400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сөз және оның мағынасы. 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
2 сынып қмж, омоним туралы жаңа бағдарлама бойынша әдіс тәсілдерді қолдана отырып оқушыларға түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сапарбекова Назым Адилхановна

Алматы облысы

Кербұлақ ауданы

Алтынемел орта мектебі МДШО КММ-сі


Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағынасы.

Аяқталмаған ойын

Мұғалімнің аты-жөні: Н.Сапарбекова

Күні:

СЫНЫП: 2

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.1.2.1 - мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау

2.2.2.1* - синоним, антоним, омоним (сөздік қолдану) сөздерді ажырату және мағынасын түсіну, сөйлеу барысында қолдану

2.3.6.1 - бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазу

2.4.2.2 – көптік жалғауларын дұрыс қолдану

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, әдебиеттік оқу.

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы


Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Оқушылар:

Жалқаулықты тастаймыз,

Сабақты біз бастаймыз.

Білім жолымен жүреміз,

Қиындықтан қашпаймыз.

Топбасшы сайлау. Әр тапсырмаға смайликтер тарату. Сабақ соңында алған смайликтерін санау.



Жаңа білім






Білу және түсіну.

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

1. Тыңдалым.

22. Мәтінді тыңда.

« Аяқталмаған ойын »

«Сақина салмақ ойыны»

Балалар біз бүгін сақина салмақ ойынын ойнаймыз. Бұл ойынның бүгінгі ерекшелігі кімнің қолында сақина қалса менің сұрағыма жауап береді?

  • Мәтін не туралы?

  • Бұл мәтін саған қандай әсер қалдырды?

  • Сен олардың орнында болсаң, не істер едің?

Төмен-жоғары, алды-арты, алыс-жақын, үлкен-кіші сөздерінің антонимін тауып, сәйкестендіреді.

Оқушылардың оқу рефлексиясын, сыни ойлауын дамыту мақсатында мәтін мазмұнымен жұмыс «Дананың кілттері » топтық жұмысы.

1. «Кемшіліктер » мәтіннің кемшіліктерін жазады.

2. «Егер де » өзі солардың орнында болса не істейді.

3. «Тағы қалай » мәтінді өзгерту немесе жалғастыру.





Оқулық,

мәтіндер.

Ортасы








Қолдану.

Дәптермен жұмыс.

2. Жазылым.

23. Өздік жұмысы. Өлеңді мәнерлеп оқиды, көшіріп жазып, қарамен берілген сөздердің мағынасын түсіндіреді.

Түріп жең,

Күресте жең.

Талып қар*,

Күре қар.

Қар*- қолдың қары: білектің ішкі бөлігі, бұлшық ет.


24. Суретпен жұмыс, суретшінің қатесін тауып айту.


Талдау.

« Ыстық орындық » әдісі

Жаттығудың сипаттамасы :

Бір оқушы алға шығып сұрақтарға жауап береді.


1. Антоним дегеніміз не?

2. Синоним дегеніміз не?

3. Омоним дегеніміз не?

25. Өлеңді көшіріп жаз.

Шақырады Шымбұлақ,

Аппақ-аппақ, шың,құзы!

Қуанбайтын кім бірақ,

Жарқыраса жұлдызы!







Оқулық, қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер







«Ыстық орындық» орындық әдісі, сұрақтар, орындық.





Видеожазба

Шымбұлақ туралы

Сергіту сәті


Сергіту сәті

Оқушылар би билеп сергіп қалады.

Аяқталуы

Сабақты бекіту


Синтез

26 . суреттегі зат атауларын екі мағынада қолданып, сөйлем құрау.

«Алтын балыққа арналған аквариум» әдісі

Оқушыларға жасырын суреттер таратылады, кімге балық түссе, сол алтын балық болады, оқушы алтын балық болып, ортаға шығады. Тақтадағы берілген сурет немес жазулардың мағынасы айтып береді. Егер жауап бере алмаса топ мүшелері көмектесуіне болады.


«Алтын балыққа арналған аквариум» әдісі

Бағалау





Кері байланыс


Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.

Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім



Әр оқушы аты жазылған қағаздарын іледі.


СМАЙЛИКТЕР

Үйге тапсырма: 8-бетте, шығармашылық тапсырма.

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер

енгіздім жəне неліктен?



Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
30.03.2019
4163
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі