400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 27 материал табылды

"Сөз және оның мағынасы" қазақ тілі 4-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл 4-сыныптың қазақ тілі пәнінен "Сөз және оның мағынасы" тақырыбында жазылған қысқа мерзімді сабақ жоспары. Барлық 4-сыныпқа қазақ тілі пәнінен беретін мұғалімдерге қолдануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Д.А.Қонаев атындағы орта мектеп

мектепке дейінгі шағын орталығымен

мемлекеттік коммуналдық мекемесінің

бастауыш сынып мұғалімі

Нурлыкешова Г.А.


Сабақтың тақырыбы:

Сөз және оның мағынасы


Күні: 30.11.2018ж


Мұғалімнің аты-жөні: Нурлыкешова Г.А.


Сынып: 4 «А»

Қатысқаны : 17

Қатыспағаны: 0

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

Сөз және оның мағынасы тақырыбын пысықтау, сөздерді мағынасына қарай сөйлем ішінде орынды қолдана білуге үйрету

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:

Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:

Топтық жұмысты бірлесе орындайды. Өз бетінше жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар жалпы сөз және оның мағынасын біледі. Сөздерді мағынасына қарай сөйлем ішінде қолдана алады.

Бағалау критерийі

  • Сөз және оның мағынасы туралы түсініктерін қалыптастырады

  • Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

  • Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Оқулық, топқа бөлуге арналған қағаздар, әр түрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс

Әдіс-тәсілдер

Сөздік, «Аялы жүрек», «Сұрақтары бар қорап», «Қолпаштау», «Шеңбердегі доп»

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу, қазақ тілі

Алдыңғы меңгерілген білім

Алдыңғы сабақта өткендерді орындай алады

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтары:

Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: ережелерді айта алады, өз ойын тұжырымдайды, басқа оқушыларға жеткізе алады.

АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақ барысында оқушылар интербелсенді тақтадан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланады.

Сабақтың жоспары

Жоспарланған уақыт


Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Ресурстар


Сабақтың басы

5 минут






І.Ұйымдастыру кезеңі

Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар. Бүгін ерекше күн. Ендеше сабағымызды бастайық.

Шаттық шеңбері

«Аялы жүрек» әдісі

Жүректі бір-біріне бере отырып, жылы лебіздерін тілеу.

Оқушылар шаттық шеңберін құрып жылы лебіздерін білдіреді.

«Аялы жүрек» тренинг.


Топтарға бөлу : Оқушыларды «Сөз», «Сөйлем», «Мәтін» деп үш топқа бөлу. Топ басшысын сайлау.



Жаңа сабақ

10 минут






































5 минут









10 минут





Қолдану және жинақтау.

Үй тапсырмасы бойынша тапсырма

Балалар, сендер кез-келген сөз не заттың, не қимылдың, не сапаның, не санның атауы екенін жақсы білесіңдер. Дүние, әлем туралы білімдеріңнің мол болуы сөз мағынасымен тікелей байланысты. Сөздің мағынасын дұрыс түсініп, білетін болсаңдар, қоршаған ортаны да жақсы біліп танисыңдар.

Үй тапсырмасы- ережелерді жаттап келу

«Сұрақтары бар қорап» әдісіарқылы үй тапсырмасын сұрау.

  • Фонетика нені зерттейді?

  • Буын үндестігі деген не?

  • Дыбыс үндестігі деген не?

  • Мәтін дегеніміз не?

  • Дауысты дыбыс не құрайды?

  • Дыбыстар нешеге бөлінеді?

  • Сөйлем туралы не білесің?

  • Синтаксис нені қарастырады?

  • Сөйлемнің дара мүшесі дегеніміз не?

  • Сөйлемнің күрделі мүшесі дегеніміз не?

  • Сөйлемнің бірыңғай мүшелері деп нені айтамыз?

  • Құрмалас сөйлем дегеніміз не?

  • Қыстырма сөздер деп нені атайды?

  • Қаратпа сөз дегеніміз не?

  • Сөз мағынасының түрлерін ата

  • Мағынасы қарама-қарсы сөздерді ата

ҚБ: мұғалімнің бағалауы: жарайсыңдар, өте жақсы

Жаңа сабақ. Білу және түсіну

Сабақтың мақсатымен таныстыру

Оқулықпен жұмыс

Балалар, сөз мағынасының түрлері жайлы не айтуымызға болады?

Сөз мағынасының түрлері:

Мағынасы мәндес жуық сөздер

Мағынасы қарама-қарсы сөздер

Дыбысталуы бірдей, мағыналары әр басқа сөздер

  • Балалар, осы сөз мағынасының түрлеріне мысал келтіріп жазайық. Оқушыларға қағаз беріледі. Әр топ бірігіп жұмыс жасайды.

Топтық жұмыс

І топ: Мағынасы мәндес, жуық сөздер

ІІ топ: Мағынасы қарама-қарсы сөздер

ІІІ топ: Дыбысталуы бірдей мағынасы әр басқа сөздер.

Әр топ өздерінің жазған сөйлемдерін оқып қорғайды.

Топтар бір- бірінің жауабын «Екі жұлдыз, бір тілек» бойынша бағалайды

«Қолпаштау әдісі» арқылы кері байланыс беру

Күннің ретін жазып оқулықтағы тапсырманы орындайды

І топ 15 жаттығу

ІІ топ 18 жаттығу

ІІІ топ 20 жаттығу

Оқушылар берілген тапсырмаларды орындайды

Дескриптор:

  • Әр қатардағы сөздердің мағыналарын салыстырады

  • Жазылған сөздердің орнына мәнде сөздерді қойып сөйлемді көшіріп жазады

  • Мәндес сөздерді ажыратып дәлелдейді

ҚБ: мұғалімнің бағалауы: жарайсыңдар, өте жақсы


Сұрақтарға жауап алу





























Оқулық

Өз ойларын айтады.















Оқулық, дәптер

Сергіту сәті

3 минут

«Австралиядағы жаңбыр» сергіту жаттығуын орындау

Оқушылар сергіту сәтін орындайды.

Сабақтың соңы

3 мин



Кері байланыс «Инсерт» БББ кестесі

Білетінмін

Білдім

Білгім келеді




Рефлексия:

«Шеңбердегі доп» әдісі

Оқушылар шеңберге тұрып, бір-біріне сағат тілімен кішкене допты лақтырады. Доп қолына тиген оқушы сабақ туралы бір сөйлем айтады.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
30 қаңтар
952
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі