Шоқан Уәлиханов- ұлы тұлға

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шоқан Уәлиханов- ұлы тұлға

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға, ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұлы тұлға - Шоқан ата

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов 1835 жылы Құсмұрын бекінісінде атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында туып, балалық шағын Сырымбет тауларының баурайында өткізгені бәрімізге мәлім. Ол жастайынан анасы Ұлжаннан көп тәлім-тәрбие алып,қаншама шығарманы содан үйреніп, бойына сіңірген. Сол тәрбие мен өнегенің арқасында ол кейіннен 1874 жылы Омбы кадет корпусына оқуға түседі, оны аяқтағаннан кейін ол өз шығармашылығын бастайды. Оның әкесі де халыққа атақты би сұлтандардың бірі болған. Ш. Уәлиханов публицист, ғалым, шығыстанушы, тарихшы. Ол өзінің Қашғарияға, Ыстықкөлге аттанған сапарын баяндайды. Шоқан кадет корпусында оқып жүргенде-ақ, саяхатшылардың өмірі мен ісі туралы жазылған еңбектерге аса қызығушылықпен қарап, өзіне түртіп алған болатын. Осы еңбектердің ықпалынан ол саяхатшы болуды, Орта Азияны аралап, жан-жақты танысуды армандады. Ол өзінің сапарларында қазақ халқының тарихы мен әдет-ғұрпы , діни ұғымдары жайында көптеген материалдар жинайды. Сонымен бірге, өзі болған аймақтардың тарихы, ескі қалалардың орны, шыңтастардағы жазу, белгілерін, көне ескерткіштер, аңыз-әңгімелер, ертегілер мен өлеңдерді жазып алады. Осы Шоқан Уәлиханов туралы Г. Н. Потанин : «Кадет корпусының соңғы курстарында оқып жүрген кезімізде Шоқан өзінің әңгімелерімен иенің дәптерімді толтырды. Біз қазақтардың сұңқар салып, саят құру салтын толық жазып алдық.Шоқан сұңқарды қалай баптап күтудің әдісін өте жақсы білетін. Дауылпаз бен сұңқардың т.б суреттерін салып, ол менің жазбамды толықтай түсінетін »,- деп жазды. Бұл сөз Шоқан Уәлиханов атамыздың өнерінің жан-жақты екенін, оған курстастарының қызығып, ерекше құрметпен қарағанын дәлелдей түседі. Біз осы Шоқан атамыздың ұрпағымыз. Біз де сол Шоқан атамыз секілді ақылды, сыпайы болуымыз керек. Біздің оқып жүрген мектебіміздің өзі осы Шоқан атамыздың атында. Бұл мектеп біздің өміріміздің айнасы, болашағымыздың кепілі. Осы мектептен біз білім бастауын, қайнарын, өміріміздің алғашқы қадамын осы мектептен бастадық. Сондықтан да бұл біз үшін, әрбір осы мектептің оқушылары үшін әрқашанда ыстық ұясы болып саналады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.01.2019
1863
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі