"Сүйер ұлың болса,
Сен
де сүй.
Сүйінерге жарар ол"
Абай

Шоқан Шыңғысұлы
Уәлиханов
(шын есімі
Мұхаммедқанафия;
1835 —1865) — қазақтың ұлы
ғалымы,
XIX ғасырдың екінші жартысында
Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш
өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф,
географ, ағартушы. Әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп
айтуымен, «Шоқан» аталып кеткен.
Шоқан
Уәлихановтың
даналық
сөздері
Қазаққа басқа геометриялық
пішіндерден гөрі шаршы (квадрат) көбірек ұнаса керек. Өйткені, ол
үшін — зат неғұрлым ауқымды болса, соғұрлым маңыздырақ көрінеді.
Сондықтан да , әдетте, атақты Һәм бай қазақтардың қабірінің үстіне
осындай ескерткіштер тұрғызылады.
Қазақ даласында не көп— бірі
көне, бірі жаңа жапырлай орналасқан зираттар, обалар мен төбешіктер
көп. Қазақтың тұрмыс тіршілігінің бұл тілсіз ескерткіштері тарихи
тұрғыдан гөрі, жағрафиялық тұрғыдан алғанда
қымбаттырақ.
Қызғаншақтық — сыртқа шықпай
қоймайтын ішкі былық.
Әйел табиғатының өзі осындай:
тиым салынған тамырдың дәмін татып, әбден құмарынан шыққанша қинала
беруге жаратылған.
Тіршіліктің ішкі-сыртқы
жағдайларын жақсартуға талпыну адам баласына тән
нәрсе...
Адам - таңғажайып құбылыс!
Оның жан дүниесі, ақыл-ойы, жан-жақты талант-қабілеті —
құдіреттілік табиғатының,
мүлдем беймәлім әрі ешқашан да
танып-білу мүмкін емес мәңгілік құпияның нақты көрінісі осы емес
пе?!
Табиғаттың өзінде өзгеше бір
сүйсінерлік, жанға жайлы бір нәрсе
бар.
Қазақ халқы - ең бір бейбіт
халықтардың бірі.
Қазақтар - жақсылықтың қадірін
білетін халық
Тек ақиқат білім ғана күдік
туғызбайды, ол өмірді бағалауға, тұрмыс құруға
үйретед
Халықтың кемеліне келіп
өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім
қажет
Дүниеде әділдік пен адалдықты
ту еткен адамнан артық ешкім жоқ.
Адамның басшысы
–ақыл,
Жетекшісі
–талап,
Шолушысы
–ой,
Сынаушысы-
халық,
Қорғаушысы-
сабыр,
Қорғанышы
–мінез,
Ең қымбаттысы
–ар,
Таусылмайтын
–арман,
Барлығынан ардақтысы
-өмір.



Дайындаған 3 «В» сынып
жетекшісі:
Мұсаева
Ж.Р
«Шыңғыстың сүйген ұлы Шоқан
еді,
Империя – патша жұрты тәмам
көрді.
Өнері топтан асқан жігіт
еді,
Сұм
тағдыр сапар жолда қаза берді », —
деп
жырлады Ақан сері.
Шоқанның ең жақын
жолдастарының бірі Ядринцев былай
дейді:
«Қазақ даласындағы шалдармен
әңгімелесіп, Шоқанды еске түсіргенде, олардың аппақ сақалдарын
ыстық жаспен жуып егілгендігін өз көзімізбен көрдік. Шоқан өз
елінің мақтаны әрі сүйікті ұлы. Ол жұртшылықтың жүрегінде тап осы
дәрежеде сақталған еді ».
Шоқан тұлғасы таусылмайтын
сырға бай, ғажайып тұлға ғой. Кейде өзіңмен өзің болып ой кешіп
отырғанда, Шоқан өмірде рас болды дегенге сеніңкіремейтінім рас.
Келте ғұмырына соншалықты мол еңбекті қалай ғана сыйдырған
десеңізші?…» (Шыңғыс
.Айтматов)
Ғалым Ковалевский
Шоқанды «Асқан данышпан жас жігіт.»,
«Тамаша ғалым», «Қазақ халқының ең жақсы досы..» деп
атады.
Ғалым
И.И.Веселовский «Шоқан Уәлиханов жарқыраған
жарық жұлдыздай жарқ етті. Орыс ориенталистері оның өмірге келген
таңқаларлық құбылыс екенін бір ауыздан мойындады және оның түрік
халықтарының тағдыры туралы ұлы маңызды жаңалықтар ашады деп күтті»
деген еді.
Ш.Уәлиханов атындағы№1
жалпы орта білім беретін
мектебі
Шоқтығы
биік-Шоқан

Арқалық-2017
жыл

