жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сөз маржан сайыс
Сабақтың тақырыбы: «Сөз маржаны» (сайыс)
Сабақтың
мақсаты: 1.Оқушылардың
ана тіліне деген сүйіспеншілігін
арттыру. Ана тілінің қадір-қасиетін
біліп, көркемдігін сезініп, сөз қадірін
түсінуге баулу.
2. Оқушылардың тапқырлығын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
3.
Тіл шеберлігін арттыру, тілімізді,
дінімізді жандандыруға үлес қосуға
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, стикер.
Әдісі: сөз жарысы, мақал- мәтел құрау.
Кіріспе: Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі-оның ана тілі. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел ешқашанда егеменді ел бола алмайды, болуы да мүмкін емес.
Қазақстан тәуелсіз ел болып қалсын десек, ең алдымен ана тіліміздің туын биік ұстап, оны дамтуға күш салуымыз керек.
Жүргізуші: Бүгінгі
сайысымызды бастамас бұрын бір сәт
ұлылардан қалған ойлы сөздерге құлақ
салайық.
«Анамыздың
ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді
ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды
ұмыту»
Бауыржан
Момышұлы.
«Әрбір
саналы, мәдениетті азаматқа ана тілі
мен сол ана тіліндегі әдебиеттің қадірін
білмеу – мәдениетсіздік»
Мұхтар Әуезов.
Сүйемін туған
тілді, ана тілді,
Бесікте
жатқанда-ақ берген білім.
Шыр етіп
жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнін –
демекші, тіл - әр халықтың ұрпақтан
ұрпаққа жалғасып келе жатқан қасиетті
құралы. Оны әр уақытта аялап, шұбарламай
кейінгіге жеткізу
– біздің борышымыз. «Білімді мыңды
жығар»
атты танымдық инелектуалдық сайысқа
қош келдіңіздер.
Әділ қазы алқаларымен таныстыру.
Топқа бөлу: стикер таңдау арқылы топқа бөлінеді.
Ойын 5 кезеңнен тұрады.
Мықты болсаң, тауып көр.
Жүйрік болсаң, озып көр.
Ойлы болсаң, айтып көр.
Зерек болсаң, шешіп көр.
«Кім тапқыр?»
Алғыр болсаң, айтып көр.
«Ұраны»
1-топ: «Өнер алды-қызыл тіл»
2-топ: «Оқу - білім азығы,. Білім – ырыс қазығы».
3-топ: «Жақсы сөз ,жарым ырыс»
1.Мықты болсаң, тауып көр. ( сурет бойынша мақал-мәтелдер құрастыру).
1-топ:
2-топ:
3-топ:
2.Жүйрік болсаң, озып көр.
/ өлеңнің ұйқасын табу: (слайд )
1-топ:
Жағасында бұлақ, жайылып жүр ….(лақ).
Айбат шағар алыстан , аң патшасы …(арыстан).
Тым ойыншыл пысық , мияулаған …. (мысық).
Тыным таппас ебелек, гүлге қонар ….(көбелек).
2-топ:
Бата алмас түлкі, үсті тікен ….(кірпі).
Өзінше ноян, қорқақ кім ….(қоян).
Жұртқа аян , улы жәндік ….(шаян).
Ұқсамайды басқаға, тарғыл түсті…(тасбақа).
3-топ:
Шоқыр жерден тауып, жемді көрсе…. (тауық). (слайд)
Басы ұлпа аппақ, бақта өсер… (бақбақ).
Құйрығы он қарыс, бұл айбатты ….(жолбарыс).
4.Келе жатыр жұмысқа ұзын мұртты …(құмырсқа).
3. «Ойлы болсаң, айтып көр».
.
Бұл белестің шарты бойынша ойыншылар
берілген сөздерден тұрақты сөз тіркестерін
құрастырып мағынасын ашып айтып беру
керек.
1-тапсырма
1.Қас пен көздің арасы / тез,жылдам/
2. Төбе шашы тік тұрды / шошыды, қорықты/
3.Бет моншағы үзілді /ұялу/
4.Қой аузынан шөп алмас/ момын, жуас/
5.Ат ізін салмау /іздемеу/
6. Ит өлген жер / алыс,қашық/
«Зерек болсаң, айтып көр».
/ойынша ақындық өнерімізді байқайық. /
—————————————————жүреміз
—————————————————күлеміз
—————————————————сыйлаймыз
—————————————————тыңдаймыз.
5. . Кім тапқыр?Бұл кезеңнің шарты бойынша ойынға қатысушы топтарға жұмбақтар жасырылады. Ойыншылар жұмбақты шешіп, жауабына сәйкес мақал-мәтел айту қажет. Әр жауапты үш тілде айту керек
1.Өзі үлкен жануар,
Үстінде екі тауы бар. /түйе/
2.Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады. /қар/
3. Жылт-жылт етеді,
Жылғадан өтеді. /су/
6.Алғыр болсаң, айтып көр.
Шарты:
12 сұрақ оқылады,сұраққа бірінші болып қол көтерген оқушы жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай
Іске сәт!
1..Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? (Т.Әубәкіров)
2.Тұңғыш әліппе оқулығын жазған кім? (А.Байтұрсынов)
3..Абай Құнанбаевтың азан шақырылып қойылған аты кім? (Ибраһим)
4..Бәйтеректің биіктігі неше метр? (97 метр)
5.Қарлығаш әулие атанған би / Төле би/
6. ҚР ұлттық валютасы не? (Теңге)
7. ҚР Тәуілсіздік күні мерекесі қашан тойланады? (16 желтоқсан)
8.Қазақтың жаңа жылы қашан? (22-наурыз)
9.Қазақтың ұлттық аспабы. (Домбыра)
10. Тұңғыш реет қазақ балаларына арнап мектеп ашқан кім? / Ы. Алтынсарин/
11.Қазақтың ұлы ақыны кім? / А.Құнанбаев/
12. Еліміздің астанасы қай өзеннің бойында орналасқан? /есіл/
Қорытынды:
Қымбатты оқушылар! Өзінің байлығы, сұлулығы және икемділігі жағынан дүние жүзіндегі озық тілдермен теңдесе алатын ана тіліңіз бар екендігін ұмытпаңыздар. Ана тілінің көсегесін көгертіп, мәртебесін өсіру, баянды ету ендігі жерде өздеріңізге байланысты. Оқу-білім, еңбек жолында ана тіліңнің қамқоры бола біліңіздер. Тіл болашағы мына сіздердің де қолдарыңызда!
Ендеше әділ-қазылар алқасына сөз берелік.
Жеңімпаздарды марапаттау.
«Білімді мыңды жығар» интелектуалдық ойын
Бағалау парағы
|
1 кезең «Мықты болсаң, тауып көр» |
2-кезең «Жүйрік болсаң, озып көр» |
3-кезең «Ойлы болсаң, айтып көр».
|
4- кезең «Зерек болсаң, шешіп көр.»
|
5- кезең «Кім тапқыр?»
|
6- кезең «Алғыр болсаң, айтып көр» |
Жалпы ұпай |
1-топ |
|
|
|
|
|
|
|
2-топ |
|
|
|
|
|
|
|
3-топ |
|
|
|
|
|
|
|
.
Сабақтың
тақырыбы: «Сөз
маржаны» (сайыс)
Сабақтың
мақсаты: 1.Оқушылардың
ана тіліне деген сүйіспеншілігін
арттыру. Ана тілінің қадір-қасиетін
біліп, көркемдігін сезініп, сөз қадірін
түсінуге баулу.
2. Оқушылардың тапқырлығын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
3.
Тіл шеберлігін арттыру, тілімізді,
дінімізді жандандыруға үлес қосуға
тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: сайыс
сабақ
Сабақтың
көрнекілігі: слайдтар,
нақыл сөздер
Барысы
: Ұйымдастыру
Әр топ өздерін таныстырады Сайыс
кезеңдері және әділқазылар
таныстырылады
Сайыстың
кезеңдері:
1. Зымыран сұрақтар
2. Тапқыр болсаң, тауып көр
3. Ойлы болсаң, озып көр
4. Кім жүйрік?
5. Сөз ойла, тез ойла
Сайысымыздың 1-кезеңі: Зымыран сұрақтар
2. 1. Сөйлеу тілінде дыбыстау мүшелері арқылы айтылып , естілетін тілдік құбылысты не деп атаймыз ? Дыбыс
2. Мағыналары бір – біріне қарама - қарсы сөздер Антоним
3. Сюжетті шығарма дегеніміз не ? Оқиғалы шығарма
4. Қосымшаның неше түрі бар ? 2 түрі бар
5. Сөз таптарын ата. Зат есім , Сын есім , Сан есім , Есімдік , Етістік , Үстеу , Шылау , Еліктеу сөз , Одағай
3. 6. Кел , балалар оқылық өлеңінің авторы кім ? Ыбырай Алтынсарин
7. Жылдың төрт мезгіліне арнап өлең жазған кім ? Абай
8. Сәулелі жұлдыз іздеген адам кім ?
9. Жылдан құр қалған жануар не ? түйе
10. Басты байлық не ? денсаулық
4. 1. Абайдың әжесі кім ? Зере
2. Жырды орындаушы қалай жыршы аталады ?
3. Мақалдың мәтелден ерекшелігін айт
Құрылысы жағынан екі, үш бөлімді болады. Ой нақты айтылады.
Ақыл – кеңес, үлгі - өнеге түрінде айтылады.
4. Кірме сөз дегеніміз не ? Ана тілімізге шет тілінен енген сөздер
5. Әріптердің жүйелі тізбегі не деп аталады ? Әліпби
5. 6. Сын есім дегеніміз не ? Заттың түрін, түсін, сапасын, салмағын, көлемін білдіретін сөз табы
7. Абылай ханның шын аты кім ? Әбілмансұр
8. Етістіктің шақтарын ата Осы шақ, келер шақ, өткен шақ
9. Қазақ тілінде неше септік бар ? жеті
Сайысымыздың 2-кезеңі: Ойлы бола озар 6. II Шарты : берілген мақалдардың жалғасын табу
7. Білекті бірді жығады.
Әдептілік белгісі .. Иіліп сәлем бергені.
Ата көрген оқ жонар. Ана көрген тон пішер
8. Дос жылатып айтар Дұшпан күлдіріп айтар
Батыр туса – ел ырысы Жауын жауса жер ырысы
Адам көркі - шүберек Ағаш көркі жапырақ
Сайысымыздың 3-кезеңі: Сөз маржаны
9. III Шарты : қойылған сұраққа мақалмен жауап береді .
10. Қар жана ма?
Инемен құдық қазуға бола ма?
Аппақ қарға бола ма?
Тастың жеңілі бола ма?
Елу құлағы бар, кім?
Тауық түс көре ме?
Білетінің қанша, білмейтінің қанша?
Оттан да ыстық болып тұрған не?
Адам денесіндегі қорқақ, батыр мүшелер?
11. Көрдім, көрмедім дегендер неше сөз бола алады?
Жаман атты, жаман жолдасты немен алмастыруға болады?
Бір рет өлуге де болады, немесе мың рет өлуге де болады?
Балға , тең тәттілер не екенін білесің бе?
Отқа түсіп күймеуге бола ма?
Қарныңды қалай тойғызар едің?
Намыстан,қамыстан ажал табушылар?
Өрге шыға алмайтын қандай сөз?
Сайысымыздың 4-кезеңі: Кім жүйрік?
12. IV. Шарты : берілген сөз тіркесінің мағынасын мейілінше бір сөзбен айту
13. Қорықты Төбе шашы тік тұрды .
Алыста Көз ұшында көрінеді .
Қолды болды . Ұрланды
Жүрек жұтқан . Батыр
Қоян жүрек . Қорқақ.
Көзі ілінбеді . Ұйықтамады
14. Көзге түртсе көргісіз . Қап қараңғы
Бетінен оты шықты . Ұялды
Араларынан қыл өтпейді . достар
Күлін көкке ұшыру . Құрту
Жүрек жалғап алды . Тамақтанды
Көз шырымын алу . Ұйықтау
Көзді ашып - жұмғанша Лезде
15. Ұялмады Беті бүлк етпеді .
Ұрысты Ит терісін басына қаптады .
Іздеп келмеді Ат ізін бір салмады .
Су тегін . Арзан
Айтпау Тісіңнен шығармау .
Жомарт , мырза Ешкімнен ештемесін аямайды .
Ұрлама Ала жіпті аттама .
Сайысымыздың 5-кезеңі: Сөз ойла, тез ойла
16. V. Шарты: Ұяшықтарды таңдап, шыққан әріптерден басталатын сөздерден сөйлем құраңдар.
17. Қ 1 Ұ 4 Ц 2 С 5 Р 3 Х 6
18. Қорытынды
Мақсаты: оқушылардың
ана тіліне деген сүйіспеншіліктерін
арттыру. Ана тілінің қадір-қасиетін
біліп, көркемдігін сезініп, сөз құдіретін
түсінуге баулу. Ойлау қабілетін, тіл
байлығын дамыту. Мемлекеттік тіл
мәртебесін көтеруге ат салысуға шақыру.
Тапсырмалар слайд арқылы
беріледі.
Жүргізуші:
Жүргізуші:
Туған
тілде сыры терең жаным бар,
Туған
тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім
тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді
суырып-ақ алыңдар, -
дей келе өзінің туған тілін жан-тәнімен
жақсы көретін, баба рухынан, тілінен
нәр алып, сусындап жүретін жалынды
қыз,
жігіттерімізді ортаға шақырайық.
Бүгінгі ойынымызға қатысатын оқушылармен таныс болыңыздар.
Жүргізуші: Сайысымыз
3 белестен тұрады:
1-белес. Мықты
болсаң, тауып көр.
(Тұрақты тіркестердің мағынасын табу).
2-белес. Жүйрік
болсаң, озып көр.
3-белес. Ойлы
болсаң, озып көр.
(Сөздердің мағынасын ашу).
Жүргізуші: Бүгінгі
сайысымызды бастамас бұрын бір сәт
ұлылардан қалған ойлы сөздерге құлақ
салайық.
«Анамыздың
ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді
ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды
ұмыту» Бауыржан
Момышұлы.
«Әрбір
саналы, мәдениетті азаматқа ана тілі
мен сол ана тіліндегі әдебиеттің қадірін
білмеу – мәдениетсіздік» Мұхтар
Әуезов.
«Түрлі-түрлі
байлық бар. Солардың таңдауын берсе,
мен тіл байлығын таңдар едім. Өйткені
тіл байлығы – бәрінен де сенімді
байлық» Ғабит
Мүсірепов.
«Тіл
деген – бізге өткен дәуірлерден қалған
асыл мұра. Ол тіл атамыздың ақылынан,
анамыздың сүтімен жаралған. Қазақтың
өз тілі – қазақ үшін алтын бесік» Шерхан
Мұртаза.
Жүргізуші: Құрметті
оқушылар! Тіл – халықтың тарихы, тіл
– ұлттық
қазына,
тіл – біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз,
барымыз демекпін.
Бүгінгі ойынымыздың сарапшылармен таныс болыңыздар.
Жүргізуші: Ойынымыздың
бірінші белесі «Мықты
болсаң, тауып көр» деп
аталады. Бұл белестің шарты бойынша
ойыншылар берілген сөздерден тұрақты
сөз тіркестерін құрастырып мағынасын
ашып айтып беру керек. Ондеше іске сәт
деп бірінші белесімізді бастайық.
1-тапсырма
Си
ыр
Қой
Лақ Шөп (Қой аузынан шөп алмас – жуас)
Түйе
2-тапсырма
Жі
п
Құрық
Бау Ұзын (Құрығы ұзын – билігі күшті)
Жол
3-
тапсырма
Бас
Көз Кір (Тырнақ
астынан кір іздеу – бәле
Тырнақ іздеу)
Аяқ
4-
тапсырма
Он
бес
Жиырма Тамыр (Алпыс
екі тамыры босады -
Алпыс
екі елжіреп,
мейірімі түсті)
Отыз
төрт
5-тапсырма
Са
қал
Шаш
Бас Сипау (Сақал сипап қалу – алдану)
Бет
6-
тапсырма
Көз
Ай Оқ (Сөзі
мірдің оғындай - өткір сөз)
Сөз
Тас
7-тапсырма
Би
ік
Ұзын Жіп (Қысқа жіп күрмеуге келмейді -
Қысқа кедейлік)
Аласа
8-тапсырма
То
рғай
Түйе
Қарға Жапырақ (Түйенің танитыны
Ешкі
жапырақ – білетіні бір-ақ нәрсе)
9-тапсырма
Қа
йшы
Бәкі Жүзі (Ұстараның үстінде отыр -
Ұстара өте қиын жағдайда болу)
Пышақ
10-тапсырма
Өк
пе
Реніш
Қуаныш Қазан (Өкпесі қара қазандай -
Шаттық
реніші таудай)
Бүгінгі «Сөз
мергеннің» қоржынына
қосар сөзіңіз.
Жүргізуші: Ойынымыздың
екінші белесі «Жүйрік
болсаң, озып көр» деп
аталады. Бұл белесте «Сөздің көркі –
мақал» демекші берілген сөздерден мақал
немесе мәтел құрастырасыздар.
Мақал-мәтелдерді сүйіп оқып, көңілдеріңізге тоқып жүрсеңіздер сөздік қорларыңыз байып, сөйлеген сөздеріңіз сұлу, әсерлі шығады демекпін.
(Мақал-мәтелдер
құрастыру).
1-
тапсырма
Ауыз
Көз
Құлақ Қол (Көз қорқақ, қол батыр).
Мұрын
2-тапсырма
Ад
ам
Тағам Жеті (Жеті жұрттың тілін біл,
Жұрт Жеті түрлі білім біл).
Өнер
3-тапсырма
Қа
с
Дос
Аға Дау (Досы көпті жау алмайды,
Іні
Ақылы көпті дау алмайды).
4-тапсырма
Ақ
ылдылық
Татулық
Тапқырлық Бақыт (Татулық – табылмас
Өжеттілік
бақыт).
5-тапсырма
Жі
гіт
Батыр Ыстық (Отан оттан да ыстық).
Отан
Киім
6-тапсырма
Үй
Мектеп Теңіз (Мектеп – кеме, білім – теңіз).
Дала
Қора
7-тапсырма
Дә
птер
Кітап
Бала Бұлақ (Кітап – білім бұлағы).
Әке
8-тапсырма
Ақ
ылдасу
Кеңесу Тон (Кеңесіп пішкен тон келте
Сөйлесу болмас).
Сыйласу
9-тапсырма
Жа
з
Қыс Ойла (Қыстың қамын жаз ойла).
Көктем
Күз
10-тапсырма
Бі
лім
Ақыл Тас (Ақыл – жастан,
Талап асыл – тастан).
Жігер
Жүргізуші: Ойынымыздың
үшінші белесі «Ойлы
болсаң, озып көр» деп
аталады. Бұл белестің шарты бойынша
сіздерге 5 сөз беріледі. Сол сөздердің
мағынасын түсіндіріп берулеріңіз
керек.
1-сөз. Күлдіреуіш –
Үй-жайға байланысты атау.
Қолөнер
бұйымдарына байланысты атау.
Өсімдік атауы.
Ыдыс
атауы.
Күлдіреуіш –
үш-үштен немесе төрт-төрттен айқастырылып
шаңырақ кепілдігіне бекітілген име
ағаштар. Күлдіреуіш түндік киізді
көтеріп тұрады.
2-сөз.
Тағамға байланысты атау.
Құрал-жабдыққа байланысты атау. Абыз.
Өсімдік атауы.
Адамға
қатысты атау.
Абыз –
білгір, көреген адам.
3-сөз.
Мал шаруашылығына байланысты атау.
Жануарларға
байланысты атау. Көгілдір.
Тағамға байланысты атау.
Ұлттық
ойындарға байланысты атау.
Көгілдір –
аққудың баласы.
4-сөз.
Мал шаруашылығына байланысты атау.
Үй-жайға
байланысты атау. Торта.
Тағамға
байланысты атау.
Қару-жараққа байланысты атау.
Торта –
сары майды еріткенде, ыдыстың түбінде
қалатын тұнба қалдық.
5-сөз.
Киім-кешекке байланысты атау.
Ыдыс атауы. Шақа.
Салт-дәстүрге байланысты атау.
Адамға
байланысты атау.
Шақа –
жаңа туған нәресте, жас сәби.
Жүргізуші: Бүгінгі
ойынымыз да өз мәресіне келіп жетті.
Ойында өздерінің білімділігін,
тапқырлығын, шешендігін
сынға салып,
өз өнерін танытқан ойыншыларға үлкен
алғыс айта отырып жеңімпазға «Сөзмергені»
деген атақты беру үшін ортаға сарапшыларды
шақырамыз.
Қымбатты оқушылар!
Өзінің байлығы, сұлулығы және икемділігі
жағынан дүние жүзіндегі озық тілдермен
теңдесе алатын ана тіліңіз бар екендігін
ұмытпаңыздар. Ана тілінің көсегесін
көгертіп, мәртебесін өсіру, баянды ету
ендігі жерде өздеріңізге байланысты.
Оқу-білім, еңбек жолында ана тіліңнің
қамқоры бола біліңіздер. Тіл болашағы
мына сіздердің де қолдарыңызда!С абақтың
тақырыбы: «Сөз мерген»
интеллектуалды сайыс сабағы
Мақсаты: Оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Ана тілінің қадір-қасиетін біліп, көркемдігін сезініп, еркін сөйлей білуге, үйрету, ойлау қабілетін, тіл байлығын дамытуға бағыттау, тәуелсіз еліміздің ана тілін жоғары қоятын ұрпақтарын тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, стикер, өшіргіш, гүл.
Әдісі: сөз жарысы, мақал- мәтел құрау.
Кіріспе: Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі-оның ана тілі. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел ешқашанда егеменді ел бола алмайды, болуы да мүмкін емес.
Қазақстан тәуелсіз ел болып қалсын десек, ең алдымен ана тіліміздің туын биік ұстап, оны дамтуға күш салуымыз керек.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім мен сәнім бар
Туған тілім тіл болудан болса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар- дей келе интеллектуалды сайыс сабағымызды бастаймыз.
(Сыныптағы оқушыларға әр түрлі формадағы үш түсті өшіргіштер тарату.
Өз түстері бойынша берілген орынға отыру.Тақтадағы ұнаған суретті әр топ өздері таңдайды. Сурет артында жасырынған топ аттары бар.
Енді топ атына, тақырыпқа сай , ұранды өздері ойлайды.)
Ойын 5 кезеңнен тұрады.
Мықты болсаң, тауып көр.
Жүйрік болсаң, озып көр.
Ойлы болсаң, айтып көр.
Зерек болсаң, шешіп көр.
Алғыр болсаң, айтып көр.
Бірінші кезең бойынша өлеңнің ұйқасын табу: (слайд )
Жағасында бұлақ, жайылып жүр ….(лақ).
Айбат шағар алыстан , аң патшасы …(арыстан).
Тым ойыншыл пысық , мияулаған …. (мысық).
Тыным таппас ебелек, гүлге қонар ….(көбелек).
Бата алмас түлкі, үсті тікен ….(кірпі). ( слайд )
Өзінше ноян, қорқақ кім ….(қоян).
Жұртқа аян , улы жәндік ….(шаян).
Ұқсамайды басқаға, тарғыл түсті…(тасбақа).
Шоқыр жерден тауып, жемді көрсе…. (тауық). (слайд)
Басы ұлпа аппақ, бақта өсер… (бақбақ).
Құйрығы он қарыс, бұл айбатты ….(жолбарыс).
Келе жатыр жұмысқа ұзын мұртты …(құмырсқа).
Екінші кезең бойынша «Сөздің көркі – мақал» демекші берілген сөздерден мақал-мәтел құрап ой-өрісімізді кеңейтейік. (слайд)
1 топқа: ауыз, көз, су, туған жер, бала.
2 топқа: жігіт, отан, оқу, гүл, батыр.
3 топқа: кітап, әке, бір тал, тіл, еңбек.
Үшінші кезең бойынша ақындық өнерімізді байқайық. (слайд)
—————————————————жүреміз
—————————————————күлеміз
—————————————————сыйлаймыз
—————————————————тыңдаймыз.
Төртінші кезеңде «Тіл –көңілдің тілмашы» дегендей алғырлығымызды байқап көрейік. Дана халқымыз дау болса бір ауыз сөзбен тоқтата білген, бір ауыз сөзбен адам көңілін жұбатып, серпілте білген. Тіл құдіретінің керемет екендігін мына мақалдарды жалғастыра отырып, көруге болады.
1.Өнер-алды…..(қызыл тіл). (слайд)
2.Тіл тас жармаса ….(бас жарады).
Басқа пәле …..(тілден).
Бас кеспек болса да …..(тіл кеспек жоқ). (слайд)
Тіліңмен жүгірме ,…..(біліміңмен жүгір).
Өтірік сөз …..(өрге баспас).
1.Өтіріктің құйрығы ……(бір тұтам). (слайд)
Атаңа не қылсаң ….(алдыңа сол келеді).
Өле жегенше ….(бөле же).
Бесінші кезеңде «Адасқан әріптер» ойыны (интерактивті тақтамен жұмыс)
Болашақ журналистпен сұхбат.
Қорытынды.
Ана тіл болудан болса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар- дей келе интеллектуалды сайыс сабағымызды бастаймыз.
(Сыныптағы оқушыларға әр түрлі формадағы үш түсті өшіргіштер тарату.
Өз түстері бойынша берілген орынға отыру.Тақтадағы ұнаған суретті әр топ өздері таңдайды. Сурет артында жасырынған топ аттары бар.
Енді топ атына, тақырыпқа сай , ұранды өздері ойлайды.)
Ойын 5 кезеңнен тұрады.
Мықты болсаң, тауып көр.
Жүйрік болсаң, озып көр.
Ойлы болсаң, айтып көр.
Зерек болсаң, шешіп көр.
Алғыр болсаң, айтып көр.
Бірінші кезең бойынша өлеңнің ұйқасын табу: (слайд )
Жағасында бұлақ, жайылып жүр ….(лақ).
Айбат шағар алыстан , аң патшасы …(арыстан).
Тым ойыншыл пысық , мияулаған …. (мысық).
Тыным таппас ебелек, гүлге қонар ….(көбелек).
Бата алмас түлкі, үсті тікен ….(кірпі). ( слайд )
Өзінше ноян, қорқақ кім ….(қоян).
Жұртқа аян , улы жәндік ….(шаян).
Ұқсамайды басқаға, тарғыл түсті…(тасбақа).
Шоқыр жерден тауып, жемді көрсе…. (тауық). (слайд)
Басы ұлпа аппақ, бақта өсер… (бақбақ).
Құйрығы он қарыс, бұл айбатты ….(жолбарыс).
Келе жатыр жұмысқа ұзын мұртты …(құмырсқа).
Екінші кезең бойынша «Сөздің көркі – мақал» демекші берілген сөздерден мақал-мәтел құрап ой-өрісімізді кеңейтейік. (слайд)
1 топқа: ауыз, көз, су, туған жер, бала.
2 топқа: жігіт, отан, оқу, гүл, батыр.
3 топқа: кітап, әке, бір тал, тіл, еңбек.
Үшінші кезең бойынша ақындық өнерімізді байқайық. (слайд)
—————————————————жүреміз
—————————————————күлеміз
—————————————————сыйлаймыз
—————————————————тыңдаймыз.
Төртінші кезеңде «Тіл –көңілдің тілмашы» дегендей алғырлығымызды байқап көрейік. Дана халқымыз дау болса бір ауыз сөзбен тоқтата білген, бір ауыз сөзбен адам көңілін жұбатып, серпілте білген. Тіл құдіретінің керемет екендігін мына мақалдарды жалғастыра отырып, көруге болады.
1.Өнер-алды…..(қызыл тіл). (слайд)
2.Тіл тас жармаса ….(бас жарады).
Басқа пәле …..(тілден).
Бас кеспек болса да …..(тіл кеспек жоқ). (слайд)
Тіліңмен жүгірме ,…..(біліміңмен жүгір).
Өтірік сөз …..(өрге баспас).
1.Өтіріктің құйрығы ……(бір тұтам). (слайд)
Атаңа не қылсаң ….(алдыңа сол келеді).
Өле жегенше ….(бөле же).
Бесінші кезеңде «Адасқан әріптер» ойыны (интерактивті тақтамен жұмыс)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік - оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін оята отырып, ана тілінің қадір-қасиетін біліп, көркемдігін сезініп, сөз қадірін түсінуге баулу;
Дамытушылық - оқушылардың тапқырлығын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, тіл шеберлігін арттыру;
Тәрбиелік - ана тілін қастерлеуге, ана тілі арқылы мақтана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, нақыл сөздер, слайдттар
Жүргізуші:Тілімде менің-Бабамның батырлығы да,
Махамбет пен
Абайдың ақындығы да.
Дүниеге келе
Айқайды салған іңгәләп,
Тілімде менің-сәбидің батылдығы да,-демекші , тіл-әр халықтың ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан қасиетті құралы. Оны әр уақытта аялай, шұбарламай таза күйінде мұра етіп, қалдыру-біздің борышымыз.
«Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» атты тілдер онкүндігі аясында өткізілгелі отырған «Сөз-мерген» тіл танымдық сайысын бастайық.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар,-дей келе, өзінің туған тілін жан-тәнімен жақсы көретін,баба рухына, тіліне нәр алып, сусындап өсіп келе жатқан сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.
Бүгінгі сайысымызға қатысатын топтармен таныс болыңыздар.
(«Барыс» және «Сұңқар» тобы)
Жүргізуші: Сайысымыз алты кезеңнен тұрады:
Таныстыру
«Тапқыр болсаң, тауып көр»
«Ойлы болсаң, озып көр»
«Жүйрік болсаң, шауып көр»
«Сөз түбін сөз табар»
Кім тапқыр?
Бүгінгі ойынымыздың сарапшыларымен таныс болыңыздар
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптарын кәдік шықты
Білім мен тапқырлықты бағалайтын
Әлід-қазылар алқасы әділ, мықты
Бүгінгі сайысымызды бастамас бұрын бір сәт ұлылардан қалған ойлы сөздерге құлақ салайық
Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,
Тауып айтқан сөзге шың жетпейді.
Өзің білмесең, білгендерден үйрен,
Үйренгеннен ештеңең кетпейді Төле би
«Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді» Ғ. Мүсірепов
«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл «ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту» Б.Момышұлы
Ендеше осынау ұлағатты да асыл сөздерді санамызға тоқи отырып сайысымыздың І кезеңін бастаймыз.
Таныстыру. Шарты: Топ мүшелері топтың аты мен ұранын таныстырады.Мағыналы да мәнді таныстыруға 10 ұпай қойылады.
«Тапқыр болсаң, тауып көр» кезеңінің тапсырмалары: Шарты: берілген сөздерден тұрақты сөз тіркестерін құрастырып,мағынасын ашып айту керек. Ойындағы әр дұрыс жауапқа 10 ұпай қойылады.
1.
Ит |
жер |
Жауабы: ит өлген жер Мағ: Алыс, ұзақ,қашық |
Мысық |
||
Қасқыр |
||
түлкі |
2.
|
арасында
|
Жауабы: қас пен көздің арасында Мағ: тез, жылдам |
Қас |
||
Ауыз |
||
Қол |
||
|
|
|
3.
Ағаш |
жер |
Жауабы: таяқ тастам жер Мағ: жақын |
Отын |
||
Таяқ |
||
Тал |
4.
Басы |
көкке |
Жауабы: төбесі көкке жетті Мағ: өте қатты қуанды |
Аяғы |
||
Қолы |
||
Төбесі |
5.
Тайға |
таңба |
Жауабы: тайға таңба басқандай Мағ: анық |
Құлынға |
||
Жылқыға |
||
Атқа |
6.
Бармағын |
тістеді |
Жауабы: бармағын тістеді Мағ: өкінді |
Қолын |
||
Аяғын |
||
Тырнағын |
7.
Көзге |
түртсе |
Жауабы: көзге түртсе көргісіз Мағ: қараңғы |
Бетке |
||
Ауызға |
||
Басқа |
8.
Кірерге |
тесік |
Жауабы: кірерге тесік таппады Өте қатты ұялды |
Шығарға |
||
Барарға |
||
Жүрерге |
Сайыстың үшінші кезеңі «Ойлы болсаң, озып көр» деп аталады. Ойынымыздың бұл кезеңінде ойыншылар берілген мақал- мәтелдердің жалғасын табады.
Балапан ұяда не көрсе, ... .
Көз жетпеген жерге, ... .
Отан үшін күрес - ... .
Алтау ала болса ауыздағы кетеді,
... .
Берекені көктен тілеме,
... .
Ел-елдің бәрі жақсы,
... .
Жақсы дос мақтап жүреді,
... .
Ел іші - ... .
«Жүйрік болсаң, шауып көр» . Шарты кестедегі сөздерден мақал-мәтелдер құрастыру. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай қойылады.
Оқыған
Талаптыға жауар
Білімді
Саналы
Күшті
Білімді жығар
Айлалы
Өнерлі
Біреу
Екеу секіреді
Үшеу
Төртеу
Жалғыз
Аз шықпас
Көп
Мол
Ер
Батыр сөйлемейді
Дос
Сұлтан
Ешкі
Бұзау ысқырық
Лақ
Қой
«Сөз түбін сөз табар». Бұл кезеңнің шарты бойынша берілген көнерген сөздердің мағынасын ашып түсіндіру.
Мысалы:Ерулік - жаңадан көшіп келгендерге берілетін сыбаға тамақ
1. Кебеже –
2. Қорамсақ
3. Бастаңғы –
4. Сыңсу –
Кім тапқыр?Бұл кезеңнің шарты бойынша ойынға қатысушы топтарға
жұмбақтар жасырылады. Ойыншылар жұмбақты шешіп, жауабына сәйкес мақал-мәтел айту қажет.
Өзі үлкен жануар,
Үстінде екі тауы бар.
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.
Жылт-жылт етеді,
Жылғадан өтеді.
Желден желігеді,
Судан шегінеді.
Өзімнен өзгенің бәрін көремін
Сылдырдан қорқады,
Шошынып жортады.
Жүргізуші: Бүгінгі ойынымыз да өз мәресіне келіп жетті.
Ойында өздерінің білімділігін, тапқырлығын, шешендігін сынға салып, өз өнерін танытқан ойыншыларға үлкен алғысымызды білдіре отырып, жеңімпаз топқа «Сөз мерген» деген атақты беру үшін әділ-қазылар алқасына сөз кезегін берейік
«Сөзді бағалау, сөзге тоқтау, сөзден мағына іздеу адамды мәдениеттен-діре түседі» деп І. Омаров ағамыз айтқандай, өзінің байлығын , сұлулығы және икемділігі жағынан дүние жүзіндегі озық тілдермен теңдесе алатын ана тілінің бар екенін ұмытпаңыздар. Өз ана тілімізді қадірлеп, қастерлейік. Тіл болашағы мына сіздердің қолдарыңызда, жас ұрпақ!
Сөз мерген
Мақсаты: 1.Қасиетті ана тілімізге деген сүйіспеншілігін арттыру, ана-тіліміздің қадір қасиетін біліп, сөз құдіретіне түсіне білуге баулу.
2. Ойлау қабілетін, тіл байлығын дамыту.
3. Тіл мәртебесін арттыруға ат салысуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Қанатты сөздер ,жазушы суреті,ұяшықты текшелер,
үшбұрыштар,үнтаспа т.б.
Жүрісі: 1.Ұйымдастыру.
Мұғалімнің сөзі: Құрметті ұстаздар мен оқушылар «Тіл мерекесі» құтты болсын!
«Түрлі – түрлі» байлық бар,солардың біреуін таңдауды талап етсе,мен тіл байлығын таңдар едім.Өйткені тіл байлығы бәрінен де сенімді байлық», - деп Ғабит Мүсірепов ағамыз айтқандай, біздің ана тіліміз байлығымыз, қазынамыз. Сол байлығымызды сақтау, кейінгі ұрпаққа қалдыру, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу біздің борышымыз. Атадан балаға мирас болып қалған қасиетті ана тілімізді қастерлей білейік!
Шақырамыз,келіңіздер,жарысуға,
Өнер-білім шыңымен алысуға
Бар білімді салайық ортамызға,
Қанекей,кім озады бұл сайыста!
Сайысты бастамас бұрын топ басшыларын ортаға шақырамыз.
І топ басшысы: Ана тілімен дарыған
Қастерлеймін тілімді
Шұбарлатпай достарым
Ардақта ана тіліңді.
ІІ топ басшысы: Оқып ана тілімді
Болып өсем білімді
Өз тіліммен жеткізем
Жүректегі үнімді.
Мұғалім: Оқушылар, сайыс төрт кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең: «Ойлан тап»
Шарты: 12 сұрақ оқылады,сұраққа бірінші болып қол көтерген оқушы жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай
Іске сәт!
1.Үш бақытым өлеңінің авторы кім? (М.Матқатаев) 2.Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? (Т.Әубәкіров) 3.Әнұранның авторлары кімдер? (Ш.Қалдаяқов, Н.Назарбаев, Ж.Нәжімеденов)
4.Тұңғыш әліппе оқулығын жазған кім? (А.Байтұрсынов)
5.Абай Құнанбаевтың азан шақырылып қойылған аты кім? (Ибраһим)
6.Бәйтеректің биіктігі неше метр? (97 метр)
7. Қазақтың үш биі кімдер? (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)
8. ҚР ұлттық валютасы не? (Теңге)
9. ҚР Тәуілсіздік күні мерекесі қашан тойланады? (16 желтоқсан)
10.Қазақтың жаңа жылы қашан? (22-наурыз)
11.Қазақтың ұлттық аспабы. (Домбыра)
12.Тіл мерекесі жыл сайын қай күні тойланады? (22 қыркүйек)
Екінші кезең: «Өз таңдауыңды жаса»
Шарты: Әр сайыскер ұяшықты таңдап, онда жасырынған сұраққа жауап беріп, ұяшықтың сыртындағы ұпайды иеленеді.
Дұрыс жауап бермеген жағдайда екінші сайыскерге мүмкіндік беріледі.
1.Т.Әубәкіров ғарышқа қашан ұшты?
(1991ж.2 қазан)
2. Бес дұшпанды ата (өсек,өтірік,мақтаншақ,еріншек,бекер мал шашпақ)
3.Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар? (42 әріп)
4.2013ж. Маңғыстау облысының неше жылдық мерей тойын тойладық?(50жыл)
5.Бие сүтінен жасалатын емдік сусын? (Қымыз)
6.Желтоқсан қозғалысы қай жылы, қай айда болды?(1986 жылы 16желтоқсанда)
Күй: Көкдөнен
Үшінші кезең: «Ұшқыр ой,жылдам жауап»
Шарты: 7 жұлдызша тақтаға ілінеді. Жұлдызшаны кезек–кезек таңдау арқылы (бірінші топ басшысы бастайды) ішінен ашылған мақалдың жалғасын тауып айтады. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.
1.Өнер алды.....(қызыл тіл)
2.Тіл тас жарады....(тас жармаса, бас жарады)
3.Шебердің қолы ортақ...(шешеннің тілі ортақ)
4.Бас кеспек болса да ...(тіл кеспек жоқ)
5.Тіл тәтті....(бауыр қатты)
6.Қол шешпегенді ....(тіл шешеді)
7.Бал тамған тілден....(у да тамады)
Ән: Домбыра Әбілқайырқызы Әмина
Төртінші кезең: «Кім шапшаң»
Шарты: Әр топ бір-біріне жұмбақ жасырады (2 жұмбақтан). Қарсы топ шешеді. Әр топ бір-біріне кезектесіп жаңылтпаш айтады, қарсыласы қайталау керек.(2 жаңылтпаштан). Әр дұрыс жауапқа 3 ұпайдан беріледі.
Қорытындылау: «Өмірдің кез-келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байлығы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы – Ана тіліміз» - деп Елбасымыз Н.Назарбаев айтқандай, отты да ойнақы Ана тілімізді қастерлей білейік!
Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау,
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену, жалықпау!
(сайыс қорытындысын әділ қазылар шешеді.)
Хор: «Қасиетті домбыра»
Сайыс қорытындысы хабарланады.
«Сөзмерген» интеллектуалдық тіл – танымдық сайысының басты идеясы –
«... Өткірдің жүзі. Кестенің бізі – Өрнегін сендей сала алмас» деп, қуаттылыы мен нәзіктігін Абай ақын жырлаған қазақ тілінің құдіреттілігін паш ету. Ұлттық рухани болмыстың алғышарты болып табылатын қазақ тілінің тереңде тұнып жатқан сөз маржандарын жарқырата көрсету арқылы білімгерлерлердің туған тілге деген сүйіспеншілігі мен құрметін, патриоттық сезімдерін өту.
«Сөз мерген» интеллектуалдық тіл – танымдық сайысының түпкі мақсаты – қоғамызда аталып өткен түрлі тарихи ахуалдар негізінде белең алған кейінгі буын бойындағы ой және тіл ұстамдығын ескере отырып, олардың сөздік қорын байыту, сөз саптауын қалыптастыру, ұмыт алуға айналған мақал – мәтелдер мен көне сөздерді ұтымды пайдалана отырып, қолданысқа ендіру, тіл мәдениетін жетілдіріп, тіл тазалығы мен шұрайлылығына көңіл аударту, мемлекттік тіл мәртебесін асқақтату.
Сахнаның жабдықталуы:Сөз құдыреті, сөз мәдениеті туралы қанатты сөздер, т.б.
Ақпараттық – техникалық көрнекіліктер:интерактивті тақта, слайдтар, т.б.
Сайыстың шарттары:
Сайыс 4 кезеңнен тұрады. 4кезеңге жетіп, сайыстың шарттарын толық орындаған, ұпайы жоғары топ «Сөз мергені» жеңімпазы танылады.
Сайыс кезеңдері: І кезең. Мықты болсаң тауып көр...
Тапсырма:Тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын табу. 12 тапсырма
ІІ кезең.Жүйрік болсаң, шауып көр...
Тапсырма:Мақал – мәтелдер құрау.
8 тапсырма
ІІІ кезең.Ойлы болсаң, озып көр...
Тапсырма:Көнерген сөздердәің мағынасын ашу.
8 тапсырма
ІV кезең.Тапқыр болсаң құрап көр...
I кезең. Мықты болсаң тауып көр...
Тапсырма: Нақыл сөз тіркестерді табу
I тапсырма:
1 |
Ас |
Тоқ
Ас қадірін тоқ білмес |
2 |
Тағам |
|
3 |
Сорпа |
|
4 |
Тамақ |
II тапсырма:
1 |
Шекер |
Бетке Ет етке , сорпа бетке |
2 |
Тұздық |
|
3 |
Нан |
|
4 |
Ет |
III тапсырма:
1 |
Қой |
Сүті Сиырдың сүті тілінде |
2 |
Жылқы |
|
3 |
Сиыр |
|
4 |
Түйе |
IV тапсырма:
1 |
Аш ішек |
Құмалақ Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді |
2 |
Қарын |
|
3 |
Бауыр |
|
4 |
Бүйрек |
V тапсырма:
1 |
Әке |
Еңбек Ердің атын еңбек шығарар
|
2 |
Ер |
|
3 |
Ата |
|
4 |
Ана |
VI тапсырма:
1 |
Есерсоқ |
Жақсысы Жаман қауымның жақсысы болғанша, жақсы қауымның жаманы бол |
2 |
Жаман |
|
3 |
Надан |
|
4 |
Ақымақ |
VII тапсырма:
1 |
Өтірік |
Тұтам Өтіріктің құйрығы бір ақ тұтам |
2 |
Ұрлық |
|
3 |
Әдеп |
|
4 |
Сұлулық |
VIII тапсырма:
1 |
Қасық |
Төкпе Қасықтап жиғанды , шөміштеп төкпе |
2 |
Кесе |
|
3 |
Май |
|
4 |
Айран |
IX тапсырма:
1 |
Құда |
Ұялады Келгенше қонақ ұялады, келген соң үй иесі ұялады |
2 |
Бала |
|
3 |
Қонақ |
|
4 |
Ата |
X тапсырма:
1 |
Ит |
Ауыл Ит үрген жерде ауыл бар. |
2 |
Төбет |
|
3 |
Күшік |
|
4 |
Мысық |
XI тапсырма:
1 |
Жақсы |
Туса Жақсыдан жаман туса ем табылмас, Жаманнан жақсы туса тең табылмас. |
2 |
Нашар |
|
3 |
Керемет |
|
4 |
Жаман |
XII тапсырма:
1 |
Қоян |
Арба Асықпаған арбамен қоянға жетеді. |
2 |
Қасқыр |
|
3 |
Түлкі |
|
4 |
Аю |
XIII тапсырма:
1 |
Адам |
Ақыл Кісі ақылмен бай болғанша, өз Ақылыңнан жарлы бол. |
2 |
Кісі |
|
3 |
Тұлға |
|
4 |
Пенде |
II кезең. Жүйрік болсаң шауып көр..
Тапсырма: Тұрақты сөз тіркестерін құрастыру
I тапсырма:
1 |
Әке |
Таныту Көкесін таныту (Ұрып – соғу) |
2 |
Көке |
|
3 |
Тәте |
|
4 |
Жезде |
II тапсырма:
1 |
Жүзік |
Өт Жүзіктің көзінен өткендей (Сұлу, мүсінді.2. еті тірі, пысық деген мағынада) |
2 |
Сырға |
|
3 |
Сақина |
|
4 |
Білезік |
III тапсырма
1 |
Омыртқа |
Нан Көкірегіне нан пісті (Кеудесін керді, мақтанды деген мағынада) |
2 |
Бел |
|
3 |
Төс |
|
4 |
Көкірек |
IV тапсырма:
1 |
Ақыл |
Таразы Ақыл таразысына салды (ойланды) |
2 |
Насихат |
|
3 |
Өсиет |
|
4 |
Аманат |
V тапсырма:
1 |
Аузымен |
Атырды Көрер көзді таңмен атырды (ұйықтамады ) |
2 |
Көзімен |
|
3 |
Қолымен |
|
4 |
Киіммен |
VI тапсырма:
1 |
Түйе |
Шөп Қой аузынан шөп алмас (Момын) |
2 |
Сиыр |
|
3 |
Жылқы |
|
4 |
Қой |
VII тапсырма:
1 |
Шырайы |
Шықты Бетінен оты шықты (ұялды ) |
2 |
Оты |
|
3 |
Зілі |
|
4 |
Ұяты |
VIII тапсырма:
1 |
Келін |
Жыл Күйеу жүз жылдық, құда мың жылдық. |
2 |
Күйеу |
|
3 |
Қайын |
|
4 |
Құдағи |
III кезең. Ойлы болсаң, озып көр...
Тапсырма: көнерген сөздердің мағынасын ашу.
I тапсырма:
1 |
Киім |
Қызанақ Қызанақ көкөніс атауы |
2 |
Жеміс |
|
3 |
Көкөніс |
|
4
|
Пепсин |
II тапсырма:
1 |
Ас |
Шидем
Шидем жүннен тоқылған киім |
2 |
Зат |
|
3 |
киім |
|
4 |
Сусын |
III тапсырма:
1 |
Ағаш |
Шит Шит мақтаның тұқымы |
2 |
Өсімдік |
|
3 |
Үй жиһазы |
|
4 |
Гемоглобин |
IV тапсырма:
1 |
адам |
елгезек Тіл алғыш, жұмсағында лыпылдап тұратын, айтқанды екі қылмайтын адам. |
2 |
сауат ашу |
|
3 |
байлық |
|
4 |
асыл бұйым |
V тапсырма:
1 |
әскер |
Адырна Садақтың оқ салып тартатын кермесі,атылатын оқты ұшыру үшін садақтың екі басын керіп байлаған баулық. |
2 |
мал |
|
3 |
әңгіме |
|
4 |
Діни ұғым |
VI тапсырма:
1 |
бала |
Бәтес Орыс т тіліндегі батист деп аталатын жұқа, әдемі матаның түрі. |
2 |
дәстүр |
|
3 |
мата |
|
4 |
адамгершілік |
VII тапсырма:
1 |
Көңіл айту |
Сарап Сынаушы, бағалаушы деген кең мағынаға ие болған,сарапқа салу тіркесі де іріктеу, бағалау деген ұғымды береді. |
2 |
Баға беру |
|
3 |
Сый – құрмет жасау |
|
4 |
Өкініш білдіру |
ІV кезең. Құпия қазына ...
Тапсырма:
“ ...Алдында құйып қойған асты әлі күнге қасында кісі қадалып тұрса, жаламайды , жемейді. Жалғыз - ақ кісі көзі тайса болды, қазір жоқ қылады. Бірақ егер тіпті қарны ашып кетсе, өзіне бермеген асты да жеп қояды. Кейде сондай жерде ұсталып , таяқ та жейді......”
Бұл үзінді кімнің шығармасынан алынған? Авторы кім?
Сайыстың қорытындысын шығару. Жеңімпаз топты анықтау.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген