Қысқа
мерзімді жоспар
|
Бекітемін:
|
|
Мұғалімі:
|
|
Пәні:
|
Қазақ
тілі 4-сынып
|
Сабақтың
тақырыбы
|
Сөз
және оның мағынасын бекіту
ІІ
тоқсан
|
Сабақтың
мақсаты
|
Сөз
және оның мағынасы туралы білімдерін
тереңдету.
|
Күтілетін
нәтижелер
|
|
Сабақ
түрі
|
Аралас
сабақ, топпен жұмыс.
|
Оқытуда
қолданатын әдіс-тәсілдер
|
Түсіндіру,
сұрақ- жауап,
диалогтік оқыту,
сыни
ойлау стратегиялары,
жеке, жұптық, топтық жұмыс, презентация
|
Керекті
жабдықтар
|
Б.А.
Тұрғынбаева, З.Муфтибекова
«Алматыкітап» оқулығы 2013ж
қарындаш,
сызғыш, түрлі-түсті бояулар,суреттер.
|
Сабақ
барысы
|
Сабақ
кезеңдері
|
Мұғалім
әрекеті
|
Оқушы
әрекеті
|
Кіріспе
|
1.Оқушылардың
зейінін сабаққа аудару.
1.Психологиялық
ахуалды жақсарту мақсатында тренинг
өткізу:
Әрбір
адам – досым, сыныптасым,
Әрбір
ісің – тірлік, тірек, адамдық.
Әрбір
сөзің – шындық, бірлік, адалдық,
Әрбір
сабақ – үйрену, оқу, іздену.
2.
Сыныпты топтарға бөлу
|
Жұмыс
істеуге дайындалады, топ ішінде өзара
ынтымақтастық қарым-қатынас орнығады.
|
Тұсаукесер
|
-Сөз
неден құралады?
-Сөз
нені білдіреді?
|
Сұрақтарға
жауап береді.
|
Негізгі
бөлім
|
Жақсы,
жылы, түзу, бүлдіру, күлкілі.
• Осы
сөздер қатарында қай сөз артық?
Неліктен? «Бүлдіру» сөзі артық, себебі
ол қимылды білдіреді, яғни етістік.
Ал қалғандары сын есімдер.
• Осы
сөздерге қарама - қарсы мағыналы
сөздерді тауып айт. Мысалы, жақсы -
жаман, жылы - суық, түзу - қисық, бүлдіру
- түзету, күлкілі - қайғылы.
2. Бұл
қандай сөздер?
• Мағынасы бір -
біріне қарама - қарсы сөздер
(антонимдер)
• Мағынасы жуық сөздер
( синонимдер)
• Айтылуы да, жазылуы
да бірдей, бірақ мағынасы әртүрлі
сөздер (омонимдер)
Оқулықпен
жұмыс
1
- жаттығу
Сөйлемдерді көшіріп
жазып, қарама - қарсы мағыналы сөздердің
астын сыз.
Жел әкелгенді сел әкетер.
Тау жақтан баяу жел соқты. Қатты желдің
екпіні қайықты аудара жаздады. Бүлдіру
– оңай, түзету – қиын. Дос сыртыңнан
мақтар, дұшпан көзіңе мақтар.
2 -
жаттығу Көп нүктенің орнына қарама
- қарсы мағыналы сөздерді жаз.
қатты
-...... жүру -..........
таяз -.......... кию
-............
жылы -........ кіру -...........
кең
-.......... сөйлеу -.........
● әр бағандағы
сөздердің ортақ қасиетін табу, қай
сөз табына жататынын анықтау;
●
тасымалданбайтын сөзді табу.
Сергіту
сәті
« Бір әріптің ізімен» дидактикалық
ойыны
Жжж (жолдас), Ддд (дос), Ыыы
(ылғалды), Сссс (суық ), Ббб (бала), Ттт
( тоңу)
Берілген әріптермен және
сөздермен сөйлем құрап айту
•
Жолдасым желмен жарысты. Жарас жақсы
жігіт.
• Досым допты домалатты.
•
Суық сумен сүртіндім.
Өзіндік
жұмыс
|
Берілген
тапсырманы орындайды
Оқулықпен
жұмыстанады
|
Қорытынды
|
-Бүгінгі
сабақта нені еске түсірдік?
Берілген
қарама - қарсы мағыналы сөздерді
топтап жазу
Зат есім:
Сын
есім:
Етістік:
Айту - тыңдау, ақ
- қара, түзу - қисық, қону - ұшу, жаз -
қыс, ыстық - суық, күн - түн, сату - алу,
ащы – тәтті.
|
Сұрақтарға
жауап беру
|
Үйге
тапсырма
|
5-жаттығу,
94-бет
|
Күнделіктеріне
жазып алады
|
Рефлексия
|
Екі
жұлдыз, бір ұсыныс.
|
|