400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

"Шоқан Уәлиханов" тақырыбында

Материал туралы қысқаша түсінік
тақырыбында сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Қазақ тілі

Мерзімі: 22.04.2020

Курс: 1

Топ: Э-01

Сабақтың тақырыбы

Антонимдер

Сабақтың мақсаты

Білімділік: антоним сөздерді бір - біріне салыстыра отырып, анықтамасын оқушылардың өздері ойланып шығаруға бағыт беру.
Дамытушылық: оқушының білім мен танымын кеңейту және тез қабылдауына жол ашу, өз пікірін толық жеткізе алуына баулу, ойлау қабілетін арттыру.
Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілік асыл қасиеттерге жетелей отырып, сөз өнерін қадірлей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Бекіту сабағы, жаңа білімді беру, дәстүрлі сабақ.

Әдіс-тәсілдері

Сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау.

Сабақтың барысы

Оқытушының іс-әрекеті

Білімгердің іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Онлайн сабақтың даярлығы

2. Студенттердің онлайн сабаққа қатысуы

3. Студенттердің назарын сабаққа аудару

Білімгерлер оқытушымен чат арқылы онлайн амандасады. Сабаққа даярланып, бар назарларын сабаққа салады

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.

Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.

Оқушылардын берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

Өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап беріп, ережелер айтады. Дәптер бойынша берілген үй тапсырманы тексртеді.

ІІІ. Жаңа сабақ

Антонимдер

Антонимдер – мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келетін сөздер.

Антонимдер – грек тілінде   anti –қарсы, onota – атау

дегенді білдіреді.

Математика сабағында:
Қосу – алу, көбейту – бөлу, үлкен – кіші
• Биология сабағында:
Өлі және тірі табиғат
• Әдебиет сабағында:
Мақал – мәтелдерде:
Әдепті бала – арлы бала,
Әдепсіз бала – сорлы бала.
Жұмбақтарда:
Асты тас, үсті тас,
Ортасында піскен ас (таба нан) т. б

Білімгерлер түсіндірілген сабақты тыңдайды. Жаңа тақырып бойынша сұрақтар қояды.

ІV. Жаңа сабақты пысықтау кезеңі

Болымды – болымсыздық мағыналары
Жақсы – жақсы емес
Ал - алма
Сулы – сусыз
Көңілді - көңілсіз
Антонимдер ойды әсерлі, бейнелі түрде жеткізудің ең оңтайлы құралы. Мәселен, ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан мақал - мәтелдердің, жұмбақтардың құрамында антонимдер жарыса қолданылады.

Білімгерлер жаңа тақырып бойынша түсінгендерін айтады.

V. Өздік жұмыс

1- тапсырма.
Мағыналық жағынан бір - біріне қарама - қарсы болып келетін тұрақты тіркестерді ойлап жазу.
Ит арқасы қиянда – таяқ тастам жер. т. б.
2 –тапсырма.
Антонимдерді тап.

Мақалдар.
• Жіптің ұзыны, сөздің қысқасы жақсы.
• Дұшпан күлдіріп айтады,
Дос жылатып айтады.
• Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

Берілген тапсырмаларды түсініп, дәптерлеріне орындайды.

VІ. Сабақтың нәтижесі. Білімді бағалау

  1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.

  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

Бар түсінгендерін айтады. Жауаптарна қарай бағаланады

VІІ. Үйге тапсырма

Құрамында антоним сөздер кездесетін мақал – мәтелдер мен жұмбақтар тауып жазыңдар 

Үйге берілген тапсырманы дәптерге жазып алады




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
5 мамыр
493
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі