400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сортаң топырақтар

Материал туралы қысқаша түсінік
Сортаң топырақ, қоңыржай орманды дала, дала, құрғақ дала және шөлді дала белдемдерінде кездеседі. Сортаң топырақтың құрамында хлоридтер, сульфаттар, натрий, кальций, магний карбонаттары көп болады. Сор топырақтар мен Сортаң топырақты шатастыруға болмайды, олардың айырмашылығы Сортаң топырақтың беткі қабатында суға тез еритін тұздар жоқ, ондай тұздар кезінде бұл топырақтарда болған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 30.09.21

Мұғаліміннің аты-жөні: Мадиканова М.Қ.

Топ: О-9-20

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Сортаң топырақтар

Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Топырақтағы тірі ағзалардың маңыздылығы туралы білу.Топырақтың құрамын және құрамдас бөлігін түсіну.Топырақтың құрамын анықтайды , қасиеттерін ажырата алу

Сабақ мақсаттары

Топырақтың типтері мен танысып, оларды ажырата білу

Бағалау

критерийлері

  • Жаңа тақырыпты меңгереді;

  • Тақырып бойынша ойларын қорытып айта алады;

  • Тақырып бойынша тест сұрақтарына жауап береді;

Теориялық білімді практика жүзінде қолдана алады;

Тілдік мақсаттар

Студенттер:

Оқылым-айтылым: Мәтіндегі негізгі ойды бірлесе оқиды,тапсырмаларды орындау барысында оқушылар топтық талқылаулар арқылы бір- бірімен пікір алмасады, пікірталас, диалогке қатысады. Тыңдалым-жазылым: Ойларын ортаға салады, дәлелдейді, сызба құрастырып жазады. Терминдер:Топырақтану,В.В Докучаев,қарашірік

Құндылықтарды дарыту




Студенттер өнертапқыш болуы тиіс, сыни ойлай отырып тапсырманың контекстін түсіну керек; бір-біріне қолдау көрсету керек

Оларда диалог арқылы қарым-қатынас дағдыларын дамытады, топпен жұмыс арқылы бір-біріне деген сыйластық, төзімділік дағдыларын дамытады.

Жұпта жұмыс істеу кезінде оқушылар академиялық адалдық сақтауға мүмкіндіктері бар.

Пән аралық байланыстар

Бұл тақырыпты меңгеру физика және химия, география, экология, биология пәндерімен өзара байланыс жасалады

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтаны презентация таныстыру үшін қолдану, тақтаны жазу құралы ретінде қолдану.

Бастапқы білім


Сортаң топырақ, қоңыржай орманды дала, дала, құрғақ дала және шөлді дала белдемдерінде кездеседі. Сортаң топырақтың құрамында хлоридтер, сульфаттар, натрий, кальций, магний карбонаттары көп болады. Сор топырақтар мен Сортаң топырақты шатастыруға болмайды, олардың айырмашылығы Сортаң топырақтың беткі қабатында суға тез еритін тұздар жоқ, ондай тұздар кезінде бұл топырақтарда болған.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы



І. Ұйымдастыру.

Амандасу.Студенттердің зейіндерін сабаққа аудару.

а) Сабаққа әзірлікті бақылау;

ә)Мағынаны ажырату.

Сабақтың мақсатымен таныстыру.Сабақтың әр кезеңінде топ жетекшісінің көмегі арқылы студенттердің жауабын есепке алып отыру.Бағалау парағын пайдалану.

ІІ. Миға шабуыл. Тапсырмалар:


Плакаттар

Ортасы



ІІІ. Жаңа сабақ

Сортаң топырақ, қоңыржай орманды дала, дала, құрғақ дала және шөлді дала белдемдерінде кездеседі. Сортаң топырақтың құрамында хлоридтер, сульфаттар, натрий, кальций, магний карбонаттары көп болады. Сор топырақтар мен Сортаң топырақты шатастыруға болмайды, олардың айырмашылығы Сортаң топырақтың беткі қабатында суға тез еритін тұздар жоқ, ондай тұздар кезінде бұл топырақтарда болған. Табиғи жағдайлардың өзгеруімен топырақ бетіндегі суға тез ерігіш тұздар топырақ бетінен жуылып-шайылып, топырақтың төменгі қабаттарына кеткен. Осы шайылу кезінде тұздар құрамындағы натрий катионы топырақтың сіңіру кешеніне қаныққанша сіңіп қалған. Құрғақ кезде бұл топырақтар қатты қатып, өңдеуге мүмкіндік бермесе, ылғал тиген кезде нағыз балшықты қабатқа айналып, су өткізбейді. Осы жайсыз физикалық қасиеттерінің нәтижесінде мұнда өсімдіктер өсіп, өнім бермейді. Сортаң топырақ сорлардың (күшті тұзданған), сортаңдардың (неғұрлым аз тұзданған) негізін құрайды. Сортаң топырқты қолдан жақсартпайынша оларды ауыл шаруашылығына пайдалану тиімсіз.

Қазақстанда сортаң топырақ өте кең тараған, негізінен терістік және орталық белдемдерде белдемдік топырақтармен араласып, кешенді түрде орналасқан.


1. Қазақстан топырақтары: орысша-қазақша анықтамалық сөздік – Почвы Казахстана: русско-казахский словарь справочник. – Алматы: Каз ККА, 2008 – 270 б.

2. Мирзадинов Р. А., Үсен Қ., Торғаев Ə. Ə., ж.б.- Топырақтану: оқу құралы / Алматы: Каз ККА, 2009.- 276б.- 1 ч.з., 2 агр., 97 уч.а.

3. Жамалбеков Е. Топырақтану жəне топырақ географиясы мен экологиясы:

Сабақтың соңы

2 - мин

Үй тапсырмасы:

Топырақ ерітіндісін бөліп алу жолдары

VIII.Бағалау. Бағалау парағы бойынша студенттерді бағалаймын.

IX.Сабақ соңында студенттер рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Студенттер өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады




№9

Сортаң топырақтар

Сортаң топырақ, қоңыржай орманды дала, дала, құрғақ дала және шөлді дала белдемдерінде кездеседі. Сортаң топырақтың құрамында хлоридтер, сульфаттар, натрий, кальций, магний карбонаттары көп болады. Сор топырақтар мен Сортаң топырақты шатастыруға болмайды, олардың айырмашылығы Сортаң топырақтың беткі қабатында суға тез еритін тұздар жоқ, ондай тұздар кезінде бұл топырақтарда болған. Табиғи жағдайлардың өзгеруімен топырақ бетіндегі суға тез ерігіш тұздар топырақ бетінен жуылып-шайылып, топырақтың төменгі қабаттарына кеткен. Осы шайылу кезінде тұздар құрамындағы натрий катионы топырақтың сіңіру кешеніне қаныққанша сіңіп қалған. Құрғақ кезде бұл топырақтар қатты қатып, өңдеуге мүмкіндік бермесе, ылғал тиген кезде нағыз балшықты қабатқа айналып, су өткізбейді. Осы жайсыз физикалық қасиеттерінің нәтижесінде мұнда өсімдіктер өсіп, өнім бермейді. Сортаң топырақ сорлардың (күшті тұзданған), сортаңдардың (неғұрлым аз тұзданған) негізін құрайды. Сортаң топырқты қолдан жақсартпайынша оларды ауыл шаруашылығына пайдалану тиімсіз.

Қазақстанда сортаң топырақ өте кең тараған, негізінен терістік және орталық белдемдерде белдемдік топырақтармен араласып, кешенді түрде орналасқан.

Сор топырақ, орманды дала, дала, шөлейт және шөлді аймақтардағы құрғақ климат жағдайында топырақтың тұздануы нәтижесінде қалыптасады. Құрамында суға тез еритін тұздар көлемі 1%-дан артық болады. Сор топырақ 2 типке бөлінеді: автоморфтық сор топырақ жер бетіне ежелгі тұзданған жыныстардың шығуынан қалыптасады, құрамында тез еритін тұздардың көлемі 0,5 – 1%-ды құрайды (сульфаттар, хлоридтер), гидроморфтық сор топырақ минералданған топырақ – жер қыртысы суларының жер бетіне жақын орналасуы, олардағы тұздардың булануы барысында жоғарғы горизонтта 6 – 8%, одан да көп мөлшерде тұздардың жиналуы жағдайында дамиды. Қолдан суарған кезде жер асты ағысы жоқ немесе ағысы өте нашар жерлерде көп ұзамай жер асты ыза сулары пайда болып, олардың деңгейі жоғары көтеріліп, бетіне жақындап, буланып, топырақ бетінде мол тұздар қалдырады. Бұл жағдайды топырақтың екінші сорлануы, яғни жерді суарумен байланысты сорлану деп атайды. Құрамында тұзы мол сор топырақ немесе тұзы аздау сорланған топырақтар онда өсетін өсімдіктер үшін өте зиянды. Сор топырақта тұздардың деңгейі жоғары болса, өсімдіктер өнімі соғұрлым төмен болады. Сондықтан суармалы егіншілік жағдайында топырақтың сорлануымен күресу – басты мәселелердің бірі. Жер асты ағысы нашар алқаптарда сорланған топырақтарды тұщы сумен шайып, ыза суларды қолдан қазылған кәрізді-коллекторлы жүйелер арқылы басқа жаққа ағызу қажет. Жалпы сор топырақ өзінше белдем түзбейтін, белдемаралық топырақтарға жатады. Сор топырақтарды қолдан жақсартпайынша, оларды ауыл шаруашылына пайдалану тиімсіз. Орталық Африкада, Австралияда, Солтүстік Америкада, Каспий жағалауларындағы ойпаттарда, Солтүстік Қырымда, Орталық Азияда, Қазақстанда таралған. Сор топырақтарға қопсытқаннан кейін дәнді дақылдар мен көкөніс, мақта, қой және түйе жайылымына арналған шөп өсіреді. Бұл тау бөктеріндегі шөл далалар топырақтары, олар 34 млн. га, немесе  ТМД  территориясының  1,5%  қамтиды.  Сұр  топырақтар  республика  аумағының  оңтүстік  бөлігінде  орналасқан,  сондықтан  қыста  тоң  толыққатпайды.  Бұнда  жауын-шашын  мөлшері  біршама  көбірек,  ал  тау  бөктepi жазықтарында 400-500 мм ге жетеді.  Сұр  топырақтар  кескіні  горизонттарға  нашар  бөлінген,  А  горизонты бояуы  бойынша  аналық  жыныстан  шамалы  ғана  ерекшеленеді,  өтпелі  В  горизонтының  түci  шамалы  сұрғылт  болады,  астында  карбонаттар  көп  жинақталған  иллювиалды  карбонатты  В  горизонты  орналасқан,  сондықтан  оныңтүciқұқыл  болып  келеді.  150-180  см-де  гипстіңұсақ  кристалдары 

жинақталады, одан төмен суда еритін тұздар орналасқан.  Топырақ  кескінініңқалыптасуына  әсер  ететін  маңызды  факторлар  ылғалдылық пен кебу. Ашық сұр топырақтар көктемде 1м тереңдікке дейін,  ал нақты  сұр  топырақтар 2  метрге дейін ылғалданады. Ылғалдану  үрдісінде  суда  еритін  тұздардың  бірталайы  жоғарғы  қабаттарға  қайтып  келеді,  жазда  топырақ  неғұрлым  тереңге  ылғалданған  сайын,  соғұрлым  аз  тұз  қайта 

көтepiлeдi. Сұр  топырақтардың  ылғалдану  дәрежесі  жоғары  болғандығынан  эфемерлер  дамуына  жақсы  жағдай  туындайды,  олар  тұтас  өсімдік  жамылғысын  құрай  алады.  Жоғары  температура,  топырақтың  жақсы  жылу  режимі,  өсімдікқалдықтарының  күлділігі  жоғары  екендігі  топырақта  органикалық  заттардың  толық  ыдырауына  қажетті  жағдайды  қамтамасыз  етеді.Өсімдікқалдықтары  мен  шірінді  заттардың  тез  ыдырауы  мен  минералдануы  нәтижесінде  сұр  топырақтарда  аз  ғана  қарашірікқалады.  Босаған  қоректік  элементтер  сумен  шайылып  кетпей,  топырақтың  беткі  1-4  мқабатында  қалады.  Осыған  байланысты  қарашірігі  аз  болғанымен  сұр  топырақтардыңөнімділігі  жоғары.  


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
3 ақпан
823
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі