400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Соңғышартты цикл

Материал туралы қысқаша түсінік
информатика пәні мұғалімдеріне қажет материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қызылорда қаласы, Батыржан Шалғынбаев атындағы №217 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Есимова Эльмира Искендировна


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3А бөлім - Программаларды әзірлеудің кіріктірілген орталары

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:


Сабақ тақырыбы

Соңғышартты цикл


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.3.3.1 таңдау және қайталау операторларын программаны өңдеудің кіріктірілген ортасыныңда қолдану (С/С++, Python, Delphi, Lazarus)

Сабақ мақсаты

  • есептің алгоритмдік моделін соңғышартты цикл арқылы құру

  • блок-схема түрінде тапсырманың шешімін құру

  • программалау тілінде соңғышартты циклді пайдаланып есептер шығару

Бағалау критерийлері

  • есептің алгоритмдік моделін соңғышартты цикл арқылы құра алады

  • блок-схема түрінде тапсырманың шешімін құра алады

  • программалау тілінде соңғышартты циклді пайдаланып есептер шығара алады

Тілдік мақсаттар

Пәндік терминология:

  • Айнымалылар, алгоритмдік құрылым, циклдік алгоритм, блок-схема, программалық код, мәндерді тестілеу, параметрлі цикл


Оқу және жазуға арналған пайдалы сөз тіркестері

  • Алгоритмдік құрылым түрлері........

  • Цикл дегеніміз .............

  • Циклдік алгоритмдердің түрлері ………

  • Тапсырмаларды шешу үшін ...

  • Тапсырмаларды тестілеу-бұл.....

  • Блок-схема-бұл.....

Құндылықтарды дарыту

1. Құрметтеу: топтық жұмыс кезінде жұптық қарым-қатынастарды дамытуды қамтиды

2. Академиялық адалдық: академиялық адалдық принциптерін сақтауға негізделген басқа адамдардың идеялары мен ойларын құрметтеу.

3. Өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыстар

Математика

Бастапқы білім

Алгоритм тұжырымдамасы, алгоритмді жазу түрлері, блок-схема, сызықтық және тармақталу құрылымдары


Сабақ барысы



Сабақ кезеңдері:

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер


Оқу ресурстары


Сабақтың басы

0-5 мин

  1. Миға шабуыл

Оқушылар жұпта ситуацияны талқылайды. Нәтижені топта талқылайды

Ситуация:

  • Балмұздақ сатушы әрбір күннің соңында сатылған балмұздақтарының нәтижесінде келесі күнге жоспар жасайды, яғни, егер сатылған балмұздақтар мөлшері 70 пайыздан асса, келесі күнге тағы 50 пайыз әкелуге сұраныс бере алады.


? Бұл жағдайда қайталану саны белгілі ме

? Есепті қалайша шығаруға болады деп ойлайсыздар


Мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таныстырады



Презентация


Сабақтың ортасы

11-16 мин




























17-25 мин























26-36 мин



  1. Жаңа тақырып: Жаңа білімді есепті шешу арқылы меңгерту

Соңғышартты цикл

Циклдік алгоритмнің тағы бір түрі – шартты цикл денесі орындалған соң тексеретін алгоритм. Сондықтан, бұл шартты – шартты циклдің аяқталуы деп атауымызға да болады. Циклдің бұл түрі- соңғышартты цикл деп аталады.

Бұл жағдайда цикл шарттың нәтижесі «жалған» (false) болғанша қайталанады, яғни шарт орындалғанға дейін жалғаса береді. Егер шарт бірден ақиқат болса, онда цикл кем дегенде 1 рет орындалады
.

 

Соңғышартты циклдің сипаттамасы

ЖShape1 алпы блок-схема







ия

(true)







Циклдің орындалуы логикалық шарттың нәтижесі «жалған» болғанша жалғаса береді. Егер логикалық шарт орындалса, онда циклдан шығу орындалады.



  1. Жаңа тақырыпты бекіту (жұптық жұмыс: Мысал

Келесі есепте сандар біртіндеп енгізіледі және енгізілген сандардың қосындысы табылады. Қосынды бірінші теріс сан енгізілгенше жалғаса береді



Алгоритмнің блок-схемасы: 

Е нгізілген сандардың қосындысын соңғышартты цикл арқылы бірінші теріс санға дейін табатын алгоритм блок-схемасы










Өзара бағалау. Студенттер өз жұмыстарының нәтижелерімен бөліседі және өзара бағалау жүргізеді: оқушылар жұмыстарынң нәтижесін бір-біріне түсіндіреді


  1. Жеке жұмыс: Оқушылар тапсырмаларды соңғышартты циклді пайдалана отырып блок-схема арқылы шығарыңыз

Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды

1 тапсырма:

Екі санды енгізіңіз (мысалы, A = 5 және B = 8) және олардың көбейтіндісін тек қосу операциясы арқылы табыңыз.


2 тапсырма:

Екі санды енгізіңіз (мысалы, A = 45 және B = 8) және олардың бөліндісін (айнымалы A) тек қана алу операцияысн қолдана отырып табыңыз.


3 тапсырма:

Экранға [-10,10] аралығына жататын 20 кездейсоқ сан шығады. Олардың ішіндегі -5-тен кіші теріс сандардың санын анықтаңыз.




Презентация



















Деңгейлік тапсырмалар


Сабақтың соңы

37-40 мин

  1. Рефлексия.

Сабақтың жазбаша рефлексиясы.Оқушылар келесі сұрақтарға жауап жазады:

! Жақсы түсіндім

? Сұрағым бар

Презентация



Қосымша ақпарат


Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тескересіз?

Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік ережелері. АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)


Қабілеті жоғары оқушылар есептерді шешу барысында қабілеті төменірек оқушыларға көмек береді, консультация жасайды.

Сабақ барысында ауызша және жазбаша қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмаларды жұпта және сыныппен талқылайды

Жұппен жұмыс барысында техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.03.2019
486
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі