400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Сөз мерген" сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал қазақ әдебиеті пәні мұғалімдеріне қажет. Оқушылардың сөздік қорын молайту үшін бұл материал таптырмас көмекші болып табылады.Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Сөз мерген» сайысы
Сыныптан тыс жұмыстың мақсаты:

1.Оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Ана тілінің қадір-қасиетін біліп, көркемдігін сезініп, сөз қадірін түсінуге баулу.

2. Оқушылардың тапқырлығын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

3. Тіл шеберлігін арттыру, тілімізді, дінімізді жандандыруға үлес қосуға тәрбиелеу.
Мұғалім: Құрметті жиналған оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі «Сөз мерген» сайысына қош келдіңіздер!
Армысыздар, алқалы жұрт көз көрген,
Құралсыншы ойларыңыз інжу - маржан сөздерден.
Тіліміздің тереңдігін, байлығын да көрсетер
Алдыңызда тіл сайысы - «Сөз мерген!».
Бүгінгі – «Сөз мерген»сайысына 3сыныптан іріктелініп алынған 3 топ қатысады.
Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін де, жауласқан елдердің арасын келісімге келтіретін де, жылағанды жұбатып, күлгенді жылататын да - осы тіл. Ең ащы да - тіл, ең тәтті де - тіл. Қазақ тілі - дүние жүзіндегі ең бай, бейнелі тілдердің бірі. Соның ішінде мақал - мәтел үлкен орын алғандықтан бүгінгі ойын көбіне сол төңірекке арналған.

Бүгінгі сайысымызды бастамас бұрын бір сәт ұлылардан қалған ойлы сөздерге құлақ салайық.

Шырай:
Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,
Тауып айтқан сөзге шың жетпейді.
Өзің білмесең, білгендерден үйрен,
Үйренгеннен ештеңең кетпейді .Төле би

Қуаныш:
«Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді» Ғ. Мүсірепов

Айбол:
«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл «ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту» Б.Момышұлы


Беташарын додамыздың бастайық,
Көпшілікті бір серпілтіп тастайық.
Ортамызды сайыскермен толтырып,
Қошеметпен шақырайық қол соғып.
Ал енді, осы топтың қайсысы оза шабатынын, қайсысы ең алғаш боп бәйгеге жететінін бақылайтын және әділ баға беретін әділ - қазыларымызбен танысайық.

Енді, сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін.
І кезең «Сәлем - сөздің атасы»
ІІ кезең «Мықты болсаң, тауып көр»
ІІІ кезең «Жүйрік болсаң, шауып көр»
ІV кезең «Ойлы болсаң, тауып көр»
V кезең «Шешен болсаң,сөйлеп көр»
VІ кезең «Сөз түбін сөз табар»


Олай болса, І кезең «Сәлем - сөздің атасы». Үш топ өздерінің аттарын, ұрандарын, төсбелгілерін таныстырып өтуі керек.
Сөз кезегін қатысушыларымызға береміз.

ІІ кезең «Мықты болсаң, тауып көр». Бұл кезеңде мықтылықтарыңды көрсетесіңдер. Бұл жерде тұрақты сөз тіркестерін тауып, мағынасын ашасыңдар... (Бұл кезеңнің шарты бойынша ойыншылар берілген сөздерден тұрақты сөз тіркестерін құрастырып, мағынасын ашып айтып беру керек.)

1) Құлын, ат, тай, жылқы. (таңба басқандай) анық
2) Жылқы, қой, түйе, сиыр.(аузынан шөп алмас) момын
3) Сүйек, қаңқа, ит, қасқыр.(терісін басына қаптау) ұрысу
4) Ит, төбет, күшік, қасқыр (өлген жер) алыс
5) Қолқа, көмекей, өңеш, тамақ (созды) өңешін созды ұрысу
6) Жақ, құлақ, тіл, айыз (алғыш) қарама - қарсы сөз тіл азар
7) Аймақ, жер, таяқ, күн (тепсінді) қатты ұрысты
8) Тас, су, жер, ет (бауыр) мейірімсіз
9) Ұлдың, қыздың, ананың, әкенің (жиған жүгіндей) әсем, көрікті
10) Көз, сөз, қол, аяқ (ілмеді) ұйықтамады.

Жүргізуші: Додаға түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарыспай,
Тәрбие білім табар ма?!
Бұл бәйге - ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға - сол алда!

ІІІ кезең «Жүйрік болсаң, шауып көр». Сендерге жұмбақтар жасырылады, сол жұмбақтың шешуін тауып, жауабына байланысты мақал - мәтел құрау қажет.
1. Оқтан жүйрік,
Қылыштан өткір (сөз)
2. Тіріден өлі туады,
Өліден тірі туады. (жұмыртқа)
3. Екі бала қатар тұрса да,
Бірін – бірі көрмейді. (Көз)
4. Бір түкті кілем,
Бір түксіз кілем. (Жер, аспан)
5. Басқан жері бармақтай,
Аттаған жері атандай. (Таяқ)
6. Үш қазық, екі желі, тоғыз ноқта,
Теңселіп тербеледі, адам соқса.
Шешен тіл, сөзге жүйрік болғанымен,
Не пайда, үндемейді адам жоқта. (домбыра)
7. Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (қой)
8. Сары атым аунаған жерге шөп шықпас. (от)

ІV кезең «Ойлы болсаң, тауып көр». Бұл кезеңде берілген сөздерден мақал құрамыз.

1. Жатқан, қария, дария, ақылды, ағып.
(----------------------------------------------)
2. Асқар, ағып, тау, бала, жатқан, әке, бұлақ.
(----------------------------------------------)
3. Тамған, тамар, у, бал, тілден.,
(----------------------------------------------)
4. Үйдің, жылы, туған, түтіні.
(----------------------------------------------)
5. Шықпас, шаңы, үні, жаяудың, жалғыздың.
(-----------------------------------------------)
6. Қорқытады, терең, көп, батырады.
(-----------------------------------------------)
7. Отбасынан, отанды басталады, сүю.
(-----------------------------------------------)
8. Дұшпан, ақыл, дос, ашу.
(-----------------------------------------------)

Тілім менің - қазынам, қасиетім,
Қасиетім бар әлем бас иетін.
Тілі жоқтың түрі жоқ, түбірі жоқ,
Бола көрме, Ана тіл қасіретім.

Жүргізуші: Келесі 5-кезең «Шешен болсаң, сөйлеп көр».

Шешендік өнер – тіл мәдениетінің , сөйлеу мәдениетінің шыңы.

Бұл кезеңде шешендік сөздерге байланысты сұрақтарға жауап беру.



Жүргізуші: І-топ: Досбол биге қартайған шағында ауылдас бір қария : «Жерден ауыр не? Судан терең не? Оттан ыстық не? Көктен биік не?» деп сұрапты. Сонда Досбол қалай жауап беріпті? (Жерден ауыр - ақыл,білім. Оттан ыстық - ғашықтық, судан терең - оқу, ғылым, көктен биік – тәкәппарлық)

ІІ-топ: Ақтайлақ би Қанай шешеннен «Ер басында бақыт нешеу? Кемдік нешеу? Құлазу нешеу?» деп сұрапты. Сонда Қанай шешен не деп жауап беріпті? (Ер басында бақыт – бесеу: жүрдек ат , жақсы жар, жақсы бала,әке – асқар тау , шеше – қайнар бұлақ. Кемдік - үшеу: шабан ат, жаман жар, жаман бала. Құлазу – төртеу: ел көшсе - көл, мал кетсе – бел, нарқы жоқ сөз, қатарынан айырылған шал).

ІІІ-топ: Бірде әз Жәнібек хан билерінен : «Жігітке жақсы болу үшін не керек?» деп сұрапты. Сонда билері не деп жауап берген? (Жігітке бірінші – білім, екінші – ғылым, үшінші – ұғым керек. Сонан соң отты жүрек, батыл тіл керек).

Жүргізуші: Ойынымыздың алтыншы кезеңі «Сөз түбін сөз табар». Бұл кезеңнің шарты бойынша берілген, сөздердің мән-мағынасын ашып, түсіндіру.
Ерулік - жаңадан көшіп келгендерге берілетін сыбаға тамақ
Жақұт - көк, жасыл, қызғылт түсті, қымбат бағалы асыл тас.
Терілік – тоқымның астына салатын, қойдың жабағы жүнінен тер сіңіру үшін жасалатын киіздің бір түрі
Жүргізуші: Бүгінгі ойынымыз да өз мәресіне келіп жетті.
Ойында өздерінің білімділігін, тапқырлығын, шешендігін сынға салып, өз өнерін танытқан ойыншыларға үлкен алғысымызды білдіре отырып, жеңімпазға «Сөз мерген» деген атақты беру үшін әділ-қазылар алқасына сөз кезегін берейік
- "Сөзді бағалау, сөзге тоқтау, сөзден мағына іздеу адамды мәдениеттендіре түседі " - - деп І. Омаров ағамыз айтқандай, өзінің байлығын , сұлулығы және икемділігі жағынан дүние жүзіндегі озық тілдермен теңдесе алатын ана тілінің бар екенін ұмытпаңыздар. Өз ана тілімізді қадірлеп, қастерлейік. Тіл болашағы мына сіздердің де қолдарыңызда!

Сөз мергенінің қоржынына қосар сөзіңіз.























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
14.05.2019
1332
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі