400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сотта өкілдік ету. Іс жүргізу мерзімдері және сот шығындары

Материал туралы қысқаша түсінік
юристтер үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тараз техника және бизнес колледжі



«Бекітемін»

Колледж әдіскері

___________ Болтаева А.Б.

«____» ________ 2019 ж.






АШЫҚ САБАҚ


Тақырыбы: «Іс жүргізу мерзімдері, сот шығындары»








Пән: Азаматтық іс жүргізу құқығы

Топ: 0201 – 17 – 9 – 1

Оқытушы: Укибаева Мерует Каскарауовна















Тараз 2019 ж.

Пән: Азаматтық іс жүргізу құқығы

Топ: 0201 -17-9-1

Күні: 12.11.2019 ж.


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: білімгерлерге азаматтық іс жүргізу мерзімдерін, сот шығындарын білу туралы туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық: білімгерлердің білімдерін шыңдау, ой-өрісін дамыту, жағдаяттар шешуге икем дағдыларын арттыру, сипаттамалық мәліметтермен жұмыс жасау, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: білімгерлерді үнемшілдікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке, ұжымдық мәдениеттілік пен әдептілікке тәрбиелеу.


Пәнаралық байланыс: Конституциялық құқық, Азаматтық құқық.

Сабақтың түрі: тәжірибе

Сабақтың әдісі: дәстүрлі емес әдіс, білімгерлер екі топқа бөлінеді, бірінші топ «Азаматтық» және екінші топ «Іс жүргізу» деп аталады.

Сабақтың көрнекілігі: оқулықтар, лекция материалы, слайдтар, қима қағаздар, «Кім жүйрік» сөз жұмбақтар, «Жұлдызды сағат» ойыны, «Кубизм» әдісімен терминдер.

Дидактикалық материалдар: жаңа сабақты бекіту кезінде берілетін сұрақтар және заң сөздікшесі.

Оқытудың техникалық құралдары: проектор, компьютер, интерактивті тақта.

Негізгі әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995 ж, 02.02.2011ж.

№403-IV Заңдармен енгізілген өзгерістер мен және толықтырулармен.

  1. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі – Алматы:

ЮРИСТ, 2011ж.-136 бет.


Қосымша әдебиеттер:

1. Нұрмашев Ү., Нұрмашева Ф. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу құқығы: Оқу құралы. – Алматы: Жеті жарғы, 2009. – 400 бет

  1. «Салық және бюджетке төленетінбасқа да міндетті төлемдер туралы»

10.12.2008ж. № 99-IV Заңымен енгізілген өзгерістер және толықтыруларымен.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Білімгерлермен сәлемдесу, түгелдеу, аудиторияны

сабаққа дайындау, білімгерлердің назарын сабаққа аудару.


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдеу мен дәлелдемелер тақырыбы бойынша білімгерлер өз түсініктерін айтады және «Азаматтық» және «Іс жүргізу» топтарына бөліп, «Кім жүйрік» ойыны сөз жұмбақтағы заңның баптарын табу арқылы сұралады. «Заңды кім біледі» қима-қағаздағы сұраққа жауап беру арқылы қорытындыланады.

1) «Кім жүйрік» ойыны сөз жұмбақтағы заңның баптарын табу арқылы екі топтан үй тапсырмасы сұралынады.

2) «Заңды кім біледі» қима-қағаздармен жұмыс жасаудың бір түрі. Бұл ойында екі топқа қима қағаздар таратылады, топтар өзара ақылдаса отыра екі білімгер шығып, қима-қағаздағы сұраққа жауап береді. Сұрақтың жауабын дұрыс берген жағдайда бір-бір смайлик беріледі. Жауабы дұрыс болмаған жағдайда қарсыласы топ дұрыс жауабын беріп слайликты алып кетуіне болады. Ойын соңына дейін осы тәртіппен жүріп отырады. Қай топтың жеңгенін жинаған смайликтердің санына қарай анықтаймыз.



ІІІ. Жаңа сабақ:


Азаматтық іс жүргізу мерзімдері, сот шығындары


1. Азаматтық іс жүргізу мерзімдері.

2. Іс жүргізуге байланысты шығындар.

3. Мемлекеттік баж.


1. Азаматтық іс жүргізу мерзімдері. (АІЖК 10- тарау).
Іс жүргізу мерзімдерін жаратылысы бойынша екі нысанға бөлуге болады:

1) Заңмен белгіленген мерзімдер;

2) Сот тағайындаған мерзімдер;


АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ: (АІЖК 123- бап).
1. Заңмен белгіленген мерзімдер;

-заңмен белгіленген іс жүргізу мерзімі сотқа және басқада азаматтық іске қатысушыларға міндетті;

- заңмен белгіленген іс жүргізу мерзімін сот және тараптар, іске қатысушылар өзара келісімдері бойынша өзгерте алмайды.

Заңмен белгіленген мерзімдерге мына мерзімдер жатады:

  1. АПК –ң 152 бабына сәйкес талап арыды қабылдау 5 күн мерзім ішінде,

  2. Азаматтық істерді дайындау мерзімі 15 күн, айрықша қиын істер

бойынша қосымша 1 айға ұзардылуы мүмкін.

  1. 1- сатыда сотта азаматық істерді қарау сот талқылауына дайындау аяқталғаннан кейін 2 ай, кейбір істер бойынша 1 ай мезгіл ішінде;

  2. Апелляциялық істерді қараау мерзімі 2 ай, кассациялық сатыда істі қарау 30 күн ішінде;

  3. АПК-нің 139 бабына сәйкес судья сот бұйрығын 3 күн мерзімде шығарады

  4. 142 бапқа сәйкес 10 күн ішінде борышкер сот бұйрығына қарсылығын беруге құқылы;

  5. Сырттай шешімнің күшін жою туралы арызды сот онын сотқа келіп түскен кезінен бастап 10 күн ішінде сот отырысында қарайды;

  6. Апелляциялық шағым, наразылық сот шешімі түпкілікті шығарған күннен бастап 1 ай ішінде берілуі мүмкін;

  7. Кассациялық шағым немесе наразылық апелляциялық сатыдағы сот тың қаулысы, ұйғарымы заңды күшіне еңген күннен бастап 6 ай ішінде берілуі мүмкін;

  8. Жаңадын ашылған мән- жайлар бойынша қайта қарау үшін негіз болатын мән-жайлар анықталған күннен бастап іске қатысушылыр 3 ай ішінде азызды бере алады.


2. Сот тағайындаған мерзімдер;

- мерзім заңмен белгіленген жағдайда судья немесе сот өзі тағайындайды

- бұл мерзімдерді соттың өзгертуге немесе ұзартуға құқығы бар.

Іс жүргізу мерзімдерін есептеу:
1) Іс жүргізу әрекеттерін жасауға арналған мерзімдер сөзсіз болуға тиіс оқиға көрсетіле отырып, дәлме-дәл күнтізбелік күнмен немесе жылдармен, айлармен немесе күндермен есептелетін уақыт кезеңімен белгіленеді;
2) Кезеңмен есептелетін іс жүргізу мерзімінің ағымы оның басталуы белгіленген күнтізбелік күннен немесе оқиға болған күннен кейінгі күні басталады.
Іс жүргізу мерзімдерінің аяқталуы:
1) Жылдармен есептелетін мерзім сол мерзімінің соңғы жылының тиісті
айында және күнінде бітеді.

2) Айлармен есептелетін мерзім сол мерзімінің соңғы айының тиісті ай мен күнінде бітеді. 3) Күндермен есептелетін мерзім белгіленген кезеңнің соңғы күні бітеді. Мерзімнің соңғы күні демалыс күніне тап келген жағдайда мерзімнің аяқталатын күні одан кейінгі жұмыс күні болып есептеледі.

4) Егер шағым, құжаттар не ақша сомалары мерзімнің соңғы күніне жиырма
төрт сағат қалғанға дейін почтаға, телеграфқа тапсырса немесе байланыстың өзге де құралдары бойынша берілсе, мерзім өтіп кеткен болып есептелмейді.

Іс жүргізу мерзімдерін өткізіп алу салдары.
1) Іс жүргізу әрекеттерін жасау құқығы заңда белгіленген немесе сот тағайындаған мерзімінің аяқталуымен жойылады. Іс жүргізу мерзімдері
аяқталғаннан кейін берілген шағымдар мен құжаттарды, егер өтіп кеткен мерзімді қалпына келтіру туралы өтініш берілмесе, сот қараусыз қалдырады және оларды берген адамға қайтарылады.
2) Іс жүргізу мерзімдерінің бітуі іс жүргізу міндеттерін орындаудан босатпайды.
Іс жүргізу мерзімдерін тоқтата тұру.
1) Мерзімдерді тоқтата тұру іс жүргізуді тоқтата тұру үшін негіз болған мән-жайлар туындаған уақыттан басталады.
2) Іс жүргізу қайта басталған күннен бастап іс жүргізу мерзімдерінің ағымы жалғасады.
Іс жүргізу мерзімдерін ұзарту.
Сот тағайындаған мерзімдерді сот ұзарта алады:

  1. Іске қатысушы тұлғаладың өтініші бойынша ;

  2. Прокурордың өтініші бойынша;

  3. Соттың бастамасымен.

Азаматтық істерді әзірлеу мерзімдері.

1 сатыдығы азаматтық істерді сотта қарауға әзірлеу 15күн мерзім ішінде, ал кейбір күрдеді істер бойынша 1 ай мерзімге дейін ұзартылуы мүмкін.

Істі сотта қарауға әзірлеудің мерзімі төмендегілер жөніндегі талаптар бойынша ұзартуға жатпайда:

1) алименттер өндіріп алу туралы;

2) денсаулығына байланысты, асыраушысынан айырылуына байланысты зиянды өтеу туралы;

3) еңбектегі құқықтық қатынастардың туындайтын барлық талаптар бойынша.

Азаматтық істерді қарау мерзімдері:

1)1- сатыда азаматтық істерді қараау арыз түскен кезден бастап 2 ай кейбір істер бойынша 1 ай мезгіл ішінде дәлелді себептер болған кезде істі қарау мерзімі ұзартылуы мүмкін;

2) апелляциялық іс жүргізу 2 ай, кассациялық сатыда істі қарау 30 күн мерзім ішінде;

3) Сот бұйрығын 3 күн мерзімде шығарады;

2. Сот шығындары екіге бөлінеді:

-іс жүргізуге байланысты шығындардан тұрады.

-мемлекеттік бажбен;

Әр қайсысын жеке қарастырып көрейік.


Іс жүргізуге байланысты сот шығындары. (АІЖК 8- тарау)


1) куәгерлерге, сарапшыларға және мамандарға төленуге тиісті сомалар;
2) сол жерде қарау жүргізілуге байланысты шығындар;
3) заттай дәлелдемелерді сақтауға байланысты шығындар;
4) жауапкерді іздестіру жөніндегі шығындар;
5) іс бойынша жарияланымдар мен хабарландыруларға байланысты шығындар;
6) тараптарға хабарлау және оларды сотқа шақыру жөніндегі шығындар;
7) тараптар мен үшінші тұлғалардың жолақысы және олардың сотқа келуіне байланысты шеккен тұрғын жайды жалға алу жөніндегі шығындар;
8) өкілдердің көмегіне ақы төлеу жөніндегі шығындар;
9) соттың шешімдерін, үкімдерін, ұйғарымдарын және қаулыларын орындауға байланысты шығындар;
10) сот қажет деп таныған өзге де шығындар жатады (ҚР АІЖК-нің 107-бабы).


Сот шығындары мемлекеттік баж бен іс жүргізуге байланысты шығындардан тұрады. Мемлекеттік бажды төлеудің тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгіленеді (ҚР АІЖК-нің 100-бабы)


3. Мемлекеттік баж.


Мемлекеттік баж – уәкілдік берілген мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар заңдық мәні бар іс- қимылдар жасағаны не құжаттар бергені үшін алатын міндетті төлем, яғни сотпен (судьямен) азаматтық істер қарап шешкені үшін мемлкет кірісіне төленетін ақша төлемі.
Мемлкеттік баж сотқа берілетін талап арыздардан, ерекше жүргізілетін істер жөніндегі арыздардан (шағымдардан), апелляциялық шағымдардан, атқару парағының дубликатын беру туралы сұрағы бойынша сот ұйғарымына жеке шағымдардан, сот бұйрығын беру туралы арыздан, сондай – ақ сот пен аралық соттардың, шетелдік соттардың және төреліктердің шешімдері бойынша атқару парақтарын, құжаттар көшірмелерін (дубликаттарын) бергені үшін алынады.
Мемлекеттік баждың белгіленген проценттік ставкалары, егер өзге Салық

кодексімен белгіленбесе, ҚР – сы заңды актісімен мемлекеттік баж төленетін күні белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен есептеледі (Салық кодексі 495 – бабының 2 –бөлігі).
Мемлекеттік баждың екі түрі бар:
1) Талап қою бағасынан пайыздық ставкалары бойынша есептелетін мемлекеттік баж;
2) Төленген күні республикада белгіленген есептік көрсеткіш мөлшеріне негізделп есептелетін мемлекеттік баж.
Соттардағы мемлекеттік баж ставкалары мынадай мөлшерде алынады (ҚР Салық кодексінің 496 – бабының 1- бөлігі):

Мүліктік сипаттағы талап арыздардан:
-жеке тұлғалар үшін – талап сомасының – 1пайызы;
-заңды тұлғалар үшін – талап сомасының - 3 пайызы;
-мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының заңды тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтіретін заңсыз іс – әрекеттеріне берілген шағымдардан – 30 пайыз;
Салық тексеру актілері бойынша ескертулерге дау айту туралы талап арыздардан:
1) Жеке кәсіпкерлер және шаруа (ферма) қожалықтары үшін ескертулерде белгіленіп есептелген салықтар мен басқа да бюджетке міндетті төлемдер сомасынан (айыптарды қосқанда
) 0,1 пайыз;
2) Некені бұзу туралы талап арыздардан - 30 пайыз;

3) Хабар – ошарсыз кеткен немесе ақылынан ауысуы немесе ақыл – есінің кемдігі салдарынан әрекет қабілеті жоқ деп белгіленген тәртіппен танылған адамдармен, не үш жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен некені бұзу кезінде бөлу туралы талап арыздардан осы баптың 1) тармақшасына сәйкес;
4) Тұрғын үй – жайларды жалдау шартын өзгерту немесе бұзу туралы, мұраны қабылдау мерзімін ұзарту туралы, мүлікті пайдалануға тыйым салудан босату туралы талап арыздардан және мүліктік емес сипаттағы немесе бағалауға жатпайтын басқа да талап арыздардан
– 50 пайыз;
5) Ерекше жүргізілетін істер жөніндегі арыздардан (шағымдардан) - 50 пайыз;

6) Соттың шешіміне апеляциялық шағымдардан мүліктік емес сипаттағы талап арыз берілген кезде алынатын мемлекеттік баж мөлшерінің, ал мүліктік сипаттағы даулар бойынша – арыз беруші дауласып отырған сома негізге алынып есептелген мемлекеттік баж мөлшерінің – 50 пайызы;
7-1) Сот бұйрығын шығару туралы арыздардан – осы баптың 1) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік баж ставакасының 50 апйызы;
7-2) Атқару парағының дубликатын беру туралы мәселе бойынша сот ұйғарымына жеке шағымнан, сондай – ақ аралық соттар, шетелдік соттар және төреліктер шешімдері бойынша атқару парақтарын беру үшін – 500 пайыз;
сот шешімдерінің, үкімдерінің , ұйғарымдарының,соттың басқа да қаулыраның көшірмелерін (дубликаттарын), сондай – ақ іске қатысушы тараптар мен басқа да адамдардың өтініші бойынша соттар беретін іске қатысты басқа да құжаттардың көшірмелерін қайталап беру үшін әрбір құжат үшін 10 пайыз және бұған қоса, әзірленген әр бет үшін 3 пайыз;
8) Заңды тұлғаларды банкрот деп тану туралы арыздардан –
500 пайыз;
Бір мезгілде мүліктік және мүліктік емес сипаттағы талаптар қойылған талап арыздар үшін мүліктік сипаттағы талап арыздарға белгіленген мемлекеттік баж қатар алынады.

Мемлекеттік баж қайтарылады:

  1. Іс аралық сотқа берілген жағдайда;

  2. Апелляциялық шағымдар қайтарылған жағдайда;

  3. Салық кодексінде көрсетілгеннен баж көп мөлшерде төленсе;

  4. Егер іс сотта қаралуға жатпайтын болса.

Мемлекеттік баж қайтарылмайды:

  1. Талап қоюшы талап қоюдан бас тартқан жағдайда;

  2. Талап қоюшы өз талаптарын азайтқан жағдайда;

  3. Іс тараптарды бітімгершілік келісімімен аяқтаған жағдайда;

  4. Егер іс сотта тоқтатыла тұрса.

IV. Жаңа сабақты бекіту:

  1. Топ білімгерлеріне жаңа сабақ бойынша «Жұлдызды сағат» ойыны арқылы бекіту сұрақтары беріледі.


Сұрақ- жауап:

1. Азаматтық іс жүргізу мерзімдері нешеге бөлінеді?

  1. Заңмен белгіленген мерзімдерге қандай мерзімдер жатады?

  2. Сот тағайындаған мерзімдер дегеніміз?

  3. Іс жүргізу мерзімдерін есептеу?

  4. Іс жүргізу мерзімдерін тоқтата тұру?

  5. 7. Іс жүргізу мерзімдерін ұзарту?

  6. Азаматтық істерді әзірлеу мерзімдері?

  7. Азаматтық істерді қарау мерзімдері?

  8. Сот шығындары дегеніміз не?

  9. Қандай жағдайда мемлекеттік баж қайтарылады?

  10. Қандай жағдайда мемлекеттік баж қайтарылмайды?


2. Екі топ білімгерлеріне жаңа сабаққа «Кубизм» әдісін қолдана отырып заң сөздікшелері беріледі, осы сөздікшелердің толық мағынасын ашып айту арқылы білімдері тексеріледі.


V. Үй тапсырмасы.

1. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 8,10 тарауындағы баптарды жатау және лекцияны оқып келу.


VІ. Бағалау:

  1. Сабақ барысында жинақталған баллдың санына қарай жеңген топ анықталады.

2. Білімгерлер сабақта көрсеткен жетістіктері мен кемшіліктеріне байланысты бағаланады.















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
22 қаңтар
1588
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі