Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Шортанбай Қанайұлы "Зар заман" өлеңі

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ -ға ерекше білімді қажет ететін оқушыға арналған тапсырманы қосылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру ұйымының атауы

Түркістан облысы,Кентау қаласы ,Т.Рысқұлов атындағы №24 жалпы орта мектебі

Пәні:

Қазақ әдебиеті

Бөлім:

Толғауы тоқсан қызыл тіл

Педагогтің аты-жөні:

Акынбаева Гулзира Мирзатаевна

Күні:10.11.2022ж


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Шортанбай Қанайұлы «Зар заман» толғауы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

7.1.4.1 көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту

7.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың ( символ,синекдоха,қайталау түрлері : эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар үшін:

Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айтады, шығармада кездесетін көркемдегіш құралдардың (қайталау түрлері : эпифора,анафора,аллитерация,ассонанс,риторикалық сұрақ) қолданысын талдайды.

Бағалау критерийі

  • шығармадағы кейіпкер бейнесін ашады

  • үзінділерді жатқа айтады

  • Көркемдегіш құралдардың ( қайталау түрлері : эпифора,анафора,аллитерация,ассонанс , риторикалық сұрақ) қолданысын талдайды

ОДД

Қолдану,жоғары деңгей

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1 минут

І.Ұйымдастыру кезеңі.

А) Сәлемдесу, оқушыны түгелдеу;

Ә) Білім алушының зейінін сабаққа шоғырландыру.


Оқушылар мұғаліммен сәлемдеседі, өзара бірін-бірі түгендейді, зейінін сабаққа аударады.

Ауызша мадақтау сөздері қолданылады

«Өте жақсы», «Тамаша»

Оқу құралдары,

интерактивті тақта,  тақырыптық суреттер, сызба- кестелер

3 минут

ІІ.Психологиялық жағымды ахуал жасау.

«Жүректен жүрекке» әдісі арқылы тілек айту

Балалар бір-бірінің қолдарына жүрекшені сыйлап, жақсы тілектерін айтады.


Әрекет жылдам әрі белсенді орындалады.

Оқушылардың өзара әркетіне

мұғалім жетекшілігімен ауызша кері байланыс беріледі.

«Жарайсыңдар!», «Қандай керемет!»


https://images.app.goo.gl/GgqNRqJpZhb491gM9



Сабақтың ортасы


5 минут


















1 минут























2 минут















3 мин






15 мин
















































































7 минут




6 минут

  • Өткен материалды сұрау. (Үй тапсырмасын сұрау кезінде оқушылардың деңгейін ескере отырып қоямын)

  • «Серпілген сауал» әдісі

  • 1. Зар заман өкілдері кімдер ?

  • 2. Зар заман ақындары деп кім атаған?

  • 3. Шортанбай Қанайұлы кім?

  • 4.Шортанбай өмір сүрген заман қандай еді?
    5.Ел билеу жүйесінде қандай өзгерістер болды?
    6.Шортанбай өз заманын неге «зар заман» деп атады?

7. Шортанбай өз заманын суреттеді,сіздер өз замандарыңызды қалай суреттер едіңіздер?

(оқушылардың деңгейін ескере отырып сұрақ қоямын)

Жаңа материалды меңгерту кезеңі

1.Оқушыларға сабақтың мақсаты мен тақырыбы, бағалау критерийі таныстырылады.



2.Барлық тапсырмалар топтамасы таныстырылым бейнесінде және кеспе қағаздар үлгісімен ұсынылады.



Сабақтың тақырыбы:

Шортанбай Қанайұлы «Зар заман»өлеңі

Оқу мақсаты:

7.1.4.1 көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту.

7.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың

(символ,синекдоха,қайталау түрлері: эпифора,анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау.

Бағалау критерийі:

  • шығармадағы кейіпкер бейнесін ашады

  • үзінділерді жатқа айтады

  • көркемдегіш құралдарды талдайды

Оқылым алды тапсырма: «Кинометафора» әдісімен видео көрсетемін. Бұл әдіс кезінде оқушылардың деңгейін ескере отырып, деңгейлік сұрақтар қоямын.

1-тапсырма

Оқушылар «Зар заман» өлеңінен үзінділерді жатқа, мәнерлеп оқиды.

Зар заман, зар заман,

Зарлап өткен бір заман.

Сөздің басы — бисмиллаһ,

Біз айталық, сіз тыңда

Мұсылманның тарихын:

Төрт аяқты хайуан —

Бұ дүниенің жарығы.

Бағасы кеткен жігіттің

Бетінен алар зайыбы.

Бір алладан басқаның

Көпті қылған айыбы.

Кесапаттың кесірі

Келе ме деп керт басқа,

Сол себептен қорқамын!

Әуелгі қорлар зор болды,

Сондай зорлар қор болды,

Әуелгі барлар жоқ болды,

Сондай жоқтар тоқ болды

Жөн білмеген жамандар

Ел билеген бек болды,

Көтере алмай билігін,

Ұласқан үлкен кек болды,

Ниетіне қазақтың

Тым-ақ тәуір еп болды —

Заманақыр болар деп,

Сол себептен қорқамын!

Мына заман қай заман?

Азулыға бар заман,

Азусызға тар заман.

Тарлығының белгісі:

Жақсы — жаннан түңілген,

Жаман — малдан түңілген,

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.02.2023
402
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12