400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Шоурум"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылармен өткізілетін сыныптан тыс жұмыс сценарийі
Материалдың қысқаша нұсқасы


Күні:

Сыныбы:

Тақырыбы: «Супер Дубль – үздік дыбыстаушыны іздейміз» (кинорум)

Мақсаты:

- Отбасылық құндылықтарды насихаттау.

- Әке мен бала арасындағы қарым-қатынастың маңыздылығын түсіндіру.

- Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

- Оқушылардың тілдік қорын байыту.


Барысы:

І. Кіріспе

ІІ. Дубль – 1 (Қысқаметражды кинофильмді тамашалау)

ІІІ. Дубль – 2

ІҮ. Түпнұсқадан тамашалау

Ү. Қорытынды (Супер дубль иесі атанған топты жариялау)


І. Кіріспе.

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар және барша өнерсүйер қауым! «Супер Дубль - үздік дыбыстаушыны іздейміз» атты шығармашылық байқауымызға қош келдіңіздер! Бүгін біз сіздермен бірге сиқырлы кино әлеміне саяхат жасаймыз. “Неге сиқырлы?” дерсіздер. Себебі, кино - өнердің ең ғажайып түрі. Ол бізді күлдіреді, жылатады, ойландырады және жаңа әлемдерге жетелейді. Ал бүгін біз сіздермен бірге осы киноның тылсым дүниесін тереңірек зерттейміз!

Байқауымыздың мақсаты - жас таланттарды ашу, қазақ тілінің мәртебесін көтеру және кино өнеріне деген сүйіспеншілікті арттыру. Біздің жас дыбыстаушыларымыз қазіргі заманның таза әртістеріне айналып, өз дауыстарымен кино әлемін бағындырады деп сенемін!

Енді, байқауымыздың ережелерімен таныстырып өтейін. Біз сіздерге қысқаметражды фильм ұсынамыз. Фильм дыбыссыз күйінде көрсетіледі. Сіздердің міндеттеріңіз - өз топтарыңызбен бірігіп, осы фильмге жаңа дауыс, жаңа өмір сыйлау!

Әділқазылар алқасы сіздердің актерлік шеберліктеріңізді, тіл байлықтарыңызды, шығармашылықтарыңызды және командалық жұмыс жасау қабілеттеріңізді бағалайтын болады.

(Әділқазылар алқасы таныстырылады)

Енді сайыскерлерімізбен танысайық! Сахнаға 9-10 сынып оқушыларынан құрылған топтарды шақырамын:

(Әр топ өздерін таныстырады: аты, ұраны, креативті сәлемдесу.)



ІІ. Дубль – 1.

Ал енді, назарларыңызды экранға аударуларыңызды сұраймын! Кино әлеміне саяхатымызды бастаймыз! (Фильм дыбыссыз күйінде көрсетіледі)

ІІІ. Дубль – 2

Ал енді сіздердің шығармашылық қабілеттеріңізді көрсететін кез келді! Топтарға дыбыстауға дайындалу үшін 10 минут уақыт беріледі.

(Топтар дыбыстауға дайындалады, топтар кезекпен сахнаға шығып, фильмді дыбыстайды)

Барлық қатысушыларға үлкен рахмет! Сіздер бүгін нағыз талант иелері екендеріңізді дәлелдедіңіздер!

ІҮ. Түпнұсқадағы фильм (Фильм түпнұсқада көрсетіледі)

Құрметті оқушылар, фильмнен алған әсерлеріңізбен бөлісуге шақырамын. Сіздерге бұл қысқаметражды фильм қалай әсер етті? Неге? (Оқушылар фильмнен алған әсерлерімен бөліседі)

Енді, әділқазылар алқасына шешім қабылдау үшін уақыт берейік. Әділқазылар алқасы өз шешімін шығарып, бір қорытындыға келіп болғанша 10 «А» сынып оқушысы Мінуар Шығанақтың орындауында «Әке туралы монологты» тамашалауға шақырамын.

Ү. Қорытынды Ал енді, ең маңызды сәтке жеттік. “Супер Дубль” байқауының жеңімпазын жариялайтын сәт келді!

(Әділқазылар алқасының төрағасы сахнаға шығып, жеңімпазды жариялайды. Жеңімпаз топ сахнаға шақырылады.)

Құттықтаймын, Сіздер бүгін ең үздік дыбыстаушылар екендіктеріңізді дәлелдедіңіздер! (Жеңімпаздарға сыйлықтар беріледі.)

Осымен “Супер Дубль” атты керемет шарамыз аяқталды. Барлықтарыңызға қатысқандарыңыз үшін рахмет! Жаңа шығармашылық табыстар тілеймін!








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14.05.2026
4
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі