400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Шоқан Уәлиханов

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақтың мақсаты: Ш.Уәлихановтың өмірбаянымен таныстыра отырып, ұлы ғалымның өмірінен үлгі - әнеге алуына ықпал ету. грамматикалық тапсырмаларды дұрыс, сауатты орындау, сәздік қорын байыту, оқушылырдың дүниетанымын кеңейту. қазақтың ұлы адамдарына сүйіспеншілікшілікпен, мақтанышпен, құрметпен қарау сезімдерін баулу. Отаның, халқын, жерін сүюге, патриотизмге тәрбиелеу. Жер байлығын, табиғатын қорғап-қоршауға, бағалай білуге дағдыландыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Шоқан Уәлиханов

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Ш.Уәлихановтың өмірбаянымен таныстыра отырып, ұлы ғалымның өмірінен үлгі - әнеге алуына ықпал ету.

  2. Дамытушылық: грамматикалық тапсырмаларды дұрыс, сауатты орындау, сәздік қорын байыту, оқушылырдың дүниетанымын кеңейту.

  3. Тәрбиелік: қазақтың ұлы адамдарына сүйіспеншілікшілікпен, мақтанышпен, құрметпен қарау сезімдерін баулу. Отаның, халқын, жерін сүюге, патриотизмге тәрбиелеу. Жер байлығын, табиғатын қорғап-қоршауға, бағалай білуге дағдыландыру.

Пәпаралық байланыс: география, әдебиет, тарих, орыс тімімен.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, тапсырмалар.

Сабақтың көрнекілігі: портрет, карта, оқулуқ, карточкалар, ұлағатты сөздер, суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу.

  2. Кезекші жауабы.

  3. сабақтың мақсатымен таныстыру.

ІІ. Өткен сабақты сұрау:

  1. Темірқазық қандай жұлдыздар тобы?

  2. Жетіқарақшы туралы қандай аныз бар?

  3. Үркердің қасиеті қандай?

  4. Шолпан қандай жұлдыз, не себепті таңғы жұлдыз деп аталады?

  5. Қазақтар айға қалай табынады?

  6. Күнге неліктен қарауға болмайды?

  7. Көк тәңірін қалай атаған?

  8. Кемпірқосақ деген сөздің мағынасы қандай?

ІІІ. Жаңа сабақ: (Шоқан Уәлиханов өмірі туралы мәлімет)

  1. Атақты ғалым, кеменгер ойшыл, от-жалынды азамат, ер жүрек саяхатшы Шокан Уәлихановтың есімі жұртшылыққа мәлім. Ол Орта Азия мен Қазақстанды зерттеудегі ұлы еңбегімен дүние жүзіне аты шықты.

Шокан Уәлихановтың ұлы қасиетттерінің бірі - өмірін де, білімін де. Асқан дарынды талантын да туған халқының игілігіне жұмсағандығы. Ол қараңғы даланың аспанынан сәуле түсірген шам-шырақтай аз уақыт жанды да, тез сөнді. Өз басы кішіпейіл, еңбекқор, елгезек, жарқын жүзді адам болды.

Шоқан 1847 жылы, 12 жасында Омбының кадет корпусында түскенде, орысша бір ауыз сөз білмеген. Өзінің зеректігі, алғырлығы арқасында орысшаны тез үйренген. Корпустың соңғы кластарында Шокан ғылым, философия, көркем әдебиет кітаптарын оқып, әлеуметтік тіршілікке көніл аударған.

1854 жылы Шоқан генерал Госфортпен бірге ұзақ саяхатқа шығып, Аягөз, Тарбағатай, Қапал тауларын аралады. Алматы, Қарқаралы, Баянауыл,Көкшетау жерлеріне соғып, Омбыға оралады.

1856 жылдан бастап Шоқан қырғыз халқының тұрмысын, Ыстықкөл жағасын, Күнгей Алатау, Сарыжаз, Алматы, Қапал тауларын кезіп, халықтың әдет-ғұрпын, тұрмыс-салтын, әдеби мұраларын зерттеп, бай мағлұмат жинады.

1856 жылы Шоқанның Қашқарға жасаған саясаты оның ғалымдық атағын көкке көтерді. Шрқанның бұл күнделік дәптері КСРО Ғылым академиясының мұражайында осы күнге дейін сақтаулы.

Шоқан Уәлиханов шығармалары, ең алдымен, өз халқының тарихын, этнографиясын және фольклорын зерттеуге арналған.

  1. Сөздікпен жұмыс:

Ғалым – ученый

кеменгер ойшыл – мыслитель

саяхатшы – путешественник

аты шықты – человек с громким именем, прославился

атағын көкке көтерді – получить известность

аты жер жарды – стать знаменитым

қажымас – упорный, энергичный

қабілетті – способный

игілігіне – для доброго дела

  1. Оқулықпен жұмыс:

  1. Сөз тіркестерін аударындар.

Атақты ғалым – известный ученый

Есімі мәлім – знаменитый

сәуле түсірген – яркая звезда

тез сөнді – быстро потух

тез үйренген – быстро научился

халқының тұрмысын – быт народа

әдеби мұраларын – литературное наследие

кеменгер ойшыл – мыслитель

ұлы еңбегімен – великими произведениями

ұзақ саяхат – длинное путешествие

көкке көтерді – высоко поднял

2.тапсырма. 104-бет. Сөйлемдерді көшіріп жазып, жалпылауыш мүшелердің астын сызындар.

Үлгі: Алматы, Қарқаралы, Баянауыл, Көкшетау – бәрі де Шоқанның аралаған жерлері.


  1. Берілген сөздермен дұрыс сөйлем құрастыр.

  1. Шоқан, өсті, зерек, күннен, болып, бала.

  2. ауылында, Сырымбет, бар, Шоқан, арналған, Уәлихановқа, мұражай.


ІҮ. Сабақты кесте, Сұрақ-жауап бойынша қорыту.

  1. Ш. Уәлиханов қай жылы туған?

  2. Ш.Уәлиханов кім болды?

  3. Ш. Уәлиханов қай жерге саяхатқа шықты?

  4. Шоқанның есімімен нелер аталады?


Бағалау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
20 қаңтар
527
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі