жыл ішінде бір - бірімізбен достасып, сырымызды бөлісіп, жақын құрбы, жақсы дос боп үлгердік. Мектепте өткізген әр күнімізді еске алғанда сыныптас достар еске түседі. Ешқашан бір - бірімізді ұмытпайық жарқын достар.

12 - оқушы:

Өмір саған жылы сезім арнасын

Қайғы мұңға жүректе орын болмасын.

Жанарыңнан күн күлімдеп әр қашан

Ай мен жұлдыз кеудеңе кеп орнасын.

Тағы қандай айтам тілек

Тілейтінім жақсылық

Жақсы адамнан дос тілеймін

Жақсылардың жанын ұқ

Тілер едім ұлы сезім

Іздеп келді өзі де

Бол бақытты достым менің

Бақыт кілті өзіңде.

13 - оқушы:

Өмiрде достық жолы қиын дейдi.

Досқа кiм жақсы тiлек тiлемейдi.

Аңсаған арманыңа бақытпен жет.

Осы ғой достың досқа тiлейтiнi.

Арманың Алатаудай биiк болсын.

Қиялың тұлпарыңдай жуйрiк болсын.

Бакытың тау суындай таусылмасын.

Өмiрде шын Махаббат сенде болсын.   

Орындалсын арманың мен тiлегің.

Әркашанда соға берсiн жүрегiң  

Бақытты бол отбасыңмен қашанда.

Осы менiң саған айтар тiлегiм.

1 - жүргізуші: Ұлан: Аманкелды Кендебайды "Достар" әнімен қарсы алыңыздар!

14 - оқушы:

Мектебім, балалығым қия алмаймын,
Қия алмай, көп нәрсені қиялдаймын.
Өмір заңы, алайда, өзіңде мен,
Мәңгілік бала болып жүре алмаймын.

15 - оқушы:

Сенен ыстық алтын ұя таппадым

Өзіңде өтті балғын бала шақтарым

Қоштасамын қимастықпен мен енді

Бетке алған соң болашақтың бақтарын.

2-жүргізуші: Мерейлім

Сыныпты келдің басқарып,

Көрмедің ойлап бас қамын.

Шәкірттер жатыр ұшқалы,

Өмір дегенін қас-қағым.

Бірге өткізген күндерін, қыс-жазында,

Жазып шықты қаншама іс-қазына.

Балапанын ұшырған ұясынан,

Сөз берейік жетекші ұстазына деп

Келесі сөз кезегі түлектердің сынып жетекшісі Ақмарал Серікқызына және Әсел Әбдіраманқызына беріледі.

2 - жүргізуші: Мерейлім

Білімің тұр тұла бойда жаңғырып,
Бүгінгі жас айтады әркез ән қылып.
Ұстаздардың жылы, нұрлы сөздері,
Жадымызда сақталады мәңгілік, - дей келе
Бияшова Ақтотыны "Школа" әнімен қарсы алыңыздар.

1 - жүргізуші: Ұлан

Гүлдерге толып омырау,
Түлектер тойын тойлайды.
Соғылмақ соңғы қоңырау,
Соққызбай өмір қоймайды.

2 - жүргізуші: Мерейлім

Соңғы қоңырау соғу салтанаты  9 сынып оқушысы Аманкелді Кендебай және 1 - сынып оқушысы Ғалым Еркеназға тапсырылады.

Міне, бұл соңғы қоңырау үні...Балалықпен қоштасу, үлкен өмірмен қауышу үні. Сендер мектеп қабырғасында 9 жыл бойы қоңырау үнін естідіңдер. Оны алғаш рет мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кезде естідің. Ол -сонау  1 қыркүйекте, яғни осыдан 9 жыл бұрын еді. Иә, осы күн әлі күнге дейін сендердің жадыңда. Ол – алғашқы қоңырау үні.
Ал, бүгінгі қоңырау үні, мүлде ерекше. Ол сендер үшін алтын ұя мектебіңбен қоштасар сәттегі соңғы қоңырау үні. Ол жүрегіңді дір еткізер, жан дүниеңе әсер етер, сиқырлы сезім. Адам өмірінің балалық шақтан кейінгі келесі бір белесі, жастық шаққа жетелейтін қоңырау үні.

(Қоңырау соғылады)

1-жүргізуші: Ұлан
Бұл соңғы қоңырау үні...

Балалықпен қоштасу,

үлкен өмірмен қауышу үні.

Құлақтан үнің кетпестей
Сыңғырла, соңғы қоңырау,
Сыңғырла, соңғы қоңырау! – деп мектеп түлектерін жаңа өмір баспалдағына шығарып саламыз.

(Мектеп түлектері музыка әуенімен шығып кетеді.)

2-жүргізуші: Мерейлім

Қоштасады алтын ұя мектебің
Маңдайыңнан сипап өтер көкте күн.
«Сәт - сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз
Тілейміз біз армандарға жеткенін - дей келе,
Алдағы емтиханды табысты тапсыруларыңызға тілектеспіз.

Жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапар тілейміз!

1-жүргізуші: Ұлан

Осымен 2015-2016 оқу жылының салтанатты соңғы қоңырау жиынын жабық деп жариялай отырып, жазғы демалысты жақсы өткізіп, келесі оқу жылында амандықпен жолыққанша хош-сау болыңыздар.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
761
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі