400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сөз байлығы.Сөз байлығы ұғымына енетін лексикалық-фразеологиялық,морфологиялық,синтаксистік жүйелер

Материал туралы қысқаша түсінік
І-ІІ курс студенттеріне "Қазақ тілі мен әдебиеті" пәні бойынша сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Оқытушының аты – жөні: Нуртазинова Жансая Сериковна

Пәні:Қазақ тілі мен әдебиеті

Курс: І

Топтар:



ЭПС – 101

ЭПС – 102

АиУ-101



Мерзімі:









Сабақтың тақырыбы: . Сөз байлығы. Сөз байлығы ұғымына енетін лексикалық-фразеологиялық, морфологиялық,синтаксистік жүйелер

Сабақтың типі/түрі: жаңа/тәжірибелік

Сабақтың жабдығы: слайд

Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ-жауап

Сабақ мақсаты:

Білімділік: жаңаның жыршысы, шешендік шеберлікпен қаруланған, келешек ұрпаққа тарихи мұра , рухани азық қалдырған ғасыр ақыны, дара тұлға Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын талдай отырып қазақ тілінің сөз байлығының ерекшеліктерін анықтау;

Дамытушылық: ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, адамгершілікке, сұлулыққа тәрбиелеу;


Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

Студенттердің назарын сабаққа аудару

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

-Құрметті оқушылар бүгін біз «Қазақ тілінің сөз байлығымен » танысамыз. Сабағымызды Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығымен байланыстырып өтеміз.

І. Ой қозғау. Топтастыру стратегиясы.

Оқушылар екі топқа бөлінеді.

Сөз байлығы деген не?

мақал-мәтелдер

шешендік сөздер сөз сапасы


Сөз байлығы


сөз дұрыстығы



сөз тазалығы

сөз әдебі ақын, жазушы шығармалары


фразеологизмдер

синонимдер


афоризмдер




Сөз байлығының басқа да шығармаларда кең, ауқымды қолданылғанын слайдтар арқылы көрейік.

Слайдтар.

Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман – эпопеясында 3000 түр –түс атауы қолданылған, оның 700 –і ақ түстің баламалары. Бұдан басқа романда 756 елді мекен аты, 216 шөп аты, 50 ер – тұрман атауы пайдаланылған. Эпопеяда 500 – ден астам кейіпкер қатысқан.


Әбдіжәміл Нұрпейісовтың «Қан мен терінде» «теңіз бетіндегі толқын» ұғымының 40- тан астам баламасы бар. Мысалы еруіл толқындар, ирек толқындар, көк толқындар, жал –жал толқындар т.б.


Қазақ тілінде «жылқы» сөзінің 80 түрлі синонимі бар.


ғасыр ақыны

«Қайран, Қарасазым -ай » «Аққулар ұйықтағанда»

өлеңі поэмасы


Мұқағали Мақатаев


Алматы облысы, «Жырлайды жүрек»

Нарынқол ауданына жинағы

қарасты Қарасаз

ауылында туған

шығармалары «Өмір дастаны» жинағы

сөзге бай Жаңаның жыршысы

Мағынаны ашу. Сіздерге Мұқағалидың шығармаларынан алынған мәтіндерден үзінді беріледі.

Бірінші топ. Мұқағали афоризмдері.

Екінші топ. Мұқағалидың «Әже» әңгімесінен үзінді

І топ

Мәтіннен алынған үзінді

Түсінік

Адамның ғұмырынан қысқа не бар,

Күн еңкейсе болғаны, кеш кіреді.

Бұл үзіндіге түсінік беретін болсақ адам өмірі өлшеулі, мәңгілік жасамайды, жас шамасы келгеннен соң, қартаяды деген ұғымды білдіреді.

Тілімізде «Қамшының сабындай ғана қысқа ғұмыр» деген мәтел бар.



Тау бұлағы да ағады,

Ой бұлағы да ағады.

Мұнда «тау бұлағы» - тура мағынада айтылып тұр.

«Ой бұлағы ауыспалы мағынада». Адам ойы қиырсыз, қиялмен қиырға барар шексіз деген мағынада.

Ой түбінде алтын бар,

Ойлай берсең табарсың,

Қанша ұзақ болғанмен,

Жүре берсең табарсың. Деген мақалмен аяқтағым келіп отыр.

Шындық көзге шұқиды қашаннан да,

Ар – ақиқат үкімі жасалғанда.

Мұнда шындық, ақиқат синоним сөздер.

«Шындық көзге шұқиды» тіркесі ауыспалы мағынада айтылып тұр.

«Бал тамған өтіріктен, қан тамған шындық артық дегендей» , шындықты айту қашан да дұрыс.



ІІ топ

Әже


Бір күні студент кезімде, Алматыда, Максим Горький көшесіндегі универмагтан плащ алғалы барып, күтпеген жерден ауылдың екі адамына кездесіп қалдым. Сәлемдесіп болғаннан соң сөзуар, пысықтау біреуі:

-Е, шырағым, өлмейтін өмір, сынбайтын темір жоқ. Әжеңді атандырдың бұл

өмірден. Жасын өзіңе берсін, - дегенде, қойныма жылан кіріп кеткендей денем суып сала берді.

Не дерімді білмей сәл кідірдім де, теріс айналып шыға жөнелдім. Аяқ астынан естіген оқыс суық хабарға нанарымды, нанбасымды білмей жатақханаға жетсем, жолдастарым да әдеттегідей емес, тіпті төреше қарсы алып жатыр. Мәселенің растығына көзім жетті. Ішім езіліп барады. Сылқ етіп төсегіме құладым да, жастықты қаба тістеп, егіле бердім, егіле бердім.

Кім еді, қандай жан еді менің сүйкімді ғазиз әжем?


Мәтіннен алынған үзінді

Түсінік

-Е, шырағым, өлмейтін өмір,сынбайтын темір жоқ.

Өлмейтін өмір, сынбайтын темір –

афоризмдер

Жасын өзіңе берсін, - дегенде, қойныма жылан кіріп кеткендей денем суып сала берді.

Қойныма жылан кіріп кеткендей –

тұрақты тіркес (суық дегенді білдіреді).

Аяқ астынан естіген оқыс суық хабарға нанарымды, нанбасымды білмей жатақханаға жетсем, жолдастарым да әдеттегідей емес, тіпті төреше қарсы алып жатыр.

Суық хабар тұрақты тіркес

Төреше қарсы алу – фразеологизм


Сылқ етіп төсегіме құладым да, жастықты қаба тістеп, егіле бердім, егіле бердім.


жастықты қаба тістеп,

егіле бердім – өкіну. Адамның мұңаю, қайғырудағы бейнесі.


Мұқағали Мақатаевтың шығармаларынан қандай сөз байлығын кездестірдік?


ІІІ. Ой толғаныс.

Кітаппен жұмыс. 113-тапсырма.


Синтаксистік талдау

1-топ. Құнды сөз құнарлы ойдан туады

2-топ. Жанды сөздің жалынын білім маздатады.


Қорытындылау.

Төле бидің сөзі.


Үй тапсырмасы.

  1. Тапсырма (әр кітаптан)

  2. Ақын Мұқағали Мақатаевтың ақ пен қара түсті, боз, күрең түсті жиі қолданған. Ақын жырларында ақ түсті басқа түске қарағанда көп кездесетінін білеміз. Сондықтан Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда», поэмасындағы ақ түске байланысты ұғымдарды теріп, жазу.


Бағалау.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
26 ақпан
2002
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі