Шоқан Уалиханов -Ұлы қазақ ғалымы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шоқан Уалиханов -Ұлы қазақ ғалымы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тарих пәнінің мұғалімдеріне керек деген пікірдемін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сарсембаева Айгуль Базарбаевна № 45 мектеп тарих және құқық пәндерінің мұғалімі.

4-тоқсан

9 s сабақ.

«Мектеп» баспасы § 56 оқу

Пәннің атауы :

Қазақстан тарихы

8-сынып



Сабақтың тақырыбы :

Шоқан Уалиханов-Ұлы қазақ ғалымы



Сабақтың мақсаты :



Сабақ барысында ,сендер Ұлы ғалым- Шоқан Уәлихановтың өмір тарихын , қысқа өміріндегі шығармашылығы мен саяхаттарын, зерттеулері мен еңбектері туралы білесіңдер . Өмір жолында (кадет корпусы, шығыстанушы , саяхатшы , корнет, адьютант, географиялық қоғам) тірек сөздерді анықтайсыңдар, ғылым жолында серіктері, достары болған орыс ғалымдарымен өмірін байланыстырып қорытынды жасайсыңдар.

Сабақтың барысы :

Қысқаша конспект.

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов 1835 жылы қазіргі Қостанай облысы аумағындағы Сарыкөл ауданы, Күнтимес қыстауында дүниеге келген. Бабасы Абылай Қазақ Ордасының, атасы Уәли Орта жүздің ханы болған. Ал Шоқанның әкесі Шыңғыс аға сұлтан Аманқарағай округін билеген. Шоқанның азан шақырылып қойылған аты- Мұхаммед- Ханафия.Бірақ анасы Зейнептің оған тілі келмей, сәбиін, « Қанаш» деп, ал былайғы жұрт « Шоқан деп атап кетеді.Бала кезінен- ақ қабілеттілігімен, зеректігімен, дараланған есті тентек бес жасынан мұсылманша хат танып, жаза білетін дәрежеге жеткен.Шоқан бастауыш білімді Күнтимес қыстауындағы Шыңғыс ашқан мектептен алған.Сонда оқып жүріп өлең, жыр, аңыз әңгімелерді оқуға және хатқа түсіруге машықтанады.1847 жылы күзде Шоқанды әкесі Омбыға алып келіп, кадет корпусына оқуға орналастырады. Оның рухани өсуіне орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі, қазақ, араб, парсы тілдерін білетін шығыстанушы Н. Костылецкий, өркениет тарихы пәнінен сабақ берген айдаудағы поляк оқымыстысы Г. Гонсевский, тарихшы А. Сулоцкий, географ Е. Старков секілді білімдар тұлғалар елеулі ықпал еткен. 14-15 жасар Уәлихановқа мұғалімдері болашақ ғалым, зерттеуші ретінде қараған.


Сілтеме :

http://www.myshared.ru/slide/960777/ Презентация ,

https://abai.kz/post/5307



1-тапсырма : Сәйкестендіру .


І-тапсырма : Берілген сұрақтар мен жауаптарды сәйкестендір


Шоқанның шын аты 


А 


Абылай 


Шоқан дүниеге келген бекініс 


В 


Сібір кадет корпусы 


Шоқан кімнің ұрпағы 


С 


Мұхаммед Ханафия 


Шоқанның әжесі 


Д 


Құсмұрын 


Шоқан Омбыда оқыды 


Е 


1835 - 1865 жж 


Шоқан өмір сүрген кезең 


Ж 


Айғаным 

Дұрыс жауабы :

1

2

3

4

5

6








2-тапсырма .




ІІ-тапсырма : Төмендегі сілтемелерді қатыстырып мәтін құрастырып жазыңыз


Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов


1. Өмір жолы 2. Кадет корпусы 3. Қызмет жолы

2. Географиялық қоғамның мүшесі, Орынбор, Манас дастаны, Қашқарияға сапары

3. Шоқан және Достаевсий, Шоқан және Абай, Шоқанның қоғам туралы ойлары



Үйге тапсырма :


§ 56 оқу ІІ. «Шоқан-қазақ халқының жарық жұлдызы» Эссе жазу

Дескриптор:

  1. Шоқанның дара тұлға ретінде қалыптасуына қоршаған ортаның, туысқандарының, әлеуметтік жағдайдың, туған табиғатының, өз кезеңінің алдыңғы қатарлы азаматтарымен достасуының әсері.

  2. Шоқанның мінез-құлқы туралы не білесің? Өзіңе оның қандай мінезін үлгі етіп алуға болады , Шоқанның білімділігі мен еңбекқорлығына зор мән беріп, баға берген ақын , жазушылар не дейді................

  3. «Шоқан өз халқының нағыз патриоты болды» «Патриот» ұғымын қалай түсінеіңдер?

  4. «Шоқан Уәлиханов мол ғылыми мұра қалдырды. Ол Орталық Азия халықтарын зерттеуге зор үлес қосты, оны шығыстанушы-ғалым ретінде шетелдік ғалымдар толықтай мойындады. (дәлел)

  5. Шоқан туралы менің пікірім мен қосарым



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.04.2020
493
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі