Материалдар / Шоттардың жіктелуінің мағынасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шоттардың жіктелуінің мағынасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл шоттардың жіктелуін жалпы түрде, сонымен қатар шоттардың жеке түрлері бойынша неғұрлым толығырақ қарастыруға мүмкіндік береді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Желтоқсан 2021
279
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1. Шоттардың жіктелуінің мағынасы

Дайындау, өндіру және сату есебі қағидаларын оқу барысында шоттар туралы осының алдында алынған мәліметтерге қосымша ретінде шаруашылық процестері мен олардың нәтижелері есебі үшін қолданылатын бірқатар арнайы шоттарды қарастырған болатынбыз. Бұл шоттардың жіктелуін жалпы түрде, сонымен қатар шоттардың жеке түрлері бойынша неғұрлым толығырақ қарастыруға мүмкіндік береді.

Нақ осы қағидалардың негізінде бухгалтерлік есептің барлық шоттары үш белгісі бойынша жіктеледі:

  1. Мақсаты мен құрылымы бойынша. Бұдан шоттарды шаруашылық құралдарының жеке түрлері мен процестерінің қалай есептелінетіндігі анықталады.

  2. Экономикалық мазмұны бойынша. Бұдан шоттарда не есептелінетіндігі анықталады.

  3. Баланспен байланысы бойынша. Бұдан жек бір шоттардың балансқа қатыстылығы анықталады.

Шоттардың жіктелуінің теориялық маңыздылығы оның әр түрлі кәсіпорындарда қолданылатын көптеген сан - алуан шоттарды біркелкі белгі бойынша жүйелендіретіндігімен, бухгалтерлік есепті ғылым ретінде жетілдірілуіне мүмкіндік береді, өйткені ол бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың тәжірибесіне тікелей ықпал жасайтындығымен түсіндіріледі. Шоттардың жіктелуі кәсіпорын қызметкерлеріне кәсіпорын қызметінің оралымды жедел басқарылуы және бақылануы үшін жеке шоттардың пайдаланылу мүмкіндігін және мақсатын неғұрлым анығырақ түсіну үшін үлкен көмек көрсетеді.

Шоттардың экономикалық мазмұны және балансқа қатысы бойынша жіктелуі шоттардың есептік-техникалық қасиеттері мен ерекшеліктері анықталғаннан кейін, яғни бухгалтерлік есеп шоттарының мақсаты мен құрылымы иеңгеріліп болғаннан кейін барып қана дұрыс құрылуы мүмкін болады. Сондықтан ең бірінші шоттардың мақсаты мен құрылым бойынша жіктелуін қарастыруман танысамыз.



2. Шоттардың мақсаты және құрылымы бойынша жіктелуі

Бухгалтерлік есеп шоттары тағайындалуы (мақсаты) және құрылымы бойынша шоттардың мақсатты бағытталуынан, яғни шаруашылық өмірдің фактілерін бейнелеп көрсету кезіндегі олардың алдына қойылатын мақсат-міндеттерінен байланысты келіп шығады. Мұндай жіктеу келесідей туындап отырған сауалымызға жауап беруге мүмкіндік береді: осы есеп шоттарында объектілер қалай есепке алынады?

Бухгалтерлік есеп шоттарды мақсаты мен құрылымы бойынша екі топқа бөлінеді (11-сызбаны қараңыз):

  • Шаруашылық құралдары мен олардың құрылу көздерінің шоттары;

  • Шаруашылық процестері мен олардың нәтижелерінің шоттары.

Шаруашылық құралдары мен олардың құрылу көздерінің шоттары өз кезегінде екі топқа бөлінеді: негізгі және реттеуші.

Негізгі шоттар шаруашылық құралдарының құрамы мен орналасуы және құрылу көздері бойынша бар болуы мен қозғалысына бақылау жасау үшін қолданылады. Олар есепке алынатын объектілер кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізі болып табылғандықтан негізгі болып саналады.

Негізгі шоттардың құрамына келесілер жатады:

  1. инвентарлық;

  2. ақшалай;

  3. есеп айырысу;

  4. капитал.









Shape2 Shape5 Shape4 Shape3 Shape1

Капитал

Бухгалтерлік есеп шоттарының мақсаты және құрылымы бойынша жіктелуі


Контрактивтік

Есеп айырысу

Инвентарлық


Shape8 Shape6 Shape7

РЕТТЕУШІ

Контрпассивтік

ҚАРЖЫЛЫҚ-НӘТИЖЕЛІК



Shape12 Shape11 Shape10 Shape9



Shape13

Шаруашылық құралдары мен олардың құрылу көздерінің шоттары




Shape14

Шаруашылық процестері мен олардың нәтижелерінің шоттары








Shape18 Shape17 Shape16 Shape15




Shape19 Shape20

ӘРЕКЕТТІК

НЕГІЗГІ





Shape26 Shape25 Shape24 Shape23 Shape21 Shape22

Shape28 Shape27


Shape29 Shape30 Shape31

Тарату

Калькуляциялық

Салыстыру



Shape33 Shape32

КОТРАРЛЫҚ

ҚОСЫМША


Shape34

Shape36 Shape35 Shape38 Shape37


Shape40 Shape39

Қаржылық-нәтижелік

Қаржылық нәтиже есебі шоттары



Shape43 Shape42 Shape41

Қосымша пассивті

Қосымша активті



Shape44


Shape45

Жинақтап-тарату


Shape48 Shape47 Shape46

Ақшалай



Shape49

Бюджеттік-тарату


Shape50

Shape52 Shape51

Есеп беру-тарату


Shape53


Инвентарлық немесе материалды-құндық шоттар нақты бір материалдық формасы бар шаруашылық құралдарының бар болуы және қозғалысын бейнелеу үшін қолданылады. Оларға «Негізгі құралдар», «Материалдар», «Тауарлар» және т.б. шоттар жатады.

Ақшалай шоттар ақшалай қаражаттардың бар болуы мен қозғалысын көрсетеді.

Ақшалай шоттарға «Кассадағы ақшалар», «Есеп айырысу шотындағы ақшалар», «Валюталық шоттағы ақшалар», «Басқа да арнайы шоттардағы ақшалар» шоттары жатады.


Есеп айырысу шоттары нақты бір кәсіпорын мен олардың басқа кәсіпорындармен және тұлғалармен болатын шаруашылық-құқықтық өзара қарым-қатынастарын есепке алуға және бақылауға арналған. Бұл топқа тар мағынадағы есеп айырысу шоттары ғана емес, сонымен қатар кәсіпорынның басқа кәсіпорындарға деген қарыздары немесе басқа кәсіпорындардың осы кәсіпорынға деген әлеуметтік сипаттағы да, мысалы алсақ, займдар, бюджетке төлемдер бойынша әрекеттері есепке алынады.


Капитал шоттары кәсіпорынның меншікті капиталын есептеуге арналған. Оларға «Жарғылық капитал», « Резервтік капитал» және т.б. шоттары кіреді.


Реттеуші шоттар негізгі шоттарға қосымша ретінде ашады және олар дербес бір шоттар болып саналмайды. Олар негізгі шоттарда есепке алынатын объектілерді бағалау үшін арналған. Сондықтан реттеуші шоттар өзінің қалдығының сомасына негізгі шоттардың құралдарының қалдығын азайтады немесе арттырады.

Реттеуші шоттар келесідей бөлінеді:

  1. контрарлық

  2. қосымшаShape54



Контрарлық шоттар өзінің қалдығы сомасына негізгі шоттарда құралдардың қалдығын кемітеді. Осыған байланысты олар: контрактивтік және контрпассивтік шоттар болып бөлінеді.

Контрактивтік шоттар негізгі активтік шоттар қалдығын талқылауға арналған. Онда негізгі және реттеуші шоттар қатысады. Негізгі шот активті шот, ал реттеуші шот пассивті (қарсы тұратын немесе контрактивтік) шот ретінде қатысады. Контрактивтік шот өзінің қалдығы сомасына негізгі активті шоттың қалдығын азайтады, мысалы «Негізгі құралдар» шотына «Негізгі құралдардың тозуы», «материалдық емес активтер» шотына «Материалдық емес активтердің амортизациясы» шоттары.

Контрпассивтік шоттар пассивтік шоттарда есепке алынатын құрауашылық құралдарының құрылу көздерінің сомасын талқылауға арналған. Контрпассивтік шоттар бойынша қалдық негізгі шоттың құрылу көзі мөлшерін кемітеді. Мұнда негізгі шот пассивтік шот, ал реттеуші (котрпассивтік) шот активтік ретінде жүреді. Мысалы, «Жарғылық капитал» шотына қатысты «Төленбеген капитал» шоты. Жарғылық капиталдың субъектінің құрылтай құжаттарына сәйкес алғаш жарияланған кезінде «Жарғылық капитал» кредиттеледі және «Төленбеген капитал» дебеттеледі, яғни «Төленбеген капитал» шотының дебеті бойынша салымдар бойынша қатысушылары мен құрылтайшылардың қарыз сомаларын көрсетеді. Салымдарды жарғылық капиталға жүзеге асыру бойынша «Төленбеген капитал» шоты кредиттеледі, ал ақшалай қаражаттар мен материалдық құндылықтар шоттары дебеттеледі. «Төленбеген капитал» шоты бойынша дебеттік қалдық осы сомаға жарғылық капиталдың аяғына дейін құрылмағандығын білдіреді.


Әрекеттік шоттар шаруашылқ әрекеттері есебіне арналған шоттар. Оларды үш топқа бөлуге болады:

  1. Тарату шоттары

  2. Калькуляциялық шоттар

  3. Салыстыру шоттары


Тарату шоттары жинақтап-тарату, бюджеттік тарату, есептік-тарату шоттары болып бөлінеді.


Жинақтау – тарату шоттары шығындарды есепке алу кезінде олар орындалған сәтте бірден белгілі бір өндірілген өнімге апаруға мүмкіндік болмайтын кезде қолданылады.

Есепті-тарату шоттарына болашақ кезең шығындары «Сақтандыру полисі», «жалдық төлем» шоттары және басқалары жатады, бұл шоттар активтік.


Бюджеттік – тарату шоттары есепті кезеңде алынған табыстар мен өндіріс шығындарына шығындардың қосылуын есептеу үшін және оларды тарату үшін арналған. Оларға «Алдағы кезең табыстары», «Күмәнді қарыздар бойынша резервтер», «Жұмысшылардың еңбек демалысы бойынша есептелген қарыздар» шоттары жатады, бұл шоттар пассивтік.


Калькуляциялық шоттар кәсіпорынның өнім өндірумен, сонымен қатар қамтамасыз ететін өндірістермен және шаруашылықтармен өнім шығарумен, жұмыс орындаумен, қызмет көрсетумен байланысты шығындары туралы ақпараттарды жалпылау үшін арналған.

Салыстыру шоттары бір жылдың ішінді кәсіпорынмен жасалған табыстар мен шығыстарды есептеуге арналған. Олар бір жыл ішінде табыстар мен шығыстар шоттарында жеке-жеке есептелініп, олардың көрсеткіштері салыстыралады және кәсіпорынның қаржылық нәтижесі анықталады.

Қаржылық-нәтижелік шоттар субъектінің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесін анықтауға және алынған қаржылық нәтижелерді есептеуге арналған, сондықтан олар екі топқа бөлінеді: қаржылық-нәтижелік шоттар және қаржылық нәтиже есебі шоттары.

Қаржылық-нәтижелік шоттарға қаржылық нәтиже құрылатын және осы нәтиже сәйкес шотқа апарылатын «Жиынтық табыс (зиян)» шоты жатады. Бұл шот пассивтік, біркүндік, қалдығы болмайды, өйткені онда желтоқсанның ең соңғы күні «Табыстар» шотынан барлық шоттар кредитіне, ал «Шығыстар» шотының барлық шығыстары дебетіне апарылады. Одан кейін алынған таза нәтижелік қорытынды осы күні «Таратылмаған табыс (жабылмаған зиян)» шотына апарылады.

Қаржылық нәтиже есебінің шоттарына таратылмаған табыс (жабылмаған зиян) шоттары кіреді. Бұл шоттар пассивтік, кредиті бойынша таратылмаған табыс немесе зиянның жабылуы, ал дебеті бойынша жабылмаған зиян немесе табыстардың таратылуы көрсетіледі.

3. Шоттардың экономикалық мазмұны бойынша жіктелуі


Шоттарды экономикалық мазмұны бойынша жіктеудің негізіне шоттарда көрсетілетін объектілердің экономикалық мәні қойылған. Осы белгісі бойынша барлық шоттар үш топқа бөлінеді:

  1. шаруашылық құралдары есебінің шоттары;

  2. шаруашылық құралдарының құрылу көздері есебінің шоттары;

  3. шаруашылық процестері есебінің шоттары

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!