400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Соңғы үлгідегі қазақша киімдер

Материал туралы қысқаша түсінік
Соңғы үлгідегі қазақша киімдер тақырыбындағы ашық сабаққа арналған қысқа мерзімді жоспар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім

Киімдерді жаңа заманға сай жобалау

Педагогтің Т.А.Ә

Құрманғали Ұ.Е

Күні

08.12.2023

үйірме атауы, топ

Дизайн үйірмесі,1 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы

Соңғы үлгідегі қазақша киімдер

Сабақтың мақсаты:

Қазақша киімдерді жаңа заманға сай жобалап үйренеді.

 Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ Уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі:

1 мин

2 мин



2 мин



Жаңа тақырыпты түсіндіру:

10 мин

































































4 мин


2 мин



10 мин


2 мин



2 мин









3 мин









Қорытынды

2 мин



Үйге тапсырма

1 мин

Амандасу, оқушыны түгендеу, сабаққа қажетті құралдарды дайындау.





Психологиялық ахуал.Оқушылар бір-біріне өз аттарының бастапқы әріпінен басталатын тілек тілейді.



Ой шақыру.Оқушылар видеоны көру арқылы сабақтың тақырыбын анықтайды.


Қазақ халқының ұлттық киімдері – киім үлгілері. Этникалық, экономиялық және климаттық жағдайлар ескеріліп, ежелгі дәстүрлер бойынша тігіледі. Қазақтарда ішкі, сырттық, сулық, бір киер, сәндік және кейбірінде салтанат-ғұрып киімдері болады. Бір киер киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға, жиындарға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді киімдерді атаған.

Қазақ салтында ер жігіт егеске түсерде, соғысқа барарда киімдердің ең жақсы, таңдаулысын киген. Ішкі киімдері: көйлек, дамбал, желетке, кәзекей; сырт киімдерге: шапан, күпі, кеудеше, тон, шидем; сулық киімдерге: шекпен, қаптал шапан, кебенек кенеп, сырттық жатады (қазақ Киім). Киім мәуітіден, жүн және жібек матадан, киізден, аң терісінен тігіледі. Қазақтар құланның, ақбөкеннің, жолбарыстың, жанаттың, бұлғынның, сусардың, ақ тышқанның терілерін ерекше қымбат бағалайды. Бұл аңдардың терілерінен тондар тігілді. Астарына құнды аң терісі салынған тон – ішік деп аталды. Осы аң терісіне сәйкес бұлғын ішік, жанат ішік, қасқыр ішік, күзен ішік болып бөлінеді. Ішіктердің сыртын шұға, мәуіті, үш топ барқыт, атлас, көк берен, манат, қырмызы, торғын, ләмбек сияқты бағалы ширақы маталармен тыстаған. Ішіктер кейде әдепті, оқалы, шет-шеті жұрындалған қайырма жағалы болып тігілген.

Ұлттық киімдер

Бас киім

Сырт киім

Аяқ киім



Оқушыларды бас киім,сырт киім,аяқ киім түрлерімен таныстыру.

Оқушыларды киміге салынатын ою-өрнек түрлерімен таныстыру.

1-тапсырма. «Кездейсоқ сұрақтар» әдісі.

1.Қазақ қыздары сәукелені қай уақытта киген?

2.Ер адамдардың ұлттық киімдерін атаңдар.

3.Аяқ киім түрлерін атаңдар.

4.Кимешекті әйел адламдар қай уақытта киген?

5.Қыздардың ұлттық киімдеріна атаңдар.


2-тапсырма.Оқушылар өздерінің дайындап қойған эскиздеріне оюларды салады және түрлі түске бояйды.


Бекіту тапсырмасы. «Ия/жоқ» әдісі.

1.Кимешекті қыз бала тұрмысқа шығар кезде киген. (Жоқ)

2.Бөріктің ер адамдарғада арналған әйел адамдарғада арналған түрі бар. (Иә)

3. «Қос мүйіз» оюы сәукелеге саныдаы.(Иә)

4. «Гүл» оюы киім кешектің етегіне салынады. (Жоқ)

5. «Төртқұлақ» ою-өрнегінің төрт тармағы зооморфты немесе өсімдік оюларынан құралған, ортасы крест бейнесін жасайтын ою. (Иә)


Рефлексия. «Бағдаршам» әдісі.Оқушылар өздеріне берілген стикерлерге бүгінгі сабақтан не түсінгендерін жазады және оны тиісінше тақтада тұрған бағдаршамның бір түсіне жабыстырады.

Сабақты қорытындылау үшін мақсатқа қайтып оралып,оқушылардың сабақтың мақсатына жете алғанын немесе жете алмағанын анықтау.



Оқушылар өздері салған эскиздеріне қалаған оюларын салу және киімді түрлі түске бояу.

Амандасады

Сабаққа дайындықтарын бастайды











































































Кері байланыс беру.





Кері байланыс беру.





































Видео

Презентация



















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 наурыз
200
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі