Материалдар / Шоу "Махаббат - мейірімнің баспалдағы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шоу "Махаббат - мейірімнің баспалдағы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ананың сүйіспеншілігі туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
279
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: 10.02.15ж

Тақырыбы: «Махаббат-мейірімнің баспалдағы»
Мақсаты: Оқушыларға ата - ана алдындағы парыз бен қарыздары туралы түсінік беру.
Мейірімділікке, сый - құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.
Барысы:
Жүргізуші: Армысыздар ұстаздар, қонақтар, оқушылар!

Ана, Ана, Ана!... не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші. Сезім мен қасиетті, бар махаббатпен шапағатты тудырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен бұл өмірде? Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтінен таралған. Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр.
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген бәйтерегі өмірдің
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ
Ана деген – асыл жаңдар бұлақтай
О адамдар қадірлей біл ананы
Жат қылыққа ақыл - ойды тонатпай – деп ақын ағаларымыз жырлағандай ана тақырыбы ешқашан таусылмайтын тақырып. Бүгінгі «Махаббат-мейірімнің баспалдағы» атты ток-шоуымызға қош келдіңіздер!
Қарасаева Айғанымның өз шығармашылығына сөз берейік.
Жүргізуші: Мама – бұл сөз әр бір халықтың тілінде бар. Барлық тілде мейірімді, жылы естіледі. Ана дегеніміз әлемнің жан дүниесі. Ол тіршілік үлкен тағдыр. Ана сөзі бізді елең еткізбей жылылық пен шуақты сездірмей қоймайды.

Ана десем, алғыс алам халқымнан,
Ана десем, теңіз болам шалқыған
Ана десем, ашылады қабағым
Ана десем, әділдікті ұғамын

Өзіңсің сүйікті ана, құдіретім
Жанымды жадыратып күлдіретін
Сендегі маған деген махаббатты
Нұр толы қос жанарың білдіретін
Бар ана туған елдің гүлі дер ем
Анажан қайғың болса күңіренем
Таусылмас тау суындай ақылың бар
Сен барда менің әр бір күнім өлең

Жүргізуші: Әр бір ана өз баласының сүйікті досы, мақтанышы. Бізге әсіресе ананың еңбегі мен ерлігі мақтаныш. Ана махаббаты адамға қанат бітіреді, күш береді, ерлікке рухтандырады.
1. «Ассосация» әдісі
АНА → Асыл жан, мейірімді, қамқоршы, инабатты, сыпайы, ардақты
Бас қосты бүгін жиынға
Аналардың қауымы
Таусылмасын әрдайым
Отбасының сауығы
Ана өмірдің қуанышы, тірегі
Бала – оның жұбанышы, жүрегі
Ана алдында ел жауы да бас иген
Олар дәйім тыныштықты тіледі.

Олай болса, ортамызға аналарымызды шақырайық.

1.Жанғожа Ханзада апай

2.Қасым Венера апай

3.Махашева Гаухар апай


Дүниенің ең қымбаты ана екен,
Ананың ең тәттісі бала екен.
Түн ұйқысын төрт бөліп тәрбиелеген,
Ананың орыны бөлек дара екен
Балаға ана еңбегі парыз деймін,
Еңбегін өтеу бізге қарыз деймін.
Меккеге апарса да өтелмеген,
Ұрпаққа бұл өсиет аңыз деймін,


Аналарымызға сұрақ:
1. Ана үшін бала бақыты деген не?
2. Әйелге  өзін  бақытты  сезіну  үшін  не  қажет?   

3.Қазіргі аналар неге қатігез болды?

«Қоқыс жәшіктерінен полиэтилен пакетке салынған нәрестелерді тауып алды», «баласын айуандықпен өлтіріп, денесін бөлшектеп, лақтырып кеткен», «анасын ұрып өлтірген», «әкесіне пышақ салып алған», «бауырлар бір-бірін мерт қылды…» секілді қатыгездіктің қатыгездігі болып отырған қылмыстар бізді таңғалдырмайтын болды.

Әсіресе, өзінің ішінен шыққан туған баласын өз қолымен өлтірген аналар мен әкелер туралы хабарлар екі күннің бірінде айтылатын жағдайға жеттік.

4.Перзентханадан жөргекке емес, кебінге оранып шығатын, бесікке емес, қоқыс жәшігіне «бөленетін» бөпелер неге көбейді? Әлди түгілі жоқтау естімей, өмірден өтетін сәбилер саны неге артып кетті? Мұндай патологиялық қатыгездік қазақ қоғамына қайдан келді?..  Әйел неге өз қағынан өзі жеріді?



Жүргізуші: Қоғамымыздағы басты мәселемізге айналып келе жатқан адамдардың ата-анасын қарттар үйіне тапсырып жіберіп жатқандар туралы болмақ.

Бейне клип: «Соқыр ана»

Ендеше оқушыларымызға сұрақ қоялық.

1.Мына бейне баяннан өз ойларыңызды айтыңыздар

2.Не себепті қазіргі таңда балалары өз ата-аналарын қарттар үйіне тапсырып жатыр?

3.Анасының сыртқы келбетіне байланысты балалардағы жек көрушілік сезім бола ма?Осы дұрыс па?

4.Қазіргі бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетіп жатқан жағдайлар: қатігез бала,тас жүрек ана осының барлығы тәрбиеге ма әлде қоғамға байланысты ма?

Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды
Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды
Қуандым ба, өзің бар деп қуандым,
Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды.
Бәрі де, ана бір өзіңнен басталды.
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды
Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,
Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым.

Ән: «Ана сен бақыттысың»










Қарашоқат орта мектебі









Тақырыбы:

«Махаббат мейірімнің баспалдағы»

(токшоу)

(9-11 сыныптар)









Орындаған: Әбибуллина.А

Елеусізова С



















2014-2015 оқу жылы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!