МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сөз

Материал туралы қысқаша түсінік
Сөз мағынасы туралы ұстаздарға арналған қысқа мерзімді жоспар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
528
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Қазақ тілі тексерілді:

Сабақтың тақырыбы:Сөз

Мұғалімнің аты-жөні: Мадибекова.А

Күні: 15.12.2016

СЫНЫП: 2

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

Сөздің мағынасы туралы түсініктерін кеңейте отырып, сөз және оның құрамы туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру. Сөздердің тек дыбыстардан ғана емес, басқа да бөлшектерден құралатындарына көздерін жеткізу.

Сабақтан күтілетін нәтиже:1-деңгей (білу, түсіну):

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:Сөз дыбыстан құралатынын біледі

2-деңгей

(қолдану, талдау):

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Сөздердің әртүрлі мағынасын біледі

3-деңгей

(жинақтау, бағалау):

Оқушылардың кейбіреулері мынаныорындайалады: сөздерді мағынасына қарай сөйлем ішінде орынды қолдана біледі

Тілдік мақсат:

Қиын сөздер ,Word-слово-сөз

Ресурстар:

Суреттер,маркер тақта,кесте,гүлдер,А4 слайдтар, парақшалар, тапсырмалар

Пәнаралық

байланыс:

Сурет,дүниетану,еңбекке баулу,математика

Алдыңғы оқу:

Тест

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Сабақ барысы және

Жоспарланған уақыт

Берілетін тапсырмалар және қолданылатын әдістер

Бағалау критерийлері және жұмыс түрлері

ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ


Ұйымдастыру кезеңі

Сыныптың психологиялық ахуалын қалыптастыру. Қане ,балалар келген қонақтармен амандасып алайық Ал,енді жақсы көңіл күймен мен сабағымызды бастайық. Амандасу тринингі

Күлім қағып қолымды,

Бір,екі,үш деп соғайын.

Қарап тұрған көршіме,

Қолымды мен бұлғайын.

Жылы-жылы жүзбенен,

Маңдайынан сипайын.

Жылы-жылы сөзбенен,

Жүрегімді сыйлайын.

Ыстық алақаныммен,

Қолыңды бер қысайын.

Амандасып өзіңмен,

Құшақтап бір қысайын.

Топ құрайық(шырша ойыншығы арқылы)

Топбасшысын сайлау және топты қорғау (сипаттама беру)

Балалар бізге алдағы мерекелерді өткізу үшін түрлі музыкалық аспаптар керек екен..

Әр аспапты алу үшін түрлі тапсырма орындауымыз керек


Сәттілік тілеу






Әділ бөлу

ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН СҰРАУ

1-деңгей (білу, түсіну):

(Қажеттілігіне қарай әдіс қолдануға болады)

1-тапсырма-Баян

Тест тапсырмасын беру және тақтада тексеру

1-7Дұрыс жауап 1 балл

2-деңгей

(қолдану, талдау):

Тест тапсырмасын беру 1.  Әріп  дегеніміз  не? А)  дыбыстың  таңбасы Ә)дыбыс Б) дыбыстар тізбегі. 2.   Тасымалданбайтын  сөзді  тап. А)өзен Ә)қасық Б)халық

3. Лепті сөйлемді тап.

А) Мен ғалым боламын ба Ә) Шіркін-ай, ғалым болсам Б)  Мен ғалым боламын

4. Кім? Не? сұрақтарына жауап беретін сөз

А)  қызғылт   Ә) секірді      Б) нағашы

5. Хабарлы сөйлемнің соңынан қандай тыныс белгісі қойылады?
  А) нүкте     Ә) үтір    Б) леп белгісі

6.  Я, Ю қандай дыбыстар? А) дауыссыз, қатаң   

Ә) Қосарлы дауысты дыбыс   

Б) дауысты жіңішке

7.   Сөйлем  дегеніміз  не?

А) Аяқталған ойды білдіреді. Ә) әріптерден құралады Б) белгілі  бір  мағынасы  бар сөз.

8. Қандай?  сұрағына жауап беретін сөз

А)  нағашы Ә) секірді Б) қызғылт

9.  Сұраулы сөйлемнің соңынан қандай тыныс белгісі қойылады?
А) нүктеӘ) Сұрақ белгісіБ) леп белгі

  10. Мәтіннің қандай түрлері болады?

А)   әңгімелеу,сипаттау,хабарлау Ә)   пайымдау,сипаттау, лепті Б)   әңгімелеу,сипаттау, пайымдау

11. Сұраулы сөйлемді тап.

А) Сен сабақ оқы Ә) Тағы келдің бе Б)  Асан жүрді

12. Сөйлемдегі сөздердің байланысын қалай тексереміз?

А)  оқып тексереміз Ә) сұрақ қойып тексереміз Б) жазып тексереміз


Дұрыс жауап:

1-7 дұрыс жауап-1 балл

8-10дұрыс жауап-2 балл

11-12 дұрыс жауап-3 балл


3-деңгей

(жинақтау, бағалау):

Тәуелсіздікке 25 жыл шығарма екеуара тексеру

Әр топтан бір оқушыға оқытамын Сергіту сәті :Мен қазақпын

Дұрыс жауап 3 балл

Екеуара жұмыс

ЖАҢА САБАҚ

20минут




Тақтаға күн ретін жазу

Балалар мынау не ? (жапырақ)олай болса, жапырақтың бізге қандай пайдасы бар?

өміртегіні жұтып,оттегіні шығарады) жапырақтарда не жазылған?(дыбыс)

Гүл күлтешелерінде ше?(буын)

Ал гүлді не үшін пайдаланамыз,оның қандай пайдасы бар?(хош иісі, сыйлық,әсемдік,көңіл күйді көтереді)

Ал мына гүлдерде не жазылған ?(сөз)

Жарайсыңдар ,яғни сөз дегеніміз не екен ? Әр бағанда не жазылғанын оқып,бір-бірінен өзгешелігін тап.

Әріптер :   ш, р,е,т,а,қ,н,с,б,

Буындар:   ша, се, ра, ба, қа, бе, на

Сөздер:  бақа,шана,себет,қара

Ереже құрастыру.

Ертегі аңыз айтып беру

Сөз-заттың,сапаның,қимылдың санның атауы Сөз –слово- word тақтаға ілу

Дәптермен жұмыс жасату


2 -тапсырма Домбыра «Гүл жасау»

232-жаттығу бойынша әр топқа гүл күлтешелерін беремін.Күлтешелерден сөз құрастырып әдемі гүл жасайық (Жасаған гүл санына қарай бағалау)


3-тапсырма-Дауылпаз

233-жаттығудағы тапсырманы орындайық

1 топ.жол,жел.жыл,жұл

жаса, жаға, жаңа, жала

2.топ.қал,қыл,құл,қол қоға,қора,қоза,қожа

3.топ.тал,төл,тіл,тыл таға,таса,тама,тара

4.топ.сөл,сел,сал,сәл

сана,сара,саба,сабақ



4-тапсырма-Гитара ребусты шешу 236-жаттығу Сөз мағынасы Тез ойла

1. Айтылуы да, жазылуы да бірдей, бірақ мағынасы әртүрлі сөздерді түсіндіріп өту бұрыш ,жаз,қыс,ара

2. Мағынасы бір - біріне қарама - қарсы сөздер сөздер жазу жақсы -жаман

3. Мағынасы жуық сөздер жазу әдемі,сұлу




















Топтық жұмыс

5 сөзге -3балл

өзге-2балл

өзге-1балл



2балл

Топтық жұмыс












Топбасшыны шығару

2 балл


САБАҚТЫ БЕКІТУ

1-деңгей (білу, түсіну):

(Қажеттілігіне қарай әдіс қолдануға болады)

234-жаттығу «Менің бағытым»

ұзын,арзан,қысқа,қымбат,

Дұрыс жауап 1 балл

Жеке жұмыс

2-деңгей

(қолдану, талдау):


5-тапсырма-Сырнай 234-жаттығу

Тақтада орындайды. Семантикалық карта

Не,кім? Не істеді? Қандай? Қанша?

Дұрыс жауап 2 балл

Жеке жұмыс

3-деңгей

(жинақтау, бағалау):


6-тапсырма Скрипка

234-жаттығудан орындау

Пирамидалық оқиға стратегиясы

Суреттерді таңдап сол зат атауына бес жолды яғни пирамидалық оқиға әдісін пайдалану

« Бір әріптің ізімен» дидактикалық ойыны
Жжж (жолдас), Ддд (дос),

Сссс (суық ), Ббб (бала),

Ттт ( тоңу)

Берілген әріптермен және сөздермен сөйлем құрап айту
• Жолдасым желмен жарысты. Жарас жа
қсы жігіт
• Досым допты домалатты.
• Суы
қ сумен сүртіндім

Дұрыс жауап 3 балл


Топтық жұмыс







Жеке жұмыс 1 балл

ҮЙГЕ ТАПСЫРМА

1-деңгей (білу, түсіну):

қушыларға келесі сабаққа шолу жасатуға тапсырма беру) 235-жаттығуды жазу

Тапсырма орындағанға «3» баға

2-деңгей

(қолдану, талдау):

Жұмбақты жазып шешуін табу

Тапсырма орындағанға «4» баға

3-деңгей (Шығармашылыққа, ғылыми тапсырма

Тұсбағдар туралы не білесің?

Тапсырма орындағанға «5» баға

БАҒАЛАУ


3-5 балл жинағанға «3» баға

6-8 балл жинағанға «4» баға

9-12 балл жинағанға «5»баға фишкаларын санап,топтық, жеке бағаларын қою

Ашық журнал

КЕРІ БАЙЛАНЫС


Стикерге жазу

Қазақстанға тілек

Казақстан картасын ілу

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімді болды?



Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімсіз болды?


Келесі сабақта өз жоспарыңызға қандай өзгерістер енгізген болар едіңіз?



Тәлімгер :

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!