400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

Шоқжұлдыздар

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

ВИДЕО САБАҚ ЖОСПАРЫ

Мұғалімнің аты-жөні:

Махумова Мөлдир Болатқызы

Пән/Сынып:

қазақ тілі, 5-сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

Үшінші тоқсан, 7- апта, № 31сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

7-бөлім: Аспан әлемінің құпиялары

Сабақтың тақырыбы:

Шоқжұлдыздар

Оқу мақсаттары:

5.5.1.6 Ауызша мәтіндер құрауда қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуын, үндестік заңын ескеріп айту.

5.1.5.1 Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау

Сабақ мақсаты:

1.Қойылған сұрақтарды дұрыс түсініп, лайықты жауап беру.

2.Жазба жұмыстарында етістікке тиісті қосымшаларды жалғап,болымсыз етістікке айналдыру

Бағалау критериі:

  • тыңдалған мәтін мазмұнын түсінеді, нақты ақпаратты анықтайды;

  • қазақ тілінде шоқжұлдыздар туралы айтады, қосымша мәліметтер береді.

Уақыты

Кезеңдері

Сабақтың мазмұны


Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Ресурстар

3 мин


Ұйымдастыру

Сәлеметсіңдер ме, балалар?

Қазақ тілі мен әдебиет сабағына қош келдіңіздер!

Бүгінгі сабақта:

Сенің білетінің:

• Аспан әлеміндегі Шоқжұлдыздар туралы

Сенің меңгеретінің:

  • Мәтін мазмұнын түсініп, негізгі ойды анықтайсың;

  • Жазба жұмыстарында етістікке тиісті қосымшаларды жалғап,болымсыз етістікке айналдырасың;

  • Аспан денелері туралы сұрақ қойып, жауап бересің.

Оқушылардың сабаққа назарын аударту



Сабақта не меңгеретіні туралы айту


5 мин

Жаңа сабақ

Мұғалім жаңа сабақты әр түрлі тәсілмен түсіндіреді


Презентация


І. Кіріспе






















Жаңа сөздер:

Шоқжұлдыз- созвездие , жорамалдаған - предпологали , мәңгілік өзгермейді - не меняется, ілім - учение, дәлелдеу- доказывать, доказательство , дөнгелек- круг,круглый, ғылымды дамыту- развитие науки, расытхана-обсерватория

Мәтіналды жұмыс: Суреттерге қара.Сұрақтарға жауап бер.

Ой қозау әдісі

1. Сен қандай шоқжұлдыздарды білесің?

2. Олар қалай аталады?


Жаңа сөздерді дауыстап, дұрыс айту.

Сөз тіркестерін құрастыру



Суретке қарап, сұрақтарға жауап береді




Презентация









Аспан әлемі, шоқжұлдыздар суреті

5 мин


















ІІ. Негізгі бөлім

А) Мәтінмен жұмыс. Тыңдалым. Оқылым.











Тапсырмалар :


















































3-тапсырма. Мәтінді тыңда. Оқы.

Ерте заманнан адамдар жұлдызды аспанды шоқжұлдыздарға бөлген. Көп уақытқа дейін “жұлдыздар орнынан қозғалмайды” деп жорамалдаған. Аристотель заманынан бастап ғасырлар бойы “жұлдызды аспан мәңгілік өзгермейді” деп сенген. "Аспан - хрусталь сфера, оның сыртында Құдайлар өмір сүреді" деп сенген .Джордано Бруно “жұлдыздар – Күн сияқты аспан денелері” деген пікір айтқан.

Ғалымдар жұлдыздарды дүниежүзіндегі үлкен расытханалар мен астрономиялық орталықтарда зерттейді. Қазақстанда Астрофизика институты зерттейді

Неміс ғалымы Бессель аспан әлемін зерттеген. Бессель жаңа аспан денелерін ашқан. Ғалым - әлемдегі бірінші астроном. Ол 75 мың жұлдыздың орнын анықтаған. Ол Коперниктің ілімін дәлелдеген. Коперник бірінші рет Жердің дөңгелек екенін айтқан. Бессель Кенигсберг расытханасында жұмыс істеген. Бессель ХІХ ғасырда ғылымды дамытуға көп еңбек еткен.

Айтылым Оқылым

Төмендегі жоспарды мәтін мазмұны бойынша орналастырыңдар.

1."Жұлдыздар орнынан қозғалмайды" деген жорамал.

2. "Аспан - хрусталь сфера, оның сыртында Құдайлар өмір сүреді" деп жорамалдау.

3. “Жұлдызды аспан мәңгілік өзгермейді” деп ойлауы.

4. Ғалымдар жұлдыздарды расытханаларда зерттейуі.

5. .Джордано Бруноның “жұлдыздар – Күн сияқты аспан денелері” деген пікірі.

6. Ерте замандағы адамдардың жұлдызды аспанды шоқжұлдыздарға бөлуі

Бағалау критерийі: Мәтін мазмұнына сәйкес сөйлемдерді орналастыру

Дескриптор: Мәтін мазмұнына сәйкес сөйлемдерді дұрыс орналастырады


Өзіңді тексер!

1. Ерте замандағы адамдардың жұлдызды аспанды шоқжұлдыздарға бөлуі.

2. “Жұлдыздар орнынан қозғалмайды ” деген жорамал.

3. “Жұлдызды аспан мәңгілік өзгермейді” деп ойлауы.

4. “Аспан хрусталь сфера, оның сыртында Құдайлар өмір сүреді” деп жорамалдау.

5. Джордано Бруноның “жұлдыздар – Күн сияқты аспан денелері деген” пікірі.

6. Ғалымдардың жұлдыздарды расытханаларда зерттеуі.


Жазылым

Берілген етістіктердің түбірін анықтап, болымсыз етістікке айналдыр.

Бөлген,қозғалған,ойлаған,жорамалдаған,айтқан,зерттеген,

өзгерген, ашқан, анықтаған, жұмыс істеген, дәлелдеген, еңбек еткен.

Бағалау критерийі: Етістік түбірін анықтап, болымсыз етістікке айналдыру

Дескриптор: Етістік түбірін анықтап, болымсыз етістікке айналдырады


Өзіңді тексер!

Бөлмеген,қозғалмаған,ойламаған,жорамалдамаған,айтпаған,

зерттемеген,өзгермеген, ашпаған, анықтамаған, жұмыс істемеген, дәлелдемеген, еңбек етпеген.






Айтылым

Сұрақтарға жауап бер

1. Қандай жұлдыздар атауларын білесің?

2. Қазіргі кезде аспанда неше шоқжұлдыз бар?

3. Шоқжұлдыздарды кімдер, қайда зерттейді?



Мәтінді оқып шығу



















































Етістік түбірін дұрыс анықтап, болымсыз етістіктің қосымшаларын дұрыс қолдануын бақылау











Сұрақтарға дұрыс, толық жауап берулерін бақылау

Оқулық 57 бет

Мәтін


















5-тапсырма, 57бет

сөйлемдер
































56 бет, 2-тапсырма















сұрақтар

1мин

ІІІ. Қорытынды бөлім

  • мәтін мазмұнын түсініп, негізгі ойды анықтадың;

  • жазба жұмыстарында болымды етістіктерді болымсыз етістіктерге айналдырып, ауызша, жазба жұмыстарда қолдандың;

  • шоқжұлдыздар туралы сұрақтарға дұрыс жауап бердің





Қосымша тапсырма

Шоқжұлдыздар атауларының қазақша атауларын біліп, шоқжұлдыздар туралы қосымша мәлімет біліп келу.



















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
195
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі